ҚР-ның сауда саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2012 в 18:29, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі:Қоғамда өзекті мәселелердің бірі ретінде сауда саясаты ерекше маңызға ие. Себебі жүйелі де тиімді сауда саясаты құқықтық мемлекет пен демократиялық қоғамның ажырамас элементі болып табылады.Сондықтанда сауда саясаты Қазақстан үшін зор маңызды экономикалық сала.

Бүгінгі әлем шапшаң қарқынмен дамуда, ғаламдану мен ақпараттық технологиялар дәуір күн өткен сайын күш алып барады. Қазақстан өзінің экономикалық әлеуметін нығайтып, халықаралық нарықта орнын нақтылауда және Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіруді жоспарлауда президентіміз Н.Ә. Назарбаев айтқандай, «Бізге ауқымды міндет- бәсекеге қабілетті жағынан әлем елдері ішіндегі көшбастаушы елу елдің санатына ену міндетін шешу қажет.Бұл мақсатқа жете алуымыз көбіне қаржыгерлерімізге байланысты».

Содержание

Кіріспе

І Сауда саясатының теориялық негіздері

1.1. Сауда саясатының мәні, негізгі түрлері және оны жүзеге

асыру құралдары....................................................................5-9

1.2 Сыртқы және халықаралық сауда саясаты.........................9-14

1.3 Халықаралық сауда теориялары.........................................14-19

ІІ. ҚР – ның сыртқы экономикалық заңдары мен

нысандары

2.1. ҚР – ның сыртқы экономикалық қызметін белгілейтін

факторлар............................................................................20- 28

2.2. Сыртқы сауда операцияларының ұйымдық нысандары 29-34

2.3. Қазақстан республикасының сыртқы сауда айналымы...34-38



ІІІ. ҚР – ның сауда саясатындағы даму перспективасы

және ерекшеліктері.

3.1. Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру

проблемалары мен перспективалары. ............................ 39-42

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

ҚР - ның сауда саясаты.doc

— 823.50 Кб (Скачать)

 

2010 жылы 2000 жылмен салыстырғанда ТМД елдеріне экспорт 41%-ға көтерілді, 2009 жылы ТМД елдеріне экспорт 1%-ғa төмендеді және 4066,8 млн. АҚШ долларын құрады. Төмендеу, осы кезеңде Украинаға, Әзірбайжанға және Түркменияға қазақстандық өнімнің жеткізілуінің азаюымен болды. ТМД елдеріне қазақстандык экспорт көлеміндегі Ресей Федерациясының үлесі бұрынғыдай, жоғары болып қалуда, осылай 2000 жылы оның үлес салмағы - 82%, 2005 жылы - 75%, 2010 жылы - 72%-ды құрады.

Ресейге жіберілетін экспорттың тауарлық құрылымында, жалпы экспорттың құрылымындағыдай, энергоресурстар және шикізат тауарлары басым. 2010 жылдың қорытындылары бойынша, 2009 жылмен салыстырғанда Ресей Федерациясымен жасалған жалпы экспорттық операциялар көлемі шамалы көтерілгендігі (3%-ға) байқалды.

Экспорттың жалпы көлеміндегі басқа елдердің үлесі 2000 жылы 45% құраса, 2010 жылы 85% жетті (2009 жылы - 80%). Қазақстандық экспорттың көлеміндегі айтарлықтай үлес Еурола елдеріне тиісті, 2010 жылы олардың үлес салмағы 61% құрады (2009 жылы - 55%), соның ішінде Еуроодақ елдерінің үлесі 40% (35%) құрады. Еуропа елдері арасында қазақстандық экспорттың негізгі тұтынушылары қатарында Швейцария (2010ж. деректер бойынша, Қазақстанның жалпы экспортындағы оның үлесі 19,8% құрады), Италия (15%), Франция (9,6%), Нидерланды (3,2%) бар.

2009 жылмен салыстырғанда, Еуропа елдеріне экспорт жалпы алғанда 1,5 есеге өсті.

                                                                                             3-кесте

Әлемнің басқа елдеріне Қазақстан Республикасы экспортының өсу қарқыны

Елдің аттары

2000

2005

2010

Барлығы

2366,7

6475,5

23782,3

Еуропа

1597,6

2744,3

17100,8

ЕО елдері

1116,2

2063,0

10999,4

ЕО – дан тыс елдер

481,4

681,3

6101,4

Азия

647,6

1210,6

4887,8

Америка

108,6

1499,0

1767,9

Африка

12,5

19,4

16,5

Австралия және Океания

0,4

2,2

9,3

 

2010 жылы 2000 жылмен салыстырғанда қазақстандық өнімді Азия өңірінің елдеріне жеткізу көлемі 7.5 есеге көтерілді (2009 жылдан бастап - 33%-ға). Қытай Республикасының үлес салмағы (экспорттың жалпы көлемінде 9,8%) бұрынғыдай, өңірдегі ең жоғары болып табылады. Осы өнірдегі негізгі сауда әріптестерімен экспорт көлемінің көтерілуі байқалды: Жапонияға - 4,6 есе, Израильге - 2 есе, Ауғанстанға - 90%-ға, Иранға - 24%-ға, Корей Республикасына - 15%-ға, Туркияға - 7%-ға.

Америка елдеріне қазақстандық өнім экспорты 2010 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 32%-ға өсті.

 

 

 

 

                                                                                                2-сурет

Қазақстан Республикасы экспортының географиялық құрылымы

                      2000                                              2010

Импорт. Импорттың тауарлық құрылымында машиналар, жабдықтар, көлік құралдары (импорттың жалпы көлемінен 44%), химиялық және сонымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімі, металлургия өнеркәсібінің өнімі, азық-түлік өнімдері мен оны өндіру үшін шикізат басым.

Соңғы жылдары импортталатын- минералды өнімдерінің үлесінің (2000 жылғы 30%-дан 2010 жылы 13%-ға дейін), азық-түлік өнімдері мен оны өндіру шикізаты үлесінің (2000 жылғы 11%-дан 2010 жылы 7%-ға дейін) төмендегені байқалады. Металлургия өнеркәсібі өнімінің үлес салмағының өсімі (2000 жылмен салыстырғанда 7 пайыздық тармаққа) белгіленді.

                                                                                         3-сурет

Қазақстан Республикасы импортының тауарлық құрылымы

2000

 

 

 

 

 

2010

2010 жылы импорттың өнімнің негізгі жеткізушілері қатарында Ресей Федерациясы (импорттың жалпы көлемінен 38%), Германия (7,5%), Қытай (7,2%), АҚШ (6,9%), Украина (4,9%), Италия (3,9%), Жапония (3,5%), Ұлыбритания (2,4%), Түркия (2,3%), Франция (1,7%) Швеция (1,5%), Корей Республикасы (1,5%), Өзбекстан (1,5%) Беларус (1,2%) Швейцария(1,2%) болды.

2010 жылы ТМД елдеріне барлық импорттық жеткізілімдердің 47%-ы келді (2009 жылы - 48%). Достастық мемлекеттері Қазақстан рыногына импорт өнімінің негізгі жеткізушілері болып табылады. 2010 жылы ТМД елдерінен жеткізілетін импорт 8133,9 млн. долларды құрады (2009 жылдың деңгейіне 133%).

                                                                                                    4-кесте

ТМД елдерінен Қазақстан Республикасы импортының серпіні

млн. АҚШ доллары

 

Елдің аттары

2000

2005

2010

Барлығы

3806,7

5040,0

17352,5

Оның ішінде:

 

 

 

ТМД елдері:

2652,7

2731,7

8133,9

Еуразиялық экономикалық қауымдастығы

2020,6

2513,5

6934,8

Беларус

77,8

39,5

208,0

Қырғызстан

31,0

30,1

148,6

Ресей Федерациясы

1899,7

2439,2

6591,3

Тәжікстан

12,1

4,7

17,0

Еуразиялық экономикалық қауымдастығынан тыс елдер

332,1

218,2

1199,1

Әзірбайжан

25,2

9,9

21,3

Армения

2,6

1,2

2,1

Грузия

2,2

4,8

7,2

Молдава

5,6

7,1

18,6

Түркіменстан

241,3

43,4

50,7

Өзбекстан

269,5

70,5

254,5

Украина

85,7

81,2

844,7

 

Ресейден сатып алынатын тауарлар, республиканы бірқатар маңызды тауарлармен қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. 2010 жылы Ресейден алынатын импорттың негізгі баптары: минералды өнімдерді, мұнай және мұнай өнімдерін (Қазақстанмен енгізілген барлық көлемнің 78%). соның ішінде ресей коксының 70%, мүнай өнімдерінің 88%, электр қуатының 66%. табиғи газдың 52%, жағар майлардың 49% болды.

Қазақстанға енгізілген жеңіл автомобильдердің 14%-ы, жүк көліктерінің 42%-ы және арнайы автомобильдердің 52%-ы Ресейден сатып алынды. 2010 жылы республикаға енгізілген сүт өнімдерінің жалпы көлемінен 55%-ы. шоколад лен құрамында кокао бар басқа да тағам өнімдерінің 59%-ы, қанттан жасалған кондитерлік бұйымдардың 32%-ы, өсімдік майының 23%-ы Ресейден импортталды.

Әлемнің басқа елдерінен енгізілген имлорт үлесі 53,1 пайызды құрады және алдыңғы жылмен салыстырғанда 38%-ға көтерілді және 9218,6 млн. АҚШ долларын құрады.

                                                                                                          5-кесте

Әлемнің басқа елдерінен Қазақстан Республикасына өнгізілген импорттың серпіні

Елдің аттары

2000

2005

2010

Барлығы

1154,0

2308,3

9218,6

Еуропа

690,0

1258,5

4622,9

ЕО елдері

491,9

1025,2

4287,8

ЕО – дан тыс елдер

198,1

233,3

335,1

Азия

348,5

612,8

2883,8

Америка

110,8

403,5

1621,1

Африка

1,8

26,1

55,0

Австралия және Океания

3,1

7,4

35,9

2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы Еуропа елдерінен енгізілген импорт үлесіне, импорттық түсімдердің жалпы көлемінен 27 пайызы келеді және ол Германия мен Италиядаи әртүрлі машиналарды, жабдықтарды және оларға қосалқы бөлшектерді әкелу және Германия мен Ұлыбританиядан жеңіл және жүк автомобильдерін, құбырлар мен сорғыларды жеткізу арқасында 25%-ға өсті.

Азия елдерінен импорт көлемінің өсіміне (2009ж. деңгейіне 43%-ға) Жапониядан автомобильдерді, Қытай мен Жапониядан құбырларды, қытай жиһазын, киімі мен аяқ киімін жеткізудің көтерілуі ықпал етті.

Америка континенті елдерінен импорт көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 83%-ға өсті. Тауарлардың негізгі бөлігі АҚШ-тан жеткізіледі.

                                                                                                      4-сурет

Қазақстан Республикасы импортының географиялық құрылымы

                   2000                                                       2010

 

              2.2. Сыртқы сауда операцияларының ұйымдық нысандары

 

Халықаралық тәжірибеде сатып алу-сату келісімшарты бойынша жүзеге асырылатын сатудың екі негізгі әдісі - тікелей (divect Selling) және жанама (indivekt Selling) әдістері қолданылады.

Тікелей (тура) әдіс - тауар өндірушілер мен оны тұтынушылар арасында тікелей байланыстарды орнатуды ұйғарады. Аталған жағдайда экспорттаушы өзінің тауарына нарықты өзі тауып, осы нарыққа делдалдың қатысуынсыз-ақ шығады. Ережеге сәйкес, бұл тұтынушылар мен жабдықтаушылардың саны шектеулі, ал тауарға деген сұраныс бұқаралық сипатқа ие болмаған жағдайда жүреді. Жанама сату әдісі -коммерциялық (сауда-саттық) қызметі делдал арқылы жүзеге асыруды ұйғарады.

Халықаралық тәжірибеде тікелей сату әдісі мынадай жағдайларда қолданылады:

- ірі өнеркәсіптік объектінің құрылысы барысында, яғни делдал-фирмалар белгілі және тапсырыс беруші осы делдал-фирмалардың бірімен келісімшарт жасауға қабілетті болса;

- дайын өнімді бірлесіп шығару үшін екі немесе бірнеше кәсіпорындармен өндірістік кооперацияны жүзеге асыру барысында;

- ұзақ мерзімді келісімшарттардың негізінде өнеркәсіптік шикізаттарды ірі партиялармен сату барысында;

- ауылшаруашылық шикізаттарының ірі партиясын өндіруші фирмалардың тікелей сатып алуы кезінде;

- меншікті өткізу тораптары арқылы стандартты ірі сериялы жабдықтарды сату кезінде (кәсіпорындардағы экспорттық өткізу қызметтері, сондай-ақ тауарды сатып алушы елдегі филиалдар, еншілес компаниялар).

Жанама сату әдісі мынадай жағдайларда қолданылады, егерде:

Информация о работе ҚР-ның сауда саясаты