Қаржылық нәтижелер есебінің экономикалық мазмұны

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2014 в 16:17, реферат

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қаржылық нәтиже туралы есеп берудің негізгі атқаратын қызметінің функцияларының бірі пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді уақтылы жеткізіп беріп отыру. Осындай ақпараттық мәліметтердің негізгі қайнар көзі- бухгалтерлік баланс. «Баланс» сөзі латын тілінен аударғанда теңдікті, теңдестікті және қандай да бір қызметінің тараптары арасындағы қатынастардың сандық көрсеткіштерін білдіреді. Ақпараттарды баланстық жинақтау есепте, қаржы- шаруашылық қызметті талдауда басқару ұйымдарының нарық экономикасында бағыт алуы үшін кеңінен қолданылады.

Работа содержит 1 файл

diplom оригинал.doc

— 673.50 Кб (Скачать)

 «Азовсков» ЖШС –гі  негізгі  құралдар  аудитінде  колданылатын  ақпарат көздері  кәсіпорын  қабылдаған  есеп  саясатына  тәуелді  қарастырылады. Бұл әсіресе кәсіпорын қандай есеп  формасын  таңдаған, содан    көрінеді. Мысалы: журнал-ордерлі, мемориалды – ордерлі, қарапайымды, сонымен  қатар  қолданыстағы  регистрлер  тізімінде, олардың  құрылуында, кезектілігінде  және  оларда  жазу  жүргізу  тәсілдері.  Есептің  кез- келген  формасында кәсіпорынның    негізгі  құралдары  бойынша  операциялар  алғашқы  есептік  құжаттаудың  бірыңғайлы  ведомісті аралық  формалары  мен  толтырылуы  тиіс  екендігін  есте  сақтау  керек:

«Азовсков» ЖШС-гі негізгі құралдарының қозғалысымен олардың тозуының синтетикалық есебі №13, 10 және 10/1 журнал-ордерлерде жүргізіледі. Кәсіпорынның негізгі құралдар есебінің аудитінің негізгі бағыттары келесілерді қамтамасыз  ету керек:

  • негізгі құралдардың бар болуын сипаттайтын бухгалтерлік баланс баптарының Бас кітаптың мәліметтерімен сәйкестігі;
  • негізгі құралдардың қолда барымен сақталуы;
  • мүлікті негізгі құралдарға жатқызудың, оларды жіктеу бойынша топтастырудың, өндірістік процеске қатыстылығы;
  • негізгі құралдардың түсуімен істен шығуы жөніндегі операцияның есебінде бағалаудың, рәсімдеудің және көрсетудің дәлдігі;
  • негізгі құралдардың тозуы мен жөндеуін есептеу мен көрсетудің мақсатқа сәйкестігі;
  • бухгалтерлік есеп пен есептілік регистрлерінде негізгі құралдардың бар болуы мен қозғалысы туралы  мәліметтерді дұрыс көрсетудің жүйелілігі;
  • негізгі құралдарды пайдаланудың оңтайлы ісі мен тиімділігі т.б.

Негізгі құралдарды пайдаланудың тиімділігін анықтау тексерудің маңызды процедураларының бірі болып табылады. Бұл үшін аудиторға әр түрлі тәуелді байланыстарды, көрсеткіштерді және коэффиценттерді есептеулерге сүйене отырып, негізгі құралдарды қалыптастыру мен пайдалану мәліметтеріне мәнді талдау жүргізу керек.

Бухгалтерлік балансты тексеру, оның бухгалтерлік есеп көрсеткіштерімен анықталады. «Бас кітап» көрсеткіші баланс көрсеткішіне дәлел болуы қажет. Ал одан әрі нақты тексеру қажет болған жағдайда бухгалтерлік есептің аналитикалық көрсеткіштерімен дәлелденуі қажет. 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Кәсіпорын қаржылық нәтижелер есебінің жетілдіру жолдары

 

    1. ХҚЕС сәйкес қаржылық нәтижесінің есебін жүргізу

 

 

ХҚЕС бойынша Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «алдымен экономика, содан кейін саясат» қағидасына сәйкес қазіргі нарықтық жағдайда бухгалтерлік есептің дәлдігі мен анықтылығы пайда табуды көздеген шаруашылық субъектілерінде маңызды орын алады. Бухгалтерлік есеп стандарттарындағы жалпы қағидаттар мен ережелер негізінде, субъектілердің қаржы – шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебі шоттарының бас жоспары, Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп туралы», «Салық және басқа да бюджетке міндетті төлемдер» заңына сәйкес, сонымен бірге Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп бойынша білікті органдардың басылымдарындағы нұсқаулар, ережелер және рекомендациялар бойынша құралады. Республикамыздғы бухгалтерлік есеп жүйесі максималды түрде халықаралық бухгалтерлік стандартқа жақын қарастырылған.

«Азовсков» ЖШС-ның қызметін зерттеуде қаржы нәтижелері есебі өте маңызды рөл атқарады. Себебі, ол қолданушылардың өз қызметіне экономикалық шешім қабылдауы үшін үлкен көмегін тигізеді. Қаржылық нәтижелер көрсеткіштері кәсіпорынның шаруашылық жүргізуінің абсолюттік тиімділігін сипаттайды. Олардың ішінде ең негізгілері болып кәсіпорын экономикасының дамуының негізін құрайтын пайданың көрсеткіштері табылады.

Пайданың өсуі өз-өзін қаржыландыру, өндірісті кеңейту, әлеуметтік мәселелерді шешу үшін және жұмысшылардың материалдық қажеттіліктері үшін қаржылық базаны қлыптастырады. Пайданың есебінен бюджет, банктер және басқа да кәсіпорындар мен ұыймдар алдындағы міндеттемелерінің бір бөлігі өтеледі. Осылайша пайданың көрсеткіштері кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметінің бағалауындғы ең негізгілері болып табылады. Олар оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық жағдайының деңгейін сипаттайды.Сонымен қатар, қаржылық нәтижені есептеу мен талдау арқылы ұйымдардың ресурстық базасын қалыптастыру жөніндегі мүмкіндігін және түсетін ақша ағынын болжауға да болады.

«Азовсков» ЖШС-ның қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі бұл өнімді (атқарылған жұмыс,көрсетілген қызмет) өткізуден және басқа да өткізулерден болған нәтижелер сомасы ретінде сонымен қатар жүзеге асырылмаған операциялардан болған табыстар мен шығыстар сальдосы ретінде көрінетін баланстық пайда немесе шығын болғандықтан құжат талдаушы адамға бұл кәсіпорын табыс немесе (шығын) зиян әкелетіндігін анықтау үшін табыстар мен шығындар туралы жеткілікті мөлшерде бөлініп алынған анық көрсеткіштердің көмегімен белгілі бір кезеңдегі кәсіпорынның қызмет нәтижесіне баға беруде негізгі көрсеткіш.

Жұмыста кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі нәтижелерінің есебін ұйымдастыруды, оны бағалауды және кәсіпорынның пайдасы мен шығындарына экономикалық сипаттама беру, оларды тану қағидалары мен табысты тану  және жетілдіру жолдарын қарастырылады. Осы ретте пайда және оның мәнін, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық нәтижесінің қалыптасу  тәртібі мен құрылымын, сатудан пайда болған қаржылық нәтиженің есебін, орындалмаған және өзге де операциялардың кірістері мен шығыстарының есебін, пайданы есепті кезең ішінде қолдану есебін, өндірілген өнімдерді, тауарлар, жұмыстар, қызметтердің өзіндік құнын және оларды сатудағы жұмсалған шығындар есебін есептеу, өндірістік және кезеңдік шығындардың туындауын сипаттау, жұмсалынған шығындарды түскен табыстар мен теңестіру сабақтастығын көрсету және бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) есебінің тәртібі негізге алынады.

Ұйымдардың қаржылық қорытындысы жөніндегі қызметінің нәтижесі және ұйымның тапқан таза пайдасының көлемі жөніндегі мәліметтер экономикалық ресурстардың потенциалды өзгеріске түсуі мен көбеюін сипаттайды.

Экономикалық тұрғыдан қарағанда – табыс ұйымның меншігіне түсетін қаражаттар сапасында танылады. Қаражаттар активтердің көбеюін көрсетеді.

Ұйымның құрылған күніндегі құрылтайшылардың салған қаражаты табыс болып танылады.Нарықтық қатынастар жағдайында бастапқы кезеңде банктерден немесе басқа да заңды тұлғалардан уақытша алынған қаражаттар да табыс сипатында болады (9)

Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес табыстар мен шығындар есебінің міндеттері кәсіпорынның барлық табысы мен шығыны туралы есепті жүйелі түрде жасап, ұсыну үшін табыстар мен шығындар туралы есептің белгілі бір баптарын жіктеу, ашу мен есепке алу тәртібін анықтау болып табылады.

Кiрiстер мен шығыстар пайда мен зиян туралы есепте қызмет нәтижелерiнiң өлшемiмен тiкелей байланысты элементтері Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 Заңның 3-тараудың қаржылық есептілік элементтері 13-бабында - кірістер мен шығыстарға  анықтама берілген.

Кiрiстер - есептi кезең iшiнде активтердiң түсiмi немесе өсiмi немесе мiндеттемелердiң азаюы нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы, олар капиталға қатысушы тұлғалардың жарнасымен байланысты ұлғаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюына әкеп соғады.

Шығыстар - есептi кезең iшiнде активтердiң қолдан кетуi немесе азаюы немесе мiндеттемелердiң пайда болуы нысанында экономикалык пайданың азаюы, олар капиталға қатысушы тұлғаларға бөлумен байланысты азаюдан өзгеше капиталдың азаюына әкеп соғады

Табысқа компанияның түсімі де, басқа түсімдер де кіреді. Компанияның табысы - олар қызметтің әдеттегі түрлерінен келіп түскен қаражаттың түсуі, олар әр түрлі аталады, оның ішінде сату, сыйақы, пайыздар, дивидендтер және лицензиялық төлемдер.

Қаржылық есептіліктің 18 «Табыс» халықаралық стандартына сәйкес табыс ұйымның әдеттегі қызметі барысында, акционерлердің жарналары есебінен болатын капитал ұлғаюларына әкелетін кезең ішіндегі экономикалық пайданың жалпы ағыны деп аталады.

Пайда, шығыс және жиынтық табыс есептемесінде келесідей:

- табыс және шығыс

- жалпы жиынтық табыс

- жиынтық табыстың бір мерзімдік мөлшері, шығыс, табыс және жиынтық табыстың барлық мөлшері көрсетіледі.

Егер де ұйым пайда,шығыс және жиынтық табысты бөлек көрсетпесе,онда пайда,шығыс және жиынтық табыс бөлімінде көрсетілмейді. (10)

Негізгі қызметтен түскен табыс, негізгі емес қызметтен түскен табыс (шеккен зиян) жалпы табыс пен кезеңдік шығыстардың арасындағы айырма ретінде анықталатын сальдолық қаржылық нәтиже болып табылады.

Сәйкесінше, негізгі қызметтен түскен табыс тауарлық – материалдық босалқыларды сатып - өткізуден, қызмет көрсетуден алынуы мүмкін, сонымен бірге негізгі қызметтің түріне байланысты проценттер, дивидендтер, гонорарлар түрінде алынуы мүмкін. Сонымен қатар, қосалқы қызметтен түскен табыс (шеккен зиян) ұйымның қосалқы қызметінен пайдап болған табыс шеккен зиян көрсетіледі.

Қосалқы қызметтен түскен табысқа айналымнан тыс активтерді сатып- өткізуден түскен табыс, құнды қағаздарды сатып алудан, сатып алып қайта сатудан түскен табыс және т.б. табыстар жатады.

Ал, кезеңдік шығыстар - олар өнімдердің /тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің) өндірістік өзіндік құнына апарылмайтын шығындар. Кезеңдік шығыстарға:

    • жалпы және әкімшілік шығыстары;
    • сатып- өткізу операциялары бойынша шығыстар;
    • сыйақыларды төлеу бойынша шығыстар.

Келесі қаржылық нәтижені анықтауда жалпы табыс маңызды орын алады. Жалпы табыс өнімді /тауарды, жұмысты, қызметті/ сатып өткізудің қаржылық нәтижесі болып табылады және ол өнімді /тауарды, жұмысты, қызметті/ сатып- өткізуден түскен табыс пен сатып- өткізілген өнімді /тауарды, жұмысты, қызметті/  өзндік құнының арасындағы айырма ретінде анықталады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы шаруашылық қызметінің нәтижелері жеке көрсеткіштер бойынша тиісті есепте қамтып көрсетіледі. Бұдан басқа ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп жасалады, онда бұл қозғалыс үш бағыт бойынша көрсетіледі.

  • операциялық қызметтен (шаруашылық жүргізуші субъектінің негізгі қызметін сипаттайды)
  • инвестициялық қызметтен (ұзақ мерзімді активтердің құрамы мен мөлшеріндегі өзгерістерді тудыратын)
  • қаржылық қызметтен (меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының құрамы мен мөлшеріндегі өзгерістерді тудыратын) .

Ал  қаржылық нәтижені құқықтық-нормативтік реттеуде  Қазақстан Республикасының 28.02.2007 ж. №234 «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңы (өзгерістер және толықтырулармен), 1-ші «Қаржы Есептілігін» Ұсыну Қаржылық Есептіліктің Халықаралық Стандарты (IAS 1), 18-ші «Табыс» Қаржылық Есептіліктің Халықаралық Стандарты (IAS 18),  17-ші Жалдау ҚЕХС-ын (IAS), 28-ші Қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестициялар ҚЕХС-ын (IAS), 4-ші Сақтандыру келісімшарттары ҚЕХС-ын (IFRS), 9-шы Қаржы құралдары ҚЕХС-ын (IFRS) , 41-ші Ауылшаруашылығы ҚЕХС-ын (IAS),ұйымның есеп саясаты, түрлі құқықтық-нормативтік  әдіснамалық нұсқаулар мен өзге де маңызды құжаттары негізге алынады.(10)

Кәсіпорынның қаржылық нәтижелеріне көптеген келесідей факторлар әсер етеді, олар:

1) пайда болу орнына байланысты 

2) нәтижесінің маңыздылығына байланысты - негізгі және негізгі емес;

3) құрылысы бойынша - қарапайым  және күрделі;

4) әрекет ету уақыты бойынша

Қаржылық нәтижелердің көрсеткіштері кәсіпорын шаруашылығының барлық бағыттары (өндірістік, коммерциялық, қаржылық немесе кеңес беру) үшін өте маңызды болғандықтан кез-келген қаржылық ақпаратты қолданушылар үшін ең алдымен қажет ақпарат кәсіпорынның жыл сайынғы қаржылық нәтижесі. Алайда, қаржылық ақпаратты қолданушылардың түрлі категорияларын қаржылық нәтижесі туралы есептің белгілі бір бабы, яғни негізгі қызметтен түскен пайдасы қызықтырары анық. Яғни табыс және оның құрамы қаржылық есептілікті пайдаланушыларға негізгі категория болып табылары анық. Дегенмен де, табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды сатудан түскен пайда немесе негізгі қызметтен түскен пайда басты назарда. Тиісінше, табыстың екінші абсолюттік көрсеткіші - жалпы табыс.

Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор –  өндірістік өзіндік құн. Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің қарқыны маңызды үдеріс. Сондықтан әрбір кәсіпорын жалпы таыбысын көбейтуді көздейді және заттай түрде өнімді өткізу көлемінің өсуі табыстың өсуіне әкелетініне байланысты негізгі қызметке назар аударады. Кәсіпорын табысы бағаның өсуі есебінен жоғары қарқынмен өседі.

Сонымен, кәсіпорынның қаржылық нәтижесі өткізу көлемінің өзгерісінің жалпы табыс ауытқуына әсерін анықтау табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші – негізгі қызметтен алынған табыс арқылы анықталады (негізгі қызметтен алынған табыс = жалпы табыс  – кезең шығындары). Қаржылық нәтиже негізгі және негізгі емес қызметтен қалыптасып, пайда мен зияндар есептілігі негізінде көрсетіледі. Барлық қаржылық есептілікті пайдаланушылар үшін кәсіпорынның тұрақтылығы, пайдасының жыл сайын артуы негізгі басымдық. Сәйкесінше, кәсіпорынның пайдасын жоғарылатудың негізгі факторы – өндіріс көлемі мен қазіргі ғылыми техникалық дамуға сәйкес жаңа инновациялы технологияларды өндіріске енгізу, арқылы өзіндік құнды төмендетіп, еңбек күшін техника мен технологияларға негіздеу арқылы  екені анық.

Информация о работе Қаржылық нәтижелер есебінің экономикалық мазмұны