Атырау өлкесінде тұратын өзге этникалық топтардың қоныстану тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 11:52, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бергі жылдар ішінде еліміздің кеңестік кезеңдегі тарихы туралы ақиқатты айтуға, оның әлі де толық зерттелмеген көлеңке беттерін ашу мүмкіндігіне қол жеткіздік.
Тәуелсіздіктен кейінгі уақыт ағымында үлкен бетбұрыс жасалып, демократиялық құқықтық зайырлы мемлекет құрылды. Бүгінде Қазақстан көп ұлтты мемлекет ретінде оны мекендейтін 130-дай халықтар мен ұлттардың өз отанына айналып отыр. Кеңестік жаппай қуғын-сүргін тарихы көптеген зерттеулерге арқау болды. Бірақ тұтас халықтарды жер аудару тарихын зерттеу әлі де терең ізденістерді талап етеді. ХХ ғасырдың 30-шы жылдары мен 50-ші жылдарының басы КСРО-да көптеген адамдарды, тіпті тұтастай халықтарды күштеп жер аударудың орын алған кезеңі еді.

Работа содержит 1 файл

Айгерім гылыми жумыс.doc

— 335.00 Кб (Скачать)

Еңбек армиясының құрамында  мыңдаған адамдар жіберілді. Ондағыларға  жұмыстың ауырлығына қарамай кез-келген нормалар беріліп, олардан соны орындау талап етілді. Жер аударылған халықтардың ішінде әсіресе немістерге деген сенімсіздік күшті болды. Олар лагерлік типтегі Еңбек армиясының барлық этаптарынан өтті. Еңбек армиясы лагерлері мен колониалары таратылып, ондағылар күнделікті өмір статусына ауыстырылды. Алайда еңбек резервтерінің мобилизациялық жоспары бойынша 16 жастағылардан жоғарғылар ФЗО (ФЗУ) арқылы жұмысшы мамандықтарын алып, міндетті түрде жұмысқа жіберіліп отырды. Ендігі жерде оларды кейінгі жұмыстарға пайдалану әдістері халық шаруашылығындағы әрқилы еңбек түрлерімен жалғасты. Халық шаруашылығын өркендетуге байланысты жер аударылғандарды колхоз, совхоз және кәсіпорын жұмыстарына пайдалану, кең түрде жүргізілді. Оларды тұрақты тұрғын үймен және өз уақытында еңбек ақысымен қамтамасыз ету қиын болды. Бесжылдықта Қазақстанда қара және түсті металлургия, тау-кен өндіріс саласы өркендеді.Зауыттар, көмір өнеркәсібі жабдықтары, ұсталық станоктар, ауыл шаруашылығына қажетті құралдар мен жабдықтар шығара бастады. Өнімдердің жаңа түрлерін шығаратын ауыр машиналар зауыттары, мұнай кәсіпшіліктері өнімдері арттырылды. Еліміздің жеңіл өнеркәсіп орындары да қарапайым болса да ел тұтынатын аса қажетті тауарлар шығарымын айтарлықтай жетілдірді.  Заңдық күші бар қаулылар шыққаннан кейін ғана күшпен көшірілгендер өз бас бостандықтарына ие болып, туған отандарына қайтуларына мүмкіндік алды. Бірақ осы жарлықтың І-тармағында сол ұлт азаматтарына аударылған жерлерінде тартып алынған зат, мүліктері қайтарылмайтындығы көрсетілді. 1955-1956 жж. заңды түрде құқықтық шектеулері алынып, бұрынғы Ресей құрамында Автономиялық республикалары мен облыстары қайта құрылған шешен, ингуш, балқар, қарашай, қалмақ халқының өкілдері өз тарихи отандарына қайтуға мүмкіндік алды. Тағылған айып-кінаны жоққа шығарғаннан кейін 50 мың адам өз отанына оралуына ниет білдірді. Жер аударылған халықтардың басым көпшілігі өз Отандарына оралды. Десекте, атамекендерінде орын алған жағдайлардан олардың біраз бөлігі Орта Азия мен Қазақстанда орнығып қалды. Мысалы, соңғы халық санағы (1999) бойынша олардан Қазақстан Республикасында тұрақтап қалғаны: немістер – 353 441 адам, татарлар – 248 952 адам, кәрістер – 99 657 адам, әзірбайжандар – 78 295 адам, күрдтер – 32 764 адам, шешендер – 31 799 адам, ингуштер – 16 893 адам.  
Тоталитарлық жүйе жер аударылған халықтардың толықтай атамекендеріне оралуына шектеу жасап, олардың өміріне, рухани дүниесіне, тілінің, салт-дәстүрінің дамуына қиянат жасағандығын дерек көздері айқындап отыр.  
Ендігі жерде жер аударылған халықтар Тәуелсіз Қазақстанның тең құқықты азаматтары ретінде қазақ халқымен туысқан болып етене араласып кеткендігі айқын [6].

Олардың құқықтық заң  актілері қалпына келтірілгеннен кейін  ерікті өмір сүруге, соның ішінде оқуға  бар мүмкіндіктері ашылып, білім  алу мәселесі қалыпты жағдайға ауысты.

Олардың арасында қажырлы еңбеккерлер, елге танылған, құрметті азаматтары да аз емес.

Бүгінгі күнде Қазақстанда  тұрақтап қалған ұлттар әлеуметтік-саяси  және мәдени орталықтарын құруға мүмкіндік  алды. Қазақстан корей, түрік, неміс, қарашай, қалмақ, шешен, ингуш т.б. кезінде жер аударылған халықтарының өкілдеріне өздерінің тарихи Отанымен тығыз қарым-қатынас орнатуға көмек көрсетті. Сөйтіп, ұлттық мәдени орталықтары мен қоғамдық бірлестіктергежол ашып, негізгі алға қойған мақсаты – әр бауырлас халық арасында ұлттық қарым-қатынастың жарасымдығын орнықтыруда.

 

 

 

 

    1.  Ұлттық мәдени орталықтар және өзге ұлт диаспорасының көрнекті өкілдері.

 

Облыстық мәдени- ағартушылық  және қоғамдық –саяси қоғам «Ұлттық  –мәдени украин орталығы «Довира». Ұлттық – мәдени украин орталығы «Довира» 2001 жылдың 23 ақпанында құрылды.Бүгінде Атырау облысында өздерін украин ұлтымен теңестіретін 1400 адам тұрып жатыр. 
Украин орталығын – облыстық Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі, «Ритуал» ЖШС-нің жетекшісі Павленко Ольга Дмитриқызы басқарады. Украин орталығы негізінде: «Мрия» вокальдық- бишілер тобы құрылды, оның құрамына тек қана украин ұлты ғана емес,украин мәдениетіне қызығушылық танытқан басқа ұлт өкілдері де кірген. 
Орталық Украин Елшілігімен тығыз қарым –қатынаста жұмыс істейді,сол жақтан Атырауға украин тіліндегі газеттер, әдебиеттер, дыбыс-бейне кассеттері,жыл сайын Қырымға,Артек лагеріне жолдамалар беріліп тұрады.Достық пен келісімді дамытудағы жұмыстары үшін «Довира» орталығы үш рет Қазақстандағы Украин елшілігінің Құрмет Мақтау қағазымен марапатталды.

«Иверия» грузин ұлттық –мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі. «Иверия» грузин ұлттық –мәдени орталығы » қоғамдық бірлестігі 2003 жылдың 27 тамызында құрылған. Орталық, Бобохидзе Зураб Гедеванұлының төрағалық етуімен грузин ұлттарының 85 адамын біріктіріп отыр.Зурав Гедеванұлы – кәсіпкер,Қазақстан халықтары Ассамблея мүшесі,1970 жылдан бастап Қазақстанда тұрып келеді, облыс тұрғындары арасында құрметке және белсенділікке ие.Бірнеше рет құрмет мақтау дипломдарына, «Жылдың үздік кәсіпкері» атағына ие болды.2001 жылы «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10-жыл» мерейтой медалімен, 2006 жылы мемлекеттік «Шапағат» жүлде-медалімен марапатталды. «Элиоба» және «Нинооба» халықтық мерекелерді өткізу дәстүрге айналған.Грузияның Еңбек сіңірген қайраткері С.Иоселианидың басшылығымен ұлттық би ансамблі барлық қалаушыларды Кавказ биіне үйретеді. З.Бобохидзенің басқаруындағы орталық аз қамтылған отбасыларға, мүгедектерге,Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне ,жалғызбасты аналарға,ауру адамдарға және қолдау сұрап хабарласқандардың барлығына ақылы көмек көрсетеді.

Атырау облысындағы  «Новруз» Әзербайжан мәдени орталығын. Атырау облысындағы «Новруз» Әзербайжан мәдени орталығы 2000 жылдың 25 қарашасында құрылды. 2000 жылы кадрлы әскери адам - Ахмедов Эльдар Мамедович «Атыраудағы «Новруз» Әзербайжан ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестікті басқарды.Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында қызмет етті. Майор шенінде зейнеткерлікке шыққаннан кейін, 2000 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысады.2001 жылдан бастап,Қазақстан халықтары Ассамблеясының Мүшесі.

«Татулық» Татар-башқұр ұлттық- мәдени» қоғамдық бірлестігі. Татар-башқұр ұлттық- мәдени «Татулық» орталығы 1995 жылы құрылған.Бүгінде біздің облысымызда татар диаспорасында 3 мыңнан аса отбасы бар екені есептелген. Қазіргі уақытта, оны Н.Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясының Бас балетмейстері Байкенова Гульсина Гарифжановна басқарады.Халықаралық байқаулар және балалар шығармашылығы мен хореграфиялық өнер фестивалінің жүлдегері,2001 жылы Атырауда балет студиясын құрды. Татар қауымдастығы өздерінің құрылған күнінен бастап, жұмыс негіздерін ұлттық мәдениетті,тілді,дәстүрлерді,әдет-ғұрыптарды сақтап және дамыту,ұлтаралық қатынастардың жоғары мәдениетін және қазақстандық отаншылдық сезімін тәрбиелеу. Қауымдастықта: татар тілі мен мәдениетін қайта жандандыру мектебі, жастар клубы, Г.Байкенованың басқаруымен ұлттық би ансамблі жұмыстарын сәтті жүргізуде.

 «Салам» Дағыстан мәдени орталық» қоғамдастық бірлестігі. Дағыстандық «Салам» мәдени орталығы 2002 жылдың 1 шілдесінде құрылды.Біздің облысымызда шамамен 400 адам:лакцалар,даргинистер, аварцалар,құмықтар,лезгиндер, ноғайлар және табарацандар.  
Алишаев Мұса Абакарович - «Салам» ЭМБ-тің құрылған күнінен бастап төрағасы. «Ватан Гурьев» ЖШС-нің директоры болып жұмыс істейді,Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі. 
Бірлестік жұмысының негізгі мақсаты: этносты сақтау, Атырау облысында тұратын дағыстандықтардың тілдік, этномәдени қажеттіліктерін қайта жандандыру және қанағаттандыру, халықтар арасындағы ұлтаралық келісім мен бейбітшілікті сақтап қалу.Бірлестік аясында ұлттық тілдер, жастар клубы, «Дагестан» ұлттық би ансамблі курстары жұмыстарын сәтті жүргізіп отыр.Дағыстандық «Салам» мәдени орталығы облыстық және қалалық масштабтағы барлық жаппай іс-шараларға белсенді қатысады. Орталық зейнеткерлерге арнап, ақылы көмек түрінде бірнеше қайырымдылық акцияларын өткізді, «Ақ-бота» бала-бақша үйіне демеушілік көмек , жарыстарға қатысатын спортшыларға қаржылай қолдау көрсетілді.

 «Wiedergeburt» қоғамдық және мәдени – ағартушылық немістер бірлестігі. «Видергебурт» қоғамдық және мәдени – ағартушылық немістер бірлестігі 1989 жылы құрылған, Батыс Қазақстандағы ұлттық- мәдени білімнің ақсақалы болып келеді.Думлер Александр Филиппович – «Видергебурт» немістер қоғамының төрағасы, «Атырау облыстық дезинфекциясы» ЖШС-де бас директордың бірінші орынбасары, Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі. Бірлестікте: неміс және қазақ тілдерінің үнемі тілдік курстары, аударма бюросы, «Полиглот» әлемдік жүйесімен байланыс, әлеуметтік дәріхана және аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік қолдау, қарттар және еңбек ардагерлеріне, «Регенбоген» жастар клубы, «Блюменгрус» балалар ансамблі, «Фольксвелле» жастар би ансамблі,Инна Мягкованың театр студиясы, жексенбілік мектеп элементтерімен «Лореляй» клубтары жұмыс жасап келеді. «Видергебурт» бірлестігі Қазақстандағы Германия елшілігімен , ГТО – ның басшылығымен, Неміс Қызыл Кресімен, Дойче әлеумет қорымен, Қазақстан немістерінің қоғамдық ұйым Қоғамдастығымен, ҚР-ғы неміс экономика бюросымен, ұлттық азшылық Еуропа федералист одағымен және басқа да көптеген ҚР- ның және шетелдік қоғамдық ұйымдармен көптен тығыз байланыста .

«Тхоньил» Атырау корей  мәдениет орталығы. Облыстың корей бірлестігі алғашқыда «Корей мәдени орталығының Гурьев қоғамдастығы» атын алып жүрді,1994 жылдың 11 тамызында әділет органында «Тхоньил» Атырау корей мәдениет орталығы болып тіркелді. «Тхоньил» Атырау корей мәдениет орталығының төрағасы Өтебаева – Цой Мария Николаевна. 1991 жылдан Қазақстан корей Қоғамдастығы Басқармасында мүше, 1995 жылдан орталықтың төрағасы болып келеді. 2-ші дәрежелі «Достық » орденімен, Қазақстан Республикасы Егемендігінің 10-жылдығына мерейтой медалімен, аналық , I, II, III – дәрежелі және «Еңбек ардагері» медалдарымен марапатталды, білім жүйесінің ардагері. Бірлестіктің негізгі жұмыс бағыты: ұлттық мәдениетті , тілді , дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтау және дамыту , жоғары мәдениеттегі ұлтаралық қатынасты және қазақстандық отаншылдық сезімді тәрбиелеу болып отыр. Қоғамдағы білім көздерінде республикамызға танымал : Тен Алексей Федорович – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген құрылысшысы, Огай Но-ок- жер маманы, Еңбек Қызыл Белгісі және «Құрмет Белгісі» ордендері иегері,Пак Иван Тимофеевич - академик, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген ғылым қайраткері. 
Бірлестікте: үнемі корей және қазақ тілдерін оқыту курстары ,жастар клубы, ұлттық өнер және би сабақтары өткізіліп тұрады.

«Таврос» Армян  ұлттық – мәдени орталығы. «Таврос» Армян ұлттық – мәдени орталығы 2004 жылы тамыз айында құрылды.Плузян Гагик Сережаевич армян ұлттық – мәдени орталықтың төрағасы, «Атыраугазстрой - сервис » ЖШС-нің директоры .Қоғамдастық өзінің негізгі мақсаты ретінде ұлтты сақтау, тілді қайта жандандыру және облыста және республикада халықтар арасындағы ұлтаралық келісімді дамытуды алға қойды. 
Мемлекеттік және халықтық мерекелерді және Қазақстан халықтары Ассамблеясы өткізетін барлық мәдени шараларды ұйымдастыруда Атыраудағы армян бірлестігі белсенді қатысады.

 Атыраудағы «Вайнах» шешен – ингуш мәдени орталығы. Атыраудағы «Вайнах» ұлттық - мәдени орталығын Акаев Сейтамин Ахмедович – ауыл шаруашылығын басқарушы, облыстық Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі, жақсы ұйымдастырушы, «Достық» ордені иегері. Құрбан –байрам мейрамын ,ұлттық мерекелерді ,ұлттық тағамдар және басқа да фестивальдарды өткізу қоғамдастықта дәстүрге айналған. Орталықта ұлттық ансамбль , жастар қанаты және ана тілін оқыту курстары жұмыс істейді. Орталық шешен және ингуш халықтарының ұлттық мәдениетін сақтап - дамытуда, бейбітшілік пен келісімді нығайтуда өздерінің бағаланбас үлесін қосып отыр.

«Былина» орыс ұлттық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі. «Былина» орыс ұлттық мәдени орталығы» 2003 жылдың 10 шілдесінде құрылды. Солодников Александр Германович - «Былина» орыс ұлттық мәдени орталығының төрағасы . «Мерей Брокер» ЖШС –нің директоры ретінде қызмет істейді, Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі. 2008 жылдан «Былина» орыс ұлттық мәдени орталығын басқарады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұлттық саясатының белсенді үгіттеушісі.Ұйымдастырушы , бастамашы және жаппай қалалық шаралардың демеушісі. Қайырымдылық акцияларының жебеушісі. Орталық өткізетін барлық шаралар қазақстандық қоғамда сыйластықты нығайту, жастарды отаншылдыққа және өнегелілікке тәрбиелеу, ұлттық мәдениетті, тілді, дәстүрлер мен әдет – ғұрыптарды дамыту. Солардың ішіндегі ірілері: орыс ұлттық тағамдар күнін тойлау, славян жазуы мен мәдениеті Күні , «Менің елімнің ана тілі» фестивалі, «Шаңырақ» отбасы мерекесі және басқалары.

 « Елден аласталған болгарлардың «Қайта өркендеу» болгар мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі. Болгар орталығы 1992 жылдың сәуір айында құрылды. Бірлестіктің Атырау аймағында тұрып жатқан болгарларды біріктіру , олардағы сана – сезімді нығайту, жоғалған рухани құндылықтарды қайтару секілді жұмыстарды алға қойып, және оларды жүзеге асырады. Орталық төрағасы Клинчев Владимир Дмитриевич, Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі.Орталық жетекшісі және оның белсенді құрамы үлкен қазақстандық отбасында болгарлардың өздерін жақсы сезінуіне , Атырау жерінде достық пен келісімде тұруы үшін көптеген істер жасалып жатыр. Орталықта мемлекеттік мерекелерді және Қазақстан Республикасы мен Болгарияның ұмытылмас күндерін, ұлттық тағамдар фестивалін тойлау , барлық облыстық және қалалық мерекелік іс- шараларға қатысу дәстүрге айналған. Жастарды отаншылдыққа тәрбиелеуге, мұқтаж адамдарға кеңес беру немесе әдіскерлік көмек көрсетуге ерекше назар аударылған.

Қазақстандағы түріктердің  «Ахыска» облыстық бөлімі 
«Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі Мурадов Абубакир Мушгамбарович - «Ахыска» Түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы [10].

 

 

 

 

 

 

Тоталитарлық жүйенің  саясаты күштеп қоныс аударылған халықтар тағдырында ауыр із қалдырды. Автономиялары жойылып, атамекендерінен алыс жерлерге көшірілген олардың жаңа ортаға бейімделуі қиынға соқты. Орналасқан жерлерінде көшірілгендердің саяси құқықтық жағдайы өте ауыр болды. Күштеп қоныс аударылғандарға арнайы шығарылған заңдар, олардың қалыпты өмір сүруіне шек қойды.  Жер аударылған халықтарды мұнда орналасқан соң республика ішінде бір жерден екінші жерге көшіру тағы жүргізілді. Бұл сол кездегі елдегі қиыншылықтарды ауырлатты, қосымша көп шығынды талап етті.  Соғыстан кейін тек жер аударылғандардың ғана емес, жалпы халықтың тұрымыстық-материалдық жағдайалары ауыр болды. Себебі, халық шаруашылығында соғыс салған ауыртпашылықтан арылу оңайға соққан жоқ. Халық шаруашылығының өнеркәсіп, транспорт саласында, құрылыста, ауыл шаруашылығында жұмысшы күші, оның ішінде мамандандырылған жұмысшылар жетіспеді. Жер аударылған халықтарға арналып салынатын үй құрылыс материалдары, кең қолданылатын тауарлар тапшы еді. Өндірістік кәсіпорындарының негізгі қорларының жағдайы төмен болды. Халық шаруашылығына ең керекті электроэнергия қуаты, шикізат материалдары жетіспеді. Алыс аудандарға орналастырылғандарға ауылшаруашылығы үшін жер жыртуға техника немесе егіске себетін дәнді-дақылдар болмады. Халық шаруашылығын тез арадан қалпына келтіруге жаңа техниканы меңгерген мамандардың және жұмысшы күшінің жетіспеуі үлкен кедергі болды. Осындай қалпына келтіру шараларын іске асыруға барлық халықтар жұмылдырылды.  Жер аударылған халықтар да халық шаруашылығын қалпына келтіріп, дамытуға барын салды. Олар өнеркәсіп пен транспорт және ауыл шаруашылығы салаларындағы қажырлы еңбектерімен елдегі экономиканы көтеруге атсалысты. Халық шаруашылығын қалпына келтіріліп, дамуынан елдің тұрмыстық жағдайы түзеле бастады. Халық шаруашылығының қалпына келтірудегі ерен еңбектерімен жер аударылған халықтар арасынан көптеген еңбек озаттары танылды. Тоталитарлық жүйе жер аударылған халықтарды барынша тұсаулап ұстады. Халықтарды жер аударту олардың тілінің, дінінің, салт-дәстүрінің дамуына кедергі келтіріп, болашақтарының құрып кетуіне әкеп соқтырды.

Информация о работе Атырау өлкесінде тұратын өзге этникалық топтардың қоныстану тарихы