19-20 ғғ. Бас кезіндегі Қазақстан мәдениеті

Дата добавления: 19 Ноября 2011 в 07:33
Автор: Пользователь скрыл имя
Тип работы: реферат
Скачать полностью (29.44 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

19-20 г. басындагы Каз-н Мадениети.docx

  —  31.78 Кб

                             19-20 ғғ. Бас кезіндегі Қазақстан мәдениеті.

   
 
 

Жоспар:

1. Кіріспе бөлім:

2. Халық ағарту  ісі;

3. Ғылым және  Қазақстанды ғылыми зерттеу;

4. Көркемдік  мәдениет. Баспасөз.

5. Қазақтардың   материалдық мәдениеті;

6. Әдеп - ғұрыптары мен ырым – жоралары.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  
 
 
 
 

  1) Бір жағынан қазақ қоғамының дәстүрлі негіздерінің талқандалуы және екінші жағынан–жаңа қоғамдық -экономикалық қатынастардың қабылдануы адамдар қызметінің бұрын белгісіз түрлерін өмірге алып келді. Еңбектің қоғамдық бөлінуінің тереңдей түсуі халықтың мәдениеті мен рухани өміріне шынайы әсер етті. Қазақстан Ресейдің, Англияның, Францияның, және басқа мемлекеттердің мүдделері түйіскен жерінде қалған, сөйтіп, өлкені өнеркәсіптік – көліктік, саудалық және басқа тұрғыдан игеру айтарлықтай тездетілген жағдйда ғылым, техника, мәдениет жетістіктерін кім ертерек менгерсе, сол халықтың тарихи болашағы жарқын болатындығын түсінушілік қоғамдық санада берік орнықты .

     Халықтың  неғұрлым оқымысты өкілдері  мұғалімдердің  ұлы мінде-тін өз еріктерімен мойындарына алды, өздерінің білімдерімен өлкенің мәдениетін даиытуға ат салыса бастады. Бұрыңғы салттар ды ,дәстүр-лерді, әдеп – ғұрыптарын сақтау және жаңадан жаңғырту үшін қажет-ті кеңістіктер едәуір шектелді , бірақ сонымен  бірге жаңа әлуметтік –мәдиеттік бағалықтар мен нысаналар пайда болды.

    Халықтың сауаттылығы.19ғ.ортасына дейін қазақ балаларын оқыту-құран сүрелерін ұғынбай жаттап алу басты жетістік саналатын мектептерде жүзеге асырылды. Оларда мұғалімнің міндетін көбіне оқыту жоспарлары мен методикасынан ешбір хабары жоқ молдалар атқарды. Мұсылман мектептерінде негізінен ұл балалар оқыды. Мұн-ың өзі әйелдер сауатсыздығының жоғары дәрежеде қалуы себептерін-ің бірі болды. Мысалы, 1884 ж. Верный, Қапал және Сергиополь уезде рінің мұсылман мектептерінде 47,5 мың ер бала және бар болғаны 17,3 мың қыз балалар оқыды. 1895 ж. « Киргизская Степная газета » мұсылман  мектептеріндегі сабақтың өтуін суреттеп, былай деп жаз- ды: «Балалар  оқитын киіз үйден жан дәрменімен  айқайлаған  ащы дауыстар естілді. Әр оқушы өзінің сабағын айқайлап оқиды... Осылай- ша оқыту төрт жылдай уақытқа созылады. Осы мерзім біткеннен кейн оқушылар  білім алудың толық курсынан өтіп, оны ешнәрсе білмеген, бұрынғы надандық қалпында қалған күйінде тамамдайды ». Қазақстан халқының барып тұрған сауатсыздығы 1897 ж. халық санағын жүргізу барысында, ол ең алдымен сұралғандардың орысша оқи білетіндігін ғана жазып белгілегенімен, айқын аңғарылады. Ана тіліндегі сауаттылық сұраққа жауап қайтарушы орысша оқи білмейті- нін айтқан жағдайда ғана белгіленді. Алайда санақ материалдары же- келеген халықтардың сауаттылық дәрежесін қамтып көрсете алмады. 1897 ж. санақ материалдары бойынша өлке халқының 8,1 проценті ға- на сауаты барларға жатқызылды, еркектердің сауаттылары олардың12 процентін, әйелдердің сауаттылары – 3,6 процентін құрады. Әліппелік сауаттылықтың біршама жоғары дәрежесі қоныс аударушылардың не- гізгі бөлігі тұратын солтүстік – шығыс губернияларынан байқалды.

       Мектептік және кәсіптік білім беру. Қазақстандағы халық ағарту ісі екі бағытта: діни және жай азаматтық бағытта дамыды. Діни бағыт- тағылары балалар ата – аналарының қаражатымен ұсталған мектептер мен медіреселер болды. Олардағы оқу араб алфавиті бойынша жүрді. 19 ғ. өзінде Ш. Уалиханов негізінен алғанда татар молдалары ұстазд- ық  еткен ауыл  мектептерінің ауыр жағдайы туралы ашына жазды; « Таңқаларық бірбеткейлік, өлі схоластика және бірде – бір нақты ой- пікірге құрылмаған оқу », - деп бағалады ол мұны.

      Азаматтық тұңғыш қазақ қазақ  мектебі Бөкей Ордасында  Жәңгір ханның инициативасымен 1841 жылдан жұмыс істей бастады. Бұл ме- ктептің оқушылары орыс тілін, математиканы, географияны, шығыс тілдерін, сондай – ақ ісләм дінін  оқып үйренді. Қазақ балаларына ар- налған келесі оқу орны Орынбор қаласында Шекаралық камиссия жа- нынан ашылған жеті жылдық мектеп болды. 1850 ж. Осы Орынбор шекаралық камиссиясы жанынан тағы бір азаматтық мектеп ашылды. Жұмыс істеген 19 жыл ішінде ол 48 адамды оқытып шығарды. 1857 ж. бұл мектепті Ы. Алтынсарин табысты бітіріп шықты. Мектептік білім жүйесінің кеңейтілуі және қазақ қоғамының әлеуметтік – экономикал- ық бейнесіндегі ілгерілеушілік маман кадрлар дайындау мәселесін қай кездегіден болсын өткір қойды. Алғашқы кәсіптік оқу орындары  1879 ж. құрылған Түркістан мұғалімдер семинариясы мен Орынбор қазақ мұғалімдер мектебі болды.          

       Қазақ мұғалімдер туралы Мемлекеттік  кеңес 1880 жылдың өзінде бекіткен  Ереже осы мектепті күтіп ұстауға жыл сайын 17580 сом қар- жы  босатып тұруды ескерді.

      Әйтсе де революцияға дейнгі Қазақстанның кәсіптік оқу орындар уақыт қажеттіліктерін қанағаттандыра алмады. 1914 - 1915 жж. Оқу жылында жеті орта арнаулы оқу орындарында 352 адам ғана оқыды.

   3) Ресей 18 ғ. қолға алған Қазақстанды комплексті зерттеудің алғашқы талабы М. В. Ломоносовтың есімімен байланысты. Ол өлке территор-иясын экспедициялық зерттеуді және оның географиялық картасын жасауды ұйымдастырудың бастаушысы болды, қазақтардың тарихы,  лингвистикасы, экономикасы, және этнографиясы бойынша ғылыми  ізденістер жүргізілуіне мүмкіндік туғызады. 1769 ж. өлкеге жасалған алғашқы ғылыми экспедицияның бірін П. С. Паллас басқарды. Оның жол – сапары Симбирск, Орынбор, Илецк, Орск, Жайық қалашығы – Гурьев, Уфа арқылы өтті. Бұл экспедицияның нәтижесі П. С. Паллас- тың « Ресей имеприясының әр түрлі шет аймақтары бойынша саяхат » деген үш бөлімнен тұратын еңбегі болды.

      Орыс ғалымдарының  Қазақстанды зерттеуінің ірі қорытындысы А. И.Левшиннің « Қырғыз – қазақтық немесе қырғыз – қайсақтық ор- далар мен далаларды суреттеу » деген үш бөлімдік кітабінің жарыққа шығарылуы болды. 19 ғ. екінші жартсында Түркістан өлкесін зерттеу- мен Ауыл шаруашылық қоғамы, Шығыс археологиясы мен тарихын  сүйетіндердің үйірмесі, сонда-ақ 1896 ж. ұйымдастырылған Ресей гео- графиялық қоғамының Түркістан бөлімшесі белсенді айналысты. 1877 ж. Ресейдің осы қоғамының Батыс-Сібір бөлімі, кейінірек оның Семей бөлімшесі құрылды. Осы бөлімшемен А. Құнанбаев байланыс жасап тұрды.

     1856 ж. көктемінде Шығыстың болашақ  зерттеушісі Ш. Уалиханов тың бұдан арғы тағдырын көп жағынан айқындаған айрықша мәнді оқиға болды. Ол мұның ғылыми талпыныстарын жоғары бағалап, шы- ғыстанудың маңызды проблемаларын зерттеуге бағыттаған аса көрне- кті ғалым, белгілі географ П. П. Семеновпен танысты. Сол жылы Ш. Уалиханов Алакөлден Орталық Тянь-Шаньға қрай Ыстықкөл көліне : дипломатиялық тавпсырмамен Құлжаға сапар шеккен екі экспедиция- ға қатысты.

      19 ғ. екінші жартысы мен 20 ғ. басында қазақ қоғамының ғылыми өмірі С. Қ. Бабажановтың,Қ. Халидидің, М. Шормановтың, Ш. Құдай- бердиевтің, Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың, және басқалард- ың шығармаларымен байыды. Қазан революциясына дейінгі Қазақст- анның ғылымы белгілі бір нәтижелерге жеткенімен, халықтың қалың бұқарасының өмірі мен тұрмысына ене алмады. Оның көптеген бағы- ттары жаңадан туу сатысында тұрды. 

   4) Революцияға дейінгі Қазақстанның көркемдік мәдениеті өзінің бойына отаршылдық қанаудан туған жаңалықтармен бірге  патриархалды-феодалдық құрылысқа тән дәстүрлі ерекшеліктерді де жиыстырды.  Оның неғұрлым айшиқты кұрамдас бөліктері әдебиет пен музыка бол- ды.Діни догмалар мен тиы салушылық бейнелеу өнері мен театрлық мәдениетінің  дамуын қатты шегеріп қалды.

    Әдеби  процестер екі бағытта: ауызекі шығармашылық пен жазба әдебиет бағытында жүріп жатты. Ауызекі шығармашылық ақындар айтысы, дастандар, ерлік және сыршылдық-эпикалық поэмалар, ертег- ілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар және басқалар түрінде дамыды. 19-20 ғғ. басқы кезінде өткен көптеген айтыстарда Жанақ, Шөже, Ақан сері, Сүйінбай, Жамбыл, Сара Тастамбекова,Біржан сал сияқты ақын- дар өткір сөзділігімен, тапқырлығымен, суырып салушылығымен, ха- лықтың әдеп-ғұрпын, дәстүрін, тілін терең білетіндігімен ерекшеленді Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы А. Құнанбаев болды. Ол қазақ қоғамындағы жаңалық, прогресс атаулының бәрін өз бойында сақтаушы болды. Оның пікірі бойынша әрбір ойлайтын адам қоршағ- ан болмысқа деген өзінің санслы қатынасын қалыптастыруға тиісті. Ол адамзат қоғамын ізгі әрі парасатты, прогрессивті дамушы тұрғыс- нда көргісі келді. Әрбір адам бұған өзінің шама-шарқындағы үлесін қосуға тиіс. Сондықтан Абай естілер қатарында болғысы келген барл ық адамдарды: « Күніне бір рет, немесе аптасына бір рет, тіпті ең бол-мағанда айына бір рет өзіне өзін есеп бер, осы уақыт ішінде сен өзіңді өмірде қалай ұстадың, ізгілік пен парасаттылыққа сәйкес келетін істер жасай алдыңба?» деген сұраққа жауап қатуға шақырды. 19 ғғ. қазақ баспасөзінің өмірге келуі басталды. 1870 ж. 28 наурызда «Түркістан уәлаяты» газетінің бірінші нөмірі шықты. Ол қазақ және өзбек тілдер- інде шығарылды. Оның беттерінде Ш. Уалиханов туралы, Маңғыстау қазақтарының көтерілісі және басқа оқиғалар жөніндегі материалдар басылды. 1911 ж. бірінші қазақ журналы « Айқап » жарықкөрді, өмір сүрген төрт жыл ішінде оның 88 нөмірі шықты. 1913-1918 жж. Қазақ гаеті шығарылып тұрды. «Айқап» пен «Қазақ» қоғам өмірінің барлық жақтарын жазып тұрды. Олар қазақтардың отырықшылықты өмір сүр- уге көшуін, сөйтіп, егіншілік мәдениетін менгеруін жақтады және сон ымен бірге көшпеліліктің маңызы мен өмірден алар орнын да теріске шығармады. Бұл басылымдар сондай-ақ әйел және ұлт мәселелерін батыл көтерді, дәрігерлік, агрономиялық білімдерді таратты. Бүкілқа- зақстандық съезд шақыру идеясын қолдады.

  5) Қазақ халқының тұрғын үйі – материалдық мәдениетінің тамаша ескерткіші. Ол аумағымен және түзілісімен ерекшеленіп, қыстық және жаздық болып бөлінеді. Жазғы уақыттары қазақтар жығып алуға жеңіл киізүйлерде, қыста – тұрақты, жылытылатын: «ағаш үй», «жер үй», «қара там» деп аталатын үйлерде тұрды. Ағаш пен киізден жасалатын жиналмалы киіз үй керегеден – негізден (ағаш тор) сфера тәрізді күнбез – шаңырақтан, тарамдана орналасатын сырықтар – уықтардан тұрды. Киіз үйдің көлемі қанаттарының санына байланысты болды. 12 қанаттан тұратын үйлер 100 - 120 шаршы метр алаңды алды. 12, 15, 18 қанатты үйлер 12 ғ.-дан 19 ғ.- дың басына дейін кездесті. Өзінің пайдалануына қарай киіз үйлер үш түрге бөлінді. Қонақтарды қабылдауға арналған салтанатты үйлер көлемінің аумақтылығымен және бай жиhаздарымен ерекшеленді. Салтанатты үйлер ең кем дегенде он екі қанат керегеден тұрғызылып, олардың үстіне ақ киізбен жібек маталар жабылды. Жасаулары жөнінен неғұрлым бай үйлер үйлену тойы өтетін – отау үй болды. Ал тұрғын үйлер шағын көлемде жасалды. Кішкентай жорықтық үйлер бір түйеге ғана немесе тіпті бір атқа тиеліп – ақ тасымалданды. Бұлардан басқа қоймалар ретінде және басқа шаруашылық әрекеттерге пайдаланылатын үйлер болды.                                                                       

     Үй  жиhаздары әртүрлі ағаш және тері заттардың, киізден жасалған бұйымдардан, өрме, тоқымалардан және кілемдерден құралды. Киіз кілем – текеметтер, өрнектер ойылып тігілген киіз кілем – сырмақтар кеңінен, ал тоқыма кілемдер аздау тарады. Кілемдердің екі түрі болды Олар: түгі жоғы тақыр кілем және түгі бар түкті кілем. Өрнектермен , оюлы безектермен және кестелермен әшекейленген, түр-түске бай қабырғалық киіз кілемдер «түс киіз» деп аталды.

      Аспаптар мен ыдыстар аяққаптарда,  киіз қораптарда, қос қалталы кілем қоржындарда сақталды. Әрбір үйдің ерекше белгісі – сандықтар болды. Ағаш бұйымдар үстіне көрпе – төсек жиыстырылатын жүк аяқтар, тағамдар сақталатын кебежелер көркем өрнектермен әшекейл- енетін.

      Қазақтың ұлттық киімінде этникалық, экономикалық және климаттық жағдайларына байланысты ежелгі дәстүрлері бейнеленді. Киім мауытыдан, жүн және жібек матадан, киізден және аң терісінен тігілді. Қазақтарда құланның, ақ бөкеннің, жолбарыстың, жанаттың, бұлғынның, сусардың терілері ерекше қымбат бағаланды. Бұл аңдард  ың терілерінен тондар тігілді. Құнды аң терісі астар етіліп тігілген тон «ішік» деп аталды және тысына қарай аталуы да өзгеріп отырды.     

      Қайыстан, барқыттан, жүннен және  жібектен жасалған белдіктер  қазақ киімдерінің міндетті бір бөлшегі болды. Қайыс белдіктері өрнек түсірумен, әртүрлі жапсырмалармен, асыл тастардан көздер салумен, сүйек оюларын бастырумен әшекейленді. Мұндай белдіктер «кісе» деп аталады.Жас жігіттердің белдіктерінде алқа, әлеміштер болды.  Әйелдердің белдіктері жалпақ әрі сәнді келді және негізінен жібек пен барқыттан тігілді. 

      Қазақ қарулары да әртүрлі   болды. Ерекше болаттан имек  қылыш, селебе, семсер соғылды.  Қару ретінде сапы, қанжар, қайқы сапты ұзын пышақ – жеке  ауыз, жіңішке ұзын пышақ – бұйда пышақ кеңінен тарады. Неғұрлым көп тараған қару – садақ пен жебе болды. Жебелердің  ұшы: төрт қырлы, төрт қиғаш бұрышты, аша тәріздес болды. Сүңгі найзаға болат темірден үш, жылқының құйрық қылынан шашақ жасалды. Қару құрамына сондай-ақ теріден тігілген және болат шиыршықтардан өрілген сауыт, маңдайшасы бар тор көзді болат дулыға, сырты қаңылтырмен қайталған ағаш және тері қалқандар енді. Қазақт тардың тамағы негізінен ет және сүт өнімдерінен құралды. Сүт тағамы әр түрлі болды. Бие сүтінен – қымыз, түйе сүтінен – шұбат дайындалды. Сиырдың, ешкі мен қойдың сүті негізінен алғанда айран ұйытуға, май пісуге, әр түрлі құрт, ірімшіктер жасауға пайдаланылды. Қазақ елінің сүйсініп ішетін сусындарының бірі – айран болды. Айранға су араластырылған сусынды «шалап» деді. Күбіде пісіп, сүттен май алды. Ол майдың ұзақ сақталуы үшін оны суық сумен шайып, тұздап, қарынға салды. 

      Қазақтардың материалдық мәдениеті   халықтың шаруашылық тұр- мысының ерекшеліктерін бейнеледі, дала малшыларының бұрыңғы ұрпақтары мәдениетінің дәстүрлеріне негізделді. Шаруашылық-экон- омикалық құрылыс, тамақ, киім олар өмір сүрген табиғат жағдайлар- на неғұрлым бейімдендірілген  қалыпта болды. Халықтың материал дық және рухани өмірін олардың салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптары да бейнелейді. Тарихтық аңыз әнгімелерде сақталып қалған қазақтар- дың әлеуметтік, заңдық және шаруашылық-тұрмыстық терминология сында тарихи бағалылықтар аз емес.

      Қазақтың халықтық әдет-ғұрыптары,үйлену  жоралары–«құдалық салтта» айқын ашыла түседі. Қалыңдық туысқандарының күйеу балаға деген көзқарасы ісләм белгілеген көптеген ырымдардан азат болды. Келісуден және қалымның алғашқы жарнасы берілгеннен кейін болашақ күйеу қалыңдығымен жасырын жолығыса алды және оның алғашқы келуі-ұрын келу, әдетте, қалыңдығының әке-шешесін- ен жасырын түрде, сол қалыңдығының аға-інісінің немесе туыстары- ның үйінде өтті. 15-17 ғғ.қазақдардың отбасылық өміріне ісләмнің ықпалы онша болған жоқ, молданың қатысуымен қалыңдықтың неке-сін қию ғұрпы қолданылмады. Ерлі-зайыптылық халықтың жаппай мақұлдауымен, бәрі қосылып той салтанатында орындалатын «жар-жар» өлеңін айтумен бекітілді.  

        Қазақтардың халық жылнамасының  негізін ғасырлар бойы жинақ талған астрономиялық түсініктер мен аспан жұлдыздары ілімі құрады. Халықтың шаруашылық тірлік-тынысында табиғат құбылыстарының мезгілдігін бақылап отырудың практикалық зор маңызы болды. Көш- пелі шаруашылық уақытты есептей білуді және табиғат құбылыстары- ның мезгілдігін түсінуді талап етті. Қазақтар аспан жұлдыздарының қозғалысын бақылап отырды. Шетсіз, шексіз даламен үнемі көшіп-қонып жүру оларды әлемнің әр тұсын жақсы бағдарлауға, жұлдыздар бойынша жолды таба білуге, мекендердің, құдықтардың, жайылымдардың қай жерге орналасқан дәлме-дәл анықтай алуға үйретті.    

Страницы:12следующая →
Описание работы
Бір жағынан қазақ қоғамының дәстүрлі негіздерінің талқандалуы және екінші жағынан–жаңа қоғамдық -экономикалық қатынастардың қабылдануы адамдар қызметінің бұрын белгісіз түрлерін өмірге алып келді. Еңбектің қоғамдық бөлінуінің тереңдей түсуі халықтың мәдениеті мен рухани өміріне шынайы әсер етті
Содержание
1. Кіріспе бөлім:
2. Халық ағарту ісі;
3. Ғылым және Қазақстанды ғылыми зерттеу;
4. Көркемдік мәдениет. Баспасөз.
5. Қазақтардың материалдық мәдениеті;
6. Әдеп - ғұрыптары мен ырым – жоралары.