Қазақстан Республикасының жаһандану жағдайындағы интеграциялық қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2012 в 22:15, дипломная работа

Описание работы

Диплом жұмысының мақсаты: Интеграция мен инновациялық қызметті теориялық тұрғыдан қарастыру және соның негізінде Қазақстан Республикасының жаһандану жағдайындағы интеграциялық қызметінің ғылыми-тәжірибелік кепілдемелерді анықтау.
Диплом жұмысының негізгі міндеттері:
-экономикалық интеграция мәні мен даму алғышартын ұарастыру;
-интеграциялық дамудағы әлемдік және отандық тәжірибені салыстыру;
-әлемдік елдердің сауда экономикалық одаққа кіріуінің экономикалық салдарын талдау;
-әлемдік интеграциялық бірігу процесін қарастыру;
-посткеңестік елдердегі интеграциялық процестерді талдау;
-әлемдік интеграциялық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан Республикасының орнын анықтау;

Работа содержит 1 файл

Бегалиева Жазира.doc

— 375.50 Кб (Скачать)

    Қазақстанның  Қытай Халық Республикасымен  сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастықта, шекара бойындағы аудандарда еркін сауда аймақтарын ашу мәселелері жөнінде айтарлықтай жылжу бар. Қытай Қазақстанға қарсы ядролық қаруды қолданбауға, күш жұмсамауға, егемендікпен аумақтық тұтастықты құрметтеуге міндеттенді. өз кезеңінде, Қазақстан ҚХР-дың аумақтық тұтастығына қатысты осындай міндеттемелерді мойынына алды. 1994 жылғы сәуір айында Алматыда Қазақстан мен ҚХР арасындағы мемлекеттік шекараның өтуі туралы Шартқа қол қойылды. Бұл құжаттың маңызы өте зор екендігін айтпасада түсінікті. 1997 жылы Батыс Қазақстаннан батыс Қытайға және Иранға мұнай құбырын тарту туралы келісімге қол қойылды. 2010 жылға қарай Қытай бізден жыл сайын 200-210 млн.тонна мұнай сатып алмақ.

    Өмір  бойы көршілес болып, шаруашылығымыз, мәдениетіміз тығыз байланысып, араласқан Орта Азия елдерімен біздің ортақ мүдделерміз көп. Тегі бір, тарихы тамырлас, рухани бауырлас Түркиямен екі арада өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, мәдени байлықтармен алмасуға деген екі жақты ұмтлыс бар. Сол сияқты Иран елімен де достық, ынтымақтастық қатнастар дамып келеді. Екі ел Каспий теңізін Қазақстанды Солтүстік Иранмен және Парсы шығанағымен байланыстыратын көлік артериясына айналдыру туралы келісімдер жүргізілді.

    Біз Азия құрлығында өмір сүріп отырмыз. Мұндағы елдердің экономикалық қоғамдық құрылымы сан алуан. Сондықтан бұл аймақ үшін өзара тиімді іс-қимыл және сенім мен қауіпсіздікті сақтаудың маңызы зор. Аймақ мемлекетерінің экономикалық, экологиялық және т.б. бірлесе шешетін ортақ мәселелер бар. Соның бәрін ескере отырып, республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңес сияқты Азия аймағында да қауіпсіздік пен ынтымақтастық құрылымдарын құру идеясын БҰҰ Ассамблеясының 47-сессиясында, Брюссельде НАТО елшілерімен кездесу кезінде және т.б. мәжілістерде ұсынылды.

    Таяу  шығыс аймағындағы негізгі мемлекеттер  Египет, Сирия, Сауд Арабиясы, Оман және Израильмен саяси және іскер байланыстар  орнатылуда. Сондай-ақ Батыс Еуропа мен Солтүстік Американың жетекші  елдерімен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту көзделіп отыр.

    Қазіргі жағдайда қай ел болмасын нарықтық жүйенің орталығы болып отырған, дүниежүзілік саяси істерде орасан зор АҚШ, Батыс Еуропа және Жапониямен байланыстарды бекітіп, іс-қимылдарды үйлестірудің орны ерекше екендігі айтпасада түсінікті. Дегенмен, бұл қарым-қатнастар біздің түпкілікті мүдделерімізге нұқсан келтірмегені жөн.

    Бұрынғы кеңестер Одағының ыдырауына, Ресейдің ортақ ақша, экономика аумағынан  ығыстыруына байланысты Орта Азия елдері өздерімен тамырлас Орта және Таяу Шығыс мұсылман елдерімен қарым-қатнастарын кеңейтуде. Себебі, бұрынғы каммунистік идеяның үстемдік етіп тұрған кезінде Шығыс мәдениеті шеттіліп, олармен жөнді байланыс болмады. Енді сол құрсаудан шыққан соң ислам мәдениетінің рухани негіздеріне деген халықтардың табиғи ұмтылыстарын түсінуге болады.

    Республиканың сыртқы саясатына экономикалық байланыстарды  нығайтып,дамытуда кіреді. Бүгінде  республикада 200-ге жуық шетел фирмаларының, банкілерінің өзге ұйымдардың өкілдері бар. Қазақстан қазір әлемнің  80-нен астам еліне өнімдер шығарады. Тауар айналымның Қытайға 22%-зы, Германияға – 13,6, Ұлыбритания – 11,6, Швейцарияға – 11, Нидерландыға – 4,7, Австрияға – 2,5%-зы келеді. Елімізде 2000-нан астам бірлескен кәсіпорындар тіркелген. Біздің серіктестеріміздің ішінде дүниежүзіне белгілі «Шеврон», «Эльф Акитан», «Бритши Гэз», «Мобил», «Токсако», «Амоко», «Аджип», мұнай, газ өндіретін компаниялары және басқалары бар. Мұндай байланыстар алдыңғы уақытта арта түспек.  

    КСРО-ның  ыдырауының басты нәтижесі «темір пердемен» бөлінген кеңестік империя халықтарының дүниежүзілік қауымдастыққа қосылуы болып табылады. ТМД-ның құрылуында 1991 жылғы 20-желтоқсандағы Алматы кездесуінің орны ерекше. «Біз мұнда ізгі ниетпен келдік. Тәуелсіз мемлекеттердің достық одағы құрылатын Алматы кездесуіне Молдава толық құқылы қатысушы болып отыр.

    Сыртқы  саясат экология мен айналадағы ортаны қорғау мәселелерімен байланысты. Бұл  орайда, алдңғы қатарда Қазақстанның екі үлкен проблема тұр. Біріншісі  – тартылып бара жатқан Арал теңізі. Оның бассейнінің шөлге айналуы ймақтағы экологияның күрт нашарлауына әкеліп соғып отыр. 150 млн.тонна тұзды шаң-тозаң аспанға көтерілуде. Ол айналасында тұратын 3 миллионнан астам адамның десаулығы мен экономикасына теріс зардаптарын тигізуде. Бұл қасірет қазір сол адамдарға ғана зардаптарын тигізсе, ертең ол талай миллиондаған адамдарға қайғы болып шығуы мүмкін. Сондықтан бұл аймақты дүниежүзілік көлемдегі экологиялық апат аймағы деп түсініп, оған шұғыл әрі көлемді халықаралық көмек көрсетілуі қажет.

    Екінші  экологиялық қасіретіміз – Семейдегі ядролық полигон. Мұнда 1949-1963 жылдары атом және сутегі бомбаларының жарылыстары жер беті мен атмосферада өткізілген. 1963-1983 жылдары жер астында жүргізілген. Онда өткізілген 752 жарылыстың 26-сы атмосферада, 78-і жер бетінде, қалғаны жер астында жүргізілді. Ал олардың қуаты Хиросима мен Нагасакидегі қасіреттің көзі болған қондырғылардың қуатынан жүздеген есе көп. Жарылыс зардаптарынан жарты миллионнан астам адам зардап шекті.

    Республикадағы  «Невада-Семей»қозғалысының мұрындық болып, үкіметтің шешімімен аталған ажал көзі жабылды. Бірақ артында талай жылдарға жетерлік уланған орта қалды, генетикалық заң бойынша ұрпақтан-ұрпаққа кетерлік жүздеген мың аурулар қалды. Осы аймақты сақтандыру, жапа шеккендерді емдеу, дүниеге келген сәбилерді қауіпсіздендіру үшін орасан зор қаржы керек. Оны аяғынан жаңа тұра бастаған жас мемлекетіміз жалғыз өзі шеше алмайды. Сыртқы саясатымыз оны да ескереді.

    Сыртқы  саясатпен тікелей байланысты әскери саясат. Бұл саладағы негізгі мақсат – Қазақстан жерінің тұтастығы мен тәуелсіздігін қорғай алатын, соған сай жаратылған, шағын армияны ұстау. Республика стратегиялық шабуыл қаруын қысқартуды жақтайды, жаппай қырып-жоятын қарудың басқа түрлеріне тыйым салуға бағытталған бастамаларды дұрыс деп табады.

    Қазақстанның қазіргі сыртқы саясатының негізгі мақсаттары мен принциптеріне мыналар жатады:

  • мемлекеттік мүддені қорғау;
  • елімізде экономикалық реформаларды жалғастыру, демократиялық институттарды күшейту үшін сыртқы жағдайды барынша қамтамасыз ету;
  • әлемдегі барлық елдермен тең құқықты және серіктестік қатнастарды дамыту;
  • ғаламдық және аймақтық интеграциялық процестерге белсене қатысу;
  • халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты тереңдету.

    Қазақстан егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде  қалыптасты және әлемдік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі, оның ажырағысыз бөлігі болып отыр. Ол өзінің сыртқы саясатында барлық ұлттармен тең дәрежелі достық қатнаста. Сонымен қатар республикамыздың халықаралық деңгейде мүдделі болып отырған көкейтесті мәселелері – қарусыздану және халықаралық қауіпсіздікті нығайту, аймақтық жанжалдарды болдырмау және бейбітшілікті қолдау жөніндегі операциялардың тиімділігін арттыру, адам құқықтары, айналадағы ортаны қорғау,  дамыту және т.б. Республикамыз сыртқы саясат жүргізіп, ішкі  әл-ахуалымызды жақсартып, болашақта өркениетті, құқықтық қоғам орнатуда.

    ТМД шеңберіндегі ортақ экономикалық кеңістіктің  құрылу перспективасы 1994 жылдың сәуір  айында өткен ТМД елдерінің экономикалық одағы жөніндегі келісімде белгіленді. Бұл келісімнің көптеген шарттары мынаны дәлелдейді, яғни оның авторлары интеграцияның Батыс Еуропалық теориясы мен тәжірбесіне сүйенген. Экономикалық одақ интеграцияның және коорлинациялық іс-әрекеттердің тереңдеуі арқылы құрылады. Осы арналған іс-әрекеттер төрт кезеңнен тұрады:

  • еркін сауданың мемлекетаралық (көпжақты) ассоциациясы;
  • Кедендік одақ;
  • тауарлар менқызметтер, капиталдар және жұмысшы күшінің ортақ нарығы;
  • Валюталық (ақшалай) одақ.

    Біртұтас  ұлттық емес валютаға көшу немесе ұлттық валюталардың толық конвертирленуіне дейінгі кезеңде Төлем одағын құру көзделген[8].

    Еркін сауда ассоциациясы және оның жоғарғы  орғаны – Кедендік одақ – кейбір жекелеген бағыттарда ғана қалыптасып жатыр.

    ТМД көлеміндегі ішкі тарифтік бөгеттер әлі де болса аланған жоқ, өте  маңызды тауарларға, әсіресе энергия  тасымалдаушы, шикізат және азық-түліктің кейбір түрлеріне белгіленген квоталар әлі де өз күшінде.

    Елдер арасында тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалуының ұлғая түсуі, жұмысшы күшінің және капиталдың еркін миграциялануы жөнінде  айтар болсақ, бұлардың екеуінде әкімшілдік кедергілер өз кедергілерін тигізуде.

    1994 жылдың қазанында Одақтық мемлекетаралық  экономикалық Комитет (МЭК) құрылды.  Осы МЭК Достастықтың ұйымдастырушылық  құрылуын бекітуі тиіс, сонымен  бірге интеграция мен оның  механизмдерін тереңдету жолдарын  жасауға негізгі күш әрекеттерді бағыттауы тиіс.

    МЭК-тің  қызмет етуінің алғашқы қадамдарнан  бастап алғашқы қадамдарнан бастап алға қойылған негізгі мәселелерге  мыналар жатады:

  • Достастық мемлекеттерінің Экономикалық Одағының құрылуы және тиімді қызмет етуі проблемаларын шешу;
  • Мемлекет басшылары және ТМД-нің үкімет басшылары Кеңесінің шешімдерін жүзеге асыру.

    Осы қысқа мерзімде мынандай келісімдер жасалды және қабылданды: газ, мұнай  және оның өнімдерін тасымалдау және оның өнімдерін тасымалдау және транзиттеу бойынша экономикалық одаққа қатысушы елдердің өзара қарым-қатнастары, ғылыми-технологиялық кеңістікті құру концепциясы.

    Экономикалық  Одаққа қатысушы елдердің өзара қарым-қатнасын белсенді түрде жүргізу мақсатында 1996-1997 жылдарда экономикалық интеграциялық  дамудың перспективтік жоспары жасалды, оны ТМД мемлекеттерінің басшылары мақұлдады.

    Перспективтік жоспардың негізгі идеялары мыналарға  бағытталған:

  • МЭК-тің басқа да мемлекетаралық және үкіметаралық органдардың күш-жігерін алдыңғы қатарлы әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге бағыттау;
  • экономикалық Одақтың дамуының маңызды бағыттарындағы интеграциялық процестерді жеделдету;
  • келісімдік-құқықтық базаны жетілдіру;
  • дотастықта бұрын қабылданған келісімдер мен келісім-шарттарды жүзеге асырудың тиімді механизмдерін іздестіру.

    Перспективтік жоспардың негізгі элементтерінің бірі – Экономикалық Одақ мемлекеттерінің  экономикалық дамуы мен интеграциялану жоспарын жасау туралы келісім-шарттары жасалуда.

    Орталық Азиялық Республикалармен достық қарым-қатнастарды  нығайту мен дмыту өте маңызды іс болып табылады, өйткені ол елдермен экономикалық және мәдени байланыстар ұштасып жатыр.

    1990 жылдың өзінде-ақ Қазақстанның  инициативасымен Алматы қаласында  Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан және Тәжікстан Республикалары ел басшылары алғаш рет бас қосқан еді, осы кездесуде олар экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды. Бұл келісім көпжақты және екіжақты өзара байланыстар үшін жақсы негіз болды.

    1993 жылдың қаңтарында Орта Азия және Қазақстан мемлекеттері басшыларының Ташкент қаласында өткен кездесуінде экономиканы құрылымдық тұрғыда қайта құру бойынша бірқатар маңызды шешімдер қабылданды. Бұл жерде Орталық Азиялық нарықты тауармен қамтамасыз ету мен толықтыру үшін қолда бар өндірістік қуаттар ескерілуі тиіс. Осы кездесуде бидай мен мұнай бойынша мемлекетаралық көпжақта салалық коммисияны – Алматы қаласында, мақта бойынша – Ташкентте, газ бойынша – Ашхабадта, электр энергиясы бойынша – Бишкекте, су ресурстары бойынша – Душанбеде құру қажеттілігі белгіленді.

    Қатысушы  жақтар Аралды сақтап қалудың халықаралық  қорын құру жөнінде шешім қабылдады.

    Орталық Азия республикаларының мемлекеттік  тәуелсіздікке қол жеткізуі –  нарыққа бағытталған экономиканы  құруды және де мемлекетаралық ынтымақтастық пен интеграция мәселелеріндегі жаңа стратегиялық жолдарды анықтауды талап етті. Орталық Азия мемлекеттерінің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық проблемаларының ұқсастығы – оларды шешуде өте тығыз ынтымақтастықты қажет етеді.

    Ортақ шекараларды, мемлекеттер аймағын, сонымен бірге бай табиғи – шикізаттың ресурстарды байланыстырушы біртұтас транспорттық және басқа да коммуникациялардың болуы мыналарға жағдай жасайды:

  • өнеркәсіптік өндірістің кооперациялануы;
  • бірлескен кәсіпорынның ұйымдастырылуы;
  • аймақтық өнеркәсіптік кешендердің өзара байланысуы.

    Жоғарыда  аталған позицияларға сәкес мемлекет басшылары Біртұтас Экономикалық Кеңістікті құру жөніндегі келісімге қол  қойды. Бұл құжат үш Орталық Азия мемлекеттерінің экономикалық ынтымақтастығының  берік негізін қалады. Олардың интеграциясы аймақтық оқшаулануды көрсетпейді, ТМД шеңберінде жүріп жатқан интеграциялық процестердің жолсерігі және катализаторы болып табылады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының жаһандану жағдайындағы интеграциялық қызметі