Әлеуметтік сақтандыру

Дата добавления: 19 Апреля 2012 в 08:50
Автор: l**********@inbox.ru
Тип работы: реферат
Скачать полностью (33.73 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Әлеуметтік сақтандыру.docx

  —  36.09 Кб

Әлеуметтік сақтандыру

  1. әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі нысандарының бірі;
  2. экономикалық тұрғыдан белсенді халықты жұмыстан, еңбек ету қабілетінен және табыстан айырылуға байланысты түрлі тәуекелден зиянды өтеудің ұжымдық ынтымақтастығы негізінде әлеуметтік қорғау нысаны;
  3. азаматтарды қартайғанда, сырқат, жазатайым оқиға салдарынан, бала туу себепті, т.б. мән-жайларға байланысты еңбекке уақытша немесе тұрақты жарамсыз болған жағдайда, сондай-ақ олардың денсаулығын сақтау, қорғау мақсатымен материалдық жағынан қамсыздандыру жүйесі.

Әлеуметтік сақтандырудың  ерекшелігі – жұмыс берушілердің және мемлекеттің қолдауымен жұмыскерлердің мақсатты жарналарынан құралатын мамандандырылған қорлардан қаржыландыру, яғни әлеуметтік сақтандыру кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың міндетті жарналарынан құралатын ерекше қорлардың есебінен жүзеге асырылады. Халықты әлеуметтік қорғаудың қазіргі жүйесі мынадай негізгі элементтерді қамтиды:

  • мемлекеттік көмек берудің дәстүрлі нысаны (әлеуметтік көмек);
  • әлеуметтік жеңілдіктерді қоса халықтың жекелеген санаттарына берілетін мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктер жиынтығы;

Әлеуметтік сақтандырудың  екі нысаны бар, олар: міндетті әлеуметтік сақтандыру және ерікті әлеуметтік сақтандыру. Міндетті әлеуметтік сақтандыру бюджеттен тыс мақсатты (мемлекеттік немесе қоғамдық) қорлар арқылы қамтамасыз етілетін мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктердің бір түрі. Бұл қорлардың тапшылығы жағдайында мемлекет оларға мемлекеттік бюджет қаражатынан көмек көрсетеді. Сөйтіп, ол осы қорлардың қаржылық орнықтылығының және міндетті Әлеуметтік сақтандыру бағдарламасының іске асырылуының кепілі болып табылады.

Екі түрі бар, олар: міндетті жалпы сақтандыру және міндетті кәсіптік сақтандыру. Міндетті жалпы сақтандыру еңбек шартымен немесе келісімшартпен жұмыс істейтін барлық тұлғаларға қолданылады. Міндеті кәсіптік сақтандыру жарақаттану қауіпі жоғары, ерекше қауіпті және еңбек етуге жағдай қолайсыз жұмыстарда істейтін тұлғаларға қолданылады. Ерікті әлеуметтік сақтандыру мемлекеттің (мемлекеттік бюджеттің) сақтандыруды қолдауы жоқ болғанда ұжымдық ынтымақ және өзара көмек қағидаты негізінде құрылады. Адам және бүкіл қоғам үшін барынша мәнді қажеттіліктерді қанағаттандырудың мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктері халықты әлеуметтік қорғаудың жаңа жүйесінің негізі болып табылады.[1][2]

Әлеуметтік  сақтандыру деп әдетте еңбек ету қабілетін жоғалтқан және (немесе) жұмысынан айырылған жағдайларда азаматтарды материалдық қолдау және олардың денсаулығын қорғау үшін қоғамдық өнім құнын қайта бөлу жөніндегі экономикалық қатынастардың жүйесін айтады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы №886 қаулысымен мақұлдаған Қазақстан Республикасында Халықты әлеуметтік қорғаудың тұжырымдамасы мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың мүмкін болатын әлеуметтік қатер туған жағдайда халықты әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесін қалыптастырудағы бағыттарын айқындап берді. Рыноктық экономика жағдайында әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмектен басқа халықты әлеуметтік қорғаудың басым түрлерінің бірі әлеуметтік сақтандыру болып табылады.

Қазақстанда 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің енгізілуіне 2004 жылдың 27 ақпанында мамандандырылған институт - Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының құрылуы себеп болды.

Әлеуметтік сақтандыру қоғамдық игілік туралы қамқорлық идеясына негізделген және мемлекеттік әлеуметтік саясаттың бір бөлігін құрады. Ол, бір жағынан, осы саясатты іске асыру механизмі ретінде, халықты әлеуметтік қорғауды ұйымдастырудың негізі ретінде; басқа жағынан, объекті жалпы бүкіл халық, сол сияқты әлеуметтік тәуекелдердің болу критерийлері бойынша бөлінген жекелеген әлеуметтік топтар болып табылатын қартайған, денсаулықты, мүліктік мүдделерді қорғау жағдайында азаматтарды материалдық қамтамасыз ету жүйесі ретінде болып келеді. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың қаржылық механизмі әлеуметтік салықтар мен сақтық жарналары есебінен сақтық қорларын қалыптастыруға негізделген.

Әлеуметтік сақтандыру тым жалпы жүйе - әлеуметтік қамсыздандыру нысандарының бірі болып табылады. Алайда бұл екі жүйенің арасындағы айырмашылық азаматтардың еңбек қызметіне қатысты және еңбекке жарамсыздар үшін қорларды қалыптастыру әдістерімен қаланған.

Әлеуметтік сақтандыру еңбек ету қабілеттігін уақытша немесе үнемі жоғалтқан азаматтар үшін сақтық әдісін қолданумен қорды қалыптастыруға және пайдалануға байланысты пайда болатын қатынастарды білдіреді. Бұл ретте жұмыс істеген немесе уақытша ауру себепті жұмыс істемейтін азаматтардың контингенттерін ойға алу; сөйтіп, әлеуметтік сақтандырудың маңызды ерекшелігі сол, оның бүгінгі немесе бұрынғы жұмыскерлердің еңбек қызметімен тікелей байланысты болып табылатындығы.

Әлеуметтік қамсыздандыру  еңбек ету қабілеттігін немесе оған иелік етуден айырылған азаматтарды қолдау үшін, яғни барлық азаматтар үшін еңбек қызметіне олардың қатысуына қарамастан қорлар қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты қатынастарды білдіреді, бұл үшін айтылған қорларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі пайдаланылады.

Әлеуметтік қамсыздандыру  және әлеуметтік сақтандыру категорияларының іс-әрекетінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісінің, атап айтқанда, оның құрамды бөліктері бірінің - жұмыс күшінің ұдайы толықтырылуының талаптарынан туындайды. Ұдайы өндірістің бұл түрі үшін қаражаттардың негізгі көзімен - еңбекақы, басқа жекеше табыстардың қорымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру қорлары жұмыс істейді.

Әлеуметтік  арналым қорларын қалыптастырудың екі қағидаты бар:

  • 1) ұрпақтар ынтымақтастығының негізінде; жұмыс істейтін ұрпақ жұмыс істемейтіндерді қамтамасыз етеді, ал, өз кезегінде, еңбекке жарамдылықтан айырылуына қарай оларды еңбек қызметіне кірген жаңа ұрпақ ауыстырады. Бұл қағидатқа негізделген жүйе Қазақстанда 1998 жылға дейін қолданылды;
  • 2) әлеуметтік қорларға, көбінесе әлеуметтік қорға азаматтардың дербес аударымдарының негізінде; бұл қағидаттың іс-әрекеті кезінде төлемақылардың мөлшері нақты тұлғаның бүкіл жұмыс істеген кезіндегі салған сомасына байланысты болады. Бұл қағидаттың іс-әрекетіне негізделген жүйе Қазақстандағы зейнетақы реформасының негізіне қойылған.

Бірінші қағидатқа негізделген және Қазақстанда 1998 жылға дейін қолданылған жүйе мынадай ерекшеліктермен сипатталады:

  • 1) зейнетақымен қамсыздандыруга мемлекеттік монополия;
  • 2) әлеуметтік қамсыздандыру қорларына түсетін міндетті зейнетақы жарналарының топтастырылуы;
  • 3) жүйе ішінде қаражаттарды қайта бөлу.

Мұндай жүйе жоспарлы директивалық экономика, еңбекке қабілетті халықтың жұмыспен толық қамтылуы, мемлекет тарапынан жан-жақты бақылау, зейнеткерлерге жұмыс істейтін халықтың жоғары ара қатынасы жағдайында тиімді болды. Өмір сүрген жүйе азаматтардың түрлі кәсіптік және әлеуметтік санаттарына арналған жеңілдіктердің көптеген түрлерінің болуымен сипатталады.

90-жылдардың  басы мен ортасындағы экономиканың  дағдарысы әлеуметтік сақтандыру  жүйесінің де дағдарысына қозғау салды, бұл жарналарды төлеудің базалық көрсеткіштерінің құлдырауына да, сондай-ақ әлеуметтік қорларға оларды толық және уақтылы аударып отыруға төлеушілер мүдделігінің болмауы да әлеуметтік сақтандыруға төленетін жарналардың жиналымдылығының төмен деңгейінде көрінетін еді; бұл зейнеткер мен жәрдемақылар алатындар алдында берешектің үлкен көлеміне жеткізді; әлеуметтік қорлар қаражаттарының инфляциялық құнсыздануы зейнеткерлердің күнкөрістің ең төменгі деңгейіндегі қажеттіліктерін қамтамасыз етпеді және қорлар қаражаттарының аса шектеулілігі жағдайында әлеуметтік төлемақыларды өнбойы индекстеп отыру қажеттігін тудырады.

Қазақстанда жүргізіліп жатқан зейнетақы реформасының негізіне қойылған екінші қағидаттьің іс-әрекетіне негізделген жүйе мыналармен сипатталады.

  • 1) зейнетақымен қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу;
  • 2) зейнетақы қорын қалыптастыруға қатысқан 30 жастан төмен емес азаматтар үшін күнкөрістің ең төменгі денгейін сақтау жөніндегі мемлекеттің кепілдіктері;
  • 3) зейнетақы жинақақшасын және әлеуметтік қамсыздандырудың басқа нысандарын межелеу;
  • 4) зейнетақы қорланымдарын қалыптастыруға еңбек етуге қабілетті жастағы барлық азаматтардың міндетті қатысуы;
  • 5) еңбек етуге қабілетті азаматтардың қартайғанда өзін зейнетақымен қамсыздандыруы үшін жеке жауапкершілігі;
  • 6) инвестициялаудың тиімділігін және зейнетақы жинақақшасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • 7) жинақтаушы зейнетақы қорларындағы қорланымдарға азаматтардың мұралану құқығын белгілеу;
  • 8) қосымша ерікті зейнетақымен қамсыздандыруға азаматтарға құқық беру;
  • 9) зейнетақы жинақақшасын экономикаға инвестициялау, бұл оның дамуына жәрдемдеседі.

Міндетті мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудан басқа мемлекеттік емес зейнетақылық сақтандыру - зейнетақылық келісімшартқа сәйкес жұмыскерлердің және (немесе) олардың жұмыс берушілерінің ерікті жарналары есебінен қосымша зейнетақы қалыптастыру арқылы және мамандандырылған мемлекеттік емес зейнетақы қорлары арқылы зейнетақылар төлеу жолымен азаматтарды әлеуметтік қорғау қатынастары қолданылады.

Қорланымдардың  ынтымақтастық негізіндегі жүйесінен дербес қорланымдар жүйесіне өтпелі кезең зейнеткерлердің еңбек сіңірген зейнетақыларын алу құқықтарын сақтау қажеттігімен, сонымен бірге зейнеткерлік алдындағы жасы келген азаматтардың көбінің мемлекеттік емес зейнетақы жүйесінде жеткілікті зейнетақылық жинақтаудың мүмкін еместігімен сипатты болып отыр. Сондықтан зейнеткерлер болғандарға мемлекеттік зейнетақы қорларынан алатын зейнетақылары мөлшерінің сақталуын мемлекет кепілдендіреді. Зейнетақы реформасы басталғаннан кейін зейнеткерлікке шыққан азаматтардың мемлекеттік зейнетақылырының мөлшері олардың мемлекеттік емес зейнетақы жүйесінде мүмкін болған қатысуының жылдар санына үйлесімді түрде қысқартылады.

Әлеуметтік  сақтандырудың қазақстандық моделінің мынадай негізгі ерекшеліктерін атап өтуге болады.

  • 1. Қазақстандағы әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың міндетті сипаты.

Әлеуметтік аударымдарды әлеуметтік салық төлейтін жұмыс берушілер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар төлейді. Сонымен қатар төленген әлеуметтік аударымдар сомасына төлеушілер әлеуметтік салық сомасын азайтатындықтан әлеуметтік сақтандыруды енгізу салық ауыртпалығын түсірмейді. Бұл жағдайда әлеуметтік салық қаражаты мақсатты түрде әлеуметтік қажеттіліктерге бағытталады. Сонымен бірге әлеуметтік аударымдар міндетті сипат алатынын атап өткен жөн. Бұл ретте әлеуметтік қатер туған жағдайда әлеуметтік төлемдерді жүйеге қатысушылар, яғни әлеуметтік аударымдар төленген тұлғалар ғана алады және әлеуметтік төлемдердің мөлшері төленген әлеуметтік аударымдар көлеміне байланысты болады.

  • 2. Әлеуметтік сақтандырудың қазақстандық моделінің келесі бір маңызды ерекшелігі - Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының құрылуы болып табылады.

Қор әлеуметтік аударымдарды шоғырландыра отырып акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым ретінде құрылған. Қордың акционерлік қоғам нысанында құрылуы бірнеше мақсатты алға қойды. Ең бастысы заңи тұлға мәртебесінің болуы Қорға мемлекеттік бюджетке салмақ салмай әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерге жауаптылық жүктейді. Бұл ретте әлеуметтік аударымдардың әлеуметтік төлемдерге төленуі, Қордың қызметін бақылау және қадағалау, оның қызметінің коммерциялық емес сипатын, жеке бухгалтерлік есепті жүргізуін, инвестициялық қызметтердегі және басқа шектеулерді ескере отырып Қордағы қаражаттың сақталуын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік кепілдіктер заңнамалық шаралар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар тиісінше қаржылық және басқа есептеме Қордың акционерлік қоғам нысанында жұмыс істеуі әлеуметтік төлемдер алушылар алдындағы кез келген міндеттемелерді ескермеуге мүмкіндік бермейді. Соңғы жағдай сондай-ақ әлеуметтік сақтандырудың отандық моделінің қаржылық ерекшеліктерімен өзара байланысты.

Страницы:12следующая →
Описание работы
әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі нысандарының бірі;
экономикалық тұрғыдан белсенді халықты жұмыстан, еңбек ету қабілетінен және табыстан айырылуға байланысты түрлі тәуекелден зиянды өтеудің ұжымдық ынтымақтастығы негізінде әлеуметтік қорғау нысаны;
Содержание
содержание отсутствует