Қазақстанда қылмысты саралау

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2011 в 18:05, курсовая работа

Описание работы

Қазақ КСР 1959 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінің нормалары өмірімізде орын алған саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге сай келмегендіктен, 1997 жылы шілде айының 16-жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылы қаңтар айының 1-жұлдызынан бастап заңды күшіне енеді[4]

Работа содержит 1 файл

кылмысты саралау.doc

— 483.00 Кб (Скачать)

      Айталық, Қазақстан Республикасы қылмыстық  құқығының қолдану шегінен әрекеттілігі үш түрлі мағынада көрініс табады.

  1. қылмыстық заңда қолданылады;
  2. қылмыстық-құқықтық нормада талқаланады;
  3. қылмысты саралау аясында қолданылады [7,14б].

    Бұл үш түсініктің бағыты да, мағынасы, мазмұны  да біртектес тығыз байланысты, бірақ  қолдану шегіне орай мақсаттары әртүрлі. Шынында да, соңғы екі түсінік  бірінші түрдегі түсінікті, яғни қылмыстық заңның дұрыс қолдану тәсілін айқындап, бейнелейді. Ал біздің нақты зерттейтін тақырыбымыз, қылмыс құқығының қолдану шегінің әрекеттілігінің үшінші түрі қылмысты саралау. Қылмыстық құқықтағы кез келген сұраққа жауап теория және тәжірибе жүзінде саралаудың қатысуымен шешіледі. Демек, қылмысты саралау мәселесі теория бойынша да, тәжірибе тұрғысынан алғанда да күрделі де маңызды мәселелердің бірі. Қылмыс жасаған адамның тағдыры жасалған іс-әрекетті (әрекет немесе әрекетсіздік) қалай сараланғандығына байланысты. Қылмысты саралауды қылмыстық құқық ғылымының институты ретінде танытқан ең тұңғыш докторлық диссертацияны профессор В.Н. Кудрявцев ұсынды. Оның пікірінше, қылмысты саралау дегеніміз-қылмыс белгісі бар іс-әрекетті (әрекет немесе әрекетсіздік) Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі баптарына дәлме-дәл жатқызу арқылы белгілі қылмысқа құқықтық баға беру, [5,66] деп санады. Осы тұрғыда, А.А. герцензон «Қылмысты саралау қылмыстық заңда белгіленген қылмыс құрамының және нақты іс-әрекеттің (әрекет немесе әрекетсіздік) белгілерін көрсетілген баптың нормаларына сай келетіндігін анықтау»- десек, [8,4б] Б.А. Куринов қылмысты саралаудың ұғымын теория және тәжірибеде екі мағынада қолданылатындығын қарастырды. Біріншіден, қылмысты саралау деп- Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің нормаларында көрсетілген қылмыс құрамының белгілерін нақты қылмыс әрекет (әрекетсіздігінің) тепе-теңдік ұқсастық пен қатар қолдануын және белгілі бір логикалық процесте анқталуын айтады. Екіншіден, қоғамға қауіпті іс-әрекетке құқықтық анықталған, баға беруді айтады [9,7б]. Бұл екі түсінік бір-бірімен тығыз байланысты, ендеше екеуі де қылмысты саралаудың ұғымын құрайды. Шын мәнене келгенде, Б.А. Куринов қылмысты саралаудың ұғымын толық ретте қылмыс процесінің кезеңдерінде ерекше сипат алатынын талқалып, сынға алған. Осыған орай, В.Н. Кудрявцевтің тағы бір жерінде қылмысты саралаудың мазмұнын екі түрлі мағынады бейнелегенін атап көрсетпеуге болмас. Олар: а) нақты бір немесе бірнеше қылмыс белгілерін проецесте анықтау, б) сот, прокуратру органдарының іс-әрекетінің қорытындысын белгілі құқықтық актіге сәйкес қалыптастырып бекіту [5,6б]. Жоғарыда айтылған қылмысты саралау ұғымы туралы ой-пікірлерді жинақтай келе былайша тұжырымдауға болады. Қылмысты саралау ұғымын бейнелеген әрбір бағыт маңызды. Бірі екіншісінен мәнді немесе керісінше деп санау күрделі ұғымының мазмұнының ерекшелігін көрсетеді. Бұл арадағы маңызды нәрсе жоғарыда аталған үш бағыттың мақсаты және қолдану аясын дұрыс анықтау болып табылады. Мсәелен, В.Н. Кудрявцев пен Б.А. Куриновтың соңғы көзқарасы өте орынды айтылған. Өйткені, бұл пікірде бастапқы түрімен соңғы түрі бір-бірімен үйлесе отырып, белгілі тәжірибелік мәліметтерге деректік жолмен анықтау барысында қорытынды айғақтарға негізделеді. Ғылыми теорияда ғалымдар әрқашанда сайып келгенде деректік жолмен анықталған шындық айғақтарға сүйенеді, оларды индукциялық жолмен қорыта отырып, жаңа заңдылықтар ашады. Қылмыстық құқық теориясында бір бағытта қылмысты саралаудың ұғымын құрайтын пікірлер жеткілікті. Атап айтсақ, В.И. Малыхин [10,5], С.А. тарарухин [11,11б], В.А. Бурчак (12,5б), В.А.Левицкий [13,144б], О.Ф. Шишовтың [14,11] монографияларында қамтылған. Алайда, қылмысты саралау ұғымы туралы ғалымдар арасында ешқандай қарама-қайшылықты ой-пікірлер орын алмайды, бірақ сан ғасырлар бойы орын алып келген қылмысты саралауға байланысты ғылыми негізде түсіндірме беру өте қиынға соқты.сондықтан да түсініксіз байланыстар, қайшылықтар туғызатын ұғымдар,тар өрісті ойдың ғана жемісі деп саналады. Пайымдап ойлап қарасақ, соңғы ғасырлардың өзінде қылмысты саралау мәселелерін зерттеуге ұмтылып, жүйелі еңбектер тануда тың білім игерген ғалымдар жеткілікті. Мәселен, В. Сергиевский мен С. Рахметов, Т.Г. Черненко, А.В. Наумов пен А.С. Новиченко т.б.  Бұл арада біз В. Сергиевский мен С. Рахметовтың қысқа да, нұсқа көзқарасына жүгінсек, қылмысты сарлау деп – қоғамға қауіпті іс-әрекеті (әрекет немесе әрекетсіздік)  қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының белгісі бар бапқа дәлме-дәл жатқызу деді [15,10б]. Ал, энциклопедиялық түсіндірме сөздікте, қылмысты саралау ұғымының мәнін толық ашуға тырысқан. Қылмыстық саралау қылмыстық заңда көрсетілген, қылмыс құрамының белгілі бір процесуалдық  актіге сәйкес қоғамға қауіпті, құқыққа қайшы іс-әрекеті (әрекет немесе әрекетсіздік) анықтау. Сонымен қатар қылмысты саралауды кезеңдерге бөліп көрсеткен.

  • қылмысты саралау қылмыскерге жаза тағайындауда негізгі, маңызды алғы шарт;
  • қылмысты саралау қылмыстық сот өндірісінде заңды басты талқылауға алуда негізгі басты алғы шарт;
  • қылмысты саралау нақты заңмен белгіленген заңдылық қағиданы бұлжытпай орындайтын алғы шарт; [16,562б].

Қылмыстық құқық оқулықтарында да қылмысты саралауға байланысты көптеген ой-пікірлер бар. Мәселен, А.А. Пионтковский, В.Д. Меньшагиннің пікіріне жүгінсек, құқықтық құжатта  қылмысты саралау іске асырылған дайын түрде көрсетілген іс-әрекеті (әрекет немесе әрекетсіздік)  бағалау. Яғни, тергеу, прокуратура, т.б. сот органдарының іс -әрекетіне баға беру [17,32б]. Алайда, бұл арада В.Н. Загородников пен В.Ф. Кириченко «Қылмысты саралау қылмыстық заңның Ерекше бөлімінің баптарын қолдану» - деп қысқаша көзқарас танытты [18,11б]. Біздің ойымызша, жоғарыда аталған үш бағыт толық түрде қылмысты саралаудың ұғымын бейнелемейді,өйткені басқа да заңдардың қатаң талаптарына сыйыспай жатады. Аталмыш анықтамаларда толық түсінікпен құқықтық нақтылық жоқ, бірақ олардың айтылған мазмұны, сөйлемнің құрылысы әртүрлі болғанымен бағыт бір. Ғ. Сапарғалиевтің Заң терминдерінің түсіндірме сөздігінде «Қылмысты саралау деп- қылмыстық әрекетті (Әрекетсіздікті) Қылмыстық кодексте көрсетілген белгілі қылмыстық құрамға жатқызу, яғни қылмыстық заңның бабында белгіленген қылмыс құрамына істелген әрекеттерді тура келген және оған кінәлі адам қылмыстық жауапқа тартылады» - деп санайды [19,76б], осыған сәйкес, В.А. Сергиевский қылмысты саралау ұғымын бір-біріне байланысты маңызды екң мағынада көрсетеді. Олар: қылмыс құрамында көрсетілген тұлғаның іс-әрекетін (әрекет немесе әрекетсіздік) құқық қорғау органдары логикалық процесте қалыптастыру; қоғамға қауіпті және құқыққа қайшы іс-әрекеттің қорытыныдысын құқықтық бағалау [15,15б]. Көрсетілген мән-жайлардың тәжірибеде маңызы елеулі рөл атқарады.

      Біздің  пікірімізше, жоғарыда айтылған екі  бағыттан қылмысты саралау ұғымының толық түрде ой- елегізінен өткізіп  терең зерттелгенін көреміз. Еліміз тәуелсіз алғаннан кейін, тұңғыш рет ана – тілімізде басылып жарық көрген «Қылмыстық құқық» оқулығының Жалпы және Ерекше бөлімінде қылмысты саралау мәселесі кеңінен қарастырылған. Оқулықтың авторы профессор А.Н. Ағыбаевтің пікіріне жүгінсек, қылмысты саралау дегеніміз- қоғамға қауіпті, қылмыстық заңға қайшы істелген іс-әрекетті нақты бір қылмыс құрамына жатқызу және осы әрекетке Қылмыстық кодекстің Жалпы және Ерекше бөліміндегі тиісті баптарға дәлме-дәл жатқызып, құқықтық баға беруді қылмыстық құқық теориясы қылмысты саралау деп атайды,- десек, қылмысты дұрыс саралау- заңдылық қағиданы бқлжытпай жүзеге асырудың шарты болып табылады, деді [20,11б],  Яғни, қоғамға қауіпті ір-әрекет қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмыс құрамымен қамтылса, онда ол дұрыс сараланған деп саналады. Сонымен, бұл арада біздің ұғатынымыз қылмысты саралауда ір-әрекеттің қылмыс құрамының тиісті баптары немесе оның бөліктеріне, тармақтарына сай келетіндігін дәлме-дәл көрсетуіміз қажет. Егер адамның ір-әрекетінде бірнеше қылмыстық құрамы болса, онда оның ір-әрекеті заңның бірнеш баптары немесе баптарының бірнеше бөліктері, тармақтары бойынша сараланады. Әрине, қандай түрде болса да қылмысты дұрыс сараламау, ол заңдылықты бұзуға, қылмысқа қарсы күрес жүргізетін органдардың беделіне нұқсан келтіру мен байланысты болады. Мұндай құбылысқа жол бермеу үшін қылмыстық заңды дұрыс қолданып істің мән-жайын терең зерттей білу, істелген іс-әрекетті дұрыс саралау қажет, сондай-ақ қылмысты қылмыс еместіліктен немесе соған ұқсас басқа қылмыстардан ажырататын белгілерді анықтау қажет.

      Біздің  ойымызша, соңғы пікір қылмысты саралау  ұғымын толық түрде қыры мен сырын  ақиқатын ашып, қылмыстық құқық теоиясында ғылым мен тәжірибе үшін ең маңызды  мәселе екенін атап көрсетеді. Әрбір  ғылымның өзіне тән зерттейтін пәні, мақсаты, шарттары, қағидалары болады. Сол сияқты қылмыстық құқық теориясында қылмысты саларауда үйлестік қолданыла ма ?, әлде тепе-теңдік орын ала ма? – деген сұрақ туады. «Үйлестік» пен «Тепе- теңдікті» талдамас бұрын оның ұғымдарына тоқталайық. Үйлестік (сәйкестік) деген не ? Үйлестік дегеніміз- әрбір объектінің өзіне-өзі немесе оның басқа заттар мен теңдігі, сәйкес келуі. Заттар арасында ұқсастық, үйлестік бар. Оған сәйкес заттарды, құбылыстарды топқа, тапқа бөлеміз. Мәселен, зат пен заттың салмағын, көлемін, ұзындығын салыстырып байқау үшін бөлігі мөлшерлік (килограмм, тонна немесе метр, километр) ұғымға жүгінеді. Сол сяиықты қозғалыстың жылдамдығын білу үшін белгілі бір қашықтықты қай мерзім ішінде игеретінін есептейді. Бұл арада біз үйлестік ұғымын философиялық тұрғыда талдадық, өйткені белгілі жай әрбір ғылым өзінің бастауын, түп-тамырын философиядан алады. Сонымен бұл әдіс өмірде әрдайым қолданылып келеді. Әрине, оған ешкім шек келтірмейді. Ұқсастық, сәйкестік ұғым осыдан туындайды. Бірақ сол сәйкестіктің өзі де нақтылай келсек абсолютті емес. Өйткені ол да белгілі бір шамаға жатады. Тіпті сәйкес, тепе-тең заттар арасында да әрқашан айырмашылықтар болады. Олай болса, формальды логикадағы «А» дегеніміз «А», ол екеуі тепе-тең деген ұғымда тек бір тұрғыдан алып қарағанда ғана солай, ал басқа тұрғыдан алып қарағанда, оның олай болмауы да мүмкін. Сөйтіп ұқсас заттар арасында қашан да айырмашылық болады. Сонда айырмашылық деген ұғым не ? Бұл заттардың арақатынастары тепе-тең емес, бірдй болмайтындығын көрсететін ұғым. Үйлестік, ұқсастық пен айырмашылық арасында белгілі бір диалектика бар. Олар елеулі не елеусіз болуы мүмкін. Негізінде айырмашылық заттардың қарама-қарсылығын не бастапқы, не соңғы кезі. Мәселен, қылмыстық ниеті мен мақсаты функциональдық «ұқсастық» байланысты жүзеге асады.  Қылмыстық ниет пен мақсат өзара тығыз байланысты ұғым. Қылмыс істеу арқылы адамның өзі  қалайтын, тілейтін болашақ нәтижесін елестетуі қылмыстың мақсаты болады. Мысалы, теорроризмнің ниеті қоғамдық қауіпсіздікке қарсы ниет болса, ал оның мақсаты қоғамның қауіпсіздігін бұзу болып табылады. ниет пен мақсат «ұқсастық» функцияны игере отырып қылмысты саралауда шешеуші рөл атқарады. Бұдан әрине, ұқсастықтың қылмысты саралаудағы рөлін көруімізге болады. Бұл арада И.И. Горелик, А.В. Наумов, А.С. Новиченконың көзқарастарына сүйенсек, қылмысты саралауда қылмыс құрамының белгілерінің арасында «үйлестік» функциясы орын алмайды, керісінше «тепе-теңдік» функциясы жүзеге асырылады, деген пікір танытты. А.В. Наумов пен А.С. Новиченко «үйлестік» функциясы тек философия, математика, биология, химия ғылым салаларында ғана бар, ал қылмыстық құқық теориясында қылмысты саралау процесінде қатысы жоқ деген кері пікір ұсынды [22,11б]. алайда, В.Т. Мещеряков, ұқсастық, үйлестік тек функциональдық байланысты философиялық трактатта ғана көрініс табады дедеі [21,23б].

      Біздің  пікірімізше, қылмысты саралауда «үйлестік» функциясы міндетті түрде қолданылады. Мәселен, үйлестіктің маңызы ұқсас  қылмыстарды бір-бірінен ажыратуда, қылмысты қылмыс еместіліктен айыруға, қылмыстардың қоғамға қауіптілігінің дәрежесін белгілеуде маңызы  зор. Бұл тұрғыда Т.Г. Черненконың қылмысты саралауға қатысты ой танытқан тұжырымымен дәлелдеуге болады. Қылмысты саралау дегеніміз – істелген іс-әрекеттің арасындағы ұқсастықты нақты шындыққа бекіту нәтижесінде көрсетілген қылмыс құрамының белгілерін қылмыстық нормада және қылмыстық актіге заңдылық баға беру болып табылады [32,9б].  Қылмысты саралауда қоғамға қауіпті іс-әрекеттің және қылмыс құрамының белгілерінде қарама-қайшылық орын алады, бірақ қарама қайшылық қылмысты саралауда құқықтық бағалау ретінде маңызы жоқ. Қылмыстық жазаның, қылмыстық жауаптылықтың, қылмыстық құқықтық қатынастың ұғымына зер салып қарасақ, олардың айырмашылығына міндетті түрде зер саламыз. «Тепе-теңдік» пен «ұқсастықтың» арасында айырмашылық туындайды, ал айырмашылықтың ең терең деген шегі қарама қарсылық. Мұның да өзіндік диалектикасы бар, «үйлестік айырмашылыққа, ал айырмашылық қарама қарсылыққа өтеді».  Қарама қарсылық деген не? Қарама қарсылық ұғымын философиялық тұрғыда талдасақ ол табиғаттағы, қоғамдағы, адам санасындағы бірін-бірі жоққа шығаратын және соымен қатар бірінсіз-бірі өмір сүре алмайтын заттар, құбылыстар, тенденциялар арасындағы қатынастар. Қандай да бір зат болмасын құбылыс болмасын, ол қарама қарсылықсыз өмір сүрмейді, мәселен әрекет пен әрекетсздік, дұрыс пен бұрыс, жалпылық пен жекелік, қарама қарсылық әрбір заттың өз ішінде де болады. Мәселен, қылмыстық құқық теориясындағы қылмыс құрамындағы объект пен субъект, қылмыс құрамының объективтік жағы мен субъективтік жағы, әрекет пен әрекетсіздік, өмір мен өлім т.б. Мысалы, қылмыстың объективтік жағы сыртқы белгілерін құраса, субъективтік жағы ішкі эмоциялық, яғни қылмыстың ішкі мәнінен көрініс табады, бірақ қарама қарсылық қылмысты саралауда рөл атқармайды. А.С. Новиченко мен А.В. Наумовтың пікіріне жүгінсек, қылмысты саралау онтологиялық (тәжірибелік қызмет әрекеті), гносеологиялық (ғылым, дүние тану), логикалық аспектілер болып бөлінеді,  - деді.

      Онтологиялық  аспектіде қылмысты саралауды ресмиленген қызмет органдары (тергеу, сот, прокуратура, анықтау) жүзеге асырады. Бұл жағдайда қылмысты саралаудың орны маңызды.   Гносеологиялық аспектіге қылмысты саралау белгілі болжамды нәтижеге байланысты болады, яғни қылмыс жасалған ба, қылмыс қандай мақсатпен жасалған деген сұрақтарға жауап береді.

      Логикалық аспектіге қылмысты саралау ой тұжырымның желісінен өткізу болып табылады. осыған орай, В.Н. Кудрявцев жоғарғы  аспектілерге байланысты қылмысты саралауды  төмендегі кезеңдерге бөліп қарастырады.

  1. Саралау- ұзақ қамтылған процесс;
  2. Саралау- құқық қорғау органдарының іс-әрекетіне сай белгіленген, заңды

актіге  ресмиленген қорытынды құжат.

     Сондықтан, қылмысты саралаудың әдістемелік негізгі материалистік түсінікте қараларды, яғни заң нормасының жалпы мағынасы мен нақты іс-әрекеттің құбылысының арасындағы байланыс. Заң нормасы бізге мәлім құбылыс ретінде жылпы, абстракты ұғымда жүзеге аысырылады. Жалпы алғанда, қылмысты саралау, яғни қылмыстық құқықтық саралау заңдылық саралаудың негізгі түрі. Қылмысты саралауда белгілі тұлға құқық бұзушылықтың қайсы түрін бұзуды, мінекей осы мәселені анықтап алуымыз қажет. Ал бізге белгілі жағдай, құқық бұзушылық бірнеше түрге бөлінеді. Олар: азаматтық құқық бұзушылық, әкімшілік құқық бұзушылық, қылмыстық құқық бұзушылық. Демек, қылмыстық саралау қылмыстық құқық бұзушылықта жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң жүктеген міндетті орындамау, заң тыйым салған әрекетті жасау, яғни құқық бұзғаны үшін кінәлі адам заң бойынша жауапқа тартылады. Құқық бұзушылықтың түрлері өзара қоғамға қауіптіліктің дәрежесіне, мөлшеріне байланысты. Шынында да, әкімшілік құқық бұзушылық қоғамдық ортада цензуралық (әдепті) балағат сөзсіз болып табылады. Бұл әрине қоғамға қауіпті қылмыстардың дәрежесінен төмне. Негізінен құқық бұзушылық заң бойынша екіге бөлінеді: 1) қылмыс; 2) теріс қылық. Қылмыс құқық бұзудың ең ауыр түрі. Қылмыс жасағаны үшін кінәлі адам қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Теріс қылық үшін жауаптылықтың үш түрі бар: әкімшілік жауаптылық (мысалыкөшеде жүру, автокөлік жүрізу тәртібін бұзғаны үшін); тәртіптік жауаптылық (еңбек етуге байланысты міндеттерін орындамағаны үшін); азаматтық құқықтық (мүліктік) жауаптылық. Заң бойынша қылмыстық құқық бұзушылыққа қылмыс құрамының төрт элементі түгел болғанда ғана тартылады. Олар: Объект, объективтік жа,ы. Субъект, субъективтік жағы. Егер аталған төрт жақтың біреуі болмаса, тұлға жауапқа тартылмайды. Төрт жағының түгел болуы қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартылған жағдайда қажет. Азаматтық құқық бұзушылыққа тұлға тікелеу кінәсі болмаса да келтірілген зиян үшін жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Мысалы, автокөліктің иесі оны жүргізуді басқа біреуге тапсырса, жүргізушінің біртұтас келтірілген зиянын көлік иесі төлейді. Мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары белгіленген болса, кінәсәздәк болжамы қолданылады. Тұлғаның кінәсі дәлелденбей, ол қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды [24,102-103б]. Әрине , қлмыс құқық бұзушылықтың жеке бір көрінісі болып табылады. осыған орай, қылмысты азаматтық құқық, әкімшілік және тәртіптік құқық бұзушылықтан және бейморальдық жат қылықтардан ажырата білудің маңызы ерекше. «Қылмыс пен басқа құқық бұзушылықтың өзара басты айырмашылығы құқыққа қайшылықтың мәніне байланысты»- деді А.Н. Ағыбаев [25,40,41б]. Шынында да , басқа құқық бұзушылық құқық саласының басқа нормаларына , заңдар мен нормативтік актілерге қайшы. Істелген қылмыстың зардабы болып мемлекеттің ең ауыр күштеу шарасы қылмыстық жаза және содан туындайтын сотталғандық атақ болып табылады. басқа құқық бұзушылықта мұндай жазалау шаралары жоқ, ол қолданылған ықпал ету шаралары сотталғандық атақ әкелмейді. Айталық, кейбір қылмыстар басқа құқық бұзушылықта орын алмайтын қоғамдық қатынастарға (адамның өмірі, мемлекеттің қауіпсіздігі) қол сұғуда. Мәселен, А.Н. Ағыбаев «Қылмыс пен басқа құқық бұзушылықты бір-бірінен қоғамға қауіптілік дәрежесінін көрсеткіші арқылы ажыратуға да болады» деп өз тұжырымын ұсынды. Алайда, жоғарыдағы тұжырымды айқындап қарасақ, қылмысты қол сұғушылықтың объектісі бойынша айқындалатын қоғамға қауіптіліктің сипаты мұндай іс-әрекетті қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік береді. Яғни, мұндай жағдайда қылмысты басқа құқық бұзушылықтан ажыратудың еш қиындығы жоқ. Мәселен, кейбір реттерде құқық бұзушылықта да, қылмыста да бір объектіге қол сұғуы мүмкін.  Мысалы, көлік құралдарын жүргізуші адамдардың көлік құралдарының жүріс қауіпсіздігімен пайдалану ережелерін бұзу үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылық белгіленген. Мұндай аралас құқық бұзушылықта қоғамға қауіптілік дәрежесін дұрыс анықтаудың маңызы ерекше. Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің негізгі көрсеткіші келтірілген зиян мөлшері болып табылады. егер көлік құралдарын жүргізуші адамдардың көлік құралдарының жүріс қауіпсіздігімен паудалану ережелерін бұзуы, осының салдарынан жәбірленушінің денесі орта немесе одан жоғары дәрежеде жарақатталса немесе ерәуір материалдық нұқсан келтірілсе іс-әрекет қылмыс қатарына, ал көрсетілгенен гөрі аз зиян келтірілсе, әкімшілік тәртіппен жазаланатын құқық бұзушылыққа жатады. Сонымен, келтірілген зиян мөлшері қылмысты басқадай құқық бұзушылықтан ажыратуға мүмкіндік беретін бірден-бір белгі болып табылады. мәселен, лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік қызметшінің лауазымды адамның өкілеттігін өз бетінше пайдаланып, заң қорғайтын мүдделерге елеулі зиян келтіретін қасақана әрекеті қылмыс [309-бап], ал елеулі зиян келтірмеген басқа әрекеті тәртіптік теріс қылық болып табылады. Өзінің нақты құқығын немесе басқа адам таласа алатын жорамалды құқығын, белгіленген тәртіптен тыс өз бетінше жүзеге асыру, бұл азаматтың құқығын елеулі түрде бұзылуына әкеп соқтырса , қылмыс ретінде сараланады. Ал егерде елеулі түрде бұзушылық жоқ болса, мұндай әреке әкімшілік жолмен жазаланатын құқық бұзушылыққа жатады.айталық, Қазақ КСР 1959 жылғы Қылмыстық кодексі бойынша көп жағдайларда бірінші ретістеген құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жазалау шаралары қолданылған адамның дәл сол іс-әрекеті қайталап жасауы  қылмысқа тартуға негіз болып табылатын. Мысалы, кәсіптік маңызы бар суларда рұқсатсыз немесе аулауға тыйым салынған кезде, я рұқсат етілмеген тұстарда балықаулау, су аңдарын аулау т.б. басқа жүргізілетін басқа бір кәсіппен айналысу, егер бұл әрекеттер бұрын да осындай әтртіп бұзғаны үшін әкімшілік жолмен айыппұл тартқаннан кейін істелген болса,ол қылмыстық жазаланатын әрекет болып табылатын. Ондай болмаған жағдайла іс-әрекет әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қарастырылады. Енді іс-әрекетке әкімшілік шарасы қолданылса, ол қайталану санына қарамастан қоғамға қауіптілік дәрежесіне ие болмайды, яғни қылмыс қатарына жатпайды. Қылмысты саралуда құқық бұзушылықтың түрлері де маңызы зор. Мысалы, қылмысты саралауда әскери қылмыстарды тәртәптәк теріс қылықтан ажыратуға көп жағдайда іс-әрекеттің ісетлген уақыты, жайдайы,орны үлкен әсер етеді. Мысалы, соғыс уақытында өз бетімен кетіп қалу- қылмыс, ал бейбітшілік уақытта істелген осы әрекет тәртіптік теріс әрекет болып табылады. іс-әрекетті қылмыс немесе басқа құқық бұзушылық қатарына жатқызуға негіз болатын қоғамға қауіптіліктің дәрежесі қылмысты субъективтік белгілерге жататын кінәнің нысандарын, ниетпен мақсатты дұрыс анықтауға да байланысты. Мысалы, денені жеңіл түрде қасқана жарақаттау қылмыс, ал абайсызда денені жеңіл жарақаттау қылмысқа жатпайтын іс- теріс қылық, мұндай ретте келтірілген зиянды өтеу азаматтық құқық тәртібімен реттеледі. Егер лауазымды адам пайдақорлық немесе басқа бір зұлымдықниетпен құжаттарға жалғандық жасаса- қылмыс, ал ондай ниет болмаса,ол қылмыс болмайтын құқық бұзушылықтың түрі болып табылады. Б.А.Куриновтың пікіріне сүйенсек, құқық бұзушылықты айыру түрлерінің мәселелері құқықтық қатынас пен тығыз байланысты,- деді [9-14б]. Бұл арада құқықтық қатынастың маңызы неде ?

Информация о работе Қазақстанда қылмысты саралау