Қазақстан Республикасының банк жүйесі туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 20:25, курсовая работа

Описание работы

Банк жүйесі жабық жүйе. Өйткені, банктердің кейбір ақпараттары банкілік құпия болып саналады. Банк жүйесі өзін-өзі басқара алады. Ол дегеніміз, егер елде саяси ахуал, экономикалық жағдайлар және басқа да ахуалдар өзгеріп жатса, осыған қарай, банктер өздерінің саясатын өз бетінше, аралымдылықпен өзгерте алады. Мысалы, Ұлттық банк, екінші дәрежелі банктер үшін қайта қаржыландырудың өлшемдемесін өзгертсе, екінші дәрежелі банктер өздерінің проценттік саясатын өзгертеді немесе Үкімет ұлттық валютаның бағамын анықтау тәртібін өзгертсе, екінші дәрежелі банктер, ауыстыру бекеттеріндегі валюта бағамын қайта қарайды.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1Бөлім. Банктер
1.1Банктердің туындау – тарихи даму кезеңдері, түрлері..................................5
1.2Банктік қызмет: экономикалық және заңи аспектісі......................................6
2Бөлім. Қазақстан Республикасының банк жүйесі
2.1Қазақстан Республикасының банк жүйесі: экономикалық мәні, сипаты......8
2.2 Банк жүйесіндегі Қазақстан Ұлттық Банкі:құрылу, жұмыс істеу ерекшеліктері, айрықша экономикалық-қаржылық құзыреті...........................11
2.3 Банк жүйесіндегі Қазақстанның Даму Банкі жүйесіндегі коммерциялык банктер: ұйымдастырылу принциптері, қызметінің құқықтық нысандары..............13
3Бөлім. Банк және лицензиялау-рұқсат беру жүйесіндегі банктердің операциялық қызметін мемлекеттік реттеу
3.1 Банктік қызметті ұйымдастыру және реттеу: қазіргі заманғы үрдістері, тәсілдері..................................................................................................................17
3.2 Лицензиялау – рұқсат беру және банк жүйесіндегі нақтылы банктік қызмет.....................................................................................................................19
3.3 Банктік қызмет, валюталық реттеу және валюталық бақылау: мән-жайлары, уәкілетті органдары..............................................................................22
4Бөлім. Банк аясындағы басқару
4.1 Қазақстан Ұлттық Банкі аясындағы басқару................................................27
4.2 Қазақстанның Даму Банкі аясындағы басқару.............................................29
4.3 Коммерциялық банк аясындағы басқару......................................................31
Пайдаланылған әдебиет........................................................................................34
Қорытынды............................................................................................................35

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасының банк жүйесі.docx

— 60.21 Кб (Скачать)

Кіріспе

Қазақстан тәуелсіздік алғалы экономикамыз ілгері даму үстінде. Әлемдік  көрсеткішпен салыстырғанда біздің ел көршілес Еуропа, Батыс елдерінен  анағұрлым артта қалуда.

“Қазақстан Республикасының банк жүйесі туралы”  жазған курстық жұмысымның 2 тарауда кеңінен қарастырылған.

Бірінші бөлімде жалпы банктердің туындау – тарихи даму кезеңдері, түрлері яғни бұл жерде банк жүйесі деген не, оның құрылымы Банктердің алғашқы қалыптасып, даму кезеңдері, олардың банктік істері қызметі коммерциялық бағдарлы сипаты мен сан ғасырлар белесінде тарих бетінде іс қалдырғаны туралы жазылған. Жалпы Қазақстанның ұлттық және даму банктері туралы мәселелері, валюталар, коммериялық банктер т.б жазылған.

Курс жұмысын жазуды бастамас бұрын жалпы банк жүйесі деген  не, оның құрылымы, ерекшеліктері туралы жазып өтейін.

Әр түрлі банктердің жиынтығы, осы елге тән өзара байланыстылық  пен банк жүйесін құрады. Банк жүйесі мынадай ерекшеліктерімен сипатталады.

Банк жүйесіне кейбір банк операцияларына қатынасы бар, бірақ  “банк” деген мәртебесі жоқ элементтер кіреді. Мысалы, кейбір банк операцияларын  жүргізуге рұқсат алған арнаулы  қаржы институттары, басқа да банктік  инфроқұрылымын құрайтын, және оның жұмыс  істеуіне әсер ететін мекемелер.

Банк жүйесінің өзінше ерекшеліктері бар. Бұл жұйе тек  өзіне тән қасиеттерді көрсетеді. Оның ерекшелігі өзін құрайтын элементтермен  және олардың арасында қалыптасқан  қарым-қатынастармен анықталады, әрине  банк жүйесін зерттегенде алдымен  осы жүйенің басты элементі банктер  көзге түседі. Өйткені, олар банк жүйесіне банктік мән береді. Дегенмен банк жүйесінің мазмұны оның элементтерінің, мазмұндарының қосындысы деп  түсінбеу қажет. Банк жүйесінің мазмұны  ғана емес, оны құрастыратын элементтердің  өзара байланыстарына да көңіл аударады.

Банк жүйесін бір тұтас  жүйе деп ұсынуымыз керек. Себебі, жеке бөліктерінің өзара байланыстары, керек болған күнде бірін-бірі ауыстыруға бейімделген. Басқаша айтқанда, егер бір банк жұмысын тоқтатса, оның клиенттері басқа банктерден бұрынғы  қызметтерін, бұрынғы көлемде пайдалана  алады.

Банк жүйесі әр уақытта  өсу және жетілу жолында. Олай деуге  себеп, ол күн сайын жаңа компоненттермен  толтырылады, банк аралық және Ұлттық банкпен немесе Шетелдік банктер  арасында жаңа қатынастар пайда болады.

Банк жүйесі жабық жүйе. Өйткені, банктердің кейбір ақпараттары  банкілік құпия болып саналады. Банк жүйесі өзін-өзі басқара алады. Ол дегеніміз, егер елде саяси ахуал, экономикалық жағдайлар және басқа да ахуалдар өзгеріп жатса, осыған қарай, банктер  өздерінің саясатын өз бетінше, аралымдылықпен өзгерте алады. Мысалы, Ұлттық банк, екінші дәрежелі банктер үшін қайта  қаржыландырудың өлшемдемесін өзгертсе, екінші дәрежелі банктер өздерінің  проценттік саясатын өзгертеді немесе Үкімет ұлттық валютаның бағамын  анықтау тәртібін өзгертсе, екінші дәрежелі банктер, ауыстыру бекеттеріндегі валюта бағамын қайта қарайды.

Банк жүйесі басқарылатын жүйе. Дербес заңды тұлға бола тұра банктер өз қызметтерін жалпы  мемлекеттік және арнайы банктік  заңдардың шегінен шығармайды. Олардың  қызметтерін Ұлттық банк реттеп лтырады. Ол үшін Ұлттық банк екінші дәрежелі банктер  үшін экономикалық мөлшерліктер белгілейді, оларды бұзғаны үшін банктер, банк операциясын  жүргізуге берілген рұқсат қағазынан  айырылуы мүмкін.

Қазіргі банк жүйесінің барлық элементтері нарықтық тұрпатқа сәйкес келеді. Тек, олардың кейбір жетілмегендіктері  бар, ол уақытша жағдай. Бара-бара нарықтық қарым-қатынастар жетілдірілген сайын, банк жүйесі де жетілдіріледі. Сөйтіп, бәрі де өз орнына келеді. Сондықтан  банктің өтпелі кезеңі лайық, ерекше жүйесі бар деген дұрыс болмайды.

 

 

 

1 Бөлім

1.1 Банктер: туындау – тарихи даму кезеңдері, түрлері  

Нарықтық даму  жағдайындағы  қоғам өмірінің әр алуан әлеуметтік экономикалық мүдделерінің  түйісетін жері банктер жұмыс істейтін банк жүйесінің ауқымы болғандықтан сондай-ақ осы жүйе арқылы мемлекеттің қаржы арқылы, ақша-кредит, оның ішінде валюталық саясатын іске асыру мақсатында түрлі банктік операциялар жүргізілетіндіктен банктер мен олардың қызмет аялары банктік құқық құзырымен қамтылатыны бүгінде көпшілікке мәлім.

Осы орайда банктік құқықтың мән-жайын және қажеттілігін негіздеу үшін «Банк» сөзінің  ,банктік қызметтің  мағынасын қысқаша анықтау әрі ашып көрсету жөн болар деп санаймыз .Банктердің алғашқы қалыптасып ,даму кезеңдері, олардың банктік істері қызметі коммерциялық бағдарлы сипаты мен сан ғасырлар белесінде тарих бетінде іс қалдырғаны белгілі.

Ең алғашқы банктер  ретінде тауарлар мен ақша қаражаттарын сақтауға қолайлы қауіпсіз жер храмдар  болып есептелген осындай операциялар  біздің эрамызға дейінгі XXVIII – XXVII ғ.ғ. мысырда (Египетте) жүзеге асырылған. Ал көне Вавилон мен Ассирия археологиялық қазбалары кезінде табылған көптеген қыш тақтайшалар (құжаттар) храмдарда қаражат сақтау нысандары мен қарыз беру операциялары заңмен реттеліп отырғанын сондай-ақ ақша қаражаттарын сақтағаны үшін заң жүзінде ақы алу көздегенін дәлелдейді.

Дегенмен аталған банктік  операциялар толық мәнде банктік  қызмет болып табылмаған. Себебі толыққанды банктік істі дамыту негізін банктердің сақтау функциясына қоса жүргізілген кредиттік операциялар қалаған .Ал көне банктік іс саласындағы кәсіби қызметті жүзеге асырушылар ретінде айырбасшылар мен өсім қорлар  ғана көрініс тапқан . «Банк» сөзі Италия тілінде «вансо»  -ақшалы стол ,айырбас жүргізілетін орын (дық) деген мағынада түсіндірілген.Сонымен  коммерциялық ұйымдар ретінде  туындап , дамыған банктер әр даму кезеңінде банко ,трапезид, аргираймос, довейстаи , аргентарии, мансарии, трансферит, кумуляри деп аталған. Ең бірінші банк «Банка ди Сан Джорджо» Италияның Генуя қаласында 1407 ж мамандырылған .Кредиттік – есеп айырысу институты ретінде құрылған болатын.

Дүние жүзіндегі елдің  банктері кезінде Ганзейлік банктер, кенетпен сауда жасайтын Британ банкі ,теңіз саудасына арналған Пруссия  банкі ,Париж есепке алу қаласы, Ломбардтар, жиро банктер, Ресей мәнет канцелияриясы  деген және т.б аттары мен белгілі  болған .Бүгінде Ресей Федерациясының Орталық Банкі  , Францияның мемлекеттік банкі, Австралияның Ұлттық Банкі, Белгияның ұлттық банкі ,Италияның ұлттық банкі  ,АҚШ орталық банкі- федеральдық резервтік жүйе, Ағылшын Банкі және т.б елдердің ұлттық немесе орталық банктер жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта банктер  меншік нысандарына қарай: мемлекеттік  банк; жеке меншік банк; акционерлік  банк; кооперативтік банк; муниципалдық банк ; аралас банк;  халықаралық банк болып бөлінеді. Осы банктер өз өкілеттігі мен қызмет аяларына орай депозиттік банк, инновациялық банк, клирингтік банк , коммерциялық банк, жер банкі, ипотекалық банк, жинақтау банкі, консорциялдық банк, даму банкі,амбебаб банкі,трансұлттық банктері, тұтыну кредиті банкі ,мемлекет аралық банк және т.б. банктер түрінде сипат алады.

 

 

 

1.2 Банктік қызмет: экономикалық және заңи аспектісі

 

Бүгінде мемлекетімізде жүргізіліп жатқан жан-жақты реформалар банктік  қызмет аясына да айтарлықтай ықпалын  тигізуде.Осы орайда  банктік қызметтің мақсатына бағыт-бағдарларының жаңаша рыноктық сипат алуы еліміздегі әлеуметті –экономикалық және саяси жүйедегі процесстер мен айқындалуда.

Қазіргі ауқытта банктік  қызмет қоғам мүддесі мен мемлекет қажеттілігіне байланысты күрделі  мәселелерді шешуге септігін тигізетін , қаржы жүйесін және қаржылық рынокты  нарықтық жағдайларға сай келтіруге, кредиттік жүйені және инвестициялық белсенділікті дамытуға , әлеуметтік –экономикалық тұрақтылықты тиісінше қамтамасыз етуге ат салысатын, тиісті заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актлерге сәйкес жүзеге асырылатын экономикалық сипатты мемлекеттік қызмет, сондай-ақ жекеше, корпоративтік  экономикалық-қаржылық мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған,лицензияланатын банктік операциялар мен мәмілелер ретінде көрініс тауып отыр.

Бүгінде қоғаммен мемлекеттің  экономикалық-қаржылық мүдделері қамтамасыз етуді көздей отырып Қазақстан Ұлттық Банкі , Қазақстанның Даму Банкі, Қазақстан  Республикасының тұрғын –үй құрылысы жинақ банкі жұмыс істейді.

Коммерциялық банктер  қолма-қол ақшасыз айналымды және қолма-қол ақша айналысын ұйымдастыру; кредиттеуге қажетті қаражаттарды тарту-жұмылдыру; негізгі құралдарға байланысты күрделі салымдарды қаржыландыру; тұрғылықты халықтың ақша қаражаттарын жинақтауды ұйымдастыру; бағалы қағаздар , вексельдер және чектер шығару ,уәкілетті  банктер ретінде түрлі валюталық операциялар жүргізу сияқты және т.б. қызметтерін тиісті заңнамалық актілер,заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер мен лицензиялар негізінде жүзеге асырады.

Банктер өз қызметтері (операциялары )барысында  барынша пайда табуға ат салысады.Банктік қызметтің затына ақшалар валюталық құндылықтар және өзге де қаржылықты инструменттер жатады.

Банктік операциялар мен  мәмілелерді тиісті заңнамалық актілер  негізінде және осы заңнамаларға сәйкес берілген лицензияға сай жүргізетін коммерциялық ұйым заң жүзінде өкілеттігі  белгіленген заңды тұлға –банк түрлері банктік құқықтық қатынастардың тұрақты  субъектісі  болып табылады.

Банктік қызмет (операциялар) Қазақстан Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының  Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігі құзыретінің ауқымында  және коммерциялық банктердің өкілеттігі  шегінде жүзеге асырылады.

Сонымен банктік қызмет ел экономикасының  банктік секторындағы барлық  банктердің қоғамдық –мемлекеттік  маңызы басым және жекеше –коорпоративтік экономикалық-қаржылық мүдделер мен қажеттіліктерді қамтамасыз етуге бағытталған ,банк жүйесін , мемлекеттік жйне мемлекеттік емес банктердің кадрлық  ресурстарын қалыптастыруға және оларды басқаруға бағдарланған , тиісті заңнамалық актіде көзделген операциялар мен мәмілелерді заңдық немесе лицензиялық негізде жүйелі әр тұрақты жүзеге асыруға байланысты кредиттік – қаржылық мазмұнды экономикалық қызметтері болып табылады.

 

 

2 Бөлім.  Қазақстан Республикасының банк жүйесі

2.1 Қазақстан Республикасының банк жүйесі: экономикалық мәні, сипаты. 

 

Қазақстан Республикасының  егемен мемлекет ретінде дамуы, оның экономикалық қауіпсіздігі, мемлекеттік  билік органдары мен жергілікті мемлекеттік басқару органдарының мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің үзбей және тиімді жұмыс істеу  елдің стратегиялық маңызы бар банк жүйесінің жай-күйі мен тұрақтылығына  әрі орнықтылығын қамтамасыз ету  мәселелеріне тікелей байланысты болады.

Қазақстан Республикасының  банк жүйесі жоғарғы (бірінші) деңгейі  егемен Қазақстанның орталық банкі  болып табылатын Қазақстан Ұлттық Банкінен тұрады.

Мемлекеттің монета аралық билігінің және мемлекеттік банктік  менеджменттің басты органы Қазақстан  Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде  Қазақстан Республикасының экономикалық-қаржылық мүддесін тиісінше қамтамасыз етуге  ат салысады.

Қоғам мен мемлекеттің  мүддесіне сай инвестициялық-қаржылық және кредиттік құзыреті бар Қазақстанның Даму Банкі өзінің ерекше құқықтық мәртебесіне орай деңгей аралық мемлекеттік  банк ретінде көрініс тапқан.

Қазақстан Республикасы банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін:

1.мемлекетаралық банктер;

2.Қазақстан Республикасының  резидент банктері (заңды тұлғалар  – коммерциялық ұйымдар);

3.Қазақстан Республикасындағы  резидент емес банктер;

4.шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының резидент банкі- аралас капиталы бар банктер құрайды.

Қазақстан Республикасының  осындай нарықтық үлгідегі банк жүйесінің  құрылуы және оның нормативтік құқықтық негіздерінің айтарлықтай қалыптасуы елімізде үзбей  жүргізіліп жатқан экономикалық және құқықтық реформаның жемісті нәтижесіне жатады.

Қазақстан Республикасының  банк жүйесінің нормативтік құқықтық негізін құрайтын  банктік заңнамалық актілердің нормаларының өзара генетикалық, функционалдық және құрылымдық  байланыстары банктік заңнаманың банк жүйесі ауқымында жүзеге асырылатын банктік қызмет (банктік операция, мәміле, іс-әрекет) барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды жан-жақты реттей алатынын көрсетеді.

Банк жүйесінде жүргізілетін әр алуан банктік операциялық  қызметтің ұйымдастырылуы ерекшелігі және ресурстық – ұйымдастыру  негізін құру процесінде айқындалады.

Қазақстан Республикасы банк жүйесінің құрылуы өзіне тән  біртұтастық және құрылымдық ерекшеліктерге байланысты болады. Осындай иерархиялық, біртұтастық және құрылымдық сипаты-мәні банк жүйесінің тиісінше қалыптасуына септігін тигізеді. Қазақстан Республикасының  қазіргі заманғы банк жүйесі өз ауқымдағы  мемлекеттік банктік менеджмент мән-жайларымен ғана емес, сонымен бірге  өзіндік (корпоративтік) басқаруға  және ұйымдастыруға қабілеттілігімен ерекшеленеді.

Сонымен Қазақстан Республикасының  бүгінгі банк жүйесінің сипаттамалық белгілері мынадай көрініс табады:

1.  Қазақстан Республикасының банк жүйесі күрделі әлеуметтік жүйе тобына жатады;

2. Банк жүйесінің қоғам  мен мемлекеттік мүдделеріне  жұмыс істеуіноның нормативтік  құқықтық базасын құрайтын банктік  заңнамалық актілер және заңға  тәуелді нормативтік банктік  актілер, сондай-ақ халықаралық  банктік келісімдер мен банктік  стандарт ережелері қамтамасыз  етеді;

3. Қазақстан Республикасының банк жүйесі мемлекеттік банктік менеджмент (мемлекеттік басқару – реттеу ықпалы) ауқымында жұмыс істейді;

4.  Банк жүйесі Қазақстан Республикасы қаржы – кредит жүйесінің аса маңызды бір бөлігі болып саналады;

5.  Қазақстан Республикасының банк жүйесі екі деңгейлі иерархиялы, бір тұтас және өзіндік ұйымдастырылуға қабілетті құрылым болып табылады;

Информация о работе Қазақстан Республикасының банк жүйесі туралы