Қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 21:00, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің Қазақстан халқына "Қазақстан - 2030 барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы" Жолдауында: “20-ғасырдың 90-жылдары республика экономикасында орын алған дағдарыстың себептерін ашу, оны жеңудің жолдарын анықтау керек” деп айтылған. Радикалдық саяси және экономикалық әлемдік шаруашылық қатынас жүйесіне енуі дағдарыстың болуына, өндіріс көлемі мен өнімдердің, жұмыс, қызметтің бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетуге объективті жағдайлар тудырды.

Содержание

Кіріспе
1 Қолма-қолсыз есеп айырысудың теориялық негіздері
1.1 Ақша айналымы мен ақша қаражатының қалыптасуы, экономикалық мәні
1.2 Қолма-қолсыз есеп айырысу түрлері және оның ақша айналысындағы рөлі
1.3 Шетелдерде қолма-қолмыз есеп айырысу нысанын талдау
2 2009-2011 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы қолма-қолсыз есеп айырысудың ұйымдастырылуын талдау
2.1 Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру негіздері
2.2 Қазақстан Республикасындағы қолма-қолсыз есеп айырысудың құқықтық негіздері
2.3 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ң қолма-қолсыз есеп айырысу нысанын талдау
3 Қолма-қолсыз есеп айырысудың мәселелерін жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстандағы қолма-қолсыз есеп айрысу жүйесінің бүгінгі жағдайы
3.2 Қолма-қолсыз есеп айырысу сапасын жетілдіру, тиімді банктік қадағалау жүргізу
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша

Работа содержит 1 файл

КУРСТЫК ЖУМЫС.docx

— 64.79 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғамының қолма-қолсыз есеп айырысуының талдауы

 

Нарыққа көшу жағдайында экономикалық механизмді жетілдіру, ақша айналымы жүйесінің  қызмет етуіне, жеке тұлғаларына кассалық-есеп айырысу қызметін ұйымдастырылуына анағұрлым жоғары талаптар қояды. Төлем  айналымының өсуі және шарттасылған шығын айналымының өсуі еңбек  шарттарын қысқарту мен бір мезгілде шығын айналымдарының төмендеуіндегі қаражат қорының айналымын жеделдету  мен тез өсіп келе жатқан төлем  қажеттіліктерін қамтамасыз ететін, ақша айналымының негізінде жаңа механизм құру қажеттілігін көрсетеді. Осы мәселе қолда бар ақша формаларын жаппай қолдану кезінде шешілуі мүмкін емес, өйткені табиғатынан олардың өзгермелі шегі бар, қаржылық есеп айырысудың жоғары еңбек сыйымдылығын ескертеді, есеп айырысу тізбегінің үздіксіздігін қамтамасыз етпейді және өз қозғалысын бақылауды қиындатады. Оны шешудің негізгі жолы қолма-қолсыз ақшаны айырбастау тәжірибесінде кен колданылатын нарықтық экономикалы индустриалды дамыған елдердін озық тәжірибесі негізінде «қағазсыз» технологияны пайдалану және оларды автоматтық өңдеу үшін арнайы техникалық құрылғыларды құру. (Кесте __)

Екінші деңгейдегі банктер  кірістерінің жиынтық сомасы 2009 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 2008 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 49,3%- ке өсіп,  253,1 млрд.теңге болды. Шығыстар сомасы 2008 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 48,1%- ке өсіп, 208,9 млрд.теңге болды.

Қазіргі уақытта құрылымды  реформа қаржылық сектордың барлық сегменттерінде орындалған. Қазақстанның банк жүйесі негізгі банк жұмыстарының халықарарлық стандарттарына негізделген. Елде инфрақұрылымы дамыған қаржы нарықтары қызмет көрсетеді. (Кесте __)

Оның ішінде экономиканың үш сценардық варианттар қарастырылды (мұнайға жоғары, төмен, орта бағалар жағдайларда), негізгі вариант ретінде мұнайға орта бағалар жағдайы алынды.

Осындай негізгі вариант  жағдайында қолма-қолсыз есеп айырысу саясаттың негізгі мақсаты инфляцияны елдің 2007-2009 жылдардың арасындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспар бойынша бекітілген шектерінің арасында ұстау болы табылады (2007 жылы – 4,9-6,5%, 2008 жылы – 4,8-6,2%, 2009 жылы – 4,1-5,5% арасында).

Осы мақсатқа жету үшін Ұлттық Банк қолма-қолсыз есеп айырысу нарыққа әсер ету шараларын күшейтеді, қажет жағдайларда оны мейілінше қатал ұстайды. Ақша-несиелік саясатты қаталдату Ұлттық Банктің мөлшерінің нарық мөлшеріне әсердің бағытын өзгеруді қарастырады.

Пластикалық кәртішке-пайдалану  түріне, кәртішкелер арқылы көрсеті-летін  қызметтің жиынтығына, сонымен қатар  өзінің техникалық мүмкіндіктеріне  және оларды шығаратын ұйымдарға  байланысты кәртішкелердің барлық түрін  білдіретін жалпылама ұғым. Барлық кәртішкелердің маңызды ерекшелігі-оларда түрлі қолданбалы бағдарла-маларда колданылатын белгілі бір ақпараттар жиынтығы сақталады. Көрсеткіш- ғимаратқа кіру рұқсат қағазы, компьютерге ену құралы, телефондық сөйлесулерді төлеу құралы, жүргізуші куәлігі болуы мүмкін. Есеп айырысуға арналған барлық пластикалық кәртішкелер жеке және корпорациялық болуы мүмкін. Банктер жеке кәртішкелерді жеке тұлғаларға: өздерінің төлеуге қабілетігі клиенттеріне, сонымен қатар сол банкте ағымдағы есеп-шот ашқан және соңғылардың «несиелік тарихын» сараплтаудан кейін, не сақтандыру депозитін енгізген басқа да тұлғаларға береді. Корпорациялық кәртішкелер өздері кепіл болатын және қамтамасыз ететін заңды тұлғаларға, сонымен бірге заңды тұлғаның төлеу қабілеттігін сараптағаннан кейін беріледі. Корпорациялық кәртішкелерді кәртішке алған ұйымдардың қызметкерлері қолдана алады. Қазіргі уақытта дүниежүзінің 200-ден астам елі несие кәртішкесі негізінде банктің қызмет көрсетулерді дамытуда, ал тауарлар мен қызмет көрсетулерге қолма-қолсыз ақшамен төлеу- көптеген елдерде барлық ақша операцияларының құрылымында 90 пайызға жетті.

Карточканың кез-келген иесіне оның несиелік есеп шотына байланысты несиелік лимит тағайындалады. Ол банк клиентінің кәдімгі ағымдағы немесе жинақтаушы және тағы басқа да есеп шотынан тәуелсіз болып келеді. Бұл  карточкалар үшін есепшот банктің  арнайы бөлімшелерінде жүргізіледі. Онда есептесу несие карточкаларын пайдаланып ұйымдастырылады. Карточканы он сегізге толған кез-келген азамат пайдалана алады. Және одан оның атына банктен ағымдағы есепшоттың ашылуын талап етпейді. Сондықтан да несие карточкасын ағымдағы есеп шоты мен банкте жинақ ақшасы бар адамдар да қолдана алады.Банк немесе компания несие карточкасын берместен бұрын клиенттің арнайы форманы толтыруын ұсынады. Ол клиенттің өзі туралы, оның қаржылық жағдайы мен бұрынғы несие операциясы туралы сұрақтарды қамтиды. Одан кейін осы деректерге сүйене отырып, банк клиенттің есепшотындағы қаржы, болашақта түсетін қаржы мен есепшоттан алынған қаржыға байланысты сальдо бекітеді. Егер клиенттің қаржылық жағдайы дұрыс болса, онда оған несие карточкасын беріп, несие лимитін анықтайды.

Әйгінің көлеміндей ғана несие  карточкасында клиенттің несие  төлей алатындығы, аты-жөні, оның банктегі есепшотының нөмірі, осы сынды  карточкалар пайдаланылатын электронды төлеу жүйесінің символдары, голограмма, қолдану мерзімі туралы деректер болады және де артқы жағында - магнитті жолақта клиенттің қолы тұрады. Несие  карточкалармен тауар сатып алуға, қызмет ақысын төлеуге, жүйенің мүшесі болып саналатын, аталған карточка қызметі жүретін кез-келген банктен  өз қажетіне жарататын несие немесе аванс ала алады. Көптеген карточкаларды банкомат арқылы елімізде немесе шетелдерде несие  карточкаларын қолданатын аталған жүйенің құрамындағы кез-келген банктен қолма-қолсыз ақшамен ақша алу үшін қолдануға болады.

Карточканың жағымсыз жақтарын қарастыра келіп, екі пробламаны айта кеткен жөн: біріншіден, құжат  айналымының қағаз көлемі азаймайды. Екіншіден, карточканы әкілетсіз қолдану  деңгейі тым жоғары және де алаяқтық пен қолдан жасауы да мүмкін. Соңғы  жылдары орындалған операциялардың өсуі мен іс-қағаздар көлемі көбеюіне байланысты әкімшілік шығын мен  қызмет көрсететін адамдар саны көбейді. Бұл проблемаларды шешу мақсатында сауда болған жерде электронды операциялар  жүргізуді шешіп отыр.Алаяқтық проблемасы - екінші үлкен қиындық. Шетелдерде жоғалған карточканы басқа біреу  қолданбауы үшін осы сынды карточкалардың тізілімі жасалуда. Карточкасының жоғалғанын байқаған адам бірден банкті хабардар етуі тиіс. Банк сол заматта бұл  ақпаратты карточканы қабылдайтын  барлық өндірістерге хабарлайды. (Осы  тұста Қазақстанда банк пен клиентің қарым-қатынасын реттейтін заңның жоқтығын атап өту керек. Ал шетел  банк тәжірибесінде клиент карточкасын  жоғалтып алғаннан кейін жауапкершілікті  мойнына алудан бас тартқан оқиғалар кездескен).

Халықаралық төлеу жүйесінің  пластикалық карталарын енгізуге байланысты қиындықтар және де Қазақстандағы қағазсыз технологияның дамуына деген  сүраныс отандық банктерден өзіндік  жеке карточкаларды көптеп шығаруды талап етеді. Қазіргі заманғы  пластикалық карточкаларды қолма-қолсыз ақшаны алу үшін және де арнайы жабдықталған, өте аз дүкендерден сауда жасау  үшін колданады.

Өз клиенттеріне несие  жүйесін ұсынатын карточканың бірнеше  түрі бар:

Револьверлі карточка револьверлі  несиені (Өтеген жағдайда қайта жаңартылады) ұсынады. Мүлікті немесе ақшаны кепілге  қойған жағдайда беріледі. Қажетті  лимитті үш рет алуға болады. Карточканың  мерзімі кепілдің мерзіміне байланысты.

Сары карточка револьверлі  емес, он бес пайыздық жеңілдікпен  несиені ұсынады. Бұл карточканы алу үшін міндетті түрде акшалай  кепілдеме салу қажет. Ол алмақ болған сомадан бес есе көп болып, бір жыл мерзімге, немесе төрт есе  болп, бір жарым жылға болады.

Күміс карточка револьверлі  емес несиені отыз пайыздық жеңілдікпен  береді. Бұл карточка үшін алатын сомадан  төрт есе көп қаражатты кепілге  қойу керек, мерзімі - екі жыл. Немесе үш есе көп болады да, мерзімі  – үш жыл.

Алтын карточка елу пайыздық жеңілдікпен револьверлі емес несиені  ұсынады. Бүл карточканы алу үшін алынатын ақшадан үш есе көп қаражатты  кепілге бес жылдык мерзіммен  қою қажет. Немесе екі есе көп  болып, жеті жарым жылға қойылады.

Платина карточка револьверлі  емес несиені тоқсан пайыздық жеңілдікпен  ұсынады. Ол үшін үш есе көлеміндегі  қаражатты он жылға кепілге қояды.

Дара карточканы алуға  тек жеке тұлғалардың ғана құқы бар, және де олар мүліктік немесе ақшалай  келіпдемені сомада немесе валютамен  беру қажет. Оның көлемі клиенттің таңдап алган несие лимиті мен карточкасына байланысты болып келеді.

Карточка болған жағдайда клиент сатып алған затты несиеге  алуына, сауда жасалған жеріне қарамай  алған тауарының ақысын төлеуіне, түрлі дүкендерден алған заттарына  есеп айырысуына, түрлі қызметтерге, қонақ үй, әуекомпанияларына, мейрамханаларға, туристік агенттіктерге, автомобильді жалға алуына, май қүю станцияларына, дәрігерлік қызмет көрсету, шетелдік каталогтар бойынша тауарлар сатып алуға  және де ТМД мен әлемнің отыздан  астам елі бойынша кез-келген валютада түрлі қызметтерге пайдалануға  болады.

Отандық пластикалық карталардың  дамуын қарастыра келіп, бірнеше  қорытынды жасауға болады.

Біріншіден, банк қызметтері нарығы үлкен өзгерістерді бастан кешіріп  жатыр, және соңғы жылдары дамушы елдердің пластикалық карталарының бар белгілеріне ие болуда. Бір  жағынан алдыңғы қатарлы отандық  банктер халықаралық төлем жүйесімен жұмыс істеп жатса, екінші жағынан, жоғарғы технологиялар нарығындағы бірінші болу үшін бәсекелестікке өздері түсті. Соған байланысты өздерінің төлеу мен есеп беру электронды жүйесі мен біріккен пластикалық карталар жүйесін жасады. Бұл жерде басында жекеленген көптеген банктер мен фирмалардың жүйесін бір жан-жақты төлеу жүйесіне біріккенін он қадам екенін айта кеткен жөн.

Екіншіден, отандық пластикалық  карталар нарығының маңызды ерекшелігі - жарнамен төлеудің негізгі элемент  банктің карточкалары болып табылатыны. Банк-эмитенттер көбірек клиент жинау  үшін, бір-бірімен белсенді бәсекелестікке түсуде. Үлкен бәсекелестікті карточка мен оны қолданғаны үшін алатын комиссиондық ақының төмендеуінен байқауға болады.

Үшіншіден, пластикалық карталар нарығының инфражүйесінің дамуы (есеп айырысуға пластикалық карталарды қабылдайтын сауда-саттық және қызмет көрсету орындар, банкоматтар, есеп айыратын орталықтар және т.б.) банктердің пластикалық карталарды шығару жылдамдығынан  артта қалуда.

Төртіншіден, отандық пластикалық  карталардың банк-эмитенттері көп  жағдайда елдегі экономикалық жағдайлардың ерекшеліктеріне байланысты (ақшаның  қүнсыздануы, төлемсіздік дағдарысы, экономикалық қауіптің өсуі және т.б.) дебетті карточкалар айналымына шығарады. Пластикалық карталардың  банк-эмитенттері көп жағдайда елдегі экономикалық жағдайларға байланысты дебетті карталарды шығаруда. Банк түрлі жағдайдан өздерін сақтандыру мақсатында әр несие картасын берердің алдында несие лимитін өсіретін сақтандыру депозитін ендіруді талап  етеді. Яғни несие келісіміне күдікпен қарап, суррогатты несие карталары  мен төлем карточкалар туралы айтуына тура келеді.

Бесіншіден, біздің елдегі көптеген карточкалар магнитті болып келеді. Ол оны шығару мен қызмет көрсету  ақысының өз бағасынан тым төмендігіне  байланысты. Әрине, банктер кымбат тұратын  инфражүйені құру үшін үлкен қаражат  салулары тиіс.

Бүгінгі күні банктің  қызметін пайдаланушы жеке тұлға - клиенттердің саны 5,9 миллионнан асып отыр - бұл Қазақстандағы  ең ауқымды клиенттік база болып  табылады, сонымен қатар Банк 62 мыңға  жуық шағын жəне орта бизнес өкілдеріне жəне 300-ден аса ірі корпоративтік  клиентке қызмет көрсетеді. Банк төлем  карточкаларының саны бойынша бұрынғысынша көш бастаушы орнын сақтап, аталған  карточкалар көлемін 2,8 млн  данаға жеткізді. Бүгінгі күні «Мобильдік банкинг» қызметін пайдаланушылар саны еліміз бойынша 130 мың адамнан асып, бұл қызмет түрінің клиенттер үшін аса қажеттілігін тағы бір    дəлелдеді. Ақша айналымы мен табыстылығы бойынша «Интернет-банкинг» қызметі   қазақстандық онлайн-банкинг жүйесі арасында алғашқы орынды нық ұстап отыр.

    Қазіргі кездегі  тәжірибеге сүйенсек, ақшамен есеп  айырысуда банктік карточкалардың  көмегімен қолма – қолсыз есеп  айырысу үлкен роль атқарады. Қазақстанда төлем технологиясының  дамуы арқасында несиелік және  дебеттік карточкалардың симбиозы  – еңбек ақылық карточкалар  пайда болды. Енді сол Қазақстандық  банктер қолданып отырған карточкалардың  басқа Батыстағы кең тараған  банк карточкаларынан негізгі  айырмашылықтарын қарастырайық.             Оларды банк көрсеткен:

- Әртүрлі тауарлардың  төлемі мен несиенің қызмет  көрсетуі үшін қолданылады. Карточка  арқылы негізгі сауда чегі  – слип бар болған барлық  нүктелерде төлем жасауға болады. Несиелік карточкалары арқылы  банкоматтардан ақша алуға болады.

- Банктің резерві шексіз  емес, сондықтан клиентке ай сайынғы  несиелік лимит қойылған. Лимиттің  мөлшері клиенттің төлем қабілеттілігіне  байланысты болып отыр.

- Дебеттік карточканың  негізі мынада, ол тауар мен  қызметтің төлемі ретінде қолданылады,  банкоматтардағы қолма – қол  ақшаны алу үшін қолданылады.  Шотқа банк автоматтары арқылы, сауда нүктелеріндегі ерекше  орналастырғыш арқылы қол жеткізуге  болады.

     Сонымен бірге,  егер алатын соманың есеп шотта  қалған сомадан банкоматта көп  болса, операция жүргізушіден  аспайды. Дебетті карточкалары  мен жасалған операциялардың  табысы карточка ұстаушының карточка  қолданғаны үшін төлеген пайызынан,  банкаралық делдалдық қызметке  процентпен банкаралық делдалдық  қызметке төлеген төлемнен, басқа  қызметтер үшін  (ПИН – кодты  айырбастау) жоғалтқан және ұрланған  карточкаларды шығарудан  түскен  төлемнен тұрады.

Информация о работе Қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары