Қазақстан Республикасындағы тұрақты экономикалық өсу мәселелер

Дата добавления: 04 Ноября 2011 в 18:17
Автор: Пользователь скрыл имя
Тип работы: курсовая работа
Скачать полностью (28.01 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

эконом осу теориялык негиз.doc

  —  123.00 Кб

Мазмұны:

КІРІСПЕ 2- 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ......................................................................................................4 - 27

1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ӨСУДІҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ 4- 15

  1.1.  Экономикалық  өсу  және  экономикалық  даму 4 - 6

  1.2.Экономикалық  өсудің  факторлары, көрсеткіштері 6- 9

  1.3.Экономикалық  өсудің  типтері және мемлекеттік  реттеу рөлі  9- 15

2. ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ӨСУДІҢ  НЕГІЗГІ   МОДЕЛЬДЕРІ 16- 21

  2.1.  Динамикалық   тепе-теңдіктің  кейнсиандық   моделі 16- 18

  2.2.  Экономикалық  өсудің  неоклассикалық   моделі 18 -19

  2.3 «Нөлдік   экономикалық  өсудің»  концепциясы 19 - 20

  2.4.  Салааралық  баланс (шығын-шығару) моделіндегі экономикалық                   өсу ......................................................................................................................20 -21

3 ҚАЗАҚСТАН   РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ӨСУДІҢ   ҚАЗІРГІ  ЖАҒДАЙЫ  ЖӘНЕ   БОЛАШАҒЫ 22 - 24

    3.1. Қазақстан  Республикасындағы тұрақты экономикалық  өсу      мәселелері.............................................................................................................22 - 24

  3.2. ҚР-дағы  қазіргі  экономикалық өсудің  жағдайы 24 - 25

  3.3. ҚР-дағы  экономикалық  өсуді жетілдіру  жолдарымен  болашағы 25 - 27

ҚОРЫТЫНДЫ 28 - 29

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 30

ҚОСЫМШАЛАР................................................................................................. 31 - 35 

КІРІСПЕ 

      Өсу жағдайындағы экономика өзінің азаматтарының  жағдайын көтеруге және туындайтын әлеуметтік - экономикалық мәселелерді  шешуге мүмкіндік  береді.

      Экономикалық өсу – адамзат  қоғамының үдемелі дамуын бейнелейтін  ең маңызды үдерістерінің бірі. Соның негізінде адамзаттың “мәңгі”  проблемалары: қажеттіліктерді қанағаттандырудың  жолдары мен түрлерін іздестіру, ғылымды дамыту, табиғатты сақтау мәселелері шешіледі. Экономикалық өсу ұғымы өндірістің нақты көлемінің қысқа мерзімдік шарықтаулары мен құлдырауларын емес, ал ұзақ мерзімді уақыт аралығында өндіргіш күштердің дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің ұзақ мерзімді өзгерістерін білдіреді.

      Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыздандыру  – макроэкономикалық  реттеудің  маңызды мақсаттарының бірі болып  табылады. Атап айтқанда, экономикалық өсу мүмкіншілігіне осы елдің  экономикалық дамуы, халықтың өмір сүру деңгейі, мемлекеттің бәсекелестік қабілеті және әлемдік қоғамдағы орны, сайып келгенде елдің болашақта дамуы толығымен байланысты.

      Нарыққа көшу кезінде, экономика және экономикалық қарым-қатынастар дамуының маңызды  көрсеткіштері болып қоғамдық өнім көлемінің өсуі, халықтың өмір сүру деңгейінің, қоғам ауқаттылығының көтерілуі болып табылады. Нарықтық қатынастар жолына тұрған тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында өнім өндіруді жоғарлату сияқты күрделі мәселелер тұр. Бүгінгі күнде жас мемлекет бұл мәселелерді сәтті шешіп келе жатыр, бірақ  экономикалық өсу қысқа мерзімді мәселе емес, керісінше, болашақта қазақстандық қоғам дамуының ұзақ мерзімді сұрағы болғандықтан, бұл сұрақ  өте маңызды және дер кезде қаралуын талап етеді.

      Курстық жұмыстың мақсаты – экономикалық өсудің теориялық және практикалық  аспект жетістіктерін  оқу.

      Қойылған мақсатқа қарай, қаралатын  мәселелер:

         • экономикалық өсу түсінігін  қарастыру;

         • экономикалық  өсуге әсер  ететін факторларды көрсету;

         • экономикалық өсудің негізгі көрсеткіштерін анықтау;

         • экономикалық  өсудің типтерін  қарастыру;

         • экономика дамуын жоғарлатудағы  мемлекеттің ролін анықтау;

         • ҚР-ның қазіргі  экономикалық  даму жағдайын сараптау;

         • Болашақта дамуын анықтау;

        Берілген тақырып өзінің белсенділігінің арқасында көптеген батыс экономисттері Ж.Б. Сэй, Дж. Кейнс, Солоу, Сакс және отандық  озық  ғалымдар  К.Н. Нарыбаев, С.С. Оспанов, Б.М. Мұхамедиевпен қарастырылған. 

І ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 

1.1.  Экономикалық  өсу және экономикалық даму 

       Экономикалық өсу – шығарылатын  пайдалы өнім көлемінің өсуі, яғни  халықтың өмір сүру деңгейінің  жоғарлауы.

      Экономикалық  өсу – ұзақ уақыт аралығындағы нақты және әлуетті (мүмкін) ұлттық табыстың  өсуі.

      Экономикалық  даму экономикалық өсуге қарағанда  шаруашылық прогресті толығырақ  сипаттайды. Ол тек қана өндірістің көбеюін ғана емес, сонымен қатар  ұлттық шаруашылықта жаңа прогрессивті пропорциялардың пайда болуын білдіреді. Олар, өз кезегінде келесі дамудың негізін салады. Экономикалық өсу ең бірінші, жасалған өнімнің сандық өсуімен байланысты. Ол өндірісті және товар ассортиментін жаңарту, экологиялық ортаны сақтау сияқты шаруашылық дамуының маңызды бағдарларын елемей алады. Ал тура осы процестер экономикалық дамудың және оның жоғарырақ сапалы сатысына өтуіне кедергі болады.

[pic] 

         1-сурет. Экономикалық өсу және өндіріс мүмкіншілігінің қисығы 

      Графикалық түрде (1-сурет) экономикалық  өсу ұдайы түрде өндіру мүмкіншілігі  қисығының оңға жылжуымен беріледі. Бұл шегініс экономиканың товар өндіру және қызмет көрсету қабілетінің өсуін сипаттайды. Егер экономиканың барлық ресурстары (еңбек, капитал, т.б) пайдаланылмайтын болса, онда экономика өзінің барлық мүмкіншіліктерін жүзеге асыра алмайды, яғни графикалық түрде экономика «ОАВ үшбұрышының ішінде жұмыс істейді.» АВ және СD қисықтарында қалу үшін, жиынтық  сұраныс тез өсуі және өсіп келе жатқан экономиканың өндіріс мүмкіншілігін толығымен пайдалану керек.

      Егер экономиканың кез келген ресурстарының біреуі тиімді бөлінбесе, яғни өнімдірек және пайдалы жерде қолданылмаса, онда экономика өндіріс қисығында жұмыс істемейді.

      Экономика баяу оңға жылжитын  өндіріс қисығында әрекет етуі  керек, ол үшін оның ресурстары  толығымен қамтылуы және тиімді орналасуы керек. Еңбекпен толық қамтымуды жою және экономиканың өсіп келе жатқан өндірісін қолдану үшін, қазына және қаржы полициясы жиынтық сұраныстың жылдам өсуін қамтамасыз етуі керек.

      Экономикалық өсу – бұл белгілі  уақыт аралығындағы қоғамдық өнімнің сандық және сапалық жетілдіру.

2-суретте тиімді  экономикалық өсудің мақсаттары  көрсетілген. 

      |Тиімді экономикалық өсудің мақсаттары                | 

|өмір  сүру  мерзімін  ұзарту;                                                                                                   | 

|аурудың және  жарақаттанудың төмендеуі;                                                                                          | 

|қажеттіліктерді  толығырақ қанағаттандыру;                                                                                       | 

|білім беру  және мәдениет деңгейін көтеру;                                                                                       | 

|әлеуметтік  тұрақтылық және өз болашағына  сенімді арттыру;                                                                       | 

|кедейлік пен  өмір сүру деңгейлерінің айырмашылығын  жою;                                                                         | 

|толық  жұмыспен  қамтылу;                                                                                                        | 

         2-сурет. Тиімді экономикалық өсудің  мақсаттары 

1.2.Экономикалық  өсудің  факторлары, көрсеткіштері 

    Экономикалық  өсу бірқатар факторлармен анықталады. Экономика ғылымында негізін салушы Ж .Б. Сэй болған өндірістің 3 факторы кең тараған (3-сурет). 

    |   Өндіріс факторлары                                     | 

|    еңбек                    |          |     жер                  |               |   капитал                   | 

            3-сурет. Өндірістің  үш факторы теориясы 

      Кейінірек өндіріс факторларын  жіктеу анағұрлым тереңірек және  кеңірек көрініс тапты.

      Оларға жатады:

         • еңбек;

         • жер;

         • капитал;

         • кәсіпкерлік ынта;

         • ҒТР.

      Экономикалық өсудің факторлары бір-бірімен тығыз байланыста болады. Сонымен қатар, бұл ірі факторлар кешенді болып келеді және олар кейін топтастыруға келетін кішігірім факторлардан тұрады.

      Сонымен, сыртқы және ішкіэкономикалық  элементтер бойынша бөлуге болады:

           • сыртқы;

           • ішкі факторлар.

      Сонымен қатар, өсу мінезіне (сандық  немесе сапалық) қарай бөлінетін  факторлар бар:

     1. Интенсивті факторлар:

          • ғылыми-техникалық прогресті  жылдамдату (жаңа техниканы, технологияны негізгі фондтарды жаңарту жолымен енгізу, т.б.)

          • мамандар біліктілігін көтеру;

          • негізгі және айналым фондтарын  пайдалануды жақсарту;

          • шаруашылық қызмет тиімділігін  дұрыс ұйымдастыру арқылы көтеру;

      2.  Экстенсивті факторлар:

          • инвестициялар көлемін технологияның  бар деңгейін сақтау арқылы  көтеру;

          • жұмысшылар санын көбейту;

          • пайдаланылатын шикізат, отын, материал және де басқа айналым  капитал көлемін өсіру.

      Интенсивті факторларды жиынтық ұсыныстың факторлары деп те атайды. Олармен ұлттық  өнім өндіру байланысты.

      Экстенсивті факторларды жиынтық  ұсыныстың факторлары деп те  атайды. Бұл факторлар арқылы  өскен ұлттық өнімді өткізу  жүзеге асады. Және де жиынтық  сұраныспен байланысты факторларға ресурстарды тиімді бөлу жатады.

      Факторлардың ең маңыздысы еңбек  шығыны болып келеді. Бұл фактор  негізінен мемлекеттің халық  санымен анықталады. Халықтың бір  бөлігі жұмыс қабілеті барлардың  санына кіреді және еңбек нарығына  кірмейді. Оларға оқушылар, зейнеткерлер, әскери адамдар және т.б. жатып, жұмыс істегісі келетін жұмыс күшін құрайды. Сонымен қатар, жұмыс күші құрамында жұмыссыздар, яғни жұмыс істегісі келетіндер, бірақ жұмыс  таба алмайтындар бөлініп шығады.

      Еңбек шығынының (жұмыс істейтіндер саны) бұл көрсеткіші нағыз шын жағдайды көрсетпейді.

      Еңбек шығынының дәлірек көрсеткіші  жұмыс уақытының сомалық шығынын  көрсете алатын, жасалған адам-сағат  саны болып табылады.

      Жұмыс уақытының өсуі келесі  факторларға байланысты:

           • халықтың өсу қарқынынан;

           • жұмыс істеу мүддесінен;

           • жұмыссыздық деңгейінен;

           • зейнеткерлік қамтамасыз етуге.

      Сандық факторлармен қатар еңбек  күшінің сапалығы өте маңызды  рөл атқарады.

      Экономикалық өсудің  тағы да маңызды факторы болып капитал табылады. Капитал – бұл ғимараттар, товардың қосалқы қорлары. Негізгі қор болып тұрғын қорлары саналады, өйткені үйлерде тұратын адамдар бұл үйлердің қызметтерінен пайда көреді.

      Капитал шығындары жиналған капиталдың шамасына тәуелді болады. Ал өз кезегінде, капиталды жинау нормаларына тәуелді: неғұрлым жинақтау нормасы жоғары болса, соғұрлым күрделі жұмсалым көбейеді. Капиталдың өсімі жинақталған активтерге де байланысты: неғұрлым олар көп болса, соғұрлым  капиталдың өсу жылдамдығы  төмен болады. Мысалы, АҚШ және Батыс Европа елдерінде жинақталған капитал мөлшері өте үлкен және оның өсу екпіні  Оңтүстік Корея, Бразилия, Тайван сияқты елдерден 3-5 есе кем.

Страницы:1234следующая →
Описание работы
Нарыққа көшу кезінде, экономика және экономикалық қарым-қатынастар дамуының маңызды көрсеткіштері болып қоғамдық өнім көлемінің өсуі, халықтың өмір сүру деңгейінің, қоғам ауқаттылығының көтерілуі болып табылады. Нарықтық қатынастар жолына тұрған тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында өнім өндіруді жоғарлату сияқты күрделі мәселелер тұр. Бүгінгі күнде жас мемлекет бұл мәселелерді сәтті шешіп келе жатыр, бірақ экономикалық өсу қысқа мерзімді мәселе емес, керісінше, болашақта қазақстандық қоғам дамуының ұзақ мерзімді сұрағы болғандықтан, бұл сұрақ өте маңызды және дер кезде қаралуын талап етеді.
Содержание
КІРІСПЕ 2- 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ......................................................................................................4 - 27
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 4- 15
1.1. Экономикалық өсу және экономикалық даму 4 - 6
1.2.Экономикалық өсудің факторлары, көрсеткіштері 6- 9
1.3.Экономикалық өсудің типтері және мемлекеттік реттеу рөлі 9- 15
2. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ НЕГІЗГІ МОДЕЛЬДЕРІ 16- 21
2.1. Динамикалық тепе-теңдіктің кейнсиандық моделі 16- 18
2.2. Экономикалық өсудің неоклассикалық моделі 18 -19
2.3 «Нөлдік экономикалық өсудің» концепциясы 19 - 20
2.4. Салааралық баланс (шығын-шығару) моделіндегі экономикалық өсу ......................................................................................................................20 -21
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ 22 - 24
3.1. Қазақстан Республикасындағы тұрақты экономикалық өсу мәселелері.............................................................................................................22 - 24
3.2. ҚР-дағы қазіргі экономикалық өсудің жағдайы 24 - 25
3.3. ҚР-дағы экономикалық өсуді жетілдіру жолдарымен болашағы 25 - 27
ҚОРЫТЫНДЫ 28 - 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 30
ҚОСЫМШАЛАР...............................