Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2011 в 22:01, курсовая работа

Описание работы

Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды. Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына «Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы» (1991), «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» (1992) заңы сияқты заңдар түрткі болды. 1994 жылдың басында-ақ жеке кәсіпорындар саны 15,7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 164 мыңға жетті. 01.10.1998 ж. Шағын кәсіпкерліктің субьектілер саны 307 мыңды құрады, оларда 1,2 миллион адам жұмыспен қамтылды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға өндіріс те емес, тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдық та емес, сауда шықты. Зерттеу тақырыбының өзектілігі экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті даму мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді. Кәсіпкерлікті жетілдіру экономиканың тұрақтылығы мен оның бәсекелік сипатын қалыптастыруда басты күштерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерлікті дамыту үшін субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен хұқығы, шаруашылық қызметінің бағытын таңдауда еріктігі, қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдіктің болуы қажет. Мақсаты Қазақстан Республикасы өнеркәсібіндегі кәсіпкерлікті дамыту бағыттарының алғышарттарын қарастыру. Экономиканы тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. Жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы қажет:
• Кәсіпкерлік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы болуы қажет. Ол – шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік, сауда бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау, өнімдерді тасымалдау, өнімге баға белгілеу, табысты өз мұқтажына жұмсау;

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1 МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОНОМИКАДА ӨНЕРКӘСІПТІҢ ОРНЫ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ......................................................................................................6
1.1 Қазақстан Республикасы экономикасындағы өнеркәсіптің алатын орны..............................................................................................................................6
1.2 Өнеркәсіпте кәсіпкерлікті қалыптастыру және түрлері...........................................................................................................................9
1.3 Кәсіпкерлікті қалыптастыруда шетелдік тәжірибе......................................................................................................................11
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ......................................................................................................14
2.1 Өнеркәсіпте кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері..............................................14
2.2 Қазақстандағы кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы................................................18
2.3 Өнеркәсіпте кәсіпкерліктің тиімділігін сипаттайтын...............................................................................................................20
3 ӨНЕРКІСІПТЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТКЕ МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚОЛДАУ....................................................................................................................25
3.1 Кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін факторлар................................................25
3.2 Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметке мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау.........................................................................................................................29

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................32

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................34

Работа содержит 1 файл