Азамат соғысы және социалистік құрылыстың басталуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 04:52, реферат

Описание работы

Кеңес үкіметінің белсенді әрекеттеріне қарамастан, Қазақстанда азамат соғысының ошақтары өте тез пайда болды: 1917 ж. қарашаның аяғында Орынборда атаман Дутовтың басшылығымен ақ гвардия әскерлері Орынбордағы Кеңес күштерін шегіндіріп, билікті басып алды. Сол айда Жетісу қазақ әскерлері кеңесінің «әскери үкіметі» және революцияға қарсы ошақ Оралда да құрылды, Құрылған облыстық әскери үкімет көп ұзамай жергілікті кеңесті таратып, өкіметті басып алды. Сөйтіп, Верныйда және Орал қалаларында ақгвардия диктатурасы орнатылды. Бұл үшін «әскери үкімет» Қазақстанда кеңес өкіметіке қарсы қозғалыстың басты күші болып табылды

Работа содержит 1 файл

Азамат согысы жане социалистик курылыстын басталуы.doc

— 100.00 Кб (Скачать)

     Жылдың  аяғына қарай республикадағы 59 электр станциясының 45-і қалпына келтіріліп, пайдаланылуға берілді. Шаруалар шаруашалығын шойын және мыс құймамен, арбаға арналған металл бұйымдарымен ауылшаруашылық құдрал-саймандарымен қамтамасыз ететін металл өндейтін 6 зауыт іске қосылды.

     Тамақ, жеңіл және қолөнер кәсіпорындары қалпына келтіріліп жатты. Губерния ортылықтарының бәрінде диірмендер, былғары, тері, сабын қайнату, кірпіш зауыттары, аяқ-киім, ер-тұрман шығаратын шеберханалардың жұмысы қайта басталды. Жергілікті өкімет органдары орасан зор зиян шеккен темір жол транспортын қалпына келтіруге айрықша көңіл бөлді. 1920 жылдың жазына қарай негізгі магистральдарда көпірлер, жол шаруашылығы, байланыс желілері қалпына келтірілді. 1920 жылдың аяғына таман республика өнеркәсібінде 162 кәсіпорын жұмыс істеді. Қазақстанды қалпына келтіру дәуірінің басында 1500-ге тарта ұсақ мемлекеттік өнеркәсіп кәсіпорындары болса, бұлардан тек қана ондаған зауыт-фабрика, кеніш, шахта, мұнай кәсіпшілігі, көмір-кен орындары ғана жұмыс істеді. Өнеркәсіп халық қажеттерін қанағаттандыра алмады. Еңбек өнімділігі өте-мөте төмен болды, шикізат пен отын жетіспеді. Азық-түлік өнеркәсіп тапшылығы қатты байқалды.

     Қазақстанның кеңес органдары совхоздар, артельдер, жерді бірлесіп өңдеу серіктестіктерін ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды қиыншылықтарға қарамастан жалғастыра берді 1920 жылдың күзіне қарай Қазақстанда Жетісу облысын қосқанда 1039 коллективтік шаруашылық болды. Сол жылдары алғашқы ауылшаруашылық артельдері, коммуналар, совхоздар пайда болды.

     1920 жылдың аяғында (Жетісу мен Оңтүстік облыстарды қоспағанда) 939 колхоз, оның ішінде 132 коммуна, 779 артель, 28 жерді бірлесіп өңдейтін серіктестік (ТОЗ), 348 тұтыну қоғамы жұмыс істеді. Бірақ бұлардың бәрі әлсіз болып, оларда құрал-сайман, күш-көлік, тұқымдық, астық, айналым қаржы жетіспеді.

     Азамат  соғысының қиын-қыстау жылдарында кеңес органдары жергілікті жерлерде мәдени құрылысты да жүргізіп, саяси үгіт қатаң нысаналы сипатта болды. 1919 жылы сәуірде уездік және губерниялық Халық ағарту жанынан мәдени-ағарту ұйымдары құрылды. Оқу үйлеріне кітапханалар, сауатсыздықты жою мектептері жұмыс істеді. Сол жылдары республикада 199 көпшілік кітапханасы, 196 қауб, 83 халық үйі, 1478 оқу үйі болды, үгіт қызыл керуендерін, ал темір жол бойында - үгіт вагондарын ұйымдастырды.

     Қазақ мемлекеттілігін құруды көксеген Алаш зиялыларының азамат соғысы жылдарындағы іс-әрекеті де сәтсіз аяқталды. Ақгвардиялықтарға алашордалықтар тарапынан көрсетілген көмек пен қолдауға қарамастан, алашордалықтардың өз билігін орнату мақсатындағы әрекетіне Сібір, Орынбор мен Орал қалаларындағы үкіметтер қолдау көрсетпеді. Мұның өзі Алаш үкіметін Самарадағы Комучтың, Омбыдағы Сібір үкіметінің ресми түрде мойындамағандығын дәлелдеді.

     Алаш көсемдері қазақ мемлекеттілігін құрудың жаңа жолдарын іздеуге мәжбүр болды. Қазақ зиялылары ендігі жерде Кеңес үкіметімен ымыраға келу жолдарын қарастырды. 1919 ж. басында Алашордалықтар Кеңес үкіметімен арадағы келіссөздерін қайта жандандыра бастады. Келіссөздер Алашорда атынан емес, А.Байтұрсынов басқарған Торғайлық тобының атынан жүргізілді. А.Байтұрсынов ең әуелі Ә.Жангелдинмен одан кейін Мәскеуде Сталинмен келіссөздерді жалғастырды. 1919 ж. наурызда Бүкілресейлік Орталық Атқару комитеті Алашордаға амнистия (кешірім) жариялады. Алашорда басшыларының бірі А.Байтұрсынов, оның жақтастарының үлкен тобы Кеңес үкіметінің жағына шықты. Желтоқсан айында Ә.Бөкейханов бастаған Алашорданың Шығыс бөлімі толығымен Кеңес үкіметін мойындады.

     Азамат  соғысы шет аймақтар халықтарының Ұлттық мемлекеттігі туралы идеясымен санаспауға болмайтынын большевиктерге тағы да көрсетті. Кеңес үкіметі кеңестік негізде Қазақ Автономиясын құру жөнінде дайындық жұмысын жүргізе бастады.

     РКФСР ХКК-нің 1918 ж. 12 мамырдағы қаулысына сәйкес, ҚазАКСР-н құруға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру үшін халық комиссариаты ұлттар ісі жанынан алғашқы арнайы саяси орган - қырғыз (қазақ) бөлімі ашылды. Алайда, азамат соғысы әсерінен бұл жұмыстар кейінге қалдырылды. Қазақ съезі шақырылып, Қазақ республикасының автономиясы жарияланғанша өлкені әскери-әкімшілік басқару үшін 1919 ж. 10-шы шілдеде РКСФР Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы В.И.Лениннің қол қоюымен «Қырғыз (қазақ) өлкесін басқаратын Төңкеріс комитеті (Ревком) туралы уаюытша ереже» жарияланды.

     Ереженің 3-ші бабына сәйкес, Қазақ автономиялы республикасының территориясы Түркістан республикасымен, Қырғыз съезі және Орталық Кеңес үкіметімен келісіліп анықталғанға дейін қазревком құзырына «...Астрахань губерниясымен Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарының территориялары қарайды» делінген.

     Оның бірінші құрамына: С.Пестковский (төраға) А.Байтұрсынов, В.Луқашев, Ә.Жангелдин, М.Тұнғаншин, С.Мендешев, Б.Қаратаев кірді. Әртүрлі уақытта Қазақ ревкомының мүшесі болып: Ә.Әйтиев, С.Арғыншиев , А.Авдиев, Ғ.Әлібеков, Б.Қаралдин еңбек етті. Әйтсе де Алашордалықтардың Кеңес үкіметінің жағына шығуы оңай болмады. Алашордаға жасалған кешірімге қарамастан оның басшыларына деген сенімсіздік ұзақ уақытқа сақталды. Ал кеңес үкіметінің Қазақстандағы кейбір өкілдері Алашорда жетекшілеріне жау ретінде қарады. Мәселен, 1920 ж. Қазак партия бюросының есебінде былай деп жазылды: «Бұрынгы алашордалықтардан тұратын қырғыз зиялыларының 3/4-і буржуазиялық - шовинистер.» Сондай-ақ кешірім жасалғанға қарамастан Алашорда жетекшілері саяси тұрғыда оқшаулануға тиіс болды. Қазревкомның 1920 жылғы 5-наурыздағы «Алашорданың батыс бөлімін тарату туралы» қаулысында «Ұлттық Алашорда үкіметінің батыс бөлімінің жауапты жетекшілері қырғыз өлкесінде кеңес үкіметі толық негізде орныққанша халық бұқарасынан оқшауландырылсын...»- Деп ашып айтылды. Одан әрі аталған қаулыда былай делінді «Қырғыз халқының кеңес үкіметіне іш тартатын бөлігі мен қоныс аударушылардың Алашорданың белсенді қызметкерлеріне өшпенділікпен қарайтындықтары ескеріле отырып олар ревком мүшелігіне және басқа да жауапты кеңес қызметіне ұсынылмайтын болсын». Ақырында жоғарыда көрсеткеніміздей Қазревкомның 1920 ж. 5-наурыздағы қаулысына сәйкес Алашорда таратылды.

     Осылайша  біртұтас тәуелсіз ұлттық мемлекетті құруға талпынған қазақ зиялыларының пәрменді әрекеті нәтижесіз аяқталды. Кеңес үкіметі мойындамаған Қазақ Ұлттық Автономиясы қазақ зиялыларының өркениетке, тәуелсіздікке қол созған әрекеттері ретінде тарихта ғана қалды.

     Сөйтіп, Қазревком Қазақстанда әскери-азаматтық билікті қолға алып, кеңестердің бүкіл қазақстандық 1-ші съезін шақыруды ұйымдастыру, Қазақ автономиясы туралы ереже жобасын дайындап, съезд талқысына ұсыну, РКФСР, Түркістан Кеңестік Республикасы және Қазақ өлкесі арасындағы қарым-қатынастарды реттеу, Қазақтың байырғы жерін бір қолға жинау, яғни болашақ қазақ кеңес мемлекетінің территориялық тұтастығын қамтамасыз ету міндеттерін өз қолына алды.

     Азамат  соғысының қиын да күрделі жағдайы  Қазревкомның төтенше жағдайда жұмыс істеуін талап етті. Қазревком қызметінің әскери-азаматтық сипатын осы соғыс анықтап берді. Қазревком әрекет-қимылда жүрген армияны азық-түлікпен жабдықтау, астықты және басқа тамақ өнімдерін Орталыққа, Түркістан АССР-на жеткізу яғни, «соғыс коммунизм» саясатының басты мәселесін шешу ісімен айналысты. 1918-1920 жылдардағы яғни, азамат соғысы кезіндегі кеңес өкіметінің ауқымды эксперименті «әскери коммунизм» саясаты соғыстың, күйреушілік, экономикалық дағдарыстың нәтижесі болды. Бұл саясаттың мәні -өнеркәсіпті жаппай национализациялау, басшылықты орталықтандыру, тіршілік үшін маңызды тауарлардың бәрін бөлу, азық-түлік салғыртын, қарточқалық жабдықтау жүйесін, жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігін, еңбекке бір мөлшерде ақы төлеуді енгізу, тауар-ақша қатынастарын жою болды.

     Осының  ішінде еңбекші халық әсіресе, шаруалар үшін ең ауыры азық-түлік салғырты болды. 1919 жылы қаңтарда астқыты дайындау мен бөлу монополиясына азық-түлік салғырты қосылды. Өлкенің адам және материал ресурстарын жұмылдыру экономикалық әдіске жатпайтын күштеу әдістерімен жүргізілді. Кеңсе үкіметі қала халқын және соғысып жатқан қызыл әскерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін астық өнімдерін, мал-мүліктерін қаруланған азық-түлік отрядтарын жіберіп, халықтан күшпен тартып алып отырды. Бүкіл дала өңірінде астықты, малды, киім-кешекті күштеп тәркілей бастады. Ал бұл төтенше шаралар қазақ даласында аштықтың етек алуына әкелді. Сонымен қатар, «әскери коммунизм» саясаты өлкеде жергілікті бюджеттерді жоюдан, оларды біріңғай мемлекеттік бюджетке қосудан, біртұтас қазына құрудан, ұсақ және майда өнеркәсіпті мемлекет меншігіне алудан көрінді.

     Сөйтіп, экономика саласындағы төтенше шаралар өктемдік және зорлық-зомбылық психологиясын туғызды. Қызыл армия мен қалаларды азық-түлікпен жабдықтау жөніндегі жұмысты Қазақстанның партия және кеңес ұйымдары нақ осылайша жүргізді. Қорыта келгенде, халық шаруашылығын әскерилендіру экономиканы басқарудың әміршілдік жүйесі, еңбекті ұйымдастырудың әскери формалары, бөлу принципі, бұқараны кедейлендіру - осының бәрі большевиктер басқарған кеңес үкіметін социалистік түсініктегі тәжірибелерге өзір болмағанын көрсетті.

     «Әскери коммунизм» саясаты Ресей империясының басқа да халықтары секілді Қазақстан тұрғындарын да әлеуметтік-саяси және рухани дағдарыспен бірге келетін шаруашылық апатына ұшыратты. 1918-1920 жж. ішінде Қазақстанда 75 % шаруашылық потенциалы жойылды. Ең бірінші кезекте ұлттық байлықтың негізгі көзі - ауыл және село тұрғындары жапа шекті. Егістік көлемі 1914 жылғы 3,6 млн. десятинадан 1922 жылы 1,6 млн. десятинаға дейін, мал саны 10,8 млн. басқа кеміді. Азамат соғысы жылдарындағы қиын да күрделі ахуал жаңа қоғамдық-саяси жағдайды туындатып, әскери коммунизм саясатын енгізуге алып келді. Әскери коммунизм саясаты жоғарыдан тізеге салу арқылы тауарсыз социализмге бірақ кіруге мүмкіндік бар деген жалған қиялдан туған. Ал экономикалық тұрғыдан алғанда бұл идея азық-түлік салғыртынан көрінеді. Республиканың аграрлық экономикасының ауыр жағдайына қарамастан, орталық өкімет Қазақстанда азық-түлік салғыртын көбейтті. Азық-түлік салғырты әскери революциялық әдістерді қолдану арқылы күштеп жүргізілді. Шаруалардың күн көрісінен артылған азық-түлік әскер мен өндіріс орындарындағы жұмысшыларды асырау үшін ешбір өтеусіз алынды. Мұның барлығы қазақ қоғамының құлдырауына және аштыққа әкелді. Сол кездегі ақпарға қарағанда Бөкей губерниясы азамат соғысы жылдарында Қызыл армия бөлімдері мен азық-түлік отрядтары тарапынан ойранға ұшырап, көшпелі халық қайыршылық күйге түсті, малдарды толассыз тартып алу (ревизициялау) салдарынан - 100 мың адам ашықса, Оралда 400 мың, Семей губерниясында 500 мың, Орынборда 445 мың, Ақтөбеде 360 мың адам ашықты. Республиканың аграрлық секторындағы ауыр дағдарыс 1920-1921 жж. шаруалардың Кеңес өкіметінің әскери-комимунизм саясатына қарсы наразылықтың тууына әкелсе, көктем-жаз айларында ол стихиялы қарулы көтерілістерге ұласты. Өскемен, Павлодар, Семей, Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Атырау, Орал, Шымкент уездерінде ашық түрдегі кең қанат жайды. Бұның барлығы «әскери коммунизм» саясаты бойынша социализм орнатуда азық-түлікті күштеп тартып алу, ірі, орта және ұсақ кәсіпорындарды қоғамдастыру, сауда-саттыққа, рыноққа тиым салу, ақша айналымын тоқтатып, сол арқылы жаңа қоғам орнатуға болады деп әрекеттенуінің көрінісі еді. Оның тұсында өкімет барынша орталықтандырылып, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі пайда болды. Барлық партия мүшелері әскери жағдайда деп танылды. Коммунистер мұндай жағдай социализмге барар жолды қысқартады деп есептеді. Әрине әскери коммунизм социализмге жеткізетін шара емес, ділгірліктен туған болатын.

     Сонымен «соғыс коммунизм» саясаты кеңес үкіметін күйрету шегіне жеткізді, социалистік идеяға деген сенімсіздіктің тууына себеп болды. «Соғыс коммунизм» тәжірибесі өзінің өмірге қабілетсіз екенін көрсетті.

     Осылайша  Қазревком 1919 ж. шілдесінен 1920 ж. қазанын қосқанда 15 ай бойы жұмыс істеп, қазақ халқының кеңестік автономиясын құру жолындағы әзірлік жұмыстарын да жүзеге асырды.

     1920 ж. тамызында Мәскеу қаласында қырғыз әскери төңкеріс комитеті жөне Түркістан майданының әскери — төңкеріс кеңесі, РКП(б) Түркістан өлкелік комитетінің партия және кеңестік ұйымдардың өкілдері қатысқан Қазақ АКСР-н құру туралы бірнеше мәжілістер өткізілді. Ақырғы мәжіліске В.И.Лениннің өзі төрағалық етті. Нәтижесінде 1920 ж. 17 тамызында РКФСР Халық Комиссарлары кеңесі Қазақ Республикасы жөніндегі Декреттің жобасын қарап қолдады. 1920 ж. 26 тамызында Ленин мен Қалинин» қол қойған БОАК және РКФСР ХКК-нің құрамында, астанасы Орынбор Қаласында болатын «Қырғыз (қазақ) Кеңестік автономиялы Республикасын құру туралы» тарихи Декреті жарияланды.

     1920 ж. 4-12 қазанында Орынбор қаласында өткен Қазақстан Кеңестерінің құрылтай съезі, Қырғыз (қазақ) Кеңестік Автономиялық социалистік республикасы еңбекшілері құқықтарының Деқаарациясын қабылдады, ол Деқаарация РКФСР құрамына жеке автономия болып кіретін ҚазАКСР-нің құрылуын жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының шаруалар, қызыл әскерлер депутаттары Кеңестерінің Республикасы ретінде бекітті. С.Меңдешевті бас етіп Орталық Атқару Комитетін (ОАК) және В.Радус-Зеньковичті бас етіп Халық комиссарлары Кеңесін (ХКК) сайлады.

     Қорыта  келгенде, 1917 жылғы төңкерісті Ресей империясының барлық ұлттары атынан сөйлеуге тырысқан орыс Большевиктік партиясы ғана ұйымдастырды. Қазан революциясын Орта Азия мен Қазақстанда тұратын орыстар ғана қабылдады. Большевиктер үкіметі атынан сөйлеген жаңа әкімшілік Түркістан мен Қазақстанда социалистік революция ұйымдастыру емес, ұлт-азаттық қозғалысын басып-жаншуды көздеді.

     Қазақстанда Кеңес үкіметі негізінен және көпшілігінде күштеп орнатылды. Қазақ халқы Қазан төңкерісінің мәнін, Ленин бастаған большевиктер партиясының бағдарламасын түсінген де жоқ, қабылдаған да жоқ. Әлеуметтік революцияға Қазақстанда ешқандай негіз жоқ болатын. Орта Азия мен Қазақстанның жергілікті халықтары үшін Қазан революциясының мән-мағынасы орыс үстемдігі жойылып, тартылып алынған жер-суымыз өзімізге қайтарылады деген үмітке ғана сайды.

     Кеңес үкіметінің алғашқы күндерінен-ақ жергілікті халық саяси дискриминацияға  ұшырады. Ұлтшыл қайраткер Мұстафа Шоқай айтқандай: «Түркістанда Кеңес үкіметі жергілікті байырғы халықтың билікке араласуын беталды жоққа шығарудан басталған».

Информация о работе Азамат соғысы және социалистік құрылыстың басталуы