17 ғ-дың соңы — 18 ғ-дың басында Қазақстанды орыс ғалымдарының зерттей бастауы

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2011 в 14:32, реферат

Описание работы

Ресей ХVIII ғасырдың өн бойында өз шекарасын езгіге түскен, сан жағынан аз халықтарды империя құрамына күштеп қосу арқылы кеңейтіп отырды. Сөйтіп патшалық Ресей "халықтар түрмесіне" айналды. Батыс пен Оңтүстіктегі өзге жұрттың жер-суын жаулап біткен соң, Шығысқа - Орта Азияға қарай ойысты.
Тіпті Петр I патшаның өзі Қазақстанды Орта Азия, Индия және Батыс Қытаймен сауда жасауға оңтайлы "кілт – қақпа" деп санаған-ды.

Работа содержит 1 файл

Тарих 2 семестр.docx

— 29.71 Кб (Скачать)

     Қазақ халқының тарихындағы жете зерттелмеген тарихи кезеңдердің бірі –ХVІІІ  ғасырдың басы – халқымыздың азаматтық  тарихындағы қыры мен сыры көп  аса бір ауыр кезең. «Қазақтардың тарихи өміріндегі аса бір маңызды  тұс, - егер Левшиннің және Орта Азия тарихын зерттеуге көп еңбек  сіңірген ұстазымыз В. В. Бартольдтің  жол жөнекей айтқандарын есепке алмасақ – мүлдем зерттелмеген деуге  болады» - деп жазады тарихшы М. Тынышбайұлы  «Ақтабан шұбырынды» мақаласында осы  кезең туралы. Яғни Левшиннің тағы бір ерлігі деуге тұрарлық мәселе осы.

     Әбілқайыр хан жөнінде мағлұмат беретін  әдебиеттер баршылық. Ал, қазақ тарихының Геродоты атанған А.И. Левшин «Абулхаир хан повелевая большою частью Меньшей орды и простирая власть свою на некоторые роды Средней, он думал о пользе народа своего...» деп көрсетеді.

     Ш. Уәлиханов, А. И. Левшин жазғандай, қиын саяси жағдайда «Әбілқайыр хан иығына ауыр жүк алып Петербор сарайына үндеудің ұйытқысы болуға және ендігі ыдырап болған, қазақ одағының сыртқы саяси бағытына түбірлі бетбұрыс жасау жауапкершілігін көтеруге мәжбүр болды» деп ой түйіндеуінен біздер көп нәрсені аңғарамыз.

     Көптеген  мақалалар мен басылымдарда Қазақ  хандығының Ресей бодандығына қабылдануы қазақ халқының салт-дәстүрін, тұрмысын зерттеуге деген қызығушылықтан туғаны тілге тиек етіледі. Алайда, бұл қызығушылық патшалықтың отарлау саясатын жүзеге асыру үшін жергілікті халықтың тарихын тереңірек білуге құштарлығынан туындағаны ескерілмейді. Ол зерттеулерді Ресей әкімшілігінің шенеуніктері, әскери ведомствоның қызметкерлері және әйгілі миссионерлердің жүргізгені-ақ осыған дәлел болады.

     Қазақстанды зерттеуде 1845 жылы құрылған Орыс географиялық қоғамы үлкен роль атқарды. Шын мәнінде  бұл қоғам Қазақстандағы ғылыми-зерттеу  жұмыстарының тұңғыш базасы болды; ол Қазақстанды жан-жақты зерттеу  және ол туралы Россияның алдыңғы  қатарлы жұртшылығының назарына іліккен материалдарды жүйелі түрде  жариялап тұру ісін бастап берді.

     Белгiлi орыс ғалымдары П.П. Семенов-Тян-Шанский, Н.М. Пржевальский, Г.Н. Потанин өлкенi зерттеуге ғана емес, сонымен бiрге Қазақстанда 19 ғ-дың 2-жартысы мен 20 ғ-дың басында демократиялық ғылыми ойдың қалыптасуына да зор үлес қосты. Осы аса iрi ғалымдар, сондай-ақ В.В. Григорьев, Н.Ф. Костылецкий, Е.П. Михаэлис, П.Е. Маковецкий, А.А. Блек қазақтың ағартушы-демократтары — Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, Абай Құнанбаевтардың рухани өсiп-толысуына тiкелей ықпал еттi.

     Радлов  пен Левшин материалдарының айтарлықтай  құндылығы - өз заманы үшін де, осы заманғы  тарихшылар үшін де маңызды фактілерді, көзқарастарды тізбелеп келтіретіндігінде. Өйткені зерттеуші басқа тарихи деректерден тасада қалған нақты  оқиғалардың шынайы дәлелдерін табуы  мүмкін. 
 
 
 
 

     В.В. Радлов және оның «Түрік тайпалары қазақ  халықтық әдебиетінің  үлгілері» еңбегі

 

     XIX ғасырдың 70 жылдарында Қазақстанды  аралап көп саяхат жасаған  В.В. Радлов былай деп жазды: «Менің бұрынғы Жарғының қолданылуын қадағалауыма жеткілікті жағдайлар болды. Ол тәртіп орнатқан және қазақтармен көрші тұратын отырықшы егіншілерді қорғауды қамтамасыз еткен. Бірақ тәртіп орнатылуына байланысты халықтың әл-ауқаты төмендеген. Семей маңындағы толық бағындырылған Ішкі орда мүлдем дерлік күйзелген, сонымен бірге Үлкен ордаға жақындаған сайын халықтың байлығы арта түседі». XIX ғасырдың 20 жылдарындағы реформаның құны осындай болды.

     Аса көрнекті түріктанушы ғалым В.В.Радлов өзінің он томдық шығармалар жинағының  «Түрік тайпалары қазақ халықтық әдебиетінің үлгілері» деген үшінші томын түгелдей қазақ фольклорына арнады. Ол қазақтардың шешендік өнерінің зор екенін, олардың табиғи дарынының молдығын және осының аркасында әрқашанда ырғаққа және тіпті жай сөйлескеннің өзінде ұйқасқа мән беретінін ерекше атап өткен. В.В.Радлов қазақтардың жоғары поэтикалық мәдениетін атап көрсетті. Ол халық жадының қаншалықты күшті және қазақ тілі мен оның поэзиясы дамуының деңгейі қаншалықты жоғары екеніне көзбен көріп көз жеткізді. Қазақтардың ауызша халық шығармашылығының, фольклорлық жанрының байлығына қайран қалған ол қазақ әдебиетін дидактикалық, эпикалық және лирикалық жанрларға бөлген.

     Ш.Уәлиханов  пен В.В.Радловтың тәжірибесі қазақ  фольклорын болашақтағы жинаушылар мен зерттеушілер үшін үлкен мектеп болды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ

     Өлкеде  қалыптасып келе жатқан зиялылар, мұғалімдер, дәрігерлер, саяси айдаудағылар зерттеу  жұмыстарын жүргізді. Отаршылдық пиғылдағы  патша өкіметі XIX ғасырдың екінші жартысында көптеген жергілікті өлкетану қоғамдары  мен бөлімшелерін ашады. Жергілікті өлкетану қоғамдарының міндеттері «географиялық, статистикалық, этнографиялық және жаратылыс тарихи материалдар жинап, өндеу және тарату, ғылыми экспедицияларды  жарақтандыру» болды.

     Алға  қойылған міндеттер барлық аудандарда бірдей дәрежеде жүзеге асырылмағанмен, олар ғылыми даярлығы бар әр түрлі  адамдарды біріктірді. Өлкетану қоғамдарының жанынан шағын кітапханалар, өлкетану карталары, этнографиялық экспонаттар  коллекциялары құрылды.

     Патша өкіметінің отарлау саясатының қарама-қөайшылықтарына  қарамастан орыс ғалымдарының Қазақ  Даласын зерттеу жұмысында айқын  екі ағымның өкілдері болды. Бір  жағында — патша өкіметінің отарлау  идеологиясын жүргізушілер: генералдар, губернаторлар, дін қызметшілерінің  бір бөлігі мен шенеуніктер тұрса, оларға қарама-қарсы жақта прогресшіл пиғылдағы зиялылар: мұғалімдер, дәрігерлер, агрономдар, табиғаттанушылар, саяси  жер аударылғандар тұрды.

     Жоғарғы екі ғалымға да біздің халқымыздың  жарық жұлдыздай ағып өткен ғалымы Шоқан Уәлиханов дұрыс баға берген. Сондықтан мен сол екеуіне  көбірек тоқталдым әрі олардың  негізгі еңбектерін дұрыс көрсеттім. Ал Дальдің де ең негізгі ғылыми жетістігі де айтылып өтті, бірақ  ол негізінен тек орыс халқына  ғана еңбегі ұшан-теңіз.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 
  1. Бартольд  В. В. “Сочинения” ІХ том
  2. Бессараб М.Я., Даль, 2-ое изд., М., 1972.
  3. Даль В.И. Толковый словарь живого великорусского языка, т. 1 — 4, 8-изд., М., 1981 — 83; Пословицы русского народа, т. 1 — 2, М., 1984; Повести и рассказы, М., 1983.
  4. “Қазақ тарихы” журналы 1996 ж. № 5
  5. «Қазақ энциклопедиясы» 3-5 томдары. Алматы. 2000-2002 жж.
  6. Левшин А. И. “Описание киргиз - казачьих – кайсацких орд и степей.” 2 – бөлім
  7. “Парасат журналы” 2003ж. № 6 маусым
  8. Порудоминский В.И., Евстратов Н.Г., Даль и Западный Казахстан, Уральск, 1957;
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Жоспар

     КІРІСПЕ....................................................................................................... 1

     17 ғ-дың соңы — 18 ғ-дың басында  Қазақстанды орыс ғалымдарының  зерттей бастауы.................................................................................................................... 2

     Радлов, Даль және Левшин.................................................................... 3

     Дальді  Қазақстанға телуге бола ма?..................................................... 3

     Белгілі тарихшы және мемлекет қайраткері А.И.Левшин жайында мадақсөз.................................................................................................................. 5

     В.В. Радлов және оның «Түрік тайпалары  қазақ халықтық әдебиетінің үлгілері»  еңбегі...................................................................................................... 6

     ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................  8

     ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..........................................................  9

Информация о работе 17 ғ-дың соңы — 18 ғ-дың басында Қазақстанды орыс ғалымдарының зерттей бастауы