Қазақстан Республикасының сақтандыру саласының мәселелері және оларды шешу жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2011 в 18:35, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты. Нысанаға алынып отырған тақырыпты жан - жақты зерделеу. Қазіргі кездегі сақтандыруға қатысты заңнаманы қарастыра отырып, болып жатқан олқылықтарды ашып - көрсету. Қандай жақтан тежеу көруде, неліктен олардың дамуы әлі күнге дейін толық пісіліп жетілмеген? Осы және тағы басқа да сұрақтарға жауап табу. Шетел тәжірибесін қарастыра отырып, біздің елмізде оларға деген жетпей жатқан көмекті қарастыру. Курстық жұмыстың мақсаты сол тәжірибелерді танып біліп, жіберіліп отырған қателіктерді көрсету.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3

I. Сақтандырудың экономикалық мәні..................................................................5

1.1. Сақтандырудың экономикалық мәні, мазмұны, даму тарихи аспектісі…..-
1.2. Сақтандырудың түрлері, нысандары және ұйымдастыру ерекшеліктері...9
1.3. Сақтандыру нарығының дамуының шетелдік тәжірибесі.........................12

II. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму жағдайын талдау......................................................................................................................15

2.1. Сақтандыру ісін ұйымдастырудың құқықтық негіздері................................-
2.2. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жағдайын талдау......................................................................................................................21

III. Қазақстан Республикасының сақтандыру саласының мәселелері және оларды шешу жолдары.........................................................................................24

3.1. Қазақстан Республикасының сақтандыру саласындағы мәселелер.............-
3.2. Қазақстан Республикасының сақтандыру саласындағы мәселелерді шешу жолдары..................................................................................................................26

Қорытынды.............................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................

Работа содержит 1 файл

kursovaya.doc

— 335.00 Кб (Скачать)

    Кесте 1.  АҚШ  сақтандыру нарығымен Қазақстан  сақтандыру нарығын салыстыру 
    ІІ. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығынығ даму жағдайына талдау.

  • 2.1 Сақтандыру ісін ұйымдастырудың құқықтық негіздері.

    Біздің  елімізде де сақтандыру саласын заңмен реттеп отыратын жалпыға бірдей Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі болып табылады. Азаматтық кодекске жыл сайын әртүрлі өзгерістер болып тұратындықтан ол өзгерістер сақтандыру саласын да тимей кетпейді. Мысалға 2011 жылдың Азаматтық кодексінде сақтандыру шарттары жайлы былай делінген

        Сақтандыру шарты:

    1.Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегінде өзінің пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді.

    2. Сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру қоғамына мүшелік негізінде сақтандыру жүзеге асырылады.

      Осы Кодекспен реттелетін сақтандыру  қатынастары. Сақтандырушылар мен сақтанушылар арасындағы қатынастар, сондай -ақ олардың сақтандыру шартын жасау және оны орындау процесі кезінде туындайтын сақтандырылғандармен және пайда алушылармен қатынастары осы Кодекспен реттеледі.

    Яғни  барлық қатынастар еліміздің заңымен  реттеліп жүзеге асып отырады. Жоғарыда АҚШ мемлекетінің сақтандыру саласын мысалға алған кезде, мүлдем өзгеше болған. Мысалға, онда әрбір штаттың өзіне тиесілі заңымен реттеледі. Сонымен қатар осы саланы реттейтін консалтингтік компаниялармен де реттеледі. Ал бізде бүкіл Қазақстанның аумағына жалпы бәрімізге бірдей заңмен бақыланады.

    Жоғарыда  аталып өткен сақтандыру нысандарының бірі міндетті және ерікті сақтандыру жайлы да Азаматтық кодекстен білуге болады.

    Міндетті  және ерікті сақтандыру:

  1. Міндетті сақтандыру - заң актілері талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру.
  2. Міндетті сақтандырудың түрлері, тәртібі мен талаптары заң актілерімен де шартпен де жүктеуге болмайды. Міндетті сақтандыру сақтаунышының есебінен жүзеге асырылады.
  3. Міндетті  сақтандыру шарты  сақтандырудың  осы түрін жүзеге  асыруға лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалады. Мұндай шартты жасасу жоғарыда аталған сақтандырушы үшін міндетті болып табылады.
  4. Ерікті сақтандыру - тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын сақтандыру.

    Ерікті  сақтандырудың түрлері, шарттары мен тәртібі тараптардың келісімі бойынша белгіленеді.

    Ең  бастысы сақтандыру кімдерге арналған және бұл қызметтің түрімен кім қолдана алады? Бұл сұраққа келесі баптан жауап алуға болады.

      Сақтандыру объектісі:

  1. Заңды тұлғаның немесе азаматтың кез - келген мүддесі сақтандыру объектісі бола алады. Сақтандырудың     міндетті     түрлері     бойынша     сақтандыру     объектісі сақтандырудың осы түрін реттейтін заң актілерімен айқындалады.

2.  Сақтанушының құқыққа қайшы мүдделері сақтандыруға жатпайды.

3.  Осы   баптың   2   -   тармағына   көзделген   мүдделер   объектісі   болатын сақтандыру шарттары жарамсыз болып табылады.

    Әрине кез - келген іскерлік қатесіз болмайды. Бірде бір жылда сақтандыру компаниясының шығындары көп болып, сол компания жабылып қалуы мүмкін немесе еліміздің кейбір азаматтары, сол сияқты сақтандыру компаниялары міндетті сақтандыру шарттарын орындамауы да мүмкін. Бұл жағдай да Кодексте қарастырылып, шешімі табылған. Егер азаматтар міндетті сақтандырудан бас тартса, онда бұл міндет сот арқылы шешіледі. Ал егер сақтандыру компаниясы өз уәдесінде тұрмаса, онда олар сақтандырылғандардың алдында жауапты болады.

    ҚР  Азаматтық кодексінде сонымен қатар сақтандырушы мен сақтанушыларға да анықтама беріледі.

    Еліміздің сақтанушы - деп сақтандырушымен шарт жасасқан адамды айтамыз. Мұнда сақтанушы болып заңды және жеке тұлғалар бола алатындығы жайлы сөз қозғалған.

    Сақтандырушы - сақтандыруды жүзеге асыратын, яғни сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған соманың (сақтандыру сомасының) шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті тұлға деп айтылған.

    Мұнда біз жаңа бір пайда алушы деген сөзбен кездестік. ҚР Азаматтық кодексінің 816 - бабы бойынша: Пайда - алушы деп сақтандыру шартына сәйкес төлемдерді алушы тұлға деп анықталған. Мұнда заңды және азамат пайда алушы бола алады.

    Ал жалпы сақтандыру жағдайын заңның 817 - бабы анықтап, оны былай деген: Сақтандыру жағдайы - басталған байда сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға - делінген.

    Жалпы сақтандыру кезінде сақтандырушы компания барлық жағдайды өздері жасайды. Өздері заңға сәйкес жарғыларын құрады, ставкаларын қояды сол сияқты міндеттерді атқара отырып, залалдың соңында оның мөлшерін де анықтайды. Бірақ мұның барлығы әрине ҚР Азаматтық кодексімен бекітілген.

    Сақтандыру  комланиясының қаржылық-шаруашылық қызметінің маңызды бағыты сақтандыру резерві және меншік капиталының қаражаттарын инвестициялау болып табылады. Жинақтаушы сақтандыру арқылы жиналған сақтандыру сыйақысының бір бөлігін инвестициялау сақтандыру келісім-шарттарын орындаудың қажетті элементі. Сақтандырудың тәуекелді түрлері ең алдымен мүліктік тәуекелден сақтандыру бойынша сақтандыру сыйақысын инвестициялау табыстың қосымша және елеулі көзі болып табылады.

    Сақтандыру  компаниясының сақтандыру операцияларынан кейін, табыс көзі ретінде екінші болып келетін олардың инвестициялық қызыметі дұрыс дамымай отыр. Сонымен қатар, Қазақстандағы сақтандыру қызметі нарығындағы өскен бәсекенің салдарынан сақтандыру тарифтерінің төмендеуі, әлеуетті сақтанушының тәуекелден қорғаудың баламалы әдістерін таңдауы сақтандырушылардың инвестициялық белсенділігін дамыту проблемасын, ең көкейкесті проблемалардың қатарына қояды.[2;32-34]

    Сақтандыру  компаниясының активтері қарқынды түрде өсуде, 2011 жылдың 1 сәуірінде ҚР сақтандыру нарығының тұтас активі 366,7 млрд теңгеге жетті. Институтционалды инвесторлардың  активтерінің тұрақты өсуі ең сапалы және өтімділігі жоғары қаржылық инструменттерге активтерге орналастыру үшін сәйкес шарттарды жасауға алғы шарттар қояды. Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі (ҚҚА) бұл бағытта белгілі бір шаралар жүргізуде. Бірақ, оның мүмкіншіліктері отандық қаржы нарығының белгілі даму ерекшелігіне байланысты шектеулі. Сондықтан, сақтандыру компаниялары және зейнетақы қорлары экономиканың нақты секторын ұзақ мерзімді ресурстармен қамтамасыз етуде елеулі роль атқармайды. 

    Акция нарығының дамымауына байланысты өтімді қаржы инструменттерінің тапшылығы тек сақтандыру компаниялары үшін ғана емес, елдің қаржы нарығының да маңызды проблемасы болып отыр. Сондықтан, сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелінің құрылымындағы өзгерістер тек портфельді диверсификациялау, жоғары табыстылығымен немесе аз тәуекелі бар инструментті таңдау қажеттілігімен ғана емес, сонымен қатар салым кездерінің шектеулігімен байланысты. Оған дәлел, Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталарға салынған салымның көлемінің шұғыл өсуі. Бұл өмірді сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелінің ерекшелігіне тән емес.

      Сақтандыру резервтерін жұмсаудың екінші маңызды көзі - мемлекеттік емес бағалы қағаздар болып табылады. Олардың үлесіне инвестициялық портфельдің төрттен біріне тең. Алайда сақтандыру компаниялары оларды сатып алу арқылы экономиканың нақты секторын инвестициялау деген сөз емес. Өйткені, корпоративті қағаздардың көп бөлігі екіншіші деңгейдегі банктердің борыштық, міндеттемесіне және аз бөлігі нақты сектордағы кәсіпорындардың облигацияларына тиесілі. Қорлар портфеліндегі корпоративті қағаздардың 31,44% тек қана 4% акцияларға тиесілі.

    Осылайша, қазіргі таңда нақты секторды инвестициялауға мемлекеттік емес бағалы қағаздармен екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерге салынып, инвестицияланатын сақтандыру резервтерінің үштен бірі бағытталған. Аталған қаражаттардың үлкен бөлігі екінші деңгейдегі банктер арқылы инвестицияланса, қаржылық емес сектордың кәсіпорындардың облигация және акцияға орналастырылған активтері тікелей нақты секторды инвестициялауға жұмсалынады. Сақтандыру компанияларының инвестиция портфеліндегі үлес салмағы активтердің жалпы келемінің 10-15% аспайды. Бұл екінші деңгейдегі банктердің берген кредиттерінің көлемі он есе аз. Өткен жылдардағы жағымды ортада дамыған сақтандыру нарығы қиыншылықтарға тап болды. Бұрын болған проблемаларға инвестицияланған сақтандыру резервтері бойынша табыстылығының төмендеуі мен байланысты проблема қосылды. Портфельдің диверсификациялау бойынша шектеулі мүмкіншіліктер, долларға шаққандағы теңгенің нығаюы және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қысқа мерзімді ноталарының төмен табыстылығы өзгерген жағдайда адекватты түрде жауап қайтаруға мүмкіндік бермеді. Осылайша, сақтандыру резервтерін инвестициялау үшін өтімді қаржы инструменттерінің тапшылығы нарықтағы мөлшерлемелердің төмендеуіне әсер етті және зейнетақы қорларының инвестициялық табыс көлеміне жағымсыз ықпал етті.

    Қалыптасқан жағдайдың негізгі себебі корпоративтік  қағаздардың нарығы және акция нарығының дамымай отырғандығы. Қаржы нарығынан экономиканың нақты секторына ақшаны аударудың нарықтық механизмінің болмауы, тек осы нарықтың емес, жалпы ел зкономикасының дамуының тежеушісі болады.

    Корпорацияларды қаржыландырудың шетелдік және отандық тәжірибесін талдауы көрсеткендей, экономиканың трансформация жағдайында өндірістің құрылымдық өзгерістері мен жеделдетілген дамуы кезінде тартылған көздердін, рөлін күшейту маңызды. Бұл кезде ұдайы өндіріс процесін үздіксіздігімен және кеңеюін қамтамасыз ету үшін инвестициялық өсу меншікті көздерінің жеткіліксіздігі қаржы нарығына шаруашылық жүргізуші субъектілердің шығуы және өндірушілердің, саудагерлердің, жеке жинақтаушылардың және институционалды инвесторлардың, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың бос ақша қаражаттарын жинақтау арқылы толтырылады.

    Осы аталған мәселелерге қатысты  бірқатар бағытта өзгерістер жүргізілуде. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының  сақтандыру нарығын дамытудың « 2010 жылғы сақтандыру нарығы : дағдарыстан кейінгі өсу» бағдарламаны атап кету керек. Оның мақсаты қаржылық, әлеуметтік және басқа да тәуекелден мемлекетті, азаматтарды және шаруашылық жүргізу субъектілерді қорғаудың тиімді механизмі ретінде сақтандырудың ролін нығайтуға бағытталған ұлттық сақтандыру индустриясын қайта құру болып табылады.

    Сақтандыру  ұйымдарының қызмет ету стандарттарын  бекіту, корпоративтік басқаруды  жетілдірудің ынталандырмасын қалыптастыру, тәуекел қаупі үлкен қаржы  нарығының аймағында қадағалау  ресурстарын шоғырландыру, өмірді жинақтаушы сақтандыру және аннуитет жүйесін дамытудың ынталандырушы жағдай тудыру мақсатында 2011 жылдан «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР Заңымен (2010 жылғы 26 қарашадағы № 356-IV) Салық кодексiне және Салық кодексiн енгізу туралы Заңға өзгерiстер енгiзілді. Бұл заңды аннуитетті сақтандыру бойынша корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі алынатын сақтандыру сыйақысының сомасынан 2% және 1% дейін төмендетілді.

    Қазіргі таңда, Республикада жеке сақтандыру секторы  дамымай отыр. Жеке сақтандыруды жүргізудің ерекшелігі қазіргі таңдағы проблемалармен байланысты. Халықтың табыс деңгейінің төмендігі; Посткеңестік кезеңдегі 
жеке сақтандырудың жағымсыз тарихы; Сенімді қаржы инвестициялық

    инструменттердің  шектеулігі; Болашақта әлуетті сақтанушылардың сенімсіздігі; Халықтың жекелеген сақтандыру делдалдарымен сақтандырушылардың сақтандыру мәдениетінің темендігі; Ұзақ мерзімді жеке сақтандыруда халықтың қатысуы үшін экономикалық ынталандырмаңың болмауы. Бұл тізімге, халық тарапынан сақтандыруға деген сенімнің болмауын кіргізе аламыз. Бұл өткен кезеңдердегі ірі дауларға және КСРО мемлекеттік сақтандыру жасаған шарт бойынша сақтандыру сомаларының құнсыздануымен байланысты.

    Сонымен қатар, 2010 жылы Үкімет мына Бағдарламаларды қарастырып, бекітті: кор нарығын дамыту, әлеуметтік реформаларды тереңдету және институтционалды инвесторларды ары қарай дамыту, зейнетақы қоры және сақтандыру компаниялары. Бұл бағдарламалар институтционалды инвестор бөлігінде сақтандыру резервтерін инвестициялау мүмкіншіліктерін кеңейту, олардың қаржы тұрақтылығын күшейту, салымшылардың мүдделерін қорғау деңгейін арттыру бойынша кешенді шараларды қарастырады. Инвестициялау бөлімінде тәуекелді хеджерлеу мақсатымен туынды қаржы инструменттерін сатып алу, басымды сектордағы нақты инвестициялық жобалардың жобалық бонды және басқалары сияқты институтционалды инвесторлардың активтерін инвестициялаудың жаңа инструменттері мен механизмдері ұсынылады. Бұл сақтандыру резервтерін табыстылығы мен тәуекелдің оңтайлы үйлесуімен қаржы инструменттеріне салымшы мүддесіне сәйкес орналастыру міндеттіне сай келеді. Бастапқыда анықталғандай, салымшылардың жинақтары ұзақ мерзімді ішкі инвестициялардың көзі болды. Бұл тек салымшыларға табыс әкелмей, сондай-ақ, ел экономикасының көтерілуіне себеп болып, Қазақстанның дамуың ынталандырды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Қазақстан Республикасының сақтандыру саласының мәселелері және оларды шешу жолдары