Қаржылық талдаудың әдістері мен тәсілдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2012 в 10:25, курс лекций

Описание работы

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты. Кәсіпорының қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, «қаржылық жағдай» дегеніміз немесе «қаржылық жай-күй» дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. «Қаржылық жағдай – бұл қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы».

Содержание

1. «Қаржылық талдау» пәні, мазмұны, оның мақсаттары мен міндеттері
2. Қаржылық талдаудың әдістері, ерекшеліктері
3. Қаржылық талдаудың әдістері

Работа содержит 1 файл

Копия karji tal.doc

— 287.50 Кб (Скачать)

          2. Баланс кәсіпорын  қаржысында және міндеттемелерінде  статус-квоны сипаттайды, яғни пайдаланылып жүрген есеп саясатына сай осы кезеңде кәсіпорын жалпы қандай жағдайда тұр деген сұраққа жауап береді, бірақ бұл жағдайға ненің нәтижесінде жеткеніне жауап бермейді. Бұл сұраққа жауап беру үшін, тек қосымша мәліметтер ғана емес, сонымен қатар есеп және есеп беруде көрсетілмейтін көптеген факторлардың талдануы қажет (мысалы, ғылыми-техникалық прогресс, контрагенттегі қаржылық қиындықтар және басқалар).

          3. Баланста салыстырмалы  шаруашылық аралық талдау жүргізу  үшін қажетті база жоқ. Ол  кеңістіктік және уақыттық салыстырулармен қамтамасыз етпейді. Сондықтан оның талдауы динамикада жүргізілуі тиіс және мүмкіндігінше көрсеткіштерге, олардың орташа салық және орташа прогрессивтік маңыздылығына шолу жасаумен толықтырылуы тиіс. Осындай мақсатпен ұқсас кәсіпорындар тобы бойынша негізгі есептік көрсеткіштерді ашық жариялау қажет. Бұл қажетті орташа көрсеткіштерді есептеп шығаруға мүмкіндік береді.

          4. Баланста кәсіпорынның  қаражаттарының айналымы туралы  мәлімет жоқ. Баланстың сол  немесе басқа бабы бойынша соманың аз немесе көптігі туралы қортындыны баланстың көрсеткіштерін айналымының сәйкес сомаларымен салыстырғаннан кейін ғана жасауға болады.

          5. Баланс есептік  кезеңнің басы мен соңындағы  мезгілдік мәліметтердің жиынтығы  болып табылады, яғни онда осы  балансты толтыру кезіндегі шаруашылық операцияларының жиынтығы жазылып отырады. Ол кәсіпорынның есепті кезең ішіндегі мүмкіндік жағдайын көрсетпейді. Бұл ең алдымен баланстың динамикалық баптарына қатысты, олар «материалдар», «дайын өнім», «тауарлар», «дебиторлық борыш» және басқалар. Мысалы, жыл соңында қолда бір өнім қорларының үлес салмағының көп болуы мен дебиторлық борыштың айтарлықтай үлесі, мұндай жағдай жыл бойы осылай болды дегенді білдірмейді.

          6. Баланста кәсіпорынның  активтерін сатып алуда тарихи бағаны қолдану принципі жүргізіледі, ол мүліктің жалпы алғанда нақты бағасын едәуір дәрежеде бұрмалайды. Баланстың жеке баптарына инфляциялық факторлар мен нарық коньюктурасының өзгерісі едәуір бұрмалаушылық әсерін тигізуі мүмкін. Инфляция, кәсіпорын пайдаланатын шикізат пен жабдықтарға бағаның өсуі және негізгі құралдарды жаңарту дәрежесінің төмен жағдайында көптеген баланс баптары функционалдық қызметі жағынан бірдей, бірақ есеп объектілерінің құны жағынан әр түрлі жиынтықты көрсетеді. Бұл әр түрлі есеп мерзімдерінде есептелген баланстың аттас көрсеткіштерінің салыстырмалығының бұзылуына әкеліп соқтырады. Әрине, ол сондай-ақ кәсіпорын қызметінің нәтижесін, оның шаруашылық қаражаттарының «бағасын» (гудвилл) едәуір бұрмалайды. Бұл кедергі баланс валютасының кәсіпорын бағасының дәл құның көрсетпейтігінің дәлелдейді. Баланс жиыны кәсіпорын активтері мен оны жабу көздерінің есептік бағасын ғана көрсетеді, ал осы кезде бұл активтердің нарықтық бағасы мүлдем басқаша болуы мүмкін және берілген активтін пайдалану мерзімі мен оның баланста көрсетілуі қаншалықта ұзақ болса, есептік баға мен ағымдағы нарықтық баға арасындағы айырмашылық соншалықты көп болады.

          7. Баланс және қаржылық есеп берудің басқа да нысандары шаруашылық субъектісі қызметінің барлық жақтарын толығымен көрсетпейді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оның өзгеру преспективасы тек қаржылық сипаттағы факторларың ғана емес, сонымен қатар көптеген құндық бағасы жоқ факторлардың да ықпалында болады. Олардың қатарында: мүмкін болатын саяси және жалпы экономикалық өзгерістер, саланы және кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын қайта құру, меншік түрінің алмасуы, қызметкердің кәсіби және жалпы білімдік дайындығы және тағы басқалар.Сондықтан қаржылық есеп беруді соның ішінде бухгалтерлік балансты талдау кешенді экономикалық талдаудың тек бір ғана бөлімі болып табылады.

          Осы шектеулерге  қарамастан, бухгалтерлік баланс кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды ақпараттық қамтамасыз етудің бірден-бір басты  көзі болып табылады, ал оны оқу  осы талдаудың алғашқы сатысы болып табылады.

          Алайда кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізгенде  баланс көрсеткіштермен қатар қаржылық есеп берудің басқа да нысандарының көрсеткіштерің қолдану қажет, әсіресе  кәсіпорынның өзінің қызметін жүргізу  үшін жұмсалған барлық шығындар сомасымен салыстырудан тұратын қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепті қолдану керек, оның баланстан айырмашылығы ол кәсіпорынның мезеттік суреті және қатып қалған қаржылық жағдайы емес, ол капитал қозғалысы, себепті кезеңдегі субъектінің қаржылық нәтижесі болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның балансына қарағанда, бұл құжат тандаушы адам үшін анағұрлым маңызды және ақпараттық болып табылады.

          Субъект қызметінің қаржылық нәтижесі туралы есеп бухгалтерлік есептің №3 «Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп» стандартымен анықталады. Онда заңды тұлғаларды рет-ретімен құру және ұсыну мақсатында қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі есептің баптарын жіктеу және есепке алудың тәртібі көрсетіледі, бұл өз кезегінде заңды тұлғаның әр мезгілдегі есептік кезеңдердегі қаржылық есебі мен түрлі заңды тұлғалардың қаржы есептерін салыстыруға мүмкіндік береді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

        Лекция  тақырыбы: Кәсіпорын  активтерін, меншік капиталды және міндеттемелерді       

                                          талдау

          Лекция  жоспары:

                      1. Баланс активтерінің  құрамы мен құрылымын, қозғалысын  талдау

          2.Активінің  құрастырылу көздерінің (меншік  капиталды, міндеттемелерді) құрамы  мен құрылымын, қозғалысын талдау 

          Лекция  мақсаты:  Баланс активтерінің құрамы мен құрылымын, активінің құрастырылу көздерінің  құрамы мен құрылымын талдау әдістерімен, оларды сипаттайтын көрсеткіштерімен таныстыру 

    Лекцияның мазмұны: 

      1. Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

     Кәсіпорынның қаржылық жағдайы және тұрақтылығы ең біріншіден, кәсіпорынның қандай мүлкісі бар, оның капиталы қандай активтерге салынған және олар қандай табыс алып келетінен байланысты. Сондықтан, ең біріншіден баланс активтерін талдаудың әдістерімен, оларды сипаттайтын көрсеткіштерімен танысып өтеміз. Оның алдында баланс активтерінің құрамын есімізге түсірейік: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Қаржылық  есептің маңызды элементі болып  саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда  бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің  жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді (кесте 1).

    Жалпы салыстырмалы талдау жасап болғаннан  кейін активтердің әр баптарының құрамы мен құрылымын, олардың жағдайын сипаттайтын көрсеткіштерді талдау қажет. Бірінші кезекте кәсіпорынның мүліктік жай күйінде қандай сапалық өзгерістер болғанын зерттеу қажет. Бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасын құрайтын және негізгі құралдары болып саналатын, оның өндірістік потенциалының маңызды элементінің жағдайын зерттеу қажет. Ол үшін келесідей аналитикалық кесте қолданылады (кесте 2). Екінші кезекте негізгі құралдардың техникалық жағдайын сипаттайтын маңызды көрсеткіштерді анықтап талдау қажет. Келесі көрсеткіштер негізгі құралдардың техникалық жағдайын сипаттайды: (кесте 3).

    Ұзақ  мерзімді активтердің үлкен үлесін материалдық емес активтер де құрайды. Оларды талдау кезінде келесілерге  көңіл бөледі:

  1. материалдық емес активтердің көлемі мен динамикасына
  2. пайда болу көздері, пайдалану мерзіміне, түрлері бойынша материалдық емес активтердің деңгейіне және құрылымына
  3. материалдық емес активтердің айналымдылығына және табыстылығына

    Олардың құрамы мен құрылымын талдау кезінде  осы материалдық емес активтердің  қолда бары, құрамы мен құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі.

    Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдайтын талдаушының келесі мақсаты ол активтердің ең мобильді бөлігін зерттеу – ағымдағы активтерді. Олардың жалпы деңгейінен кәсіпорынның қаржылық жағдайы тәуелді. Ағымдағы активтердің жалпы деңгейін талдау үшін келесідей аналитикалық кесте қолданылады (кесте 4).

    Келтірілген мәліметтер кәсіпорын активтерінің жалпы алғанда жағымды динамикасын  көрсетеді. Оларды жеке элементтер тұрғысынан зерттеу келесідей қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді. Ең мобильді активтер – яғни ақша қаражаттары мен қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бір жылда 38 мың теңгеге немесе 2,6%-ға азайған.

    Ағымдағы  актвитердің ең мобильды бөлігінің, олардың құнына қатынасы арқылы анықталатын  айналым қаражаттарының мобильдік  коэффициенті  (ағымдағы активтердің) 1,6 есеге азайған және 6,49%-ды құрайды. Бұл коэффициент, ағымдағы міндеттемелерді өтеуге бағытталған қаражаттардың жалпы сомасындағы төлеуге дайын қаражаттардың үлесін көрсетеді.

    Ең  мобильді қаражаттар сомасының азаюы  және айналым қаражаттарының мобильдік коэффициентінің жылдам төмендеуі кәсіпорынның төлеу қабілетінің нашарлағанын сипаттайды деп айтуға болар еді. Алайда, нарық жағдайында айналым қаражаттарының төмен мобильділігі әрдайым теріс бағаланбайтындығын да ескерген жөн. Есеп айырысу шотында қаражаттар қалдығының аздаған сомасының бар болуы немесе олардың болмауы әлі де болса кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін көрсетпейді.

    Кәсіпорынның  материалдық айналым қаражаттары  есепті жылы 57,9%-ға өсті және ол жыл  аяғында 17617 мың. теңгені құрады. Олардың  үлесі 0,69 пунктке азайғанымен оның көлемі әлі де болса өте жоғары. Бұл жағдай материалды айналым қаражаттарының құрамында сұранысы жоқ немесе шектеулі сұранысқа ие болатын және де сол себептен өтімділігі төмен болып табылатын басы артық және қалып қойған материалдық құндылықтар, дайын өнімдер, нормадан тыс шикізат қорлары, материалдар, аяқталмаған өндірістер жоқ па, соны анықтау үшін олардың құрамы мен құрылымына тереңдетілген талдау жүргізуді қажет етеді. Біздің кәсіпорынымызда материалдық ағымдағы активтер негізінен дайын өнім есебінен көбейген, олардың көлемі (дайын өнімнің) жыл аяғында 14538 мың.теңгені құрады, бұл жыл басындағымен салыстырғанда -1,9 есеге көп. Осы мерзімде өндірістік қорлар 9,5%-ға азайған.

    Есепті  жылы дебиторлық борыш та әжептеуір  өскен. Егер оның көлемі жыл басында -1165 мың теңгені құраса, жыл аяғында ол -1671 мың теңгені құрайды немесе 43,4%-ға өскен, алайда ағымдағы активтер құрамындағы оның үлесі 0,84 пунктке азайды.

    Осылайша, мүліктің және ағымдағы активтердің  мобильділігінің өскеніне қарамастан, кәсіпорын басшылығы оның құрамындағы өзгерістердің негізділігін және оның себептерін бағалауы қажет, сондай-ақ кәсіпорынның ағымдағы активтерінің жалпы сомасында маңызды көрсеткіштердің бірі болып саналатын және оның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын дебиторлық қарызды талдауға басты назар аударуы қажет.

    Кәсіпорынның  дебиторлық қарызы қалыпты және өтелмеген  болып екіге бөлінеді. Өтелмеген  дебиторлық қарызға, төлеу мерзімі  өтіп кеткен есеп айырысу құжаттары  бойынша тиеліп жіберілген тауарлар үшін қарыздар жатады. Өтелмеген дебиторлық қарыз айналым қаражаттарының заңсыз бұрмалануын және қаржы тәртібінің бұзылуын көрсетеді. Осыған байланысты талдаушы оның құрылымын зерттеу негізінде өтелмеген дебиторлық қарызды анықтауы тиіс.

    Ол  үшін келесідей аналитикалық кестені қолданады (кесте 5). Бұл кестеден мерзімі бойынша өтелмеген дебиторлық қарыздардың қалдықтары анықталады.

    Келесі  жолда талдаушы дебиторлық қарыздың деңгейін талдау қажет. Ол үшін бухгалтерлік баланстың түсініктеме қағазын  қолданылып есепті жылдағы дебиторлық қарыздың пайда болу кезеңдерге бөліп талдау қажет. Ол үшін келесідей аналитикалық кесте қолданылады (кесте 6). Берілген кесте бойынша дебиторлық қарыздың мерзімі бойынша деңгейін анықтауға болады.

    Дебиторлық  қарыздың құрамы және құрылымымен танысып шыққаннан кейін оны нақты құны бойынша бағалау керек. Себебі дебиторлық қарыздың барлығы бірден өндіріліп алмауы мүмкін. Оның қайтарымдылығы өткен тәжірибенің, сондай-ақ ағымдағы жағдайлардың негізінде анықталады. Талдаушы дебиторлық қарыздың қайтарылу ықтималдылығын анықтаудың және оны дайындаудың дұрыстығы мен нақтылығын білуі керек. Ол үшін келесі көрсеткіштерді есептеп талдау қажет (кесте 7).  Анықталған мәліметтер бойынша талдаушы қорытындыларды жасап, дебиторлық қарызды өтеу бойынша іс-шараларды ұсынуы қажет.

    Ағымдағы  активтердің маңызды элементі болып  ақша қаражаттар табылады. Ақша қаражаттарды талдау кезінде талдаушы келесі мәселелерге  көңіл бөлу керек:

    1. кәсіпорынның тиімді іс-әрекет жасау үшін қажетті ақша қаражаттардың деңгейін анықтау қажет;
    2. ақша қаражаттардың операциялық, инвестициялық және қаржылық қызмет жасау үдерісіндегі пайдалану тиімділігін анықтау қажет.

Информация о работе Қаржылық талдаудың әдістері мен тәсілдері