2-3 сынып оқушыларын ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету

Дата добавления: 10 Апреля 2012 в 02:41
Автор: s***************@mail.ru
Тип работы: курсовая работа
Скачать полностью (50.66 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Курсовая работа.docx

  —  53.80 Кб

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

Л.Н.ГУМИЛЕВ  АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
 

Филологиялық  факультет

Шет тілдерінің теориясы мен практикасы кафедрасы 
 
 
 
 
 
 
 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

тақырыбы: 2-3сынып оқушыларын ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету 
 
 
 
 
 
 

3-ші курс студенті                                                     Баяхатова С.С

ШТ-33 тобы, мамандық 050119 
 

Ғылыми жетекші                                                      доцент, п.ғ.к. Ниязова А.Е 
 
 

  

Астана  2011

Мазмұны

Кіріспе 

І. 2-3 сынып оқушыларын ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету  
5-9
1.1. «Сөйлеу» сөйлеу қызметінің бір  түрі ретінде 5
1.2. 2-3сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері 5-6
1.3. 2-3 сынып оқушылары арасында ағылшын тілінде сөйлеуді қалыптастыру  
6-7
1.4. Сөйлеудің монологтық және диалогтық  түрлері 7-9
 
II. Үйрету кезеңдері
 
10-12
2.1. Сөйлеу дағдыларының қалыптасуы 10
2.2. Лексикалық дағдылардың қалыптасуы 10-11
2.3. Грамматикалық дағдылардың қалыптасуы 11-12
ІІІ. Практикалық бөлім

 

13-15
Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымша 

 

 

   
 
 
 
 
 

 

  Кіріспе

     Қай елде болсын, балаға білім беру ісі  елеулі орын алып, ұрпағының білімділігі  мен біліктілігін шыңдауға бет бұрады. Шынында да оқушылардың жалпы білімін көтеру үлкен мәселе екені сөзсіз. Себебі, еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің келешек ел қожасы – жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. Қазіргі таңда еліміздің келешегін өз елін сүйетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын қастерлейтін ұрпақты оқып тәрбиелеу–біздің басты борышымыз. Сондықтан, мектептің мәселесі дұрыс таңдалып мектеп басқару, сапалы білім беру, нәтижеге жету үшін әрбір атқарылған істің жан-жақты ойластырылған, нақтыланған, үйлестірілген, стратегиялық жұмыс жоспары жасалуы тиіс. Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Осыған орай, ағылшын тілін тілдің үш тұғырының бірі ретінде қызмет етуінің алғышарты – оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қолданылуы болып табылады. Жер шарын мекендеген мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың бір-бірін түсінуіне – халықаралық сипат алған ағылшын тілінің рөлі зор. Ағылшын тiлiн үйрену арқылы оқушылар бiлiм деңгейiн көтерiп, өз халқы мен басқа халықтар арасындағы ұқсастықтар мен ерекшелiктердi ажыратуға дағдыланады. Сөйтіп, өз пiкiрi қалыптасады, түрлi елдер мәдениетiн үйренедi. Қазақстандағы жалпы білім беретін мектепті жаңарту ауқымындағы ең бір елеулі инновациялық шешімдерінің бірі оның ерте жастан шет тілді оқып, шет тілін оқуда шетелдік оқу әдістемелік кешендерін енгізу болып табылады. Шет тілін мектепте оқытудың шарттарын ескере отырып, оқушылардың мектепті бітіргенннен кейін де шет тілін оқып, түсіне білу қабілетін қалыптастыруға мән берілуі тиіс. Осыған орай, шетел тілін мектепте оқытудың практикалық мақсатын жүзеге асырудың алғышарты- оқыту әдіс- тәсіліне, коммуникативтік бағдар беруге назар аударылады.Шет тілін үйрету әдістемесі біздің қоғамда жетекші орын алуда. Қазіргі уақытта шет тілін оқытуға байланысты оқыту саясатының бағыты мемлекетте шет тілін оқушыларға барлық жақсы және ыңғайлы жағдайларды жасап, олардың қоғамдық және жеке қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жасап жатыр.Елімізде күннен-күнге оқу процесінде шет тілі жетекші орын алатын лицей,гимназиялар  ашылуда. Жалпы білім беретін мектептерде де шет тілін бастауыш сыныптан бастап оқытады. Тіпті, өз балаларының шет тілін үйренуін қолдайтын ата-аналар саны да көбейін келе жатыр. Отандық телеарналардан, газеттерден ағылшын тілінің курстары немесе шет елде білім алуға және жұмыс істеуге   шақыратын хабарламаларды да көруге болады. Ағылшын тілін ерте жастан бастап оқыту маңызды. Қазіргі уақытта Қазақстанда балаларды балабақшадан немесе 2 сыныптан бастап шет тілін оқыту басталып жатыр. Бұл тереңдетіп оқыту болып табылады. Бастауыш мектепте шет тілі бойынша білім беру процессінің мәні мен ерекшелігі осы бастауыш сынып оқушыларының шет тілінде сөйлеу дағдысын қалыптастыру болып табылады.

     Курстық жұмыстың зерттеу объектісі - 2-3сынып оқушыларына ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету ерекшеліктері.

     Курстық жұмыстың мақсаты - 2-3сынып оқушыларына ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету ерекшеліктерін бөлу және олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың ағылшын тілінде сөйлеу процесін ұйымдастыру, 2-3сыныптарда  ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету жаттығуларының кешенін өңдеу.

     Міндеттер:

  • курстық жұмыстың тақырыбын зерттеу;
  • анализ жасау;
  • 2-3сыныптарда  ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету ерекшеліктерін бөлу;
  • белгілі бір қорытынды жасау.

     Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі кезде  кітаптардың көптеген атақты және тәжірибелі авторлары бар, сол себепті сөйлеуге үйрету процесін ұйымдастыруда қанша  автор болса, олардың сонша көзқарастары  мен пікірлері бар. Біздің міндетіміз арнайы тақырыптағы материалмен  танысып, оған анализ жасап, белгілі  бір қорытынды жасау. Берілген тақырыпты  мүмкіндігінше зерттеп, белгілі  бір ерекшеліктерін тауып, өз әрекетімізде белсене қолдануымыз қажет. 
 
 
 

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

І. 2-3 сынып оқушыларын ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету 

1.1 «Сөйлеу»  сөйлеу қызметінің бір түрі ретінде

     Тіл – қарым-қатынас құралы. Тіл сөйлеу арқылы жүзеге асады, сөйлеу арқылы ғана дамып, өмір сүреді. Сөйлеудің негізгі  мағынасы адамның әлеммен қарым-қатынасы адам санасында көрініс табатын  ой. Сөйлеудің мазмұны ойды ауызша түрде жеткізу. Сөйлеудің негізгі объектісі адамның шыншыл өмірмен байланысы. Сөйлеуді адамдар бірдеңені айту қажеттілігі туған кезде қолданады. Сөйлеу – көп аспектті әрі қиын құбылыс. Біріншіден, ол адам өмірінде қарым–қатынас құралы функциясын атқарады. Екіншіден, сөйлеу қызметінің арқасында пікір айту қалыптасады. Үшіншіден, сөйлеу қарым–қатынас тапсырмаларын шешу мақсатындағы өз ойыңды жеткізу. Сөйлеу әрқашан белгілі бір мақсатқа көзделген.

      Сөйлеуге  үйрету оқушының «сөйлегісі келу» арманына қатысты болу керек, ол мұғалімге тікелей қатысты. Бұл құбылысты жүзеге асыру үшін оқытушы мен оқушының қайырымды қарым-қатынасы болу керек, мысалы оқушы «my pet» деген тақырыпқа қызыға талқылама жасайды. Олар өздерінің сүйікті үй жануарының суретін, ойыншығын алып келіп сыныпта әңгіме жүргізе алады.

      Сөйлеу  аудитория үшін арналған және тыңдаушыға бағытталған түрде бола алады. Яғни біз сөйлеу кезінде сөзімізді  белгілі бір адамға бағыттап ойды бөлісіп, дәлелдеп сұрай аламыз. Мысалы оқушы белгілі бір нәрсені  айту кезінде оны сыныпқа немесе өзі қарым-қатынас жасап отырған адамға қатыстыруы қажет.

      Сөйлеу  әрқашан эмоционалды боялған  түрде бола алады. Яғни сөйлеуші айтып  тұрған объектіге өзінің сезімін, қатысын  білдіре алады. Сөйлеудің бұл  мінездемелері алғашқылармен де тікелей қатысты. Мыс: «my pet» деген  тақырыпта I like my dog very much деген сөйлемде «like» деген сөзді белгілі бір  екпінмен айта алады.

      Сөйлеу  арқашан алдын ала келісу негізінде  жүзеге асады. Мысалы, оқытушы оқушылардын белгілі бір нәрсені сұрау алдында оқушылардың бұл тақырыпқа қатысы бар ма, лексикалық қорлары жете ме, оқушы санасына сай ма деген сұрақтарға жауап бере алуы қажет. 
 

    1.2. 2-3сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері

     2-3сынып оқушылары шамамен 7-10 жас аралығындағы оқушылар.Олар бейнелі-көркем ойлауымен ерекшеленеді. Бұл жас оқушылары үшін мнемоникалық әрекет нәтижесінде еріксіз есте сақтау тән. Сабақтың қызықты мәліметі олардың назарын тез аударып алғанмен, олар  осы қызығушылықпен ұзақ уақыт жұмыс істей алмайды, себебі олар шаршап кетеді. Жалпы осы жас кезеңі байсалды әрі біркелкі даму кезеңі болып табылады, яғни бұл кезеңде оқушы миының жүйелік толық жетілуі болады. 2-3сынып оқушылары арасында оқу дағдысы жетекші рөлді атқарады, бірақ олардың ойынға деген қызығушылығы жоғалмайды. Сондықтан да оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы мен материалды қабылдау деңгейі төмен түспеу үшін, мұғалімнің тапсырмаларды ойын түрінде таңдап алғаны жөн. Осы ойын арқылы шет тілдегі материалдың айтарлықтай бөлімі еріксіз есте қалады. Р.И.Жуковскийдің тәжірибелеріне қарағанда бала балалық шағынан бастап өлеңдер мен түрлі ұйқастарды оңай оқып үйренеді. Ал С.Л.Рубинштейннің пікірі бойынша өлеңмен жазылмаған материалға қарағанда, өзінің ұйқасы мен ырғағы арқасында өлеңдер тез есте сақталады. Сондықтан да 2-3сынып оқушыларының сөйлеуін дамыту үшін, тез жатталынатын өлеңдер мен ұйқастарды таңдау керек. Сондай-ақ осы жастағы оқушылар қарым-қатынасқа бейім және тез әсерленгіш келеді. Олардың назарын жаңа әрі кенеттен болған жағдайлар қызықтырады. 7-10 жасар оқущылардың ақыл-ой мүмкіндіктері әжептәуір кең. Олардың пікір алмастыруға, шешім қабылдауға, ойша пайымдауға, заттар мен құбылыстарға анализ жасауға мүмкіндіктері қалыптасқан. Сондай-ақ  2-3сынып оқушылары да мұғалімнің қойған бағасына сезімтал келеді. 
 

1.3. 2-3 сынып оқушылары арасында ағылшын тілінде сөйлеуді қалыптастыру

     Біз шет тілін оқыту туралы айтқанда, оны ең алдымен қатынас құралы ретінде оқимыз. Биляев ойынша, шет тілін игеру яғни басқа тәсілдермен және жолдармен санадағы ойды шығару. Шет тілін оқытудың нәтижесі жемісті болу үшін оқушының дербес және жас ерекшеліктерін ескеру маңызды шарттардың бірі болып табылады. Әдістемелік және психологиялық әдебиеттерде (дәстүрлі орта білім беру мектебі, шет тілін тереңдетпей оқыту) 3 сатыны бөліп қарастырады:

    • Бастапқы (4-6 сыныптар )
    • Орта (6-7 сыныптар)
    • Жоғарғы (8-10 сыныптар)

Ал қазіргі уақытта шет тілін тереңдеп оқытуға байланысты оқыту сатылары мынандай:

    • Бастапқы (1-3 сыныптар)
    • Орта (4-6 және 7-8 сыныптар)
    • Жоғарғы (9-11 сыныптар)

Орта  мектептерде бастапқы саты деп оқушыға  керекті коммуникативті компетенция  негіздерін салу болып табылады. Ал бұл компетенциялар осы курсты ары  қарай дамытып оқуға қажетті  және жеткілікті болу керек. Ағылшын тілін оқытудың алғашқы сатыларында оқушыларда ағылшын тілінде өз ойын жеткізу қажеттілігі туады. Ол қарым-қатынас жасап отырған қимыл іс-әрекет негізінде көрінеді. Мысалы, бірдеңені жеткізу, сұраққа жауап беру, өтінішті орындау,сондай-ақ қаламды әперу, есікті ашу, тақтаны сүрту т.б. Бұл жағдайлардың негізгі мақсаты күтілетін қорытынды. Бұл бөлімде сөйлеу не үшін, неге және не айту керек деген қызметтерді ғана атқарады. Сөйлеуді қалай жүзеге асыру сөйлеудің 2-ші бөлімінде яғни аналитика-синтетикалық бөліміне қатысты. Бұл бөлімінде тіл арқылы ойды жүзеге асыру процесі жүреді. Ағылшын тілінде ойды жеткізу кезінде оқушы естегі сөздерді теріп (анализ) оны ойды жеткізу үшін сөйлеу бүтініне қосу керек (синтез). Сөзді жадыда сақтау үшін оларды белгілі бір нәрсемен қатысты жүйелеу керек. Олар парадигматикалық және синтагматикалық бола алады. Сөйлеудің осы екі түрі көп болса оқушының сөйлей алу қабілеті жоғары болады. Парадигматикалық байланыс негізінде сөздерді әртүрлі белгісіне қарап есте сақтай алады:

  • жазу кезінде әртүрлі,ал дыбысталуы бірдей, мысалы two-too,one-won, see-sea;
  • мағына жақындығына байланысты, мысалы small-little;
  • мағынасының қарама-қарсылығына байланысты, мысалы answer-ask.

Cөйлеу  кезінде синтагматикалық байланыста  үлкен роль атқарады. Яғни сөздердің басқа сөздермен сәйкес келуі, мысалы order деген сөз келесі сөз тіркестерінде қолданылады:

Страницы:123следующая →
Описание работы
Қай елде болсын, балаға білім беру ісі елеулі орын алып, ұрпағының білімділігі мен біліктілігін шыңдауға бет бұрады. Шынында да оқушылардың жалпы білімін көтеру үлкен мәселе екені сөзсіз. Себебі, еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің келешек ел қожасы – жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. Қазіргі таңда еліміздің келешегін өз елін сүйетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын қастерлейтін ұрпақты оқып тәрбиелеу–біздің басты борышымыз.
Содержание
І. 2-3 сынып оқушыларын ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету
5-9
1.1. «Сөйлеу» сөйлеу қызметінің бір түрі ретінде 5
1.2. 2-3сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері 5-6
1.3. 2-3 сынып оқушылары арасында ағылшын тілінде сөйлеуді қалыптастыру
6-7
1.4. Сөйлеудің монологтық және диалогтық түрлері 7-9

II. Үйрету кезеңдері
10-12
2.1. Сөйлеу дағдыларының қалыптасуы 10
2.2. Лексикалық дағдылардың қалыптасуы 10-11
2.3. Грамматикалық дағдылардың қалыптасуы 11-12
ІІІ. Практикалық бөлім

13-15
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша