Қазақстан Республикасындағы тұрақты экономикалық өсу мәселелер

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 18:17, курсовая работа

Описание работы

Нарыққа көшу кезінде, экономика және экономикалық қарым-қатынастар дамуының маңызды көрсеткіштері болып қоғамдық өнім көлемінің өсуі, халықтың өмір сүру деңгейінің, қоғам ауқаттылығының көтерілуі болып табылады. Нарықтық қатынастар жолына тұрған тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында өнім өндіруді жоғарлату сияқты күрделі мәселелер тұр. Бүгінгі күнде жас мемлекет бұл мәселелерді сәтті шешіп келе жатыр, бірақ экономикалық өсу қысқа мерзімді мәселе емес, керісінше, болашақта қазақстандық қоғам дамуының ұзақ мерзімді сұрағы болғандықтан, бұл сұрақ өте маңызды және дер кезде қаралуын талап етеді.

Содержание

КІРІСПЕ 2- 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ......................................................................................................4 - 27
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 4- 15
1.1. Экономикалық өсу және экономикалық даму 4 - 6
1.2.Экономикалық өсудің факторлары, көрсеткіштері 6- 9
1.3.Экономикалық өсудің типтері және мемлекеттік реттеу рөлі 9- 15
2. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ НЕГІЗГІ МОДЕЛЬДЕРІ 16- 21
2.1. Динамикалық тепе-теңдіктің кейнсиандық моделі 16- 18
2.2. Экономикалық өсудің неоклассикалық моделі 18 -19
2.3 «Нөлдік экономикалық өсудің» концепциясы 19 - 20
2.4. Салааралық баланс (шығын-шығару) моделіндегі экономикалық өсу ......................................................................................................................20 -21
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ 22 - 24
3.1. Қазақстан Республикасындағы тұрақты экономикалық өсу мәселелері.............................................................................................................22 - 24
3.2. ҚР-дағы қазіргі экономикалық өсудің жағдайы 24 - 25
3.3. ҚР-дағы экономикалық өсуді жетілдіру жолдарымен болашағы 25 - 27
ҚОРЫТЫНДЫ 28 - 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 30
ҚОСЫМШАЛАР...............................

Работа содержит 1 файл

эконом осу теориялык негиз.doc

— 123.00 Кб (Скачать)

      Реиндустрияландыру  бағдарламаларын оңтайлы жүзеге асырсақ, Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктері  артады, өлі капиталды іскерлікпен  пайдалансақ, экономикамызды өркендету үшін инвестициялық ресурстарымызды молынан таратуға қолайлы жағдай туады.

      Ең  соңында, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасында мынадай проблемаларға  назар аудару қажет деп санаймын. Өндіріс тоқтап қалған кәсіпорындарда көп мөлшерде жабдықтар мен толық кешенді технологиялық желілер босап қалды. Мәселен, Германия шығыстағы жерлермен қосылғаннан кейін ГДР-дағы өнеркәсіпті қайта жаңғыртқанда осындай проблемаларға тап болды. Немістер ескірген, бірақ жарамды жабдықтарды, бүтін зауыттарды Африка, Азия мен Оңтүстік Американың дамушы елдеріне өткізудің жолдарын таба білді. 

3.2. ҚР-дағы  қазіргі   экономикалық өсудің жағдайы 

    Қазақстандағы  ЖІӨ көлемі 2002 жылда 9 ай ішінде  шамамен 3 млрд. теңгеге жетті[2]. Қазақстанда 2002 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының аралығында ЖІӨ көлемі  2797,9 млрд. теңгені құраса, өсу 2001 жылдың сол уақыт аралығына қарағанда 9,4% өсті. Қазақстанның статистика агенттігі көрсетілген уақыт аралығында өнеркәсіптегі өндіірс қарқыны 9,5 %, ауыл шаруашылығында 6,6% және құрылыста 7,7%  өсті.

    БҰҰ-  ның  сарапшыларының айтуы  бойынша өтпелі кезең Қазақстан  тұрғындарының өмір сүру деңгейіне  теріс әсер етті, сондықтан республикадағы  кедейлік пен теңсіздік үлкен  мәселе болып отыр. Өмір сүру  минимумынан да аз табыс көретін халық үлесі 1996 жылғы 35%-тен 2002 жылы 27 %-ке төмендеді. Кедейлердің басым бөлігі – балалар(35%), еңбек қабілеттілігі бар төмен ақы алатын жұмысшылар (30%) және жұмыссыздар (30%), зейнеткерлер (6%).

      Анализдің нәтижелері бойынша, БҰҰ –ның мамандары Қазақстанның экономикалық өсуі табиғи ресурстарын пайдалануға тым тәуелді екенін айтады. Бұл әлемдік сұранысқа және бағаның маусымдық ауысуына аса үлкен тәуелділікті туғызады.

      2004 және биылғы жылы Қазақстандағы  экономикалық өсу түсті металдар мен мұнайға аса үлкен әлемдәк сұраныспен байланысты болып отыр. Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов бұл фактор кәсіпорындар мен мемлекет жоғары экспорттық табыстар  көріп, оларды өндіріс және инфрақұрылымның дамуына инвестициялау керектігін айтты.

  ҚР-ның  президенті Н.Ә. Назарбаев: «Біздің тұрақты экономикалық өсуіміз беріп отырған мүмкіндіктерді біздің халқымыздың әл-ауқатын жақсарту үшін қолданамыз,»-деді.

      Нақты ақша табыстары 13,5%-ке 71 мыңға өсті. Бір жұмысшының орта айлық номиналды жалақысы 26,7 мыңға жетті.

      «Сыртқы сауда мен қаржы жүйесінің  көлемі – экономика  өсуінің оң көрсеткіштері», - деді президент. Тек  бірінші жартыжылдықта ғана сырқы  саудалық айналым жарты есеге  өсіп, 14,2 млрд. долларды құрады. Негізгі капиталға құйылатын инвестициялар 12%-ке өсті. 

3.3.ҚР-дағы  экономикалық  өсудің жетілдіру жолдарымен  болашағы 

      Алдыңғы қатарлы халықаралық қаржы институттары өте ұстамды болды. Осылайшы, қайта  құру мен дамудың Еуропалық банкі (ЕБРР) өзінің сараптамасында  2004 жылы ТМД елдерінде экономикалық өсу 5,6% -ке баяулайтындығын, яғни алдыңғы жылмен салыстырғанда, 2проценттік деңгейге төмендейтінін анықтаған. 2003 жылы Қазақстанның, Ресейдің, Әзірбайжанның және Украинаның экономикалық өсуін итермелеген мұнайдың бағалары, шетелдік инвестициялардың жоғары деңгейі бұл елдерге енді өзінің өсу қарқынын көрсетуге мүмкіндік бермейді. Обзорда ТМД елдерінің экономиканы әртараптандыруға аз көңіл бөлетіндігіне алаңдаушылық білдіреді. Сонымен қатар ЕБРР Ресей және ТМД елдерінің Армения, Грузия және Беларусия сияқты бірқатар елдерінің экономикалық өсуін көрсетсе, Қазақстан экономикасын сол баяғы бағада қалдырған.

      ЕБРР-ге қарағанда Халықаралық  қаржы (валюттік) фондының (МВФ) біздің өңірге көзқарасы  өзгешелеу: 2004 жылы ТМД елдерінің экономикалық өсуі 6% құраса, 2005 жылы 5,2% құрауы тиіс. Және де атап өтетін жайт, біздің еліміздің атауының қасында «асыл» 8 саны тұр. МВФ сарапшылары  2003 жылы ТМД елдерінің барлығы дерлік  сенімді экономикалық  өсуді көрсеткенін айтты. Мысалы, негізгі капиталға келетін инвестициялар 2003 жылы 1,25 триллион теңгені құрады, бұл 2002 жылға қарағанда, 10,6%-ке көп. Шетелдік инвестициялардың ағымы 24,5 млрд. долларды құрады.

      Болашақ болжамдарға келетін болсақ, МВФ  осы жылы ТМД елдерінде экономикалық өсудің баяулауы болатынын айтып отыр. Оның себептері: тұтынушы сұраныс пен инвестициялық ағымның тұрақтануы, мұнайға бағалардың мүмкін  төмендеуі.

      Қазақстанда 2003 жылы шетелдік инвестициялардың 40% пайдалы қазбаларды табуға, тағы 40% жылжымайтын мүлікпен операцияларға, тек қана 3% өндіірсті өңдеуші  кәсіпорындарға жұмсалған болатын. Өзінің экономикалық өсуін тұрақтандырғысы келетін мемлекет классикалық экономикалық теорияға байланысты  прогрестің төрт «дөңгелегі»: адамдық ресурстар, табиғи ресурстар, капитал, технология және кәсіпкерлік  бар екендігін ескеруі  тиіс. Өкінішке орай, мұнай, газ және басқа пайдалы қазбаларды иелене отырып, Қазақстанның экономикасы бір ғана «дөңгелекте» жылжып келе жатыр. Кезінде бұл әдісті Канада және Норвегия қолданған болатын, бірақ экономисттер бүгінгі күнде табиғи ресурстардың бар болуы экономика табысының міндетті шарты емес.

      Бүгінгі таңда Қазақстан дұрыс бағытта  келе жатыр. Біз жоғары қосылған құнмен жоғары технологиялық өндірісті, кәсіпкерліктің инвестициялық  белсенділігін көтереміз. Қазіргі кезде осы бағыттарды дамыту үшін, салық туралы заңдар қайта қарастырылып жатыр. Экономика министрлігі амортизациялық аударымдардың есептелуін қарапайымдауды, салықтық есеп беруді қысқартуды  көздеп отыр.

      Салық жөніндегі заңдар мемлекеттік 2005-бюджеті үшін 26 млрд. теңге шығын әкелмек. Бұл болашақ өркендеу үшін жасалған алғашқы, бірақ соңғы емес құрбандық. Ең бастысы, он жылдан кейін біз бұл құрбандықтар босқа болмағандығын түсінуіміз.

  БҰҰ-ның сарапшылары Қазақстан үшін негізгі басымдық – бағалау және кедейліктің мониторингтің тиімді жүйесін жасау.

      Сонымен қатар, республика халықтың еңбекпен қамтылуына және ауыл шаруашылық және агро-өнеркәсіптік секторларға назар бөлуі керек. БҰҰ Қазақстанға маман-кадрлар  нарықтық талаптарға сай болуы үшін, білім секторында да реформа жүргізуді жөн көреді. 

    ҚОРЫТЫНДЫ 

    Экономикалық  өсу ұлттық экономика масштабында  өндірістегі товар және қызмет  көлемінің өсу түрінде көрсетілуі  мүмкін. Экономикалық өсуге анализ  жасауда тек қана  нақты ЖІӨ-нің өзгеруі назарға алынатындығы маңызды болып келеді. Номиналды өзгерістердің көрсеткіштері экономикалық өсу болып қарастырыла алмайды. Экономикалық өсу ішкі және халықаралық әлеуметтік-экономикалық  мәселелерді шеше алатын өндіріс өсуін қамтамасыз етеді.

    Экономикалық өсудің типтерін қарастырғанда, экстенсивті типте жұмыссыздық деңгейі қысқарады, өндіріс қарқынын жоғарлататтын еңбекпен  қамтылу өседі. Бірақ бұл уақытша құбылыс. Сондықтан бұл тип тоқырау мінезді, бұнда техникалық прогресс жоқтың қасы, өндіріс фондтары өнегелік және физикалық жағынан да тозады. Біз жасайтын қорытынды: экстенсивті тип өзін тауысты, жаңа, әлі дамып келе жатқан экономикалық қатынастар шарттарында бұл тип тек қана тұйықтамаға әкеліп, экономикалық қайта жаңғыруға ешқандай мүмкіндік бермейді. Сондықтан да, объективті түрде бұл типті ауыстырып, халық шаруашылығын интенсивті даму жолына көшіру қажет. Айта кететін жайт, экстенсивті тип жаңа тип – интенсивті типтің пайда болуына негіз салды. Экономикалық қатынастардың дамуына негіз салып, экстенсивті тип бүкіл әлемнің ұлттық шаруашылық дамуына үлес қосты. Осы таңда өнеркәсібі дамыған елдерде таза, жалғыз түрде бірінші  немесе  екінші типтің белгілерін анықтауға болмайды, олар бір-бірімен белгілі қатынаста үйлеседі. Бірақ, ХХғ. ортасынан құлаш жайған ҒТР шарттарында батыстың өнеркәсіпті елдерінде, оның ішінде біздің елімізде де экономикалық өсудің интенсивті түрі басым.

    Экономикалық  өсу келесі факторлармен анықталады: табиғи ресурстар, еңбек ресурстары, капитал және технология.

    Экономиканы мемлекеттік реттеу және оның ұдайы өсуіне қолданылатын шаралар әрбір мемлекетке әлеуметтік саясатты жүзеге асыру үшін қажет. Қоғамдық  қажеттерді (денсаулық  сақтау, білім беру, т.б.) мемлекеттік тұтқалар және ұйымдарсыз мүмкін емес. Мемлекеттік реттеу экономикалық өсуде дұрыс иілімді бюджеттік-салықтық, қаржы-кредиттік, бағалық және инвестициялық саясатты жүргізілсе, маңызды роль атқара алады.

    Кейнсиандық  теория макроэкономикалық тепе-теңдік  теориясын қайта өңдеу және  даму  нәтижесінде пайда болды. Кейнсиандық адамдардың ойынша, экономикалық  өсуді анықтайтын ең басты фактор – инвестициялар.

    «Нөлдік  өсу» концепциясын жақтаушылар  техникалық прогресс және экономикалық  өсу қазіргі өмірдің бірқатар  теріс факторлары: қоршаған ортаның  ластануына, өндірістік шуға және қалалардың келбетінің бұзылуына әкеліп соқтыратынын айтады. Және экономикалық өсу әрқашан халық үшін қолайлы жағдайлар туғызы алмайтындығын айтады.

    Салааралық  баланстың «шығын-шығару» әдісі   әр түрлі салалар арасындағы  байланысты анықтауға  ғана  емес,  сонымен  қатар  мемлекеттің  экономикалық дамуын болжай алады.

    Үшінші  бөлімде жасалған сараптама –  еліміздің экономикасы тез қарқынмен  дамып келе жатқандығының айғағы. Әлемнің алып елдері Қазақстанды  дамып келе жатқан нарықты экономикалы ел деп таныды. Табиғи ресурстардың байлығы, инфрақұрылыстың динамикалық дамуы, әлеуметтік және саяси жағдайдың тұрақтылығы, әлемдік сақынадағы бағдардың тұрақтануы экономикалық өсудің жоғары қарқынмен дамуына және жақын болашақта республикадағы экономикалық дамудың жоғары көрсеткіштерін көрсетуге  ықпал жасайды. 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ 

    1. Әубәкіров  Я.Ә., Нәрібаев К.Н., Жатқанбаев Е.Б.  Экономикалық теория негіздері.  Оқулық. – Алматы, 2002.

    2. Ломакин  В.К. / Мировая экономика. Учебник. М.: ЮНИТИ. 2000. 727с.

    3.  Макконнел Кэмпбелл Р., Стенли  Л. Брю./ Экономикс.М.: 2000

    4. В  фазе устойчивого экономического  роста // Казахстанская правда, 2002. 8 октября.

    5. Курс  экономической теории: Учебник./ Под  ред. М.Н. Чепурина, Е.А. Киселевой. – Киров: АСА, 2003.

    6. Экономическая  теория: Учебник / Под общ. ред.  В.И. Видяпина, Г.П. Журавлевой. –  М.: Изд-во ЭРА, 2000.

    7. Экономика:  Учебник / Под ред. А.С. Булатова. – М.: БЕК,2003.

    8. Терминологиялық  сөздік. Алматы: Рауан, 2000.

    9. Қазақша-орысша  сөздік. Алматы: Аруна, 2002.

   10.  Мамыров  Н.Қ., Тілеужанов М.Ә: “Макроэкономика”

11.

-----------------------

[1] Р. Харрод . К теории экономической динамики. М., 1959. С. 37.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы тұрақты экономикалық өсу мәселелер