Әлеуметтік сақтандыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 08:50, реферат

Описание работы

әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі нысандарының бірі;
экономикалық тұрғыдан белсенді халықты жұмыстан, еңбек ету қабілетінен және табыстан айырылуға байланысты түрлі тәуекелден зиянды өтеудің ұжымдық ынтымақтастығы негізінде әлеуметтік қорғау нысаны;

Работа содержит 1 файл

Әлеуметтік сақтандыру.docx

— 36.09 Кб (Скачать)
  • 3. Резервтерді қалыптастыру - әлеуметтік сақтандыруды қаржыландыру әдісі.

Әлемдік тәжірибеде әлеуметтік сақтандыруды қаржыландырудың екі негізгі әдісі қалыптасқан. Ынтымақтастық қаржыландыру («pay-as-you-go» немесе «бірден төле» деген мағынаны білдіреді) - бұл жүйеге төленетін ағымдағы жарналар ағымдағы жәрдемақыны төлеу үшін пайдаланылатын қаржыландыру әдісі.

Қолданыстағы  жүйенің бастапқы кезеңіндегі жарна мөлшері жоғары болмайды, одан әрі әлеуметтік төлемдер алушылар санының біртіндеп өсуі себебінен жарналар жылдам қарқынмен көбейеді. Сонымен бірге, алғашқы кезеңде, әсіресе, экономиканы көтеру кезеңінде осы тәсілмен қаржыландырылатын әлеуметтік сақтандыру «арзан» болып көрінуі мүмкін. Ұзақ мерзімді әлеуметтік төлемдерді алушылар (мысалы, мүгедектігі, асыраушысынан айрылуы бойынша жәрдемақылар) санының өсуіне қарай экономикалық құлдырау кезеңдерінде ағымдағы жарналардың азаюы себебінен және әлеуметтік төлемдер бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелердің болуынан жүйенің қаржылық тұрақтылығына байланысты мәселелер туындайды. Бұл әдіс әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылады, бірақ жоғарыда айтылған мәселелер қатар жүреді.

Резервтік әдіс - бұл ағымдағы жарналардан активтер қалыптастыру үшін қолданылатын қаржыландыру әдісі, бұдан болашақта алушыларға әлеуметтік төлемдер төленеді. Бұл әдістің ерекше сипаттрына жарналардың тұрақты деңгейін, жүйенің қаржылық тұрақтылығының бұзылу тәуекелділіктерін уақытында бағалау мүмкіндігін жатқызуға болады. Халықаралық тәжірибелерге жасалған талдауларды ескере отырып, Қазақстанның әлеуметтік сақтандыру жүйесін қаржыландырудың моделін жасағанда басымдық резервтік әдіске беріледі.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қызметінің тәжірибесінде бұл әдіс былайша жүзеге асырылады:

Еңбек ету қабілетінен айрылу, асыраушысынан айрылу бойынша Қордың алушылардың алдындағы міндеттемесі ұзақ мерзімді сипатта болады. Мысалы, еңбек ету қабілетінен айрылу жағдайында төленетін әлеуметтік төлемдер алушы зейнеттік жасқа толғанша төленуі мүмкін; өз кезегінде асыраушысынан айрылу жағдайында төленетін әлеуметтік төлемдер асырауында болған балалар кәмелеттік жасқа толғанша төленеді, не олар оқу орындарының күндізгі бөлімінде (колледждерде, ЖОО-ларда) оқуларын жалғастырған жағдайда сол оқу орнын бітіргенше төленеді.

Қордың актуарлары алушылардың болашақ әлеуметтік төлемдерінің келтірілген құнын көрсететін провизиялардың есебін үнемі жүргізіп отырады. Қордың қаржылық тұрақтылығынын жағдайын сипаттайтын көрсеткіш Қордың активтері мен провизияларының айырмасы ретінде айқындалатын Қор резервінің мөлшері болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылгы 11 маусымдағы №654 қаулысымен қаржы жылының басында есептелетін резервтің ең төменгі мөлшері Қор провизиясының 10 пайызынан кем емес деңгейде айқындалады. Бұл көрсеткіш өзінше «қорғанды» білдіреді, яғни оның мағынасына қарап Қордың қаржылық тұрактылығы туралы саралауға болады. Егер резервтің мөлшері рұқсат етілетін ең төменгі мөлшерлерден төмен болса, бұл жүйеге ағымдағы аударымдар есебінен әлеуметтік төлемдер алушылардың алдындағы Қордың міндеттемесін орындауға байланысты алда тұрған мәселелер туралы алдын ала (екі-үш жыл бұрын) берілген белгі болып табылады. Сондай-ақ Қорда, уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде, Қазақстан Республикасының Үкіметінде әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесін арттыру, не уақытша қаржылық көмек және т.б. алдын алу шараларын қабылдау үшін уақыт жеткілікті болады.

  • 4. Әлеуметтік сақтандырудың қазақстандық моделінің тағы бір ерекшелігі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары арасындағы қызметтерді бөлу болып табылады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Қордың қызметіне бақылау және қадағалау жұмыстары бекітілген.

Қорға - әлеуметтік аударымдарды шоғырландыру, әлеуметтік төлемдерді қаржыландыруға Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың (ЗТМО) өтінішін уақытында орындау, әлеуметтік аударымдарға, әлеуметтік төлемдерге мониторинг, Ұлттық банк арқылы инвестициялық қызмет бекітілген.

Зейнетақы төлеу жөніндегі  мемлекеттік орталыққа - әлеуметтік аударымдарды дербес есепке алу, жүйедегі төлемдер трансферттері, аудандық бөлімшелер жүйесі арқылы әлеуметтік төлем алушыларға тікелей қызмет көрсету бекітілген. Бүл жерде Ресей Федерациясының Әлеуметтік сақтандыру қоры (ӘСҚ) қызметінен айырмашылық бар, оларда әлеуметтік сақтандыру жүйесінен төленетін әлеуметтік төлемдерді жұмыс берушілер төлейді де соған сәйкес сақтық жарналарын азайтады, яғни «есеп беру әдісін» қолданады. Сондай-ақ сақтық жарналарын жинау бойынша ӘСҚ- ға бақылау қызметтері жұмыс берушілерден бөлінген.

Қазақстан Республикасында әлеметтік аударымдардың уақтылы және толық төленуін бақылау қызметтері Қаржы министрлігінің салық органдарына жүктелген.

Қордың активтерін сенімді басқару оларды қаржылық құралдарға инвестициялау жолымен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде жүргізіледі.

Қазіргі уақытта  Қордың және әлеуметтік сақтандыру жүйесінің  барлық қатысушыларының арасында Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік қорғапу деңгейін арттыру және әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында әлеуметтік сақтандыру жүйесінің барлық мушелерімен бірігіп жүйені жетілдірудің жаңа міндеттері тұр.


Информация о работе Әлеуметтік сақтандыру