Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы

Дата добавления: 18 Октября 2011 в 22:01
Автор: Пользователь скрыл имя
Тип работы: курсовая работа
Скачать полностью (63.71 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

КУРСОВАЯ РАБОТА.....doc

  —  276.00 Кб

      Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 14 маусымындағы «Кәсіпкерлік қызмет бостандығына мемлекеттік кепілдіктерді іске асыру жөніндегі қосымша шаралар туралы» жарлығында кәсіпкерлік қызметте мемлекеттік кепілдіктерді қолдау мен қорғауды қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың лауазым иелерінің жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметіне негізсіз араласу фактілерін болғызбау мақсаты көзделген. Кәсіпкерліктің орын алар жері – ең алдымен кәсіпорын. Қазіргі өтпелі нарық қоғамында өнеркәсіп ошақтарын оңалту, демеу және қаржылай сауықтыру үрдісі жүргізілуде. Ендігі кезде тұралаған кәсіпорындарды банкроттыққа ұшырату, яғни оның дерменсіздігін белгілеп, таратуға негіз салу маңызды. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ең қарапайым формасы – ол жеке іскерлік. Бұл жағдайда кәсіпкер жеке тұлға ретінде кәсіпорынның мәртебесін иеленбей-ақ, өздігінен іс-қимыл жасайды. Жеке кәсіпкерліктің тағы бір түрі – жеке кәсіпорын, фирма. Бизнестің мұндай формасында мекеме құру құқы кез келген азаматта бар. Бұл үшін жеке кәсіпорынды тіркеуден өткізіп, заңды тұлға мәртебесін алады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. М.Б. Бисенғазин, А.Ш. Хамитов «Кәсіпкерлік негіздері.
  2. А.Қ. Мейірбеков, Қ.Ә. Әлімбетов «Кәсіпорынның экономикасы», Алматы, 2003ж.
  3. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория» Алматы-Ақтөбе -2002.
  4. В. М. Власова, «Основы предпринимательской деятельности», Москва 1996ж .
  5. Ж.О. Ихданов, Ә.О. Орманбеков, «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері»Алматы, Экономика, 2002ж.
  6. Акимов В.В., Мерзяков В.Ф., Огай К.А. Основы экономических знаний, - Москва,    2000 г.
  7. Минаева Н.В. Экономика и предпринимательство.- 2001 г.
  8. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы: Қазақстан, 1998.
  9. Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңы. Алматы: Жеті жарғы 1998.
  10. Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңы Алматы: Жеті жарғы 1998.
  11. Қазақстан Республикасының «Ауыл шаруашылық серікотестіктері және олардың қауымдастыртары туралы» Заңы: Қазақстан 1991.
  12. В.Д. Грибов, В.П. Грузинов Экономика предприятия. М. 1998.
  13. Қазақстан Республикасында шаруашылықпен айналысудың жаңа түрлерін дамыту, Қазақ ақпарат орталығы. Қазақстан Республикасының мемстаткомитеті 1997 ж. 145 б.
  14. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 ж. 5-қазанындағы «Өндірістік кооператив туралы» Жарлығы.
  15. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы өңдеуші өнеркәсіп  саласының кейбір мәселелері. // Қайнар хабаршысы.-  № 4/2. -2007.- 49-53 бб.
  16. Шағын бизнестегі несиелік тәуекелді басқару //Қаржы-Қаражат-Финансы Казахстана  № 1/2008 ж. 16-21 бет, 0,7 б.т.
  17. Шағын және орта бизнес субъектілерін шетелдік несие желісі есебінен қаржыландыру //ҚазЭУ хабаршысы № 2/  2008 ж. 146-150 бет, 0,4 б.т.
  18. Қазақстандағы өндіріс тиімділігін арттыруда материалдық ынталандыру жүйесін дамытудың бағыттары //Қаржы-қаражат журналы. –Астана: 2006, №3-4. – 0,46 б.т.
  19. «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС-і қызметінің тиімділігін бағалау //Экономикалық «Аль-Пари» журналы. - Алматы, 2007. - №1. – 0,38 б.т.
  20. Қазақстан кәсіпорындарында материалдық ынталандыруды ұйымдастыру //Информациялық-аналитикалық «Саясат» журналы. - Алматы, 2007. - №4. – 0,44 б.т.
  21. Қазақстан Республикасының «Коммерциялық ұйымдар туралы» Заңы //Егемен Қазақстан 2007, 26-қаңтар
  22. Қазақстан Республикасының «Тұтыну кооперативі туралы» Заңы //Егемен қазақстан 2008, 15-мамыр
  23. Қазақстан Республикасының «Шаруашылық әрекеттер мен іскерлікті дамыту бостандықтары жөнінденгі» Заңы Алматы:
  24. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы //ҚР-сы Парламентінің жаршысы, 1999, №17-18; 27-б.
  25. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің Қазақстан халқына Жолдауы. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан // Егемен Қазақстан.  – 2007. – 28 ақпан. – 12 б.
  26. WWW. Frmp.kz
  27. WWW.mit.kz
  28. WWW.ifk.kz
  29. WWW.souz-atameken.kz
  30. WWW.assembly.kz 
Страницы:← предыдущая123456
Описание работы
Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды. Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына «Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы» (1991), «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» (1992) заңы сияқты заңдар түрткі болды. 1994 жылдың басында-ақ жеке кәсіпорындар саны 15,7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 164 мыңға жетті. 01.10.1998 ж. Шағын кәсіпкерліктің субьектілер саны 307 мыңды құрады, оларда 1,2 миллион адам жұмыспен қамтылды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға өндіріс те емес, тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдық та емес, сауда шықты. Зерттеу тақырыбының өзектілігі экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті даму мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді. Кәсіпкерлікті жетілдіру экономиканың тұрақтылығы мен оның бәсекелік сипатын қалыптастыруда басты күштерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерлікті дамыту үшін субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен хұқығы, шаруашылық қызметінің бағытын таңдауда еріктігі, қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдіктің болуы қажет. Мақсаты Қазақстан Республикасы өнеркәсібіндегі кәсіпкерлікті дамыту бағыттарының алғышарттарын қарастыру. Экономиканы тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. Жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы қажет:
• Кәсіпкерлік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы болуы қажет. Ол – шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік, сауда бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау, өнімдерді тасымалдау, өнімге баға белгілеу, табысты өз мұқтажына жұмсау;
Содержание
КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1 МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОНОМИКАДА ӨНЕРКӘСІПТІҢ ОРНЫ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ......................................................................................................6
1.1 Қазақстан Республикасы экономикасындағы өнеркәсіптің алатын орны..............................................................................................................................6
1.2 Өнеркәсіпте кәсіпкерлікті қалыптастыру және түрлері...........................................................................................................................9
1.3 Кәсіпкерлікті қалыптастыруда шетелдік тәжірибе......................................................................................................................11
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ......................................................................................................14
2.1 Өнеркәсіпте кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері..............................................14
2.2 Қазақстандағы кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы................................................18
2.3 Өнеркәсіпте кәсіпкерліктің тиімділігін сипаттайтын...............................................................................................................20
3 ӨНЕРКІСІПТЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТКЕ МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚОЛДАУ....................................................................................................................25
3.1 Кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін факторлар................................................25
3.2 Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметке мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау.........................................................................................................................29

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................32

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................34