Шпаргалка по дисциплине "Биоэкология"

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 13:33, шпаргалка

Описание работы

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Биоэкологии".

Работа содержит 1 файл

биоэкология шпоры глав.doc

— 1.50 Мб (Скачать)

Балқаш проблемасы1970 жылы Балқашқа құятын Іле өзенінде Қапшағай бөгені мен су электр станциясының (СЭС) салынуы Іле-Балқаш су шаруашылығы кешенінде бетбұрыс кезең болды. Іле өзенінің гидрологиялық режимі өзгеріп, жалпы Іле-Балқаш алабындағы экологиялық жағдай өзгере бастады. Қапшағай су торабын жобалау кезінде Іле өзенінің атырауындағы табиғат кешенінің жағдайы ескерілмеді. Соның нәтижесінде онда тіршілік ететін жануар дүниесіне (ондатр, балық, т.б.) және ауыл шаруашылығына көп зиян келеді. Ақдала алқабын суландырып, күріш егу жобасы да толық жүзеге аспай қалды.

Үлкен қалалар мен өндіріс орталықтарында қоршаған ортаның ластануы

Ауаға шығатын улы заттардың концентрациясы (ауыр металдар, шаң-тозаң, күкірт тотығы, көмірқышқыл газы және т.б.) белгіленген мөлшерден он есе артық. Ең ауыр жағдай Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш, Риддер, Өскемен және басқа да қалаларда қалыптасқан. Осы қалаларда лас заттардың концентрациясы жыл бойынша белгіленген мөлшерден 5-10 есе артады. Ауа кеңістігінің ластануы пайдалы қазбалар өндіретін аудандарда да байқалады. Атмосфераның ластануы Байқоңыр космодромында ғарыш кемелерін ұшыру кезінде де байқалады. Өнеркәсіпті аудандарда ауа кеңістігінің ластануымен катар ластану сол жердегі су көздерін қамтиды. Сырдария өзені ағысының 35-40%-ы өндіріс орындарының қалдық суларынан түрады. Өзен суында дизентерия, паратиф, гепатит, сүзек ауруы қоздырғыштары мен өте қатерлі гексахлоран ДДТ кездеседі. Өнеркәсіп орындарының ластаушы заттарына жер игеру нотижесінде пайда болған масштабы химиялық ластанудың көлемдері ұлғаюда. Өсімдік жамылғысын қорғайтын әр түрлі химиялық заттар, дефолианттар, пестицидтер, мөлшерден артық қолданған тыңайтқыштар, тек қана қоршаған ортаны емес, тамақ өнімдерін де ластауда.

 

27. Биосфера (гр. биос—тіршілік, өмір, гр. сфера — шар) — бұл ұғым биология ғылымына XIX ғасырда ене бастады. Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана аталатын. Кейінгі кездерде биосфера геологиялық мағынада да қолданылады.Биосфера — тірі организмдер өмір сүретін жер қабаты. Жер бетінен 10—15 км биікке көтерілгенге дейінгі және 2— 3 км құрғақтан немесе мұхиттардың 10 км түбіне дейінгі жерде организмдер тіршілік етеді. Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Аустрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернацкий болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан – 50 % -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады. 1926 жылы В.И. Вернадскийдің “Биосфера” атты кітабы жарыққа шығып, онда алғаш рет Жердегі бүкіл тірі организмдер жиынтығының – “жердің тірі затының” ғаламдық рөлі айқын көрініс тапты. В. И. Вернадский бойынша биосфера деп ғаламшарымыздағы барлық тіршілік дүнниесі мен олардың арасындағы өзара зат және энергия айналымы тұрақты жүзеге асатын жердің ерекше қабығын атайды.

Биосфера атмосфераның төменгі бөлігін, гидросфераны жаие литосфераның жоғарғы қабаттарын қамтиды. Тіршілік дүниесінің өнімдері олардың тіршілік ортасы шеңберінен шығып, кеңістік бойынша мейлінше емін-еркін таралады. Сондықтан тіршіліктің таралу аймағы мен биосфераның шекарасымен берлық жерде бірдей сәйкес келе бермейді.

 

Биосфераның жоғарғы және төменгі шекарасы туралы ғалымдар арасында әлі де нақты мәліметтер жоқ. Тірі организмдер атмосфераның төменгі бөлігінде, әсіресе 100 м биіктікке дейін өте тығыз орналасады. Бірақ жыртқыш құстар биікке еркін көтеріледі, мәселен, кондор 7 км биіктікке көтеріле алады. Ал жоғары көтерілген ауа толқыны микроорганизмдерді, бактериялар мен әртүрлі спораларды 10 км биіктікке дейін көтереді. Тірі органикалық таралу мүмкіндігін ескере отырып, биосфераның жоғарғы шекарасын озон қабаты (25—30 км), төменгі шекарасын Дүниежүзілік мұхиттағы ең терең мұхит шұңғымаларының табаны арқылы жүргізеді.

 

28. Экологиялық қауiпсiздiк проблемалары және оларды шешу жолдары

 

Қоршаған орта және даму жөнiндегi Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаттарын ескере отырып, Қазақстанның экологиялық қауiпсiздiк проблемалары оларды жаhандық ұлттық және жергiлiктi ретiнде шешудiң маңыздылығы мен деңгейiне байланысты қаралады. Қазақстан 1995 жылы Климаттың өзгеруi жөнiндегi БҰҰ Yлгiлiк конвенциясын бекiттi, ал 1999 жылы осы Конвенцияға Киото хаттамасына қол қойды. Аталған хаттаманы бекiткен және ол күшiне енген жағдайда Қазақстан қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөнiндегi сандық мiндеттемелердi өзiне жүктей отырып, I қосымшаның Тарапы болады.  Қазақстанның Киoтo хаттамасын бекiтуiнiң мақсатқа сайлығын айқындау үшiн 2004 жыл барысында қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөнiндегi сандық мiндеттемелердiң Қазақстанның экономикасына әсерi мәселелерi бойынша зерттеулер жүргiзу қажет. 1973 жылдан бергi байқаулар Қазақстанның үстiндегi озон қабатының қалыңдығы 5-7%-кe азайғанын көрсеттi.

Бiздiң ел озон қабатын сақтау туралы халықаралық келiсiмдерге 1998 жылы қосылды. Қазiргi уақытта Қазақстанда озон бұзғыш заттарды (ОБЗ) пайдалануды қысқарту және оларды айналымнан алып қою, озон қабатын бұзбайтын заттарды қолданумен жаңа технологияларды енгiзу жөнiндегi жұмыстар жүргiзiлуде. Сондай-ақ 2004 жылдың барысында ОБЗ пайдаланатын кәсiпорындардың қызметiн лицензиялау жөнiндегi қажеттi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау, ОБЗ пайдалану қызметiмен айналысатын мамандарды оқытуды және Қазақстанның үстiндегi озон қабатының жай-күйiн зерделеу жөнiнде iргелi ғылыми зерттеулер жүргiзудi бастау, сондай-ақ жаңа технологияларды енгiзу жолымен ОБЗ пайдалануды қысқарту және қолданыстан алу жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру қажет болады. Қазақстанның экожүйесi Орталық Азияда және тұтастай алғанда континентте биологиялық әртүрлiлiк бiрегейлiгiмен ерекшелiнедi. Биоәртүрлiлiктi сақтау үшiн Қазақстан Республикасы 1994 жылы Биоәртүрлiлiк жөнiндегi конвенцияны бекiттi, биологиялық әртүрлiлiктi сақтау және теңгермелi пайдалану жөнiндегi ұлттық стратегия мен iс-қимыл жоспарын әзiрледi. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын дамыту мен орналастыру тұжырымдамасына сәйкес 2030 жылға дейiн олардың алаңын 17,5 млн. гектарға дейiн ұлғайту көзделген, бұл республика аумағының 6,4%-iн құрайды. Соңғы уақытта, әлемде кең таралған генетикалық өзгерген организмдер мен өнiмдердi әкелу Қазақстан үшiн елеулi сыртқы қатер болып отыр. Бүкiл әлем бойынша генетикалық өзгерген организмдер мен өнiмдердiң кең таралу қауiптiлiгiн ескере отырып, Биоәртүрлiлiк жөнiндегi конвенцияның Биоқауiпсiздiк жөнiндегi Картахена хаттамасы қол қоюға алынды. Қазақстан үшiн елеулi iшкi қатердi бiлдiретiн жердiң шөлейттенуi мен тозу проблемасы шаң-тұз дауылының пайда болуы және ауа массаларының ластаушы заттарды алыс қашықтыққа жеткiзуi нәтижесiнде бiртiндеп трансшекаралық проблемаға айналуы мүмкiн. Қазiргi уақытта бұрынғы Семей полигонына шектес аудандарда (71,9 мың халқы бар 85 елдi мекен) онкологиялық аурулардың және адамдар өлiмiнiң, қан айналымы жүйесi ауруларының, жаңа туған сәбилер арасындағы кеселдердiң және ерте қартаю көрiнiсiнiң жоғары деңгейi байқалуда.

Елдiң iшкi қауiпсiздiгiне қатердi жою мақсатында экологиялық апат аймақтарында халықтың тұруының әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық жағдайын кешендi талдау жөнiнде iс-шаралар жүргiзу, оның сапалы ауыз сумен қамтамасыз етiлуiне баға беру, экологиялық талаптарды әзiрлеу және аумақтарды экологиялық бағалау мен ядролық сынақтар және өзге де факторлардың халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға әсерiнiң салдарларын ескере отырып, сауықтыру-оңалту iс-шараларын жүзеге асыру қажет. 2007 жылға дейiн Халықтың iшкi көшi-қоны және экологиялық апат аймақтарының аумақтарын шаруашылыққа пайдалану бағдарламасы әзiрленуi қажет. Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттiк бағдарламасында 2005 жылдың аяғына дейiн теңiз және жағалау маңы экожүйелерiне залал келтiрместен көмiрсутегiн өндiрудiң мүмкiн болатын шектi деңгейiн айқындау жөнiндегi арнаулы зерттеулердi жүргiзу, геодинамикалық мониторингтi iске асыру, иесiз мұнай ұңғымаларын және басқа да байырғы ластануларды жою, iлеспе газды алауларда жағуды және мұнай құбырлары мен радиоактивтi ластанған жабдықтарды рұқсат алынбай көмудi тоқтату жөнiнде шаралар қабылдау көзделедi. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 21 қаңтардағы N 71 қаулысымен су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану проблемаларын шешудiң негiзгi жолдары айқындалған Экономиканың су секторын дамытудың және Қазақстан Республикасы су шаруашылығы саясатының 2010 жылға дейiнгi тұжырымдамасы қабылданды. Сондай-ақ халықты жеткiлiктi көлемде және кепiлдi сападағы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 93 қаулысымен "Ауыз су" салалық бағдарламасы бекiтiлдi, Қазақстан Республикасының Су кодексi және "Cу пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативтерi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, 2005 - 2010 жылдары негiзгi су бассейндерiнiң су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғаудың схемаларын әзiрлеу жөнiндегi жұмыстар жүргiзiлетiн болады.

Қазiргi кезде Уран өндiру өнеркәсiбiнiң радиоактивтiк үйiндiлерiн жою жөнiндегi бағдарлама мен Иесiз мұнай ұңғымалары мен өздiгiнен төгiлетiн гидрогеологиялық ұңғымаларды жою жөнiндегi бағдарлама iске асырылуда. Алайда, бұл бағдарламалар байырғы ластанулардың барлық түрлерiн толық қамтымайды. Сондықтан, байырғы ластануларды жою жөнiнде бағдарлама әзiрлеудiң қажеттiлiгi тұр. Бұл бағдарламада 2006 жылға дейiн қоршаған ортаға олардың әсерiн бағалай отырып, кезең-кезеңмен байырғы ластанулардың барлық объектiлерiне толық түгендеу жүргiзу, ал 2010 жылдан бастап мұндай объектiлердi жою жөнiндегi жұмысты бастау көзделуде. 2003 жылдың басында Қазақстан Қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау мен оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына қосылды, бұл қауiптi қалдықтарды декларациялау жөнiндегi жаңа кеден ережелерiн белгiлеуге және кейiннен олардың қайталама шикiзат пен өнiм түрiнде республика аумағына олардың қайтадан түсуiн болдырмауға мүмкiндiк бередi. Орталық Азия мемлекеттерiнiң Хельсинки конвенциясына қосылуы жөнiндегi Қазақстанның бастамасын өткiзу арқылы трансшекаралық су проблемаларын шешу; бiрегей табиғи кешендердi сақтау мақсатында 2005 - 2006 жылдар барысында iшiнде Батыс Тянь-Шань мен Алтай-Саян өңiрiнде трансшекаралық биосфералық аумақтар құру қажет. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1449 қаулысымен бекiтiлген Елдiң минеральдық-шикiзаттық кешенi ресурстық базасын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберiнде әскери-сынақ полигондарының аумақтарын кешендi гидрогеологиялық және геоэкологиялық зерттеулер басталды.

1993 жылдан 2000 жылға дейiн зиянды заттардың атмосфераға шығарылуы негiзiнен өндiрiс құлдырауының есебiнен 5,1 млн. тоннадан 3,2 млн. тоннаға дейiн кемiдi. Соңғы жылдары экономиканың өрлеу жағдайларының өзiнде атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын 3,2 - 3,4 млн. тонна деңгейiнде тұрақтандыруға мiндеттi мемлекеттiк экологиялық сараптаманың жаппай енгiзудiң және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау жүргiзудiң нәтижесiнде қол жеткiзiлдi. Мұндай тетiктердi одан әрi жетiлдiру 2010 жылдан кейiн қоршаған ортаны мөлшерден тыс ластайтын кәсiпорындарға қойылатын экологиялық талаптарды күшейту арқылы шығарындыларды жоспарлы түрде төмендетуге кiрiсуге мүмкiндiк бередi. 2006 жылға дейiн көмiрсутегi кен орындарын игерудiң геодинамикалық қауiпсiздiгiнiң бағдарламасын қабылдау және геодинамикалық мониторинг жүйесiн құру; 2005-2006 жылдары орман өрттерiн жою жөнiндегi қымбат тұратын шаралардан жеңiл ұшақтардың жеке паркi бар мамандандырылған бөлiмшелер құрумен әуе патрулiнiң көмегi арқылы уақытылы ерте табу мен оларды бастапқы сатысында сөндiру жөнiндегi алдын алу шараларына көшу үшiн орман өрттерi туралы хабарландырудың бiрыңғай жүйесiн құру қажет.  Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi iс-шаралардың орындалуы зардап шеккендер санын төмендетуге және келеңсiз салдарлардан материалдық зиянды азайтуға мүмкiндiк бередi.

 

29 жердің негізгі биомдар өнімділігі жен биосфераның жалпы өнімділігі.

Биологиялық  өнімділік дегеніміз биогеоценоз құрамына енетін микроорганизмдер, өсімдік және жануарлар дүниесінің өндіретін биомассасы. Бұл процесс табиғатта әртүрлі жылдамдықпен жүреді. Сондықтан оны уақытпен шектей отырып, маусымдық, жылдық немесе бірнеше жылдық өніммен өлшейді. Ол құрлықтағы организмдер үшін  1м 2, 10м2, 100м2, ал судағы организмдер үшін 1м3, 10м3 , тб өлшеніп ондағы құрғақорганикалық заттың салмағымен анықталады. Биологиялық  өнімділігін биомассамен шатастырмау керек. Биоценоздың биомассаның  биологиялық  өнімділігі туралы анық мәлімет бере  алмаймыз. өйткені биоценоздардың биомасса өндіру жылдамдығы біркелкі емес. Осыған байланысты биоценоз тек биомассамен бағаланбай, сол сияқты оның өнімділігімен де сипатталады. Мәселен ұсақ кеміргіштердің ірі аңдармен салыстырғанда көбею қарқындылығы жылдам болғандықтан бірдей биомасса  жағдайында жоғары өнімділік көрсетеді. әрбір популяцияның белгілі бір уақыттағы өнімділігі олардың барлық особьтарының өсу санының жиынтығын көрсетеді. Популяциялардың экожүйелер өнімділігі төмендегідей формуламен есептеледі:  P=(B2-B1)+E мұндағы Pөнімділік; B1 және B2  алғашқы және соңғы биомасса; E кірістер мен шығындар. Осы көрсеткішті таза өнім деп есептейді.Ал жалпы өнім таза өнім мен энергиялық айналымға жұмсалатын шығындармен есептеледі. Автотрофты организмдер алғашқы өнімді түзсе, гетеротрофтар екінші өнімділікті түзейді. Микроорганизмдер органикалық заттарды ыдыратып қайтадан бұранғы қалпына келтіреді. Алғашқы және екіншілік өнімділікпен қатар  соңғы өнімділік те үлкен рөл атқарады. Биоценоздағы соңғы өнімділік көбіне оның шегінен тысқары болып есептеледі. Мысалы адам баласынаң егістерден алған өнімдерін атауға болады.

 

30. Адамзаттың орнықты дамуы. ҚР орнықты даму  тұжырымдамасы.

Тұрақты даму - [ағылш. sustainable development, тікелей нақтылы аудармасы - үздіксіз қолданатын даму] - "Біздің ортақ болашағымыз" атты баяндамада (1987) Қоршаған ортаны қорғау және даму Халықаралық комиссиясы (Брундтланд Комиссиясы) енгізген ұғым. Қоршаған ортаны қорғау және даму Халықаралық комиссиясы (Брундтланд Комиссиясы) анықтамасына сәйкес, "бұл біздің қазіргі уақыттағы қажеттіліктерімізді қамтамасыз ететін, бірақ келешек ұрпақ қажеттілігін қамтамасыз етуде кедергі келтірмейтін даму". Бұл анықтаманы биоортадағы тепе-теңдік мәселелерін жете бағаламағаны үшін бірізділігі жоқ деп және "антропоцентризм" үшін сынайды. Тұрақты даму принципі БҰҰ тарапынан қолдау тапты. БҰҰ-ның конференциясы барлық елдердің үкіметтерін тұрақты дамудың ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырады. Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералығқ қызметі – биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс. 1992жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады

        Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу концепциясы» бекітілді. Республиканың экологиялық саясаты оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтің БҰҰ Бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мәселелерін шешудегі еліміздің белсенді қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірді. 1992-1998 жылдар аралығында Қазақстан тарихта бірінші болып ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартты, Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйтқысы болды. Қазіргі уақытта экологиялық, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді интеграциялау саласындағы саяси іс-шараларды анықтау жолдары іздестіруліде. Олар:

-              бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруді қамтамасыз ету;

-              суды тиімді пайдаланудың нақты шараларын анықтау;

-              жерді пайдалану, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын жүзеге асыруға, биологиялық алуантүрлілікті сақтауға бағытталған үйлесімді іс-шараларды қабылдау.

Информация о работе Шпаргалка по дисциплине "Биоэкология"