Қазіргі банк жүйесінің жағдайы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2011 в 10:28, реферат

Описание работы

Қазіргі жағдай Қазақстанның банк жүйесін жаңа дағдарысқа ұрындырмайды . Өйткені банктер несие беруді шектеп, өздері шеттен қарыз тартып жатқан жоқ. 2009 жылы банктерде еурооблигациялар шығарылған жоқ. Өте аз мөлшерде ғана борыш алды. Мұндай қауіп дағдарыс ықпалын кеміту үшін банктеріне мол қаржы салып жатқан Ұлыбритания және АҚШ-та күшеюі ықтимал. Бұл елдердегідей емес, Қазақстанда ипотекалық активтер сатылып алынып, қаржы өлшеусіз жұмсалып жатқан жоқ. Қауіп-қатері көп салаларға несие беру азайды, банктер қажетті провизияны жасақтады, сыртқы қарыз кемітілді. Сондықтан қазір үрленген боскеуек пайда болады деуге объективті себеп жоқ.