Қазақстан Республикасының ақша жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 13:35, курсовая работа

Описание работы

Ақша тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шартты өнім болып табылады. Тауар – бұл сату айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың босқа кеткені; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы.

Работа содержит 1 файл

Акша несие курсовой дурысы.doc

— 267.00 Кб (Скачать)

Қазақстанның  ұлттық валютасы - тенге айналысқа енгеннен бері, яғни 18 жыл тарихында көптеген ескерткіш және мерейтойлық қымбат металдан жасалған монеталар айналысқа шығарылды.

Монеталар – ерекше әрі тарихи дерек көзі.  Олар бүгінгі күнге тарихи тұлғалардың тұтас бір портреттік галереясын, түрлі ескерткіш бейнелерді алып келді, олардағы суреттерде мифологиялық сюжеттер, тұрмыс-салт көріністері бейнеленген.

Монеталар –  халықтардың экономикалық және саяси тарихын, олардың материалдық және рухани мәдениетін жан-жақты зерделеу үшін тамаша материал. Олар елдің және тарихи дәуірдің «бет-бейнесі» сияқты. Ұлттық Банктің шығарған монетаның әрбір сериясының Қазақстан Республикасының дамуында өз тарихи орны бар.

Алғашқы кезде  Теңгенің бірінші шығарылған қатары (1 теңге = 100 тиын) мынадай номиналдардан  тұрды:

1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік банкноттар

1, 3, 5, 10, 20 теңгелік  монеталар,

1, 3, 5, 10, 20 және 50 тиындық монеталар (бастапқыда қағаздан жасалған).

Кейіннен айналысқа:

1994 жылы 1993 жылғы  үлгідегі номиналы 200 теңгелік және 1994 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар;

1995 жылы 1994 жылғы  үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар;

1996 жылы 1996 жылғы  үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар;

1997 жылы номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңгелік монеталар (жаңа  дизайны);

1999 жылы 1998 жылғы  үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар;

2000 жылы 1999 жылғы  үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік  банкноттар (дизайны өзгертілген),

2001 жылы:

2000 жылғы үлгідегі  номиналы 1000 және 2000 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген);

2001 жылғы үлгідегі  номиналы 100 теңгелік банкноттар (дизайны  ішінара өзгертілген);

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік мерейтойлық банкноттар;

2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар (дизайны  ішінара өзгертілген).

2002 жылы:

2003 жылғы үлгідегі  номиналы 100 теңгелік банкноттар;

1999 жылғы үлгідегі  номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген) шығарылды.

2003 жылы:

2003 жылғы үлгідегі  номиналы 10 000 теңгелік банкноттар.

2006 жылы:

200, 500, 1000, 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттар (мүлде  жаңа дизайн).

Ұлттық валютаның  ішкі тұрақтылығы инфляция қарқынының төмен болуының сақталуымен, ал сыртқы тұрақтылық – айырбас бағамының тұрақтылығымен сипатталады. Инфляцияның төмендеуі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізеді және сол арқылы экономикалық өсуге жағдай жасайды. Айырбас бағамының тұрақтылығы инфляциялық күтулерге және ішкі қаржы рыноктарының тұрақтылығына оң ықпалын тигізеді.

Экономикда ақша ұсынысының сұраныстан едәуір артуы бағалардың өсуіне, яғни инфляцияны тездетуге  әсер тигізеді. Сондықтан Ұлттық банк ақша-кредит саясатының құралдарын  пайдалана отырып , экономикаға ақшаның түсуін реттейді. Мысалы, ақша шамадан тыс көп түскен кезеңдерде Ұлттық банк портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздардың бір бөлігін сатып, ақша ұсынысын азайтады. Ақша жетіліксіз көлемде түскен кезеңдерде қайталама рынокта айналыста жүрген мемлекеттік бағалы қағаздардың бір бөлігін сатып алып, ақша ұсынысын ұлғайтады.

Ақша - несие саясатының негізгі құралдары ашық рынок операциялары – бағалы қағаздарды сату және сатып алу болып табылады. Олар ең алдымен қысқа мерзімді ноттар шығару және өтеу арқылы жүргізіледі. Сонымен бірге, Ұлттық банк векселдері қайта есептеу арқылы банктердің ресми ставкаларын реттеуді және қайта қаржыландыруды, банктердің қысқа мерзімді өтімділігін  қолдау үшін банктерге қысқа мерзімді кредиттер (күндізгі және овернайт) беруді жүзеге асырады. Соңғы уақытта банк секторының нығаюына байланысты, екінші деңгейдегі банктерге кредиттер сирек берілетін болды. Қайта қаржыландыр ставкасы негізінен индикативтік сипатта болады және Ұлттық банктің қысқы мерзімді инфляция күтулерін көрсетеді.

Банк жүйесінің өтімділікті  реттеудің қосымша құралы тікелей  және кері РЕПО операцияларын жүргізу  болып табылады. Болашақта бұл  операциялар банк жүйесінің өтімділігіне ықпал ететін негізгі құралдар болатыны күтілуде.

«Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі туралы» Заңға енгізілген 1 қаңтардан бастап күшіне енетін соңғы өзгерістерге сәйкес, Ұлтты банктің негізгі мақсаты бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан алдағы уақытта Ұлттық банк инфляция бойынша бағдарларды ғана белгілейтін болды. Тиісінше, Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамы бойынша бағдарларды белгілемейді және ішкі валюта рыногында теңгенің айырбас бағамының алыпсатарлық секірістерінің алдын алу қажет болғанда ғана барынша аз қатысатыны болмаса, оны қалыптастыруға қатыспайды.

Теңгенің айырбас бағамының  өзгеру қарқыны төмен және тұрақты  болуы экономикадағы жағдайдың  тәуір екендігін көрсетеді. Осы  орайда таяу перспективаға Г.А. Марченконың  сөзіне сүйенсек: «Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі туралы» Заңға енгізілген өзгерісткрге сәйкес Ұлттық банктің негізгі мақсаты – осы жылдан бастап Қазақстан Республикасында бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болды.

Ұлттық банк сыртқы рынокта  қазақстандық тауарлардың баға бәсекелестігі  қабілетін қолдау үшін теңгенің өзгермелі  айырбас бағамының режимін сақтау ниетінде, ол ақшаға сұраныс пен ұсыныстарға байланысты бағамның өзгеруіне негіз болады. Тиісінше, Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамы бойынша бағдарларды белгілемейді және ішкі валюта рыногында теңгенің айырбас бағамының алыпсатарлық секірістерінің алдын алу қажет болғанда ғана барынша аз қатысатыны болмаса, оны қалыптастыруға араласпайды».

Қазақстан Ресубликасының 1995 жылғы наурызындағы №2155 «Қазақстан Ресубликасының Ұлттық Банкі туралы»  Заңының 42-бабына сәйкес,  монеталар мынадай түрге бөлінеді:

- инвестициялық  монеталар - инвестициялау және  жинақталған ақша қаражаты объектісі  болып табылатын, қымбат металдан  дайындалған монеталар; 

- коллекциялық  монеталар - коллекциялау және  жинақталған ақша қаражаты объектісі  болып табылатын, қымбат металдан және қымбат емес металдан шектеулі тиражбен дайындалған мерейтойлық, ескерткіш және арнайы соғылған монеталар; 

- айналыста  жүретін монеталар - қымбат емес  металдан дайындалған және қолма-қол  айналысына арналған монеталар.

Инвестициялық монеталардың – коллекциялықтан айырмашылығы, біріншіден, неғұрлым айтарлықтай ірі таралымен шығарылады, екіншіден, соғылу сапасы бір сатыға төмен. Егер ескерткіш монеталар, әдетте,  коллекцияларда сақталып, негізінен нумизматтар арасында айналатын болса, инвестиялықтар еркін нарықта құймалармен тең қолданылады.

Инвестиялық монеталар  Қазақстан Ресубликасында «Жібек Жолы»  деп аталады, олар 1996 жылғы 19 ақпанын  бастап айналысқа шығарылды.

Қазақстанда инвестиялық  монеталар тиімді инвестициялау  және жинақ қаражатын сақтау үшін шығарылады.

«Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» сериясынан («Бесікке салу», «Тұсау кесу», «Қыз қуу», «Беташар») күміс номиналы 500 және Нейзильбер қоспасынан номиналы 50 теңгелік монеталар  шығарылды. Бұлар ескерткіш монеталар – Қазақ халқының әдет-ғұрыптары және ұлттық мәденитін кеңінен таратуға арналған.

«Ертеде соғылған монеталар» сериясы («Драхма», «Дирхем», «Отрар» монетасы, «Сарайшық» монетасы) Қазақстан аумағындағы археологиялық  қазбалар кезінде табылған монеталарға арналған.

«Қазақстанның мешіттері мен шіркеулері» сериясы («Түркістан», «Айша-бибі мавзолейі», «Жошы-хан  мавзолейі», «Бабаджа-хатун кесенесі», «Орталық мешіт», «Нұр-Астана мешіті»  және т.б. ) Қазақстанның бүкіл мәдениетін кеңінен танытуға, діни ұғымды, жеке тұлғанының рухани және адамгершілік тұрғыдан өзін-өзі жетілдіру жолындағы ілім ретінде танытуға арналған.

 «Қазақстанның  қызыл кітабы» сериясы («Дудақ»,  «Сайғақ», «Қар Жолбарысы», «Тянь-Шянь  аюы», «Жалбағай» және т.б.) Қазақстанның  сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар әлеміне арналаған.

 Соңғы 4-5 жылда қымбат металлардан қазақстандық  монеталарға нумизматтардың, сол  сияқты халық тарапынан сұраныстың  өсу үрдісі байқалады.

Ұлттық Банкі  Маңғыстау филиалының ұсынысымен «Қазақстанның  мешіттері мен шіркеулері» сериясынан сынымы 925/1000 күмістен, массасы 31,1 грамм, номиналы 500 теңге «рroof» сапасымен жасалған, таралымы ең көп -15000(он бес мың) дана «Бекет-ата ғибадатханасы» ескерткіш монетасының дизайыны бекітілді. Осы монетаның жергілікті халықтың 2010 жылы айналысқа шығатынын есіне саламыз.

Ұлттық Банктің  қымбат металдан жасалған монеталары жыл сайын өтетін халықаралық  нумизматикалық конкурстарына 2000 жылдан бері қатысып, монета жоғары техникалық соғу сапасы жағынан осы байқаулардан бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды.

 Бүкіл әлем  нумизматтары қымбат металдан  жасалған Қазақстан ескерткіш  және мерейтойлық  қымбат металдан  жасалған монеталарын өте жоғары  бағалады.

 Нумизматтар  және Қазақстандағы ақша айналысының  тарихына қызығушылық білдіретін көпшілік үшін 1993 – 2009 жылдардағы кезеңде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған барлық монеталар туралы ақпаратты қамтитын «Қазақстан монеталары» атты жарнамалық бірнеше каталогтар, сондай-ақ Қазақстандық ақша белгілері туралы сурет альбомдарын шығарды.

Қазақтың өз ақшасы, ұлттық валютасы – теңге  айналысқа шығып, елдің тәуелсіздігінің  нығаюына, халықтың және кәсіпорындардың сеніміне ие болып, өзінің 18 жыл тарихында тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәмізі екенін дәлелдеп, мемлекеттің қаржы-несиелік саясатына орасан зор ықпалын тигізді. Теңгенің де алдағы уақытта атқарар игі істері мол.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II тарау.  Қазақстан Республикасының ақша жүйесін талдау

 

            Қазақстан Республикасының ақша жүйесін талдауда біз ҚР – ң Ұлттық Банкі мәліметтері негізінде «ақша агрегаттарын» қарастырамыз. Аталған кестеде ақша агрегаттарының үш мерзімдік көрсеткіштері берілген. Және де сол көрсеткіштердің мерзімдері бойынша ауытқулары есептеліп, графиктері көрсетілген.

 

Ақша агрегаттары

 

Кесте №1

Көрсеткіштер

Мерзімі

Ауытқуы

12.10 

01.11 

02.11 

млн.тг

%- пен

1. Ақша  базасы (резервтiк ақша)

2 572 881

2 641 507

2 630 137

57 256

2,23

жылдың  басынан бергі кезеңдегі өзгеріс, %

5

2,7

2,2

-3

-56,00

оның iшiнде:

         

1.1 ҚҰБ-нен тыс  қолма-қол ақша

1 306 208

1 252 898

1 248 329

-57 879

-4,43

1.2 ЕДБ-дiң және  басқа ұйымдардың

         

ҚҰБ-дегі депозиттерi

1 266 673

1 388 608

1 381 808

115 135

9,09

Ақша  базасы (тар мағынада)

2 143 662

2 196 323

2 143 030

-632

-0,03

жылдың  басынан бергі кезеңдегі өзгеріс, %

9,3

2,5

0

-9

-100,00

оның iшiнде:

         

ЕДБ-дiң ҚҰБ-дегі резервтiк депозиттерi

292 371

387 193

342 311

49 940

17,08

2. МО

         

(айналыстағы  қолма-қол ақша)

1 148 489

1 094 781

1 091 552

-56 937

-4,96

жылдың  басынан бергі кезеңдегі өзгеріс, %

25,7

-4,7

-5

-31

-119,46

3. М1

3 139 330

3 112 623

3 137 096

-2 234

-0,07

жылдың  басынан бергі кезеңдегі өзгеріс, %

27,7

-0,9

-0,1

-28

-100,36

оның iшiнде:

         

3.1 халықтың теңгедегi аудармалы депозиттерi

226 520

204 599

215 104

-11 416

-5,04

3.2 банктік емес  заңды тұлғалардың

         

теңгедегi аудармалы  депозиттерi

1 764 321

1 813 243

1 830 440

66 119

3,75

4. М2

6 622 604

6 649 830

6 802 837

180 233

2,72

жылдың  басынан бергі кезеңдегі өзгеріс, %

24,1

0,4

2,7

-21

-88,80

оның iшiнде:

         

4.1 халықтың теңгедегi басқа депозиттерi

         

және шетел  валютасындағы

         

аудармалы депозиттерi

1 042 679

1 068 366

1 102 930

60 251

5,78

4.2 банктік емес  заңды тұлғалардың

         

теңгедегi басқа  депозиттерi

         

және шетел  валютасындағы

         

аудармалы депозиттерi

2 440 596

2 468 841

2 562 811

122 215

5,01

5. М3 (ақша  массасы)

8 546 381

8 608 602

8 605 665

59 284

0,69

жылдың  басынан бергі кезеңдегі өзгеріс, %

14,1

0,7

0,7

-13

-95,04

оның iшiнде:

         

5.1 халықтың шетел  валютасындағы

         

басқа депозиттерi

925 706

935 916

929 259

3 553

0,38

5.2 банктік емес  заңды тұлғалардың

         

шетел валютасындағы

         

басқа депозиттерi

998 071

1 022 856

873 569

-124 502

-12,47

   

 

 

 

Сурет №1

 

 

Берілген диаграммадан ақша базасының 2011 жылдың ақпан айында 2010 жылдың желтоқсан айына қарағанда  аздап өскенін көреміз. Бұл көрсеткіштің өсуіне негіз болған 2010 жылы Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының қолданысқа енгізілуі де себеп болды. Және де 2010 жылғы 5 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі теңге бағамы ауытқуларының дәлізін кеңейтті: 150 теңге/доллар (+)10% немесе 15 теңге, (-)15% немесе 22,5 теңге. Бұл дәліз 2011 жылғы 20 наурызға дейін деп белгіленген. 2010 жыл ішінде теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі валюта нарығына барынша аз қатысуымен, берілген дәліз шеңберінде қалды.

Бұл ретте ұлттық валютаның нығаю үрдісі байқалды, соған сәйкес ақша базасының да ұлғайғанын көреміз.

 

Сурет№2

 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің дағдарысқа қарсы шараларының, сондай-ақ әлемдік шикізат нарықтарындағы қолайлы ахуалдың арқасында 2011 жылы елдегі экономикалық өсудің қалпына келуі жалғасты. Бұл ретте орта мерзімді ЖІӨ-нің өсу қарқындары қалыпты өсіп отырды. Соның нәтижесінде елдегі ақша массасы 59 284 млн.тг (Кесте №1), халықтың аудармалы депозиттерi 60 251 млн.тг (Кесте № 1) де біршама артып отыр.

 

 

Қорытынды

 

Қорыта келгенде, ақшалар ертеден адамзаттың пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді десе болады. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды.

Тауар айналысының  тарихи дамуы прцесінде жалпыға  бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдары және тағы басқалар. Мұныңбарлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негіздеген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.

Эконмикалық категория  ретінде ақшалар өндіріс және бөлу прцесінде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейді. Бұл жерде ақша бес түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау және қорлану құралы, дүниежүзілік ақшалар.

Ақшаның өзінде, сондай-ақ оладың қызметтерінде жылдар бойы өзгерістер болды. Егер де бұрындары сатып алу – сату процесі жалпыға бірдей эквивалентпен алтынмен жүргізілсе, бұл күндері қағаз және несие ақшалармен жүзеге асуда.

Сонымен ақша жүйесі дегеніміз – бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекітілген ақша айналысын ұйымдастыру формасы. Ақша жүйесінің негізгі міндетіне ресми ақшалардың бірлігі, ақша белгілерінің эмиссиясы сонымен қатар монеталарды жасау кіреді.

Информация о работе Қазақстан Республикасының ақша жүйесі