Шпаргалка по дисциплине "Биоэкология"

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 13:33, шпаргалка

Описание работы

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Биоэкологии".

Работа содержит 1 файл

биоэкология шпоры глав.doc

— 1.50 Мб (Скачать)

Биомасса пирамидасы экожүйедегі коректік қарым-қатынасты сипаттайды. Бұл пирамиданың нысаны сан пирамидасының нысанына ұқсас үш бұрышты болады. Тұтынушылардың биомассасы |продуценттердің биомассасына қарағанда екі еседей аз. Биомасса пирамидасы биомассалардың азаюын, ал энергия пирамидасы [[фитобиомасса |фитобиомассалардың]] азаюына байланысты энергияның төмендеуін көрсетеді. Продуценттер фотосинтез процесінің нәтижесінде жалпы биоөнімнің — фитомассаның негізгі мөлшерін жасайды. Өсімдіктердің өзінде заттек алмасу процесіне, яғни метаболизмге бастапқы түзілген фитомассаның 40%-ы жұмсалады. Өсімдіктерді қоректік заттек ретінде бірінші қоректік деңгейдегі өсімдік коректі жануарлар фитофагтар немесе тұтынушылар пайдаланады. Фитофагтарды әрі қарай жыртқыштар пайдаланады

 

20. Түраралық   қарым-қатынастар ценоздардағы    ағзалар    санының    динамикасында рөл   атқарады.   , жалпы, Орал аймағындағы шөлейт далаларда өсімдіктер мен жануарлардың түрлері аз. Ал, тұрақтылық пен тепе-теңдік қай жерде сақталады? Неғұрлым өсімдіктер көп өсіп, жануарлар түрлерінің тіршілік етуі жоғары дәрежеде болса, соғұрлым сол жерлерде тұрақтылық сақталады. Мәселен, адамның қолдан жасап отырған техногендік әрекеттері біздің жерлерімізге зардабын тигізіп, ондағы түрлердің қысқа мерзімде жойылып кетуіне ықпал етуде. Мысалы, мұнай-газ алынып жатқан Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында тұрақтылықтың бұзылуынан шөлейттену процесі орын алып, құм басуда. Негізі қалыпты үдеріс атам заманнан осы күнге дейін жүріп жатыр. Ол табиғаттың өзіндік құбылысына байланысты. Кезінде тың жерлерді игергеніміздe,Нәтижесінде, қаншама жерді жыртып тастадық. Ертеңгі күні осы Торғай аймағында, Ақмола облыстарында керемет жел, құйын соқса, әлгі еккен егістік жеріңізді қайтадан жыртып айдап, қопарып тастағандай болады. Сөйтіп, оған қайтадан дән себуге тура келеді. Соның нәтижесінде қайта сепкен дәніңіз кемінде 20 күннен кейін көтеріледі. Сосын күзде жинап алуға келгенде кешігіп, бәрін қар басып қалады. Міне, зардап деген осы. Мұндай табиғатта жүріп жатқан процесті тоқтата алмаймыз. Ал, адам өзінің қажетін тезірек пайдаланып, өзіне қажетті мұқтажын өндіремін деп асығады. Біз табиғи процестерге кедергі жасап, оны үдетіп жатырмыз. Бұл тұста дамыған елдер бәрін жақсы қолға алып жатыр. Мысалы, Лондон университетінің біздің жеріміздегі сияқты шөлейтті аймақтарына арналған зерттеулерін PhD, магистрлердің оқу жоспарларына кіргізейін деп отырмын. Үдеп бара жатқан зиянды тоқтатудың жолдары табылады. Ол үшін қомақты қаражат керек.

 

22. экожүйелер өнімділігі,  өнім түрлері.

Экологиялық өнімділік дегеніміз биогеоценоз құрамына енетін микроорганизмдер, өсімдік және жануарлар дүниесінің өндіретін биомассасы. Бұл процесс табиғатта әртүрлі жылдамдықпен жүреді. Сондықтан оны уақытпен шектей отырып, маусымдық, жылдық немесе бірнеше жылдық өніммен өлшейді. Ол құрлықтағы организмдер үшін  1м 2, 10м2, 100м2, ал судағы организмдер үшін 1м3, 10м3 , тб өлшеніп ондағы құрғақорганикалық заттың салмағымен анықталады. Экожүйелер өнімділігін биомассамен шатастырмау керек. Биоценоздың биомассаның  экожүйелер өнімділігі туралы анық мәлімет бере  алмаймыз. өйткені биоценоздардың биомасса өндіру жылдамдығы біркелкі емес. Осыған байланысты биоценоз тек биомассамен бағаланбай, сол сияқты оның өнімділігімен де сипатталады. Мәселен ұсақ кеміргіштердің ірі аңдармен салыстырғанда көбею қарқындылығы жылдам болғандықтан бірдей биомасса  жағдайында жоғары өнімділік көрсетеді. әрбір популяцияның белгілі бір уақыттағы өнімділігі олардың барлық особьтарының өсу санының жиынтығын көрсетеді. Популяциялардың экожүйелер өнімділігі төмендегідей формуламен есептеледі:  P=(B2-B1)+E мұндағы Pөнімділік; B1 және B2  алғашқы және соңғы биомасса; E кірістер мен шығындар. Осы көрсеткішті таза өнім деп есептейді.Ал жалпы өнім таза өнім мен энергиялық айналымға жұмсалатын шығындармен есептеледі. Автотрофты организмдер алғашқы өнімді түзсе, гетеротрофтар екінші өнімділікті түзейді. Микроорганизмдер органикалық заттарды ыдыратып қайтадан бұранғы қалпына келтіреді. Алғашқы және екіншілік өнімділікпен қатар  соңғы өнімділік те үлкен рөл атқарады. Биоценоздағы соңғы өнімділік көбіне оның шегінен тысқары болып есептеледі. Мысалы адам баласынаң егістерден алған өнімдерін                                                                           атауға болады.

 

23. Биологиялық алуан түрлілік конвенциясы — биологиялық алуан түрлілікті сақтау жөніндегі халықаралық келісім.1992 жылы 22 мамырда Найробиде өткен БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының конференциясында қабылданды. 1993 жылы Конвенцияға 168 мемлекет (оның ішінде Қазақстан Республикасы) қол қойды. Конвенцияға қол қоюшы мемлекеттер мынадай негізгі баптарды орындауға міндеттенді:

әрбір мемлекет өз ресурстарын табиғат қорғау саласындағы саясатының негізінде қолдана алады және іс-әрекеттері өзге мемлекеттер мен өңірлердің табиғатына зиян келтірмеуін қамтамасыз етуге жауапты;биологиялық алуан түрлілікті сақтау және тұрақты әрі тиімді пайдалану мақсатында басқа да ортақ мүддесі болған жағдайда мүмкіндігіне байланысты бірігіп іс-әрекет жасайды;биологиялық алуан түрліліктің құрамдарына, оны сақтауға және тұрақты әрі тиімді пайдалануға кері ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін процестерге, оның зардаптарына тұрақты бақылау (мониторинг) жүргізіледі;биологиялық алуан түрлілікті және оның құрамын анықтау, сақтау және тұрақты, тиімді пайдалану шараларын іске асыру мақсатында мамандарды оқыту және даярлау бағдарламаларын дайындайды және іске асырады, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолдау көрсетеді. Қазақстанның конвенцияға қосылуыҚазақстан конвенцияға 1994 жылы ғана қосылды. Қазақстанның экожүйесі ерекше. Мемлекет аумағында өсетін өсімдіктің 500-ге жуық түріне жоғалып кету қаупі төніп тұр. Қазақстанда ұя тепкен құстардың 14 түрі жаһандық маңызы бар құстар болып табылады. Қазақстанда тіркелген омыртқалылардың 236 түрі Қызыл кітапқа енген. Республикада 2004-2015 жылдарға арналған Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі туралы концепцияция қабылданған. Биоалуан түрлілікті сақтап қалудың тиімді шарасы ерекше күзетілетін табиғи аумақтар құру болып табылады.

Қазақстанда оның аумағы 13,5 млн. гектарды немесе барлық аумақтың 4,9 пайызын құрайды. Экологиялық тепе-теңдікті сақтауға бұл жеткіліксіз. Әлемдік стандарт - 10 пайыз. Дамыту және орналастыру концепциясы бойынша ерекше күзетілетін табиғи аумақтарды 17,5 млн. гектарға дейін арттыру көзделген. 29 желтоқсан - Халықаралық биологиялық алуан түрлілік күні.Конвенцияның негізгі ережелері Конвенция өзара қарым-қатынастағы жақтар алдына үш негізгі мақсат қояды: 1. Биологиялық сан алуандықты тұрақты пайдалану; 2. Оның құрамдас бөліктерін тұрақты қолдану; 3. Генетикалық ресурстарды пайдалануға байланысты пайданы ақиқатты түрде және тең негізде алу.

 

24 Биосфера (гр. биос—тіршілік, өмір, гр. сфера — шар) — бұл ұғым биология ғылымына XIX ғасырда ене бастады. Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана аталатын. Кейінгі кездерде биосфера геологиялық мағынада да қолданылады.Биосфера [2] — тірі организмдер өмір сүретін жер қабаты. Жер бетінен 10—15 км биікке көтерілгенге дейінгі және 2— 3 км құрғақтан немесе мұхиттардың 10 км түбіне дейінгі жерде организмдер тіршілік етеді. Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Аустрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернацкий болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан – 50 % -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады.Биосфераның негізгі үш қабаты.Биосфера негізінен үш қабаттан құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар.Биосфераның бөлімдері:Тропосфера,Гидросфера,Литосфера,

Ноосфера

"Тіршілік өте қарапайым тірі денеден пайда болып қарапайымнан күрделіге, төменгі сатыдан жоғары сатыға қарай дамиды жене бұл құбылыс өте баяу жүреді"

— деді. Ламарктің эволюциялық көзқарастары көптеген деректермен делелденгендіктен эволюциялық теорияға айналды. Ламарк жаңа түрдің пайда болуында эволюцияның негізгі факторы — сыртқы орта (жер бетіндегі гидрогеологиялық жағдайдың ауысуы мен ауа райының өзгеруі) және уақыт екендігін ерекше ескертті. Дегенмен организмдердің өзгеру себептерін, яғни эволюцияның қозғаушы күшін дұрыс түсіндіре алмады. Ламарк эволюдияның негізгі факторы — сыртқы орта жағдайына неғұрлым көбірек жаттыққан мүшелер өзгереді, ал жаттықпаған мүшелер өзгермейді деп есептеді. Өзгеріссіз калған мүшелер қалады немесе кітшірейіп жойылып кетеді деп оған бірнеше мысалдар келтірді. Мысалы: а) керік (жираф) мойнының ұзын болуы, оның арғы тегінің құнарсыз топырақты жерде мекендеп ағаш жапырағымен қоректену үшін мойнын биікке жиі созуына байланысты; ә) жыланның жорғалап қозғалуы нәтижесінде денесінің ұдайы созылуына қарай аяғы пайдасыз болғандықтан арғы тегінде аяқ болса да жаттықпаудың әсерінен жойылған деп түсіндірді. Ламарк — көп әрі белсенді кимылдаған мүшелерде қан ағысы күшейіп, мүше жақсы өседі және бұл қасиет тұқым қуалайды деп түсіндірді.

 

25 Бәсекелестік туыстық жағынан жақын бір немесе әр түрге жататын организмдердің тірі қалу мүмкіндігі үшін бір-бірімен күресуі. Ол үшін өсімдіктерге күн сәулесі түрінде алатын, ал жануарларға әр түрлі қоректік материалдар түрінде алатын энергия қажет. Бұл күресте жеңіп шыққандар ұрпақ қалдыру мүмкіндігіне ие болады, жеңілгендер жойылады. Сөйтіп, түр ішіндегі бәсекелестіктің негізгі нәтижесі таралымдық түрдің қалыптасуымен аяқталады (қ. Дивергенция). Түр ішіндегі бәсекелестік көп жағдайда жекелеген жануарлардың немесе олардың топтарының өз танаптарын қоруынан байқалады. Сондай-ақ, ұя салу және жұптасу, яғни, жұптасатын серігі үшін Б. болады. Ал өсімдіктер арасында бәсекелестік негізінен жарық үшін жүреді. Тым жиі өскен өсімдіктер бірін-бірі көлегейлейді. Бұл құбылыс кейбір ауыл шаруашылық дақылдарынан (сәбіз, қызылша, т.б.) анық байқалады; Экологиялық диверсификаци — тұраралық бәсекелестік нәтижесінде экологиялық қуыстардың бөліну құбылысы. Әр түрдің тіршілік ететін экологиялық қуысы болады. Түрдің экологиялық қуысы түрдің қай жерде кездесетіні немен және қалай қоректенетіні, қалай және қай жерде кебейетіні және т.б. туралы мәліметтер береді. Бірге тіршілік ететін түрлер арасындағы диверсификация көпшілік жағдайларда мынадай үш параметрмен: кеңістіктік орналасуы, азықтық мамандану және активтілік мезгілі бойынша жүзеге асырылады. Азықтық рационы бойынша Экологиялық диверсификация кең таралған құбылыс. Жануарлардың жақын туыстас түрлерінің қоректік мұқтаждары әр түрлі болады. Мысалы, шөл кесірткелерінің кейбіреулерінің азықтык мөлшері құмырсқалардан, кейбіреуінікі термиттерден немесе өсімдіктерден ғана құрылады. Кеңістік орналасудағы айырмашылықтарға мынадай мысал келтіруге болады. Өзіне қажетті қоректі үлкен ала тоқылдақ ағаштың діңінен, орташа тоқылдақ ірі бұтақтарынан, ал кіші тоқылдақ ағаштың бас жағында орналасқан ұсақ бұтақтардан іздейді. Активтілік мезгіліне қатысты мысалға қарлығаштардың күндіз, жарғанаттардың түнде өздеріне қажетті қоректі табатынын келтіруге болады. тіршілік үшін күрес 3 түрге белінеді. Олар: түрішілік, түраралық күрес және абиоздық факторлармен немесе әлі табиғатпен күрес.

Түрішілік күресМұндай күреске бұғылардың немесе өзге жануарлардың күйлеу бәсекелестігі; қарағайлы немесе шыршалы ормандардағы өсімдіктердің бір түрінің жарық үшін бәсекелестігі мысал бола алады. Көп ұрпақ беретін андардың (тышқандар, иттер) бір ұяласында салмағы мен мөлшері біркелкі емес күшіктері болады. Бұл ұрықтық деңгейден-ақ туыстас еркек және ұрғашы күшіктер қағанақ арқылы анасының ағзасынан түсетін қоректік заттар үшін бәсекеге түсетінін дәлелдейді. Сөйтіп қоректік заттарды мол пайдаланатын, дамуы тезірек жүретін күішктердің дені сау, күштірек болады да бірінші болып тууға мүмкіндігі көбірек болады. Туу соңынан бәсекелестік үдерісі күшейе түседі. Бір ұядағы балапандар ата-енесі әкелген қорек үшін бәсекелеседі. Жануарлардың бір жұбында бір маусымда ұрпақтары неғұрлым көп болса, олардың арасында тіршілік үшін түрішілік күрес соғұрлым күштірек болады. Мәселен, теңіз шошқасының ұяластарындағы елім-жітім мөлшерінің өте кеп болуы туған күшіктер санының көптігіне төуелді болатыны байқалған. Дамудың мұндай тетігі ұрпақ тығыздығын тежейді. Түрішілік күрес негізгі үш бағытта іске асады:қорек үшін, жыныстас әріптесі үшін,аумақ үшін күрес.Түраралық күрес- бұл әр алуан түр дарақтарының арасындағы тіршілік үшін күрес. «Жыртқыш - олжа», яғни «қоян - қасқыр» немесе «мысық - тышқан» қарым-қатынастары үлгілі мысал бола алады. Бұл барынша сан алуан және жан-жақтылықты қамтитын өзара әрекет. Бұған «паразит - ие» қатынасы, сондай-ақ ұқсас жағдайларды қажет ететін (мысалы, саваннадағы киіктердің әр алуан түрлері) жақын туысты түрлер арасындағы бәсекелестіктер жатады. Өсімдіктерде бәсекелестіктің мұндай түрі жүйелік алшақ топтарда айқын көрінуі мүмкін. Мәселен, орманда жапырақты және қылқан жапырақты ормандарда (мысалы, қарағай және қайың), ал шалғында біржарнақты және қосжарнақтылар (мысалы, жоңышқа және жатаған бидайық) бәсекелеседі. Жақын туыстас түрлер немесе жыртқыштар және олжалар арасындағыдай ұқсас жағдайларға мұқтаж түрлер арасында тіршілік үшін күрес күштірек жүреді деп есептеу мақұлданған.

Абиоздық факторлармен - өлі табиғатпен күресТіршілік үшін күрестің бұл түрі күрделі және сан алуан ағзалардың өзін қоршаған өлі ортамен өзара қарым-қатынасын қамтиды. Бұл, мысалы, табиғи апатта (тасқын, ерте үсік жүру, қар жауудын, ұзаққа созылуы, жанартау газдарының шығуы және т. б.) тірі қалу үшін күрес; таулы аудандарда тәуліктік температураның шұғыл алмасуына бейімделу; маусымдық өзгерістерге (жапырақтардың түсуі, қысқы ұйқы немесе үлбір ауыстыру - түлеу) ұзақ бейімделу; топырақтың азуы (истощение) немесе қандай болса да бір элементтердің артық мөлшерде болуы; ылғалдылықтың артықтығы немесе жетімсіздігі және көптеген өзге өзгерістерге бейімделу.

 

26. Қазақстандағы экологиялық проблемалар

Семей ядролық полигоны

Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі - Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті.Қазақстандағы сансыз ядролық зерттеулердің салдарлары әлі де толық зерттелген жоқ. Белгілі ақын Олжас Сүлейменовтың басшылығымен Невада—Семей экологиялық қозғалысы Семей ядролық полигонында сынақтар өткізуге толық тыйым салды. Бұл қозғалысқа Қазақстанның көптеген халқы кеңінен қатысты. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев республикада ядролық сынақтар өткізуге мораторий жариялады. (Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығына 1991 жылы тамыздың 29-да қол қойылды.) Соңғы сынақтардан бері он жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан, Семей ядролық полигонының белдемі күні бүгінге дейін экологиялық кауіпті аудан болып есептеледі. Өйткені онда ұзақ сақталатын радиоактивті заттар жинақталған. Полигон аймағында күні бүгінге дейін топырақ және өсімдіктер ластанған. Қазақстан Үкіметі Семей ядролық полигонымен шектесіп жатқан аудандар аймағындағы экологиялық жағдайды жеңілдету жөнінде бірқатар шұғыл шаралар қабылдады. АҚШ пен Жапония үкіметтері Семей ядролық полигоны аймағында экологиялық зерттеулерді жүргізуге елеулі қаржылық көмек көрсетуде

Каспий теңізінің экологиялық проблемасыСоңғы жылдары бұл аймақ мұнай мен газды өндірудің маңызды экономикалық ауданына айналды. Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл аймақ табиғи апат жағдайына ұшырады. Табиғи қорларын игеруде де, бұл аудандағы табиғат компоненттерінің өзгеруіне байланысты мынадай проблемалар туындауда:экологиялық апатты аймаққа жататындықтан, негізгі әрекет етуші Капустин Яр, Азғыр полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуіне байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының құрт нашарлауы;мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі, балықтардың (бекіре) қырылуы, уылдырық шашатын көксерке балықтарының кеміп кетуі;осы теңізге ғана тән (эндемикалық) итбалықтың мезгіл-мезгіл қырылуы;аңызақ жерлердің шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясы).

Аралдың экологиялық проблемасытБұл проблеманың тууына себепші болған - адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді. Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты. Қазіргі кезде Арал теңізі екі су айдынына Үлкен және Кіші теңізге бөлінген. Арал теңізіндегі суы тартылған бөліктің ауданы 30 мың км2 жетеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша, теңіз табанынан атмосфераға жылына 200 млн тоннаға дейін тұзды шаң-тозаң ұшады.. Теңіз суының тартылуынан мұнда теңдесі жоқ Барсакелмес қорығы жойылды. Бұл өзгерістер өз кезегінде сол аймақ тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізді. Аралды сақтап қалуға арналған Халықаралық қордың құрылғанына 15 жыл толды. Осы жылдар аралығында аткарылған жұмыстар аз емес. Аралды қалпына келтіру үшін көптеген іс-шаралар қаралып, жобалар жасалды. Кіші аралдың оңтүстігіне ұзындығы 12 км болатын Көкарал бөгені салынды. Соның салдарынан Кіші Аралдың (Солтүстік) деңгейі 42 метрге, аумағы 800 шаршы километрге ұлғайды. Суы тартылып қалған тұзды көлдін табанын жауып, көлге тіршіліктің нышаны енді. Ғалымдардың айтуынша Аралдан ұшқан тұзды дауылдың бір ұшы Гренландия мұздықтары мен Норвегияның орманды алқабына да жеткенін дәлелдеген еді. Еліміздің көлемді атқарып жатқан іс-шараларының алды, аймақтың және жергілікті жердің экологиялық жағдайын көтеру. Бүгінгі күні Солтүстік Арал маңына халықтар қайта қоныстанып, үй салып, балық шаруашылығымен қайта айналыса бастады.

Информация о работе Шпаргалка по дисциплине "Биоэкология"