Шет тілін үйретуде монолог пен диалогтің жаңа мүмкіндіктерін айқындау

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2011 в 15:52, курсовая работа

Описание работы

Әрбір мұғалім оқытудың мақсаттарын, оқу-әдістемелік кешеннің (ОӘК) мазмұнын, оқыту жүйесі мен тәсілдер жиынтығын білуі, білім беру, тәрбиелеу және дамыту мүмкіндіктерін шығармашылықпен пайдалана білуі керек. Басқаша айтқанда, әрбір мұғалім ағылшын тілін қазіргі заманғы әдістемелік теорияның деңгейінде оқыту үшін әдістемелік шеберлікті меңгеруі тиіс. Оқу-тәрбие процесін жетілдіру қоры деп әрбір мұғалімнің өзінің пәнінің (ағылшын тілінің) маңызын, ерекшелігін, мектептің стратегиялық міндетін шешу үшін осы мектеп пәнінің негізіне қаланған әлеуетті білуі мен түсінуін есептеген орынды.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................3
1. Үйренудің бастапқы кезеңінде монолог және диалог сөзді оқытудың негізгі әдістемесі......................................................................................................6
1.1 Сөйлеу мен монолог сөзді оқытудың маңыздылығы.....................6
1.2 Тілдесудің диалогтік формасын оқытудың мәні мен мазмұны.....9
1.3 Монолог және диалог. Олардың өзара байланысы………….......18
2. Шет тілі сабағында монологті және диалогті сөйлеу әрекетіне
үйрету ....................................................................................................................24
2.1 Тілдік ұғымдар: монолог сөзді оқыту кезіндегі икемділіктер, жаттығулар.............................................................................................................24
2.2 Диалог сөзді оқыту кезіндегі көрнекіліктер…………………......26
2.3 Коммуникативтік жаттығулар жүйесі тілдесудің
диалогтік формасын оқыту нысаны ретінде.......................................................30
Қорытынды..................................................................................................41
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................43
Қосымша…………………………………………………………………...45

Работа содержит 1 файл

Шет тілін үйретуде монолог пен диалогтің жаңа мүмкіндіктерін айқындау.doc

— 373.50 Кб (Скачать)

     4. Сөз үнемі жағдаятты тұрғыда  шартталған болады, өйткені ол  белгілі бір жағдаятта болып  өтеді. Мұны мектеп практикасында ескеру қажет. Мұғалімге сабақта оқушыларды шынайы жағдаяттарды пайдалану жолымен немесе көрнекіліктердің – ойыншықтардың, заттардың, картинкалардың, суреттердің, аппликациялардың және т.б. көмегімен, сондай-ақ жағдаятты мысалы, «Қанеки, сендердің мамаларың туралы сөйлесейік» тәрізді вербалды-сөздік суреттеумен оқу-тілдік жағдаяттарды жасау жолымен ағылшын тілінде оқытуға қатыстыруы қажет.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     2. Шет тілі сабағында монологті және диалогті сөйлеу әрекетіне

үйрету 

     2.1 Тілдік ұғымдар: монолог сөзді оқыту кезіндегі икемділіктер, жаттығулар.

      Бұл ұғымдар бір-бірімен ажырағысыз болып байланысқан. Байланыстың логикалық тізбегі мынадай: МС тілдік икемділіктің негізінде жасалады және тілдік білікті дамытудың құрадлы тілдік жаттығулар болып табылады. МС мен тілдік икемділіктер жоғарыда қарастырылғандықтан, біз тілдік икемділіктердің даму кезеңін сөз етеміз және осы кезеңдегі жұмысты оның шын мәнінде  МС-ды оқытудың негізі болатындай етіп қалайша ұйымдастыру қажет екендігін анықтауға тырысамыз. Бұл үшін ең алдымен икемділіктерді дамыту кезеңдерін орнату керек, өйткені тек солар ғана МС-бен жұмысты оның сапаларына          ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

      Алайда, іс мынада болып отыр: икемділік – көпөлшемді феномен, оның өлшемдері көп, және де оның даму кезеңдерін тіпті өте маңызды қандай да бір өлшемдер бойынша бөліп көрсету аса біржақты болып шығады. Мынадай бірнеше өлшемдерді ескеру қажет.

1) автоматтандырылғандық  деңгейі, бұл автоматты түрде өте шығудан (сөздің мәжбүрлі кідірістерінсіз кесіндісінен) көрінеді;

2) сөйлеушінің дербестілігінің деңгейі, бұл біріншіден, тіректердің бар немесе жоқ екендігімен, сондай-ақ олардың сипаттарымен (мағыналық тіректер мазмұндық тіректерден гөрі «күрделірек»), екіншіден, тілдік міндеттің берілгендігімен немесе берілмегендігімен анықталады;

3) тілдік ойлау міндетті шешудегі күрделілік деңгейі, бұл сөйлеушінің талқыланатын проблемамен байланысты жеке тәжірибесі мен білімдеріне тәуелді болады;

4) материалдың талқылау проблемалары мен нәрселерін қамту кеңдігімен анықталатын қиыстырылғандық деңгейі.

      Шетелдік, сондай-ақ ресейлік көптеген әдіскерлер бейнефильмнің/бейнеүзіндінің негізінде монолог сөзді айту икемділіктерін қалыптастыруға арналған жаттығуларды әзірлеумен айналысуда. Атап айтқанда, Ю.А.Комарова оқу процесінде бейнеүзінділердің қолданылуын нақты икемділіктерді қалыптастыруға арналған тіректердің қолданылуы ретінде қарастырады. автор олардың функцияларын олармен сабақта жұмыс істеудің кезеңдеріне сәйкестікте анықтайды:

      1-ші  кезең: бейнеүзінді – мазмұндық  тірек (бейнеүзінді (БҮ) – 1)  

   2-ші кезең: бейнеүзінді – мағыналық тірек ((БҮ) – 2)

      3-ші  кезең: бейнеүзінді – стимул (бейнеүзінді (БҮ) – 3)

      Бейнеүзінділердің әрбір кезеңдегі функцияларын назарға  ала отырып,

  Ю.А.Комарова монолог сөзді құра  білуді былайша бөліп көрсетеді:

1-ші  кезең: өзінің ойларын БҮ – 1-ге сүйене отырып, монологтық формада айта білу.       

2-ші  кезең: монолог сөз стратегиясын  БҮ – 2-ге сүйене отырып аша білу.     

3-ші  кезең: БҮ– 3-ке сүйене отырып, монологтік формада пікір айта білу.

      Әрбір кезеңде Ю.А.Комарова тізбектелген түрде күрделене түсетін, вариативтік негізді көздейтін жаттығулар кешенін ұсынады: дыбыстық жолға (ДЖ), бейнежолға (БЖ), дыбыстық және бейнежолға бір мезгілде, мәселен:

вариативтік негізді:

дыбыстық  жолға (ДЖ), бейнежолға (БЖ), дыбыстық және бейнежолға бір мезгілде, мәселен:

ДЖ:

  • қараңдар, түсініңдер, анықтаңдар, сұрақтарға жауап беріңдер,
  • экранда осы уақытта не болып жатқанын тыңдаңдар, түсініңдер, осы туралы әңгімелеңдер,
  • тыңдаңдар, айтыңдаршы, осы кейіпкер туралы нені әңгімелей аласыңдар, оны қалайша елестетесіңдер, қараңдар, салыстырыңдар.

   БЖ:

  • көріңдер және кім көрмеген болса, соларға айтыңдар,
  • көріңдер, сөйлемді түрлендіріңдер,
  • көріңдер, айтыңдаршы, кейіпкердің орнында болсаңдар не істеген болар едіңдер, неліктен,
  • көріңдер, бейнеүзіндіні дыбыстауға дайын болыңдар,
  • көріңдер, жағдаятты түрлендіріңдер, ұқсас оқиғаларды ойлап тауып немесе естеріңе түсіріңдер.

     Сабақта көркем фильммен жұмыс істеу, әрине, бейнеүзіндімен жұмыс істеуден ерекшеленеді, бірақ осы кешенде ұсынылған кейбір жаттығуларды монолог сөз икемділіктерін дамыту үшін біздің жағдайда да пайдалануға болады.

     Көркем  фильмнің мазмұны қабылдау мен ұғынудың барлық кезеңдерінде фильмнің тақырыбы бойынша бір жағынан, монолог сөзді жүзеге асыру үшін лексика-грамматикалық материалды жинақтау болып өтеді, екінші жағынан, фильмнің оқиғалрына, кейіпкерлеріне, олардың әрекеттеріне, идеялық мазмұнына, автордың ұстанымына жеке көзқарасты білдіруге деген қажеттік пайда болады. Осыған байланысты, оқушылардың монолог сөзді айта білу икемділіктерін қалыптастыруға ықпал ететін тапсырмалардың бірнеше түрін ұсынуға болады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     2.2 Диалог сөзді оқытудағы көрнекіліктер.

     Кодоскоп.

      Диалог сөзді оқыту көрнекілікпен, тыңдалған немесе оқылған мәтінмен, көрілген диафильммен, слайдтармен немесе вербалды берілген жағдаятпен ынталандырылуы мүмкін. Мәселен, диалогтық сөзге оқытуда кодоскопты пайдалануға болады. Мұғалім ұлына әкесінің айқан сөздері (немесе ынталандырушы репликалар) берілген транспарантты дайындайды. Оқушылардың міндетіне диалогтың жасалуы үшін мағынасы жағынан сәйкес келетін жауап қатушы репликаларды іріктеу кіреді.

Father: I say, Sonny, what shell we buy for Mumy on Woman`s day?

Sonny (1)...

Father: Тһat`s а goоd idea! And what will you say to Mum?

Sonny (2)...

Жауап қатушы репликалар мыналар бола алады:

(1) Let`s buy her some flowers.

Let`s buy her а large box of sweets.

Let`s buy her the book about Moscow. Etc.

(2) І`ll say, «Dear Mum, I love you so much».

І`ll say, «Веst wishes for Mother`s Day».

     Экранға әкенің сөздерін шығара отырып, мұғалім  әңгімеге кірісуге ұсыныс жасайды. Бұл жұмысты жұптармен өткізу қажет. Оқушылардың жұмыс істеуі кезінде мұғадім оларды бақылайды, кім мұқтаж болса, соған көмек көрсетеді, ал бақылауға бір-екі жұпты шақырады. Әлсіз сыныпта жұппен жұмыс істеу алдында тапсырманы орындау үлгісін не дыбыстық жазбада, немесе мұғалімнің күшті оқушымен бірге орындауында беруге болады.

     Диалог  сөзді қалыптастырушы жақсы, пайдалы жаттығу Listen, read and act типті тапсырмалар болып табылады. Әңгімелесуді жүргізу икемділігін дамытатын бұл тапсырмалардың мағынасы олардың соңғы бөлігінде (асt) болады, бұл өкінішке орай, сабақтарда үнемі орындала бермейді.  

     Баспа мәтін.

     Диалог  сөз оңай өрбитін баспа мәтінмен ынталандыруы мүмкін. Мысалы, «Willіаm and Mr. Romford». Мәтінді оқығаннан соң балалар мистер Ромфорд пен Вильямның арасындағы келесі диалогты ойнайды:

  • Hello, Mr. Romford!
  • Hello, Willіаm! Are you going home now?
  • Yes.
  • Give this to your sister, please. Tell her it`s a present from me for her birthday. But don`t open the basket. There is a nise little cat in it.
  • All right.
  • You must give it to Ethel, but you mustn`t open it in the street.

     Диалог сөзді тыңдалған мәтіннің негізінде де дамытуға болады.

Мәселен, «It doesn`t matter». Мәтінді тыңдар алдында оқушылар «Dramatize the text» тапсырма алады. Нәтижесінде Бетти мен Мэридің арасындағы келесі диалог болуы мүмкін.

  • What are you doing, Betty?
  • I`m writing a letter to my friend Kitty.
  • But how can you? You cant write.
  • Well, it doesn`t matter, because Kitty can`t read.

   Диалог сөзді дамыту стимулы вербалды берілген жағдаят та бола алады. Мәселен, You meet a friend. He (she) sais he (she) has a new flat(house). Have a talk with him (her) about his (her) new flat. Күшті сыныпқа осындай тапсырма беру жеткілікті. әлсіз сыныпта сұрақтар түріндегі тіректерді немесе тек қана сұраулы сөздерді беруге болады When… Where… How many rooms… Is it far from… Etc.

   Диалог  сөзді диафильмдерді көрумен және мұғалім мен оқушылардың, оқушы мен оқушының арасында әңгімелесулерді ұйымдастырумен ынталандыруға болады: олар диафильмнен кім туралы (не туралы) білді, диафильм ұнады ма, не ұнады. Мысалы, балаларға «Tim Goes to School» атты диафильмді көріп шығу және осы тақырыпта әңгімелесу ұсынылады.

   Суреттер.

   Күрделендірілген кеңейтілмеген жағдаят берілген суреттер бойынша жұмыс істеу. Оқушылардың тілін кеңейтілмеген жағдаят берілген суреттер базасында дамыту сабақта оқу-әдістемелік кешендер бойынша негізгі жұмыстан бөлек өткізілмейді, сабаққа тілдік материалды енгізу мен белсендіру кезінде, тақырыптық қайталау кезінде, сондай-ақ оқушылардың қайталау дағдылары мен икемділіктерін, диалог және монолог сөзін дамыту үшін енгізіледі. Суреттердің аталған түрлерімен жұмыс істеу оқу құралының материалымен жұмыста пайдаланылатын тәсілдерге тәуелсіз мұғалім де, оқушылар да суретте ұсынылған жағдаяттан шегіне отырып, әрбір оқушының мүдделері мен мүмкіндіктеріне сәйкес келетін, өздерінің мазмұны жағынан әр түрлі нұсқаларда түсініксіз шимайланған осы жағдаятты кең көлемде ашып көрсетуге шығармашылық тұрғыда келетіндігімен сипатталады. Оқушылардың тілдік қызметін ағылшын тілін оқытудың алдыңғы курстарының барлығында меңгерілген тілдік материалды олардың сөзінде табиғи түрде пайдаланумен, олардың  қиялына, елестетулеріне, ішкі көрнекіліктеріне сүйене отырып дамыту негізге алынуы тиіс.

     Жұмыстың  түрін іріктеу сабақта не атқарылғандығына байланысты болады. Қарапайым, сонымен бірге күрделендірілген кеңейтілген жағдаят берілген суреттер бойынша жұмыс істеу формаларының сан алуандығы бірсарындылықты болдырмауға көмектесу үшін және оқушылардың ойлау қызметін дамыту процесінде өзге тілдік бастамашылық шығармашылығына ықпал ету үшін туындаған.

     Суреттердің аталған түрі бойынша жұмыстың түрлерін пайдаланудың кеңес берілетін жүйелілігі келесідей:

1) Мұғалімнің ағылшын тілін есту арқылы қабылдауды дамыту және жорамалдарды болжамдарды суретте ұсынылған жағдаяттарды кең көлемде ашып көрсетудің жаңа нұсқаларын құрастыруда пайдалануға қондырғыны жасау үшін әңгімелері.

2) Оқушылардың  мұғалімге жағдаяттың жаңа нұсқасын жасау үшін сурет бойынша сұрақтары.

3) Оқушылардың  жұптаса жұмыс істеуі. Жұмыстың бұл түрінің бірнеше нұсқасы болуы мүмкін:

       а) суретте бейнеленген кез келген адам туралы әңгімелесу;

       ә) бастапқы жағдаятты кеңінен ашып көрсету;

       б) суретте бейнеленген тұлғалардың арасында болуы мүмкін диалог құрастыру. Жұптаса жұмыс істегеннен соң бүкіл сыныптың алдында екі немесе бірнеше оқушының арасында жаңа әңгіме ойналуы мүмкін.

4) Оқышылармен тізбек бойынша әңгіме құрастыру.

5) Оқушылардың  суретте бейнеленген бастапқы жағдаяттың базасында құрастырылған өз әңгімелері. Көрнекіліктің аталған түрімен жұмыс істеуде мұғалімнің оқушыларға олардың жарым-жартылай ұмытқан немесе игерілгеннің шеңберінен асып кеткен, бірақ оларға суретте бейнеленген бастапқы жағдаятты өз бетінше кеңейту үшін қажетті тілдік материалды айтуы тиіс екендігін есте тұтқан жөн. Оқушылардың тілдік қызметі мүмкіндігінше асықпай өтуіне барынша талпыну қажет.

      Бірдей  суретті сыныпта тілді игерудің түрлі кезеңдерінде тиісті тақырыптық материалдың меңгерілуіне сәйкес пайдалануға болады. Сондай-ақ оқушыларға өздері сабақта сол бойынша жұмыс істеген суретте бейнеленген кеңейтілмеген жағдаяттың схемасын есте сақтауды, және сол бойынша үйде жеке болжамдарға сүйене отырып әңгіме құрастыруды, суретте бейнеленген тұлғалардың атынан әңгіме құрастыруды, тіпті жекелеген жағдайларда олардың арасында диалог құрастыруды ұсынуға болады.

      Күрделендірілген кеңейтілмеген жағдаят берілген суреттер бойынша жұмыс істеу кезінде тілдік сергіту ретінде сыныппен тізбек бойынша әңгімелер немесе сынып-мұғалім, сынып-оқушы, мұғалім-сынып схемасы бойынша сөйлесу құрастыруды пайдалануға кеңес беріледі, бұған оқушыларды белгілі бір жаттықтырған жағдайда толығымен қол жеткізуге болады. Күрделендірілген кеңейтілмеген жағдаятпен суреттер бойынша жұмыс істеудің ұсынылып отырған жүйесі оқушылардың мұғалімнің әңгімелерін еске түсіруді жорамалдамайды, өйткені баяндау мазмұны бойынша сөйленетін сөздің дербес түрі болмағандықтан, өзге тілдік қызметке оқушылардың меншікті ойлауын оншалықты тарта қоймайды, жорамал мен қиялдардың дамуын ынталандырмайды, суретте бейнеленген жағдаятты әрбір оқушының өмірлік тәжірибесіне жақындатпайды, осыған орай, шығармашылық та, тіпті, бастамашыл сөз де болып есептеле алмайды.

Информация о работе Шет тілін үйретуде монолог пен диалогтің жаңа мүмкіндіктерін айқындау