Қаржылық нәтижелер есебінің экономикалық мазмұны

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2014 в 16:17, реферат

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қаржылық нәтиже туралы есеп берудің негізгі атқаратын қызметінің функцияларының бірі пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді уақтылы жеткізіп беріп отыру. Осындай ақпараттық мәліметтердің негізгі қайнар көзі- бухгалтерлік баланс. «Баланс» сөзі латын тілінен аударғанда теңдікті, теңдестікті және қандай да бір қызметінің тараптары арасындағы қатынастардың сандық көрсеткіштерін білдіреді. Ақпараттарды баланстық жинақтау есепте, қаржы- шаруашылық қызметті талдауда басқару ұйымдарының нарық экономикасында бағыт алуы үшін кеңінен қолданылады.

Работа содержит 1 файл

diplom оригинал.doc

— 673.50 Кб (Скачать)

Мысалы: 1 қыркүйекте кәсіпорын жылына 156000 теңге сомасында қызметтік көлікті сақтандыру үшін сақтандыру полисінің құнын алдын ала төледі. Сақтандыру полистерін сатып алу және уақыт бойынша кәсіпорын шығыстарына олардың құнын бөлу кезінде қандай өткізу әрекетін істеу қажет?

Сақтандыру полистерін сатып алу бойынша шығыстар алдын ала төленген болып табылады және егер олар кәсіпорын үшін едәуір болып табылса, олар болашақ кезеңнің шығыстары болып танылуы керек.

Сақтандыру полистерінің құнын төлеу күніне өткізу әрекеті жасалады:

Д-т 1620  Болашақ кезеңнің шығыстары 156000

К-т 1010  Кассадағы ақшалай қаражат   156000

Бұдан әрі ай сайын болашақ кезеңнің шығыстары бір қалыпты негізде кезең шығыстарына шығынға жазылатын болады:

Д-т 7210  Әкімшілік шығыстар                                   13000

К-т 1620  Болашақ кезеңнің шығыстары 13000

 

 

    1. Қаржылық нәтижелер есебінің мақсаты мен міндеті

 

 

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы негізгі құралдардың орналасуы мен пайдалануы және олардың пайда болу көздері бойынша сипаталады. Бұл мәліметтер кәсіпорынның бухгалтерлік  балансында көрсетіледі, себебі ол қаржылық нәтижелер есебі жүйесінің басты көрсеткіші болып табылады.   

Қаржылық нәтижелер есебінде мынадай маңызды міндеттер атқарады:

  • Меншік иелері  мен менеджерлерді шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайымен таныстырады; баланстан олар осы кәсіпорын иелік ететін материалдық құралдар қорларының саны мен сапасы туралы ақпарат ала алады;
  • Баланс бойынша кәсіпорын жақын арада үшінші тұлғаның алдында өзіне жүктелген міндеттемелерді орындау мүмкіндігі анықталады;
  • Актив пен пассив баптырының мазмұны, ішкі саясаты, сыртқы пайдаланушыларға қолдануға мүмкіндік береді;

Қаржылық нәтижелер есебінің басты формасы ретінде, есептік кезеңге кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрылымын, шығыстары мен ағымдық активтердік айналымдылығын, меншік капиталы мен міндеттемелерін, дебиторлық кредиторлық бережақтардың жағдайы мен динамикасын, кәсіпорынның төлем қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның өндірістік және нарықтық байланыстары. Казіргі нарық кезеңдерінде кәсіпорыннегізгі буын болып саналады. Тек кәсіпорындарда ғана өнім өндіріліп, жұмысшының өндіріс құралдарымен, еңбек заттарымен тікелей байланысты. өндірістік кәсіпорын болып өндірістік-техникалық бірліктерден тұратын ұйымдастыру - әкімшілік және шаруашылық жұмыстарын өз бетінше жүргізе алатын өндірістік бірлік саналады.

·   Кәсіпорынның өндірістік-техникалық бірлігі деп белгілі бір аумақта өнім өндіруге қажетті өндіріс құралдарының топтастырылуын айтады.

·   Кәсіпорынның ұйымдастыру жұмыстары құрал-жабдықтарға деген меншік түрін анықтаумен қатар, жұмыскерлер ұжымын құру және ұйымдастыру, сыртқы-экономикалық байланыс қызметін қамтиды.

·   Кәсіпорынның  шаруашылық  жұмыстары  алдын ала анықталған өндірістік бағдарламаны орындау барысында ҚР-ғы бекітілген заңдарға сәйкес, өз бетінше жұмыс істеуін және әлеуметтік бағыттылығын көрсетеді.

 ҚР-да кәсіпорын иесі болып оның азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар, олардан құралған заңды тұлғалар.

Өндірістік кәсіпорын дегеніміз - өнім өндіру және қызмет түрлерін халыққа көрсету арқылы тұтынушылықты қанағаттандыру және табыс табуды мақсат тұтқан кәсіпкерлер немесе олардың бірігуінен құралған жеке немесе дербес шаруашылық жүргізуші субьектілер тобын айтады.

Кәсіпорынның басты мақсатына халықтың тұтынушылығын қанағаттандыру және табыс табу жатады.

Кәсіпорынның негізгі мақсаттарының бірнешеуі:

-    өз өнімдері үшін нарықтың көп үлесін жаулап алу

-    жоғары сапалы өнім өндіру

-    технология бойынша нарықта жетекші орынды иелену

-    қолда бар шикізат, еңбек және қаржы ресурстарын ұтымды пайдалану

-    жұмыс бастылықты барынша жоғары деңгейде жеткізу.

Басты мақсатқа жету үшін кәсіпорын бірқатар міндеттерді шешуге тырысады:

-    қандай тауар немесе тауарлар номенклатурасын өндіру және сату керек

-    бұл тауармен қандай нарықтарға шығу керек және  нарықта өз позицияларын қалай нығайту керек

-    өндірістің қолайлы технологиясын қалай таңдау керек

-    қандай материалдарды алу және оларды қалай қолдану керек

-    қолда бар қаржы ресурстарын қалай бөлуге болады

-    өндірілетін өнім, оның сапасы, өндіріс тиімділігінің техникалық сипаттамалары бойынша кәсіпорын қандай көрсеткіштерге жету керек.

Егер кәсіпкерліктің ұжымдық түрін таңдаса онда кәсіпорын бойынша жауапкершілікті серіктестерімен бөліседі. Кәсіпкерге өндірістік және қойма үйлерін, құрал-жабдықтарын, станоктар мен құрал-саймандар, шикізат пен материалдар, жартылай фабрикаттар, коплект бұйымдарын дайындау, жұмыс күшін тарту қажет болады.

Кәсіпорынның нақты аналитикалық мүмкіндіктерін бағалау үшін берілген баланстағы ақпараттарды оқып білу қажет, яғни : Баланс - бұл есептік кезең басы мен аяғына сол кездегі мәліметтерді сәйкестендіру болып табылады. Ол мынадай сұраққа жауап береді: «Дәл қазіргі уақытта кәсіпорынның жағдайы қандай?», ал мына сұраққа жауап бермейді: «Мұндай жағдай ненің нәтижесінде болды?»

Негізгі қаржылық нәтижелер есебі мазмұнының жалпы көрсеткіштері оны пайдаланушыларға үлкен ақпарат береді және қаржылық жағдайды нақты бағалау үшін негізгі талдау бағыттарын анықтайды :

  • Қысқа мерзімді перспективаға қаржылық жағдайдың анализі баланс құрылымының қанағаттанарлық бағалау көрсеткіштерінің есептелуіне негізделеді.Төлем қабілетілігін сипаттау үшін мынаған назар аударған жөн,банктердегі есеп шоттардағы ақша қаражаттарына,ұйымның кассасына,шығындарға, дебиторлық,кредиторлық бережақтарға;
  • Ұзақ мерзімді перспективаға қаржылық жағдайдың анализі құралдардың пайда болу көздерінің құрылымын,ұйымның сыртқы инвесторлары мен кредиторларына тәуелді деңгейін зерттейді;
  • Ұйымның іскерлік активтілігінің анализі;

Сондай –ақ, қаржылық нәтижелер есебін құрған кезде келесідей міндеттер де есепке алынғаны жөн. Оны жасауға дейін есеп регистріндегі барлық синтетикалық шоттар бойынша қалдық пен айналым аналитикалық есеп мәліметтермен салыстырылады. Жылдың басындағы және аяғындағы баланстың деректерін салыстыру үшін жыл басындағы бекітілген баланс номенклатурасымен және бөлім топтамаларымен, әрбір баптарымен ( егер баланс баптарының номенклатурасында өзгерістер болса) сәйкестендірілуге тиіс.

Ағымдағы активтер мен ағымдағы міндеттемелер өзара есепке алынуына рұқсат етілмейді. Бухгалтерлік баланстың кейбір баптары басқа баптарға енгізілмеуі керек немесе бұрып қоюға болмайды ( мысалы: дебиторлық қарызды кредиторлық қарызбен жабуға болмайды)

Сонымен қаржылық нәтижелер есебіндегі ағымдық активтер мен міндеттемелерді анықтау және олардың мазмұнын ашудың қаржылық нәтижелер есебі үшін маңызы зор, сондай – ақ, пайдаланушылар үшін де ол өте қажет және олардың сол көрсеткіштері бойынша талдау жасалынады.

Сондай – ақ, ұзақ және ағымдағы активтер, меншік капиталы, ұзақ және ағымдағы міндеттемелер қаржылық нәтижелер есебіде ашылуы тиіс.

Қаржы нәтижелерінің нақты көрсеткіштеріне мыналар жатады:

  • дайын өнімді /жұмысты, қызметті/ сатудан алынатын табыс;
  • жалпы табыс;
  • негізгі қызметтің табысы;
  • негізгі емес қызметтен алынатын табыс;
  • салық салынғанға дейінгі табыс;
  • салық салынғаннан кейінгі жай қызметтен түскен табыс;
  • төтенше жағдайлардан болатын табыстар;
  • кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып танылатын таза табыс.

Қаржылық нәтижелер есебі жалпы алғанда тірі және затқа айналған еңбек шығындарының өнімділігін, шаруашылықтың нәтижелерін көрсетеді. Кейбір экономистер оны экономикалық тиімділік көрсеткішіне басқа экономистер кәсіпорын жұмысы тиімділігіне жатқызады.

Қазіргі нарықтық заманға сай қаржылық нәтижелер есебінің маңызы өте зор.

Қаржылық нәтижелер есебі, нарықтық экономикада өндірістік және әлеуметтік дамуының негізгі көзі болғандықтан, кез келген кәсіпорын қызметінің мақсаты қаржылық нәтижелер есебі болып табылады. Қаржылық нәтижелер есебінің көлемі кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сәтті болуына, өз өзін қаржыландыруына әсерін тигізуде.

Әр кәсіпорын ағымдағы және қаржылық шығындарын өздерінің меншікті көздері арқылы жабады. Уақытша жетіспеушілік кезінде қысқа мерзімдік банк қарызы және коммерциялық несие бойынша қамтамассыз етеді.

Қаржылық нәтижелер есебі бойынша кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер басқа да кәсіпорындар мен ұйымдар алдындағы міндеттері орындалады. Сондықтан қаржылық нәтижелер есебі, өндірістік және қаржы қызметінің маңызды көрсеткіші болып есептеледі.

Нарықтық экономикада қаржылық нәтижелер есебі оның атқаратын функциялары арқылы анықталады. Ол екі функцияны орындайды: мемлекеттік бюджет кіріс көздерін бірлестіктер мен кәсіпорындардың өндірістік және әлеуметтік даму көздері функцияларын.

Қаржылық нәтижелер есебі өзінің функцияларын тиімді орындау үшін, келесі негізгі шарттардың орындалуы қажет.

Өнімнің бағасы еңбек шығындарына сәйкес болуын, сонымен бірге еңбек өнімділігінің жоғарылауын және өзіндік құнының төмендеуін ескеру қажет. Бұйымдардың есептелген жүйесі және өнімнің өзіндік құнын анықтау ғылыми негізделген болуы керек.

Қаржылық нәтижелер есебінің бөлу механизмі белсенді орынды алуы тиіс және өндірістің дамуын, тиімділігінің жоғарылауына ынталандырушы фактор қызметін атқарады.

Қаржылық нәтижелер есебін тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржылық рычагтар жүйесінде ғана мүмкін.

Қаржылық нәтижелер есебі көлемі кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызметінің тімділігі емес, экономикалық тиімділік көрсеткішіне жатады. Қаржылық нәтижелер есебінің деңгейін және кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын кәсіпорынның табыс көрсеткішінің дамуына шаруашылық субъектісі сияқты мемлекет те көңіл бөледі. Сондықтан әр кәсіпорында нақты және салыстырмалы табыс көрсеткіштеріне жүйелік талдау жүргізу өте қажет.

Ш. Иманғожин өз еңбегінде өндірістік қызмет нәтижелерін талдау кезінде келесі пайда көрсеткіштерінің қолданылатындығын айтады:

- баланстық пайда, яғни тауарларды  сатудағы нәтижелер ғана емес, сонымен бірге оның көлемін  нақты және салыстырмалы көрсеткіштер. Қайта өңдеу өнеркәсіптік өнімдерді сатқандағы нәтижелер, қосалқы өндіріс және жұмысты орындау, өндірістік қызмет көрсету, шетелдерге шығару операцияларындағы табыстар мен шығындар. Басқа сөзбен айтқанда, кәсіпорынның баланстық пайдасы – есеп беру мерзіміндегі әр түрлі шаруашылық қызметтерінің табыстар мен шығындар қалдығынан құралады.

- тауарларды сатудан түскен  пайда, талдау жасалатын субъектінің  есеп беру мерзіміндегі пайданың  бастапқы мерзімі мен немесе  басқа шаруашылық субъектінің  сол мерзіміндегі өзгерістерін салыстыру арқылы жеке факторлардың қызметін анықтау осы талдаудың маңызы болып табылады.

Кәсіпорынның қаржы нәтижесінің сипаттамасына пайда жиынтығының көрсеткіштерімен шектеліп қана қоюға болмайды, себебі нақты пайда көлемімен – қандай шаруашылықта, қай салада қорлар тиімді қолданылатындығын түсіну қиынға соғады. Пайда көлемінің өсуі, ақшаның құнсыздануына әкеліп соғатын өнімнің өзіндік құнының өсуі себебінен болуы мүмкін. Мұндай жағдайда ең сенімді өндірістің тиімділік көрсеткіші – пайдалылық /рентабельдік/ болып табылады, ол, баланстық пайданың өткізілген өнімнің толық өзіндік құнына қатынасын білдіреді.

Г. В. Савицкая келесі пайда көрсеткіштерін атайды:

1. Баланстық пайда ол қаржылық  нәтижелерде, жұмыс пен қызмет, басқа  да өткізулер, өткізуден тыс операциялар бойынша табыстар мен шығындардан тұрады.

Жұмыс, қызметтің қаржы нәтижелері:

а/ өнімді сатудың көлемі, дайын өнімнің ауыспалы қалдықтарынан, дайын өнімді шығару, төленбей тиелген өнімнің өзгерістерінен тұрады;

ә/ тауар өнімдерінің құрылымы;

б/ тауар өнімінің сапасымен, өнімдерді өткізу нарығы, сату нарығы мен құнсыздану процесіндегі бағаның өзгеруінен құралатын сату бағасы;

г/ өнімнің өзіндік құны.

Басқа өткізуден түскен пайда үш факторға бөлінеді:

  • ТМҚұндылықтарын сатудан пайда;
  • қосалқы шаруашылық өнімін сатудан түскен пайда;
  • негізгі қорларды және материалдық емес активтерді өткізуден пайда.

Өткізуден тыс қаржы нәтижелері біріккен кәсіпорындарда, үлестік қатыстар пайдасынан құралады:

  • негізгі құралдарды және жерді жалға беруден пайда;
  • алынған және төленетін өсім айыбы мен жазалар;
  • дебиторлық берешектерді есептеп шығарғардағы шығындар;
  • табиғи апаттан шығындар;
  • акция, облигация, депозиттерден табыстар;
  • валюталық операциялар бойынша табыстар мен шығындар.

Салық салынатын пайда баланстық  пайда мен мүлікке салынатын салық сомасы пайда. Табыс салығы ұсталатын /құнды қағаз және бірлескен кәсіпорынның үштік қатысы бойынша/ пайдалар, тек пайдалылық дәрежесінен жоғары алынған, бюджетке толық шығын, есептегенде пайдаға салынатын салыққа жеңілдікті есептеуде қаралатын.

Информация о работе Қаржылық нәтижелер есебінің экономикалық мазмұны