Қаржылық талдаудың әдістері мен тәсілдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2012 в 10:25, курс лекций

Описание работы

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты. Кәсіпорының қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, «қаржылық жағдай» дегеніміз немесе «қаржылық жай-күй» дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. «Қаржылық жағдай – бұл қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы».

Содержание

1. «Қаржылық талдау» пәні, мазмұны, оның мақсаттары мен міндеттері
2. Қаржылық талдаудың әдістері, ерекшеліктері
3. Қаржылық талдаудың әдістері

Работа содержит 1 файл

Копия karji tal.doc

— 287.50 Кб (Скачать)

    Ол  үшін есеп берудің 3-ші нысаны қолданылады (Ақшаның жылжуы туралы есебі).

    Активтерді  талдап аяқтағаннан кейін жалпы  қорытындылар жасалынып, олардың деңгейін, пайдалану тиімділігін жетілдіру бойынша іс-шаралар ұсынылуы қажет.

    2. Талдау жүргізушінің келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін талдау болады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оның құрылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.

    Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған (қарыз) капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.

    Капитал – бұл кәсіпорынның пайда алу  мақсатында өз қызметін жүзеге асыру  үшін меншігіндегі қаражаттар.

    Кәсіпорынның  капиталы меншіктік (ішкі) және қарыз (сыртқы) көздері есебінен қалыптасады. Негізгі  қаржыландыру көзі болып меншік капиталы табылады. Оның құрамына: жарғылық капитал, резервтік капитал, қосымша төленген капитал, қосымша төленбеген капитал, бөлінбеген табыс кіреді (сурет 2). 

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Сурет 2. Кәсіпорынның меншіктік капиталдың құрамы 

    Қатыстырылған (қарыз) капитал – бұл банктердің, қаржылық компаниялардың несиелері, кредиторлық қарыз және т.б. Кредиторлық қарыз ұзақ мерзімді (1 жылдан аса) және қысқа мерзімді (1 жылға дейін) болып бөлінеді.

      
 
 

    Қаржылық  есеп берудің активтерінің қалыптасу  көздерінің құрылымын зерттеу үшін келесідей талдау кестесі құрылады (кесте 8). Кестенің берілгені бойынша қорытындылар жасалынады.

    Активтерінің  қалыптасу көздерінің жалпы өзгерістері  анықталғаннан кейін, меншік капиталдың құрамы мен құрылымындағы өзгерістерін қарастыру қажет және оның деңгейін сипаттайтын көрсеткіштерді есептеу қажет. Ол үшін келесідей аналитикалық кесте қолданылады (кесте 9). 

    Талдаушының келесі міндеті болып қатыстырылған (қарыз) капиталдың құрамы мен құрылымын  талдау табылады. Қарыз капиталдың құрамы мен құрылымы кәсіпорынның қаржылық жағдайына үлкен әсер етеді. Қарыз капиталдың құрамы мен құрылымын талдау үшін келесідей аналитикалық кесте қолданылады (кесте 9).

    Меншіктік және қарыз капиталды сипаттайтын  көрсеткіштерге келесі көрсеткіштер жатады (кесте 10), оларды есептеп өзгерістерін анықтау қажет және жалпы нәтижелер бойынша қорытындылар жасалынып, іс-шаралар ұсынылады.

    Талдаушының келесі міндеті кредиторлық қарыздың деңгейін талдау. Ол үшін бухгалтерлік баланстың түсініктеме қағазын  қолданылып есепті жылдағы кредиторлық  қарыздың пайда болу кезеңдерге бөліп талдау қажет. Ол үшін келесідей аналитикалық кесте қолданылады (кесте 11). Берілген кесте бойынша кредиторлық қарыздың мерзімі бойынша деңгейін анықтауға болады.

    Кредиторлық қарыздың құрамы және құрылымымен танысып  шыққаннан кейін оны нақты құны бойынша бағалау керек. (кесте 12).  Анықталған мәліметтер бойынша талдаушы қорытындыларды жасап, кредиторлық қарыздарды өтеу бойынша іс-шараларды ұсынуы қажет.

    Бұдан кейін талдаушы кредиторлық қарызды  дебиторлық қарызбен салыстырып талдауы керек. Дебиторлық және кредиторлық қарыздың қатынасы негізінен 2:1 болуы керек деп ұсынылған. Егер кредиторлық қарыз дебиторлық қарызбен қамтамасыз етілмеген болса, онда бұндай жағдайды жағымсыз деп айтуға болады, себебі ол өзіндік қаражаттың әлдебір өтімді бөлігінің ақшаға айналуын бәсеңдетуі мүмкін. Егер кәсіпорынның коммерциялық несиесі дамыған болса, онда дебиторлық қарызы қатты өсіп кетуі мүмкін.

    Біздің  мысалымызда кредиторлық қарыз  дебиторлық қарыздан    есе  көп болды. Мұндай кредиторлық қарыздың дебиторлық қарызбен өте төмен дәрежеде қамтамасыз етілуі, дебиторлармен де кредиторлармен де арақатынасы тиімсіз  болуы да олардың өзара қарыздарын төлемеуінен болады. Кредиторлық қарыздың өсіп кетуі қаржылық жағдайды нашарлатпайды, себебі кәсіпорын бұл қарызды зерттеліп жатқан уақытта қатыстырылған қаражат көздері ретінде пайдаланып жатыр деп айтуға болар еді. Бірақ тауар, жұмыс және қызметтер үшін ғана емес, бюджет пен еңбекақы бойынша есеп айырысуда да үлкен кредиторлық қарыздың болуы кәсіпорынның жұмысы мен жалпы оның қаржылық жағдайын тиімсіз жағынан сипаттайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Лекция  тақырыбы: Баланстың  өтімділігін талдау 

          Лекция  жоспары:

                      1. Активтерді олардың өтімділігін дәрежесіне қарай топтастыру

                      2. Міндеттемелерді  төлем мерзіміне қарай топтастыру

                      3. Кәсіпорын балансы  өтімділігінің шарттары

                      4. Өтімділік коэффициенттерін  есептеу, бағалау және талдау

          Лекция  мақсаты:  Активтерді олардың өтімділігін дәрежесіне қарай топтастыруымен, міндеттемелерді төлем мерзіміне қарай топтастыруымен, кәсіпорын балансы өтімділігінің шарттарымен, өтімділік коэффициенттерін есептеу, бағалау және талдау әдістерімен таныстыру

    Лекцияның мазмұны:

      1. Кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Егер кәсіпорын өзінің ағымдағы активтерін өткізіп, яғни оларды ақшаға айналдыра алса, өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орындауға шамасы бар болса, онда ол өтімді кәсіпорын болып саналады.

      Баланс өтімділігін талдаудың мәні – активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады, - өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төменгілерге (актив), яғни өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты ұзақтардан қайтару уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарылату тәртібі бойынша болады.

      Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына  айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын  активтері келесідей топтарға бөлінеді.

      А1. Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.

      Ақша  қаражаттары мен құнды қағаздар (қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар) – айналым қаражатының ең мобильді бөлігі. Ақшамен бірдей есеп айырысуға болады, ал құнды қағаздар қолма-қол ақшаға тез айналады.

      А2. Тез өткізілетін  активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады.

      Күмәнді дебиторлық борыштың үлесінің көп болуы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қауіп төндіруі мүмкін.

      Сатуға  арналған дайын өнім және материалдық  құндылықтар қорының өтімділігі бұдан да төмен болады, олар негізінен  келесі топты құрайды.

      А3. Баяу өткізілетін  активтер. Баланс активінің 2 бөлімінің «тауарлы-материялдық қорлар» бабы және баланс активінің 1 бөліміндегі «Ұзақ мерзімді инвестициялар» (жарғылық қорға басқа кәсіпорындардың салған салымдар мөлшеріне азайтылған) бабы.

      Бірақ бұл кезде «Алдағы кезең шығындары» бабы есепке алынбайды. Бұл топтын активтерің ақшаға айландыру қиынырақ: бірінші сатып алушыны тауып алу қажет, ал бұл онай емес және белгілі бір уақытты керек етеді.

      А4. Қиын өткізілетін  активтер – баланс активінің бір бөлімінің алдындағы топтарға енгізілген баптарынаң басқа барлық баптары. Бір бөлім жиынынан «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» бабы бойынша соманың бір бөлігі ғана алынып тасталынғандықтан, қиын өткізілетін активтер құрамында басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдары ғана есепке алынады. 

      2. Баланс пассивтері оларды қайтару төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады.

      П1. Неғұрлым тезірек  төленуге тиісті міндеттемелер  – бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да мерзімдемелі міндеттемелер, жұмыскерлер мен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көлемінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады. Бұл берілген мөлшерден асу банктің мақсаты қарыздарын (несиелерін) өз мақсаты бойынша пайдаланбағандығың білдіреді және сондықтан тезірек өтеу үшін неғұрлым өтімді активтермен қамтамасыз етілуі тиіс.

      П2. Қысқа мерзімді міндеттемелер  – қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.

      П3. Ұзақ мерзімді міндеттемелер  – ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар.

      П4. Тұрақты міндеттемелер  – пассивтің бір бөлімінің «Меншікті капитал» баптары. Актив пен пассивтің балансын сақтау үшін бұл топтын жиыны баланс активінің «Алдынғы кезең шығындары» бабы бойынша сомаға азайтылады.

      Баланс  активі мен пассиві баптардың  төртінші тобының жиындарын салыстыру  кәсіпорынның оның иленушілері (меншік иелері) алдынғы міндеттемелерін жаба алу мүмкіндігін көрсетеді. Бірақ бұл кәсіпорын жабылатын кезде ғана керек болады, ал үздіксіздік принципін сақтау немесе жұмыс жасап жатқан кәсіпорын үшін шаруашылық субъектінің өз меншікті айналым капиталының болуы талап етіледі. Кәсіпорын жоғары немесе төмен дәрежеде өтімді болуы мүмкін, себебі ағымдағы активтердің құрамына әр текті төлем қаражаттары кіреді, бұлардын ішінде қысқа мерзімді міндеттемелерді жабуға арналған оңай өткізілетін де, қиын өткізілетін де қаражаттар болады. 

    3. Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынастарда саналады:

      

    Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір тобы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.

    Жоғарыда  келтірілген жүйедегі алғашқы үш теңсіздіктің орындалуы төртінші теңсіздікті орындау қажеттілігін тұғызады, сондықтан актив пен пассив бойынша алғашқы үш топтың жиындарын салыстыру маңызды орын алады. Төртінші теңсіздік «баланстау» сипатын алады, сонымен қатар терең экономикалық мәні бар: оның орындалуын қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шарттарының сақталғандығын, кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының барын дәлелдейді. 

    4. Көрсетілген схема бойынша жүргізіліп отырған талдау баланс өтімділігіне кешенді баға беруге мүмкіндік береді. Өтімділіктің жалпы көрсеткіші келесі формуламен есептеледі: 

    

    Баланс  өтімділігінің жалпы көрсеткіші кәсіпорынның барлвқ өтімді айналым  қаражаттарының сомасының барлық төлем  міндеттемелерінің сомасына қатынасын  көрсетеді, бірақ мына шарт орындалса: егер өтімді қаражаттар мен төлем міндеттемелерінің әр түрлі топтары көрсетілген сомаларға қаражаттың түсуі мен міндеттемелердің өтелуін есепке алатын, салмақтық коэффициенттермен бірге кіруі шарты орындалған кезде ғана.

    Осы көрсеткіштің көмегімен кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне және кәсіпорындағы өтімділік жағынан қарастырғандағы қаржылық жағдайынын өзгерістеріне жалпы баға беріледі. Бұл көрсеткіш сонымен қатар, есеп берулер негізінде өте көп әлуетті әріптестерінің ішінен ең сенімді әріптесті талдағанда қолданылады.

    Алайда  бұл көрсеткіш кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу жөніндегі мүмкіндіктерін көрсете алмайды. Сондықтан, осы көрсеткішпен қатар, кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін, өтімді қаражаттардың жиынымен ажыратылатын, өтімділік көрсеткіштерінің бүтіндей жүйесі қолданылады. Қарастырылған жүйедегі маңыздылары болып үш көрсеткіш саналады: абсолюттік өтімділік коэффициенті, жабудың аралық коэффициенті және жабудың жалпы коэффициенті. 
 
 
 
 

    Лекция  тақырыбы: Іскерлік белсенділік және қызмет тиімділігін  талдау 

          Лекция  жоспары:

                      1. Кәсіпорынның іскерлік  белсенділігінің көрсеткіштерін  талдау

Информация о работе Қаржылық талдаудың әдістері мен тәсілдері