Қазіргі банк жүйесінің жағдайы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2011 в 10:28, реферат

Описание работы

Қазіргі жағдай Қазақстанның банк жүйесін жаңа дағдарысқа ұрындырмайды . Өйткені банктер несие беруді шектеп, өздері шеттен қарыз тартып жатқан жоқ. 2009 жылы банктерде еурооблигациялар шығарылған жоқ. Өте аз мөлшерде ғана борыш алды. Мұндай қауіп дағдарыс ықпалын кеміту үшін банктеріне мол қаржы салып жатқан Ұлыбритания және АҚШ-та күшеюі ықтимал. Бұл елдердегідей емес, Қазақстанда ипотекалық активтер сатылып алынып, қаржы өлшеусіз жұмсалып жатқан жоқ. Қауіп-қатері көп салаларға несие беру азайды, банктер қажетті провизияны жасақтады, сыртқы қарыз кемітілді. Сондықтан қазір үрленген боскеуек пайда болады деуге объективті себеп жоқ.

Работа содержит 1 файл

Банк.docx

— 16.27 Кб (Скачать)

Қазіргі жағдай Қазақстанның банк жүйесін жаңа дағдарысқа ұрындырмайды . Өйткені банктер несие беруді шектеп, өздері шеттен қарыз тартып жатқан жоқ. 2009 жылы банктерде еурооблигациялар шығарылған жоқ. Өте аз мөлшерде ғана борыш алды. Мұндай қауіп дағдарыс ықпалын кеміту үшін банктеріне мол қаржы салып жатқан Ұлыбритания және АҚШ-та күшеюі ықтимал. Бұл елдердегідей емес, Қазақстанда ипотекалық активтер сатылып алынып, қаржы өлшеусіз жұмсалып жатқан жоқ. Қауіп-қатері көп салаларға несие беру азайды, банктер қажетті провизияны жасақтады, сыртқы қарыз кемітілді. Сондықтан қазір үрленген боскеуек пайда болады деуге объективті себеп жоқ.

Алдағы жылы банк секторы үшін өте маңызды оқиға  болады, БТА банк, Альянс банк және Темірбанктің сыртқы қарыздарын қайта құрылымдау ісі аяқталады. Инвесторлардың қазақ  банктеріне сенімі артатындықтан, бұл  бүкіл қаржы саласына жағымды әсер етеді.

Сыртқы борышын  жеңілдетіп жатқан үш банк тіпті табыс  көре бастауы да ықтимал. Жалпы, кредиторлармен term sheet келісімін бекітудің жөні – бір бөлек, қайта құрылымдау ісін аяқтаудың жөні – бір басқа. Дегенмен қол жеткізілген келісімдер банктердің жетістігін көрсетіп тұр. Қайта  құрылымдау ісі нәтижесінде банктердің борышы едәуір жеңілдейді, қарыздың бір  бөлігі капиталға өтеді, қажетті  провизиялар жасақталған. Банк секторындағы құлдырау шегі әлі байқалған жоқ, оның уақыты 2010 жылы келеді. . Жаңа дағдарыс ықтималдығын мейлінше кеміту үшін Қазақстан қаржы секторының даму концепциясы қабылданды. Онда, негізінен, төрт бағыт қамтылған: экономиканы қаржыландыру үшін мемлекет пен бизнес серіктестігін пайдалану; банктерді қадағалауды экономикалық өсу кезінде күшейтіп, бәсеңдеу кезінде жеңілдету, дағдарыстарды алдын ала анықтау тетігін күшейту және заңдарды өзгерту. Банктер бас-көзге қарамай қарыз алуды доғарып, өздері несие бергенде оның қайтар-қайтпасын мұқият зерделеулері тиіс. Мемлекет осы дағдарыстағы қателіктерді қайталамас үшін қаржы институттарын қадағалауды күшейтеді.

Болашақта жаңа дағдарыс туындау ықтималдығы бар.  Қазақстан Республикасының экономикасы әртараптандырылмаған және сыртқы алай-дүлей оқиғаларға тәуелді. Дағдарысқа түрткі болған туынды құнды қағаздарда ғана емес, белгілі бір облигациялар бойынша тәуекелдің тым жоғарылап кеткендігінде. Әлемдік тәжірибеден дағдарыстардың 7-11 жыл сайын циклды түрде қайталанатынын белгілі. Сондықтан жүйенің өзі сапалы түрде өзгертілмесе, дағдарыс әлі де қайталанады. Осы дағдарыстың басты себебі қауіп-қатер деңгейін лайықты бағаламауда болып табылады.

Жаңа боскеуектер  мен дағдарыстардың алдын алу  үшін Қазақстан Үкіметіне экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету керек. Экономикалық саясат қазіргі жағдайға сай және ұзақ мерзімге бағытталған болуы тиіс.

Теңестірілген макроэкономикалық  көрсеткіштер жүйесі және Қаржы нарығының  даму концепциясы осыны көздейді.

Альянс банк пен  БТА банк term sheet келісіміне қол қойып, салымшылар мен кредиторлар сенімін сақтап қалды.Алайда несие портфелі сапасының нашарлауы және орта мерзімдік қаржының тапшылығы тәрізді екі проблема әлі де шешілмей келеді. Қаржылық қадағалау агенттігі дерегінше, 5-санаттағы күмәнді несиелер мен үмітсіз несиелер үлесі артып, банктердің капитализациясына кері ықпал етуде. Орта мерзімдік несие берілмей жатқан соң, қазір банктерде орта мерзімдік өтімділік те болмай отыр.

Қазір Ұлттық банкте қысқа мерзімдік мол қаражат  сақтаулы (ред.7 млрд $) , банкирлер бұл  қаржыны орта мерзімдік өтімділікке  қалай айналдырамыз деп бас қатыруда. Бұл қиындықтар деңгейі әр банкте әртүрлі. Бірақ дағдарыс шыңырауынан  көтерілдік деп несие портфелі сапасы жақсарып, орта мерзімдік қаржы молайғанда ғана айта аламыз.Қазақстанның банк жүйесі әлемдік классикалық банктер дәстүріне сай. Сондықтан әлемдік жүйедегі 7-11 жылдық дағдарыс циклы бізге де қатысты. Ұлттық қордың қақпағын ашуға мәжбүрлеген дағдарыстан кейін Үкімет банктерге қадағалауды күшейтпек. Әрі еңбек етпегендерге ет асататын өсімді жүйеге Ислам банк жүйесі балама бола алады. Әділетті экономикаға арқа сүйеген алғашқы Ислам банкі жақын күндері тұсауын кеседі.

Информация о работе Қазіргі банк жүйесінің жағдайы