Қазақстан Республикасының банк жүйесі туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 20:25, курсовая работа

Описание работы

Банк жүйесі жабық жүйе. Өйткені, банктердің кейбір ақпараттары банкілік құпия болып саналады. Банк жүйесі өзін-өзі басқара алады. Ол дегеніміз, егер елде саяси ахуал, экономикалық жағдайлар және басқа да ахуалдар өзгеріп жатса, осыған қарай, банктер өздерінің саясатын өз бетінше, аралымдылықпен өзгерте алады. Мысалы, Ұлттық банк, екінші дәрежелі банктер үшін қайта қаржыландырудың өлшемдемесін өзгертсе, екінші дәрежелі банктер өздерінің проценттік саясатын өзгертеді немесе Үкімет ұлттық валютаның бағамын анықтау тәртібін өзгертсе, екінші дәрежелі банктер, ауыстыру бекеттеріндегі валюта бағамын қайта қарайды.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1Бөлім. Банктер
1.1Банктердің туындау – тарихи даму кезеңдері, түрлері..................................5
1.2Банктік қызмет: экономикалық және заңи аспектісі......................................6
2Бөлім. Қазақстан Республикасының банк жүйесі
2.1Қазақстан Республикасының банк жүйесі: экономикалық мәні, сипаты......8
2.2 Банк жүйесіндегі Қазақстан Ұлттық Банкі:құрылу, жұмыс істеу ерекшеліктері, айрықша экономикалық-қаржылық құзыреті...........................11
2.3 Банк жүйесіндегі Қазақстанның Даму Банкі жүйесіндегі коммерциялык банктер: ұйымдастырылу принциптері, қызметінің құқықтық нысандары..............13
3Бөлім. Банк және лицензиялау-рұқсат беру жүйесіндегі банктердің операциялық қызметін мемлекеттік реттеу
3.1 Банктік қызметті ұйымдастыру және реттеу: қазіргі заманғы үрдістері, тәсілдері..................................................................................................................17
3.2 Лицензиялау – рұқсат беру және банк жүйесіндегі нақтылы банктік қызмет.....................................................................................................................19
3.3 Банктік қызмет, валюталық реттеу және валюталық бақылау: мән-жайлары, уәкілетті органдары..............................................................................22
4Бөлім. Банк аясындағы басқару
4.1 Қазақстан Ұлттық Банкі аясындағы басқару................................................27
4.2 Қазақстанның Даму Банкі аясындағы басқару.............................................29
4.3 Коммерциялық банк аясындағы басқару......................................................31
Пайдаланылған әдебиет........................................................................................34
Қорытынды............................................................................................................35

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасының банк жүйесі.docx

— 60.21 Кб (Скачать)

6. Жоғарғы және төменгі  деңгейлі банк жүйесі Қазақстан  Ұлттық Банкінен, Қазақстанның Даму  Банкінен, Қазақстан Республикасының  тұрғын үй құрылысы жинақ банкінен, коммерциялық банктерден, мемлекетаралық  банктерден, банктік инфрақұрылымнан  және банктік рыноктан тұрады;

7. Банк жүйесінің жоғарғы бірінші деңгейдегі Қазақстан Ұлттық Банкі белгілі бір дәреже – көлемде тиісті мемлекеттік билік органдарының ықпалына тәуелсіз, кредиттік - қаржылық  сипатты айрықша құқықтық мәртебесі бар экономикалық субьект – мемлекеттік монетарлық биліктің басты органы болып табылады;

8. Қазақстан Республикасының банк жүйесі, оның ұйымдастырылу нысандары мен басқа да иәе – жайлары Қазақстан Республикасы Конституциясымен, ҚР банктік заңнамалық актілермен, қатысы бар өзге де заңнамалық актілермен, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен регламенттелінеді;

9. Банк жүйесі экономикалық  саясатын іске асыруға айтарлықтай  септігін тигізеді және дүниежүзілік  экономика аясындағы халықаралық  банк жүйесімен өзара тиімді  қары қатынас миханизмін құрады;

 

 

2.2 Банк жүйесіндегі Қазақстан Ұлттық Банкі: құрылу, жұмыс істеу ерекшеліктері, айрықша экономикалық-қаржылық құзыреті

 

Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы бірінші деңгейін білдіретін мемлекеттің банктік  менеджмент әрі аса ірі кредиттік-қаржылық басты органы Қазақстан Ұлттық Банкі  елдің эмиссиялық, кассалық және резервтік  орталығы, банктердің банкі, банктер  үшін соңғы сатыдағы кредитор болып  табылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының  ақша-кредит, валюталық және сыртқы экономикалық қызмет саясатын айқындап, оның ұстанымдарын қоғамдық және мемлекеттік  маңызы басым бағыттарда өз құзіреті шегінде іске асыруға ат салысады.

Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік  мекеме ұйымдастыру – құқықтық нысанындағы  заңды тұлға болып табылады. Қазқстан Ұлттық Банкінің өзіндік (дербес) балансы  болады, сондай-ақ ол өзінің филиалдарын, өкілдіктерін және ұйымдарын қоса алғанда  біртұтас құрылымды құрайды.

Қазақстан Ұлттық Банкі өз құзыретін және банктік қызметін жүзеге асыру барысында Қазақстан  Республикасы Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер  және банк қызметі туралы» заңдарды, өзге де заңнамалық актілерді, Қазақстан  Республикасы Президентінің актілерін, Қазақстан Республикасының басқа  мемлекеттермен жасасқан халықаралық  шарттарын басшылыққа алады.

 Ел экономикасының банктік секторындағы қоғамдық-мемлекеттік маңызды мән-жайларға орай Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі мақсатына Қазақстан Республикасындағы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жатады.

Ал осындай негізгі  мақсатты іске асыру тұрғысынан Қазақстан  Ұлттық Банкіне мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу; төлемдік жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; валюталық реттеуді және валюталық  бақылауды жүзеге асыру; қаржы жүйесінің  тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу тәрізді міндеттер жүктелген.

Қазақстан Ұлттық Банкі өз құзіреті шегінде:

1.  айналыстағы ақша көлемінің мөлшерін реттеу жолымен мемлекеттің ақша-кредит саясатын жүргізеді;

2. банкноттар мен монеталардың  бірден-бір эмитенті болып табылады  және мемлекеттік бағалы қағаздар  эмиссиясын жүзеге асырады;

3.  өзара келісім бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік қарыздарына қызмет көрсетеді;

4. банктерге және Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі бойынша өзінде банктік шот ашқан заңды тұлғаларға кредит береді;

5.  Қазақстандағы банктер үшін соңғы сатыдағы кредитор қызметін атқарады;

6. Қазақстан Ресрубликасындағы банктер және банк қызметі туралы  Қазақстан Республикасы заңының 30-бабында белгіленген барлық банктік операцияларды жүргізу тәртібін айқындайлы;

7. Қазақстан Республикасының  Қаржы рыногы мен қаржылық  ұйымдарды реттеу және қадағалау  жөніндегі агенттігіне валюталық  құндылықтармен жасалатын операциялардан  басқа банктік операциялардың  жекелеген түрлері бойынша лицензия  беруінің мән-жайлары туралы қорытынды  береді;

8. банктік операцияларды  жүзеге асыру барысында электрондық  банктік қызмет көрсету ережелерін  белгілейді;

9.   валюталық операциялардың барлық түрлерін жүргізе алады;

10. валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операциялардцы жүргізуге лицензиялар беріледі;

 

2.3  Банк жүйесіндегі Қазақстанның Даму Банкі жүйесіндегі коммерциялык банктер: ұйымдастырылу принциптері, қызметінің құқықтық нысандары

 

Қазақстанның Даму Банкі  жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы 100 процентті құрайтын, өзіне берілген ерекше құқықтық мәртебесіне орай Қазақстан  Республикасы банк жүйесінің екінші денгейіне қосылмайтын, Қазақстан  Республикасы аумағында және одан тысқары  жерлерде жүзеге асырылатын инвестиялық-қаржылық қызметпен Қазақстан Республикасы резиденттерінің экспорттық операцияларын  кредиттеу  қаржыландыру және ынталандыру мақсатында акционерлік қоғам нысанында құрылған занды тұлға, мемлекеттік кредиттік - қаржылық институт болып табылады.    

Қазақстанның Даму Банкі өз қызметінің барысында мемлекеттік  инвестициялық қызметті жетілдіру және оның тиімділігін арттыру,өндірістік инфра қүрылым мен өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестициялар тартуға жәрдемдесу сияқты мақсаттарды көздейді.

Осындай мақсаттарды іске асыру тұрғысынан Қазақстанның Даму Банкіне:

1)  инвестициялық жобаларға бес жылға және одан артық мерзімге (орта мерзімге) кредит беру:

2) инвестициялық жобаларға он жылға және одан артық мерзім жиырма жылға дейін (ұзақ мерзімді) кредит беру;

3) ел  аумағында шығарылатын өнімдердің экспортын ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы резиденттерінің экспорттық операцияларын кредиттеу;

4) басқа қаржылық-кредиттік институттар беретін заемдар мен кредиттер бойынша кепілдік міндеттемелер беру;

5) бірлесіп қаржыландыру  жолымен Қазақстан Республикасы  экономикасының өндірістік секторына  кредит беруді ынталандыру;

6) Қазақстан Республикасының  Үкіметі іске асыратын инвестиялық  жобаларды қаржыландырудың тетіктерін  жетілдіру сияқты және Қазақстан  Республикасының заңнамалық актілеріне  сәйкес өзге де міндеттер жүктелген.

Қазақстанның  Даму Банкі:

1) өзінің Кредит саясаты туралы Меморандумына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған өз кредиттік саясатын анықтауға;                                      

2) банктік сараптаманы және заемшының кредиттік қабілеттілігін талдау нәтижелері бойынша инвестициялық жобаны қайтарымдылық негізінде қаржыландырудың қыйсындылығын анықтауға;                                                                                              

3)  банктік сараптама жүргізу үшін сарапшыларды және консультанттарды тартуға;        

4) Кредит саясаты туралы Меморандумда белгіленген шектерде және тәртіп негізінде заем қаражатын қоса алғанда, өтімділігі жоғары қаржылық құралдардың ішкі және сыртқы         рыноктарында уакытша бос қаражатты орналастыруға;

5) осы Меморандумда белгіленген шекте заемдық қаражаттарды, оның ішінде республикалық және жергілікті бюджеттерден заемдық қаражаттарды  тартуға;  

6) бағдарламаға енбейтін республикалық және жергілікті инвестициялық жобаларды іріктеп алуға және Меморандумда 
белгіленген шектеулерді ескере отырып, бірлесіп қаржыландыруды қоса алғанда, оларға кредит беруге;

7)  жиынттық көлемі Меморандумда белгіленетін өз кепілдіктерін беруге;

8) отандық және  шетелдік банктердің, сондай-ак баска  да қаржылық институттардың қатысуымен қарыз алудың ұйымдастырушысы және қатысушысы болуға құқылы.

Қазақстанның  Даму Банкі агент ретінде қызмет көрсететін инвестиииялық жобаларды республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландыру бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тарапынан осы Банкке қаражаттар аудару жолымен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының  банк жүйесіндегі коммерциялық банктер акционерлік қоғам нысанында құрылған, Қазақстан Республикасының банктер, банктік қызмет туралы заңнамалық актілері, өздеріне қатысты өзге де заңнамалық актілер мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ арнаулы лицензиялар - рұқсаттар негізінде банктік операциялар мен мәмілелердің барлық түрлерін және тиісті қаржылық қызметті кең ауқымда жүзеге асыратын коммерциялық заңды тұлғалар кредиттік ұйымдар болып табылады.

Банк жүйесніңітөменгі (екінші) денгейіндегі коммерциялық банктер кәсіпкерлік қызметтің айрықша түрін банктік операцияларды тиісті заңдарға және лицензияларға сәйкес жүзеге асыру арқылы (нәтижесінде) белгілі бір көлемде мол пайда табуды көздейтін, таза нарықтық сипаттағы коммерциялық институттар ретінде ерекшеленеді.

Коммерциялық  банктер Қазақстан Республикасының  тиісті заңдарында заңды тұлғалар үшін белгіленген тәртіппен және банктер туралы заңдарда белгіленген мән-жайлар мен ерекшеліктер негізінде акционерлік қоғам нысанында құрылады.

Жаңадан құрылған коммерциялық банктің акционерлері банктің жарғылық капиталына Әділет министрлігінде не оның жергілікті бөлімдерінде банкті тіркейтін мерзімге қарай елу процент мөлшерінде және тіркелген күннен бастап бір күнтізбелік жыл ішінде толығымен төлем жасайды.

Қазақстан Республикасының  Қаржы рыногы мен қаржылық   ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігі өз құзыреті шегінде әрі өзі белгілеген тәртіппен коммерциялық банктерге банктік операциялардың Қазақстан Республикасы банктік заңнамасында көзделген түрлерін (валюталық   операциялардан басқаларын) жүргізуге лицензия береді. Сонымен қатар, аталған Агенттік банктерге, банктік топтарға арналған пруденциалдық нормативтерді және банктер үшін сақталуға    міндетті езге де нормалар мен лимиттерді белгілейді, сондай-ақ коммерциялық банктерді ашуға, қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім береді.    

Қазақстан Ұлттық Банкі және өзге де уәкілетті мемлекеттік    органдар коммерциялық банктердің операциялық іс-әрекеттеріне араласпайды. Олар банк жүйесіндегі адал бәсекелестіктің қалыптасуына жағдай жасауды көздейді.

Коммерциялық  банктердің пассивті операцияларына клиенттерге қызмет керсетуарқылы немесеклиенттерге  қызмет көрсетуден басқа да көздерден қаражаттар тарту жатады.

Коммерциялық банктердің активті операциялары банк клиенттерінін есебінен және олардың тапсырмалары бойынша банктің өзінің пайдасына жүргізілетін операциялар болып табылады.

Коммерциялық  банктер мен олардын клиенттері арасындағы операциялар және банк аралық қатынастар тиісті банктік шарттардың негізінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы экономикасының банктік секторындағы коммерциялық банктер елдің бірыңғай экономикалық кеңістігіндегі шаруашылық қызмет субъектілеріне қатысты және сыртқы экономикалық қызметке байланысты кредиттік, қаржылык. және есеп айырысу операцияларының барлық түрлерін жүзеге асырады.

«Қазақстан Республикасындағы  банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 30-бабына сәйкес коммерциялық банктер:

1)  занды тұлғалардың депозиттерін қабылдайды. сондай-ақ олардың банктік шоттарын ашады және жүргізеді;

2)  жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдайды, сондай-ақ олардың банктік шоттарын ашады және жүргізеді:

3) банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік есеп-шоттарын ашады және жүргізеді;

4) жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашады және жүргізеді;

5) кассалық операцияларды жүзеге асырады;

6) заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың ақша аудару жөніндегі тапсырмаларын орындайды;

7) занды тұлғалар мен жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге деқарыздық міндеттемелерін есепке алады (дисконттайды);

 

3 Бөлім. Банк және лицензиялау-рұқсат беру жүйесіндегі банктердің операциялық қызметін мемлекеттік реттеу.

3.1 Банктік қызметті ұйымдастыру және реттеу: қазіргі заманғы үрдістері, тәсілдері.

 

 

 Банк жүйесінің кредиттік- қаржылық орталық ретіндегі мәні мен маңызы, нағыз өркенлеп даму шағы нарықтық экономика жағдайында көрініс табады.

Банк кредиттік – қаржылық  процестерді мемлекеттік корпоративтік және т.б. тұрғыдан басқаратын Қазақстан Респпубликасындағы банктер елдің қаржы жүйсінің орталық буыны болып табылады, сондай-ақ олар ақша-кредит жүйсінің, ұлттық валютлық жүйенің тиімді жұмыс істеуін және тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Банк жүесіндегі банктік  қызмет Қазақстан Ұлтық Банкі  құзырының ауқымында және екінші деңгейдегі банктердің өкілеттіктері  шегінде жүзеге асырылады. өйткені  банктік қзымет тиісті заңнамалық актіде белгіленген банктік опрецияларды жұзеге асыру және банктердің құқықтық мәтртебесі мен функциялары ауқымымен  шектелген.

Информация о работе Қазақстан Республикасының банк жүйесі туралы