Қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 21:00, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің Қазақстан халқына "Қазақстан - 2030 барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы" Жолдауында: “20-ғасырдың 90-жылдары республика экономикасында орын алған дағдарыстың себептерін ашу, оны жеңудің жолдарын анықтау керек” деп айтылған. Радикалдық саяси және экономикалық әлемдік шаруашылық қатынас жүйесіне енуі дағдарыстың болуына, өндіріс көлемі мен өнімдердің, жұмыс, қызметтің бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетуге объективті жағдайлар тудырды.

Содержание

Кіріспе
1 Қолма-қолсыз есеп айырысудың теориялық негіздері
1.1 Ақша айналымы мен ақша қаражатының қалыптасуы, экономикалық мәні
1.2 Қолма-қолсыз есеп айырысу түрлері және оның ақша айналысындағы рөлі
1.3 Шетелдерде қолма-қолмыз есеп айырысу нысанын талдау
2 2009-2011 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы қолма-қолсыз есеп айырысудың ұйымдастырылуын талдау
2.1 Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру негіздері
2.2 Қазақстан Республикасындағы қолма-қолсыз есеп айырысудың құқықтық негіздері
2.3 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ң қолма-қолсыз есеп айырысу нысанын талдау
3 Қолма-қолсыз есеп айырысудың мәселелерін жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстандағы қолма-қолсыз есеп айрысу жүйесінің бүгінгі жағдайы
3.2 Қолма-қолсыз есеп айырысу сапасын жетілдіру, тиімді банктік қадағалау жүргізу
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша

Работа содержит 1 файл

КУРСТЫК ЖУМЫС.docx

— 64.79 Кб (Скачать)

     Еңбек ақылық  пластикалық карточкалардың маркетингі  бар. Ол карточкаларды қолданушылардың  белсенділігін арттыру үшін бағытталады.  Егер айына 1 – 2 операция  жасалған  болса, онда карточкалармен жасалған  операциялардан шығын ғана болады. Банктер карточкаларды қолданушылардың  белсенділігін арттыру үшін әртүрлі  тәсілдер қолдануда. Банк маркетингтік  карточкалық бағдарламаны қолданғанда,  әр аспектілерді ойластыру керек:қаржылық  қызметі, тұтынушылардың потенциалын  анықтау, сонымен қатар клиенттерді қатарға тарту,мақсатты нарықта іздену «карточка нарығының» сегментациясына байланысты клиенттерден  бірыңғай топтарды жинастыру, маркетингтік бағдарлама соған бағытталу керек. Еңбек ақы жобасын қолдану керек, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлерін қолдау керек. Кәсіпорын еңбек ақысын төлеуді пластикалық карточкалардың көмегімен бере  бастаған жағдайда, пластикалық карточка бөліміне банктің маркетингтік зерттеу жұмыстарын, анкета жүргізу керек. Осы  аталған жобаны іске асыруда мекеменің әкімшілігі тарапынан, оның бухгалтериясы мен қызметкерінің пікірлерін білу үшін қажет.

     Маркетингтік  зерттеу кезінде маркетингтік  барлау жасалуы мүмкін. Оның

мақсаты – бәсекелес банктердің еңбек ақы туралы жобаларын біліп  отыру, сонымен бірге тариф туралы саясатты  білу, қаржылық және техникалық мүмкіндіктерін білу. Оны орындау  үшін маркетингтік жиынтықты анықтау  қажет.

     Маркетингтік  карточкалық тауарлардың мынандай  элементтерін білуіміз керек:  баға, карточкалық тауарлардың қозғалысының  әдістері:

-Тауар. Еңбек ақы карточкалары  дебеттік – несиелік болуы  мүмкін, банк бекіткен лимиттер  аясында овердрафтың есеп бойынша  мүмкіндік беруі мүмкін.

     Көптеген қазақстандық  банктер ойластырылмаған үшін  міндетті түрде сақтандыру депозиттерін  енгізеді. Маркетингтік жобада карточка  иелеріне сақтандыру депозиттік  овердрафты өтемақыны төлеудің  гаранты кәсіпорын болады. Кәсіпорынның  басшыларына банк халықаралық  төлем жүйесінің несиелік карточкасын  беруі мүмкін.

- Еңбек ақы карточкаларын  шығарушы эмитент  - банк белгілі   бір шығын шығара отырып, қаржы  ресурстарының едәуір бөлігі  келіп қосылады. Банктің пайда  табуы тек оның саясатына байланысты  болып келеді.

     Еңбекақы жобасының  табыс бөлігі карточкаларға   қызмет көрсетуден, карточка есебінде  қалған қалдық ақшаны қолданудан  тұрады. 3 – 4 ай еңбек ақы   карточкасына қызмет етсе, онда  еңбек ақыны 15 – 40% қызметкерлердің  карточка есебінде қалады.Банктің   несие бөлімі карточкалық есеп  үшін, еңбек ақы жобасын іске  асырғаны үшін кәсіпорынға жеңілдетілген  несие беретін болады. Банктің  маркетингтік міндетті – ол  тариф саясатын анықтау. Мысалы: банкта қалған қалдық ақша  талап етілгенге дейін салым  мөлшерінен кем болмау керек.

-Карточкалық тауарлардың  қозғалысының әдістері. Потенциалды  клиенттермен хабарласып тұру  оңай іс емес, банк қызметкерлерінен  үлкен шеберлікті қажет етеді,  тәжірибе мен біліммен қатар,  адамдар арасындағы қарым –  қатынас, психологияны білу керек.Потенциалды  клиентке банк қызметкері бекітіледі. Оның атқаратын қызметі көрсетіледі.  Атқаратын міндеті өте үлкен.  Ол алдымен клиенттің қаржылық  қызметінің жағдайымен танысу  керек, клиентке не керек екенін  анықтап, онымен қарым – қатынас  орнатуды  ойластыру керек.

Потенциалды клиенттермен келісім  – шарт орнатудың бірнеше түрі бар.  Соның бірін қолданса,басқа  тәсілдерді пайдалану қажет емес деген ой тумайды. Кейде потенциалды  клиентпен келісім – шарт орнатылмай да қалады. Бірақ келісім – шарт болмаған жағдайда, сол корпорациямен  байланысты мүлде үзуге болмайды.

     Банк жоспар  жасағанда, еңбек ақы қоры мен  кәсіпорынның қызметкерлерінің  санын есепке алу керек. Сонымен  бірге банктің орта табыстылығын  да анықтау керек. Шоттағы қалдықты  пайдаланудан түскен табыс банкоматтағы  қолма – қол ақша мен резервтеу  қорын жалпы жалақысынан алып  тастағанда түскен орташа қалдыққа  пропорционалды болуы керек.

     Қазақстанның  карточкалық банктің жобасы 1992 жылы  шығарылған. Ермаков ферросплавтық  заводы қолма – қол ақша  жетіспегендіктен туған әлеуметтік  қиындықты жою үшін жалақы  жобасын жүзеге асыруда инвестор  болды. Магнитті жолағы бар  жалақы карточкаларына қызмет  көрсетуге арналған «Иртиш –  карт» деген жүйе енгізді. Сауда  және сервистік кәсіпорындарда  «Иртыш – карт»ты қабылдау  үшін сауда бағдарламалары орнатылды.  «Иртыш-карт» иелеріне ақша  Халық  банкіндегі арнайы шотқа келіп  түскен.

     1993-1995 жылдары  Халық банкі осындай карточка  жүйесін Екібастұз бен Павлодарда  енгізді. Процессингтік орталық  «Иртыш-карт»-ты қолданылатындардың  есеп – айырысуларын өңдеу  үшін Халық банкінің бірінғай  коммуникациялық торына біріктірілді. Бұл Қазақстандағы аймақтық карточка  жүйесін жасаудағы бірінші жүйе  болды. «Иртыш – карт» иелері  өздерінің қалаларында ғана емес, Қазақстанның барлық облыстарында  есеп айырыса алатын еді.

     Бүгінгі күнде  көптеген мекеме мен ұйымдар  жалақыны пластикалық карточкаларға   аудару үшін банктің қызметін  пайдаланады. Бұл барлық қатысушыларға:  банкке, мекемеге,мекеме қызметкерлеріне  оң нәтиже береді.

     Банкке  келетін  пайда – банктің жаңа бағыттағы  жаңа аудандардың  аумағын  кеңейту, жеке тұлғаларды несиелендіруді  қамтамасыз ету, карточка иелеріне  қызмет көрсету және  жаңа тауарларды  сату, кәсіпорындағы қызмет көрсеткені  үшін қосымша комиссиондық табыс  және пайыздық түсімдерден түскен  табыс, төлем қабілетсіздік тәуекелдерінің  жоқ болуы, жаңа қызмет түрін  жүзеге асыру арқылы клиенттер  тарту, жаңа, қазіргі заманға сай  технологияларды қолданатын ұйым  ретінде атағын жақсарту. Қолма  – қол ақшаның айналымын азайту, сондықтан қолма – қол ақшаны  тасымалдау, инкассациялау, қауіпсіздігін  сақтандыру, қолма – қол ақшаны  өңдеуге кеткен шығындарды азайту.

     Мекеме қызметкеріне  – карточка ұстаушыға  тиімділігі. Пластикалық карточканы қолданудың  қолайлығы: жасалған операциялар  жайлы тұрақты ақпарат алу,  ұрлаудан, жоғалудан сақтандыру, материалды  пайда, қолма -  қол ақшамен  салыстырғанда есеп – айырысу  жылдам болады, есеп қайтарудың  мәселесінің жоқтығы, кәсіпорында  не басқа қызмет көрсету пунктінде  қолма – қол ақшаны алу мүмкіндігі  бар. Клиенттің қаржылық жағдайы  туралы ақпарат жабық болып  табылады. Карточка арқылы ақша  аударымдарын жүзеге асыру, арнайы  жеңілдіктер, отбасы мүшелеріне  қосымша карточка алу, тегін  сақтандыру мүмкіндігі, басқа да  мүмкіндіктер: (тауар сатып алғанда  жеңілдіктер алу мүмкіндігі, жоғалған  және ұрланған карточкаларды  орнына келтіру,авиабилеттерді,мейрамханадағы  нөмірлерді  алғанда  алдын  – ала орын сақтау). Жалақыны  ыңғайлы уақытта әрі клиентке  қажет болғанда ыңғайлы жерде  алу мүмкіндігі. Банктегі ақшаны  уақытында алу кепілдігі. Қызметкердің  айлық орташа жалақысының 70 %-на  дейінгі мөлшерде кредит лимитін  алу мүмкіндігі, бұл ретте рұқсат  етілген кредит лимитінің ең  төменгі мөлшері 10 500 теңге құрайды.

     Бүгінгі таңда  Қазақстанда еңбек ақы нарығының  пластикалық карточкалары  Халық   банкінің қолында. Еңбекақысын   кепілдікке ала отырып, кәсіпорынның  қызметкерін несиелендіру кеңінен  тарады. Бұл бағдарлама Халық  банкінен «ақшаны қарызға ал»  деп аталады. Халық банкісі  кәсіпорын қызметкерлерімен кездесуде  банк карточкаларының қолданудың  артықшылығын түсіндіреді. Соның  нәтижесінде бүгінде ұйым еңбек  ақы карточкаларын пайдаланады. Коммерциялық ұйымдар үшін жалақы жобасы 2006 жылғы аталған жобамен жалақылық ақша есептеудің көлемі 218,8 млрд теңгені құрады. Банктің жалақы жобасын пайдаланушы көммерциялық мекемелер саны ағымдағы жылдың 1 қаңтарында 4 011-ге жетті, бұл 207 жылғы осы кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда 396-ға көбейген. Корпоративтік карточкалар  2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға сəйкес ашылған корпоративтік  Банктің карточкалар саны 3 570 болды жəне бұл 2010 жылғы дəл осындай кезеңдегі көрсеткіштен 1058-ге дейін артып отыр. Төлемдік бағдарламаларды іске асырудың барынша мол тәжірибесі – зейнетақы, жәрдемақы, өтем төлеу (2,5 млн. адамға қызмет көрсетіледі), 1 млн. адам жалақысын банк арқылы алады (600 мың карточка, 400 мың жеке шот). Халық банкінің карточкалары бойынша Visa және MasterCard дүние жүзілік карточка жүйелерінің белгісі (стикері) бар кез келген банкоматтан қолма-қол ақша алуға болады.Жалақылық жоба шеңберінде тарифтерді анықтау жеке дара жүргізіледі (комиссиялық алым ұйым-мекемелердің жалақы қоры мен қызметкерлерінің санына қарай және 10 %-ға дейін белгіленеді). Кесте ____

     Соңғы үш  жылдағы пластикалық карточкалардан  түскен табысты салыстырсақ, 31 желтоқсанның 2011 жылмен 31 желтоқсан 2009 жылда түскен табыс 1142 млн.тг өскен. Пластикалық карточкалардың комиссиондық шығыстары көріп отырғанымыздай 192 млн.тг өскен. Өйткені пластикалық карточкалардың санының өскеніне байланысты.Халық банкінің төлем карточкасы арқылы  бизнесті  дамыту үшін барынша жұмылып қызмет істей алады. Бұл үшін ұйымның сенім білдірілген тұлғаның атына банктен төлем карточкасын ашса жеткілікті, әрі қарай ол кедендік төлемдермен айналысатын болады.     Кесте ____

Көрсетілген кестедегі мәліметтер бойынша пластикалық карточкалар  «Халық Банктегі» негізгі қызметтердің бірі болып табылады. Банк төлем  карточкалардың үлесі Қазақстан  нарығындағы 50%  артық алуда.Еңбекақы жобасы бойынша 2011 жылы  Халық банктегі төлем карточкалардың қолданушы жұмыскерлер 1,7 млн. болды, ал 5000 заңды тұлғалар төлем карточкаларымен жалақыны береді.

Сонымен қатар, қазақстандағы  несие және басқа да карталарды ендіруді шетелдегі карточкаларды қолдану  тәжірибесін, олардың кемшіліктері мен жетістіктерін негізге ала  отырып дамыту қажет. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары