Қазақстанда қылмысты саралау

Дата добавления: 11 Октября 2011 в 18:05
Автор: Пользователь скрыл имя
Тип работы: курсовая работа
Скачать полностью (116.11 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

кылмысты саралау.doc

  —  483.00 Кб

КІРІСПЕ 

     Зерттеудің  өзектілігі. Елімізде XX ғасырдағы соңғы он жылдығында тарихта және саясатта жан-жақты елеулі өзгерістер болғанына куәгерміз. Демек, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен мемлекеттің егемендігі туралы деклорациясы 1990 жылы 25 қазанда қабылданды [1]. Бұл арада Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан халқының еркін білдіре отырып, республиканың барлық азаматтары үшін лайықты және тең тұрмыс жағдайын жасауға ұмтыла отырып, республикада тұратын халықтарды топтастыру мен олардың достығын нығайтуды бірінші дәрежелі міндет деп санай отырып, жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясын және ұлттардың өзін-өзі еркін билеу құқығын тани отырып, қазақ ұлтының тағдыры үшін жауапкершілікті  ұғына отырып, ізгілікті демократиялық құқықтық мемлекетті құруға бел байлауды негізге ала отырып, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігін жариялайды. Сонымен тарихи біршама уақыт бойы өмір сүрген тоталитарлық тәртіппен тәуелділіктен кейін Қазақ Мемлекетінің тарихында тұңғыш рет 1991 жылы желтоқсан айының 16- жұлдызында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  тәуелсіздігі туралы» маңызды заң қабылданғаны белгілі[2].

      1995 жылы тамыз айының 30- жұлдызында  референдум жолымен қабылданған  Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіз, егемен мемлекеттің  конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан акт болып табылады[3]. Осы Конституцияның 1-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады және оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі мен құқықтары, бостандықтарын құрметтеп қорғайды». Әрине, егемендік пен тәуелсіздікті іс жүзінде толықтай тиянақты орнату процесі оңайлыққа түспей отыр. Республикамызда болып жатқан өзгерістер, күндегі апталық жаңалықтар, ауқымды кең тараған процестер, белгілі өскелең талап- талғамға сай өмір сүруге ынталандырып отыр. Осы жоғарыда айтылған мақсатқа жету үшін халықтың әл-ауқатын, жағдайын көтеруді, әлеуметтік белсенділігімен қоғамдағы дәрежесін арттыруды, адамды өндіріске материалдық қызығушылық арқылы тартуды әр республика өз даму процесінде халықты құқықтық тұрғыдан қолдап қамтамасыз етуді басты бағдар етіп қойды. Қоғамдық қатынастарды реттеуші құралдардың бірі- заң саласы. Осы үлкен негізге саланың өзекті бір арнасы- қылмыстық заң бұл тұрғыдан алғанда көп іс-қимылды талап етеді.

      Қазақ КСР 1959 жылы қабылданған Қылмыстық  кодексінің нормалары өмірімізде орын алған саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге сай келмегендіктен, 1997 жылы шілде айының 16-жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылы қаңтар айының 1-жұлдызынан бастап заңды күшіне енеді[4]. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Жоғарғы заңды қорғауды қамтамасыз ете отырып, заңды сыйлайтын азаматтарды қылмыстан қорғауға жете мән берілсін және заңға қарама-қайшы іс-әрекет жасайтындарға билік пен заңның ең қатаң түрі қолданылсын», - деп атап өтті. Сол себептен қазіргі кезеңде негізінен республикамыздың мемлекеттік және қоғамдық өмірінің  құқықтық негізінің нығаюына, қылмыспен және заң бұзушылықпен күресті, күшейтуге қоғамымыздың әр мүшесінің құқықтары мен бостандықтарына қол сұғушылықтың алдын алуға басты назар аударуда. Осыған орай, елімізде қатарынан қабылданып жатқан құқықтық немесе ұйымдастыру шараларына қарамастан еліміздегі заң тәртібін бұзушылық қылмыстық ахуал күрделі күйінде қалып отыр. Республикада қауіпті мөлшерде өсіп келе жатқан қылмыстың ауқымы кеңінен таралуда. Мәселен, Қазақстан Республикасындағы қылмыс көрсеткіші соңғы он жыл ішінде күрделі жағдайда қалып отыр.

      Оның  ішінде қылмыс дәрежесінің аса көп  өсуі 1992-1994 жылдар аралығында келсе, 1995-1999 жылдарда қылмыстың бәсеңсуі, ал 2000-2001 жылдары қылмыстың күрт өзгеріп  өсуі соңғы 2002 жылы сәт төмендеуі  байқалып отыр. Бұл көрсеткіштер қылмыспен күрес жүргізу шараларын одан әрі жетілдіру қажеттілгін көрсетеді. Қылмысты алдын ала тергеу кезінде дұрыс ашу және кінәлінің  әшкерлеп қылмысқа қарсы күрес жүргізудің тиімділігін арттыратыны сөзсіз.

      Жалпы қылмыстық құқықта қылмысты саралау мәселелерінің теориялық және тәжірибелік тұрғысы да өз кезегінде көкейтестілігін жойған емес.  Белгілі бір әрекетті қылмыс деп табуда,  жауапкершілікке тартуда, жаза тағайындауда, оны өтеуде, жауапкершілік пен жазадан босатуда тағы басқа мәселелерді шешуде қылмысты саралаудың маңыздылығы ерекше. Қылмысты саралау заңдылық қағиданың талабына орай, «арнайы заңда көрсетілмейінше қылмыста, жаза да жоқ» деген тұжырымға негізделіп қылмысты тергеу кезінде дұрыс ашу, кінәліні әшкерлеп, әділеттілікті қалпына келтірудің тиімділігін арттырады.

      Жалпы алғанда, біздің ойымызша қылмыс туралы сөз болғанда оның бастапқы сатысынан  орын алатын негізгі мәселе қылмысты саралау, сонымен қатар бұл қылмыс пен күрестегі негізгі профилактикалық қызметті жүзеге асыру болып табылады. Қылмысты саралаудың теориялық мәселелеріне байланысты әр қырынан өзіндік ғылыми әр қосушылар болғанымен, қоғамымызда қылмысты саралудың әдістемелік, философиялық, логикалық негіздерінің түбегейлі шешілмеген тұстары бар, сонымен қатар норма бәсекелестігіне байланысты ғалымдардың біркелкі көзқарасқа келе алмауынан, әр түрлі пікірлердің жаппай қабылданып жатқан тұстары да жетерлік.

      Сонау Кеңес Үкіметі  орнаған бетте-ақ Марксизм- Ленинизм идеясы бойынша  қылмысты саралаудың диалектикалық  аспектілері әртүрлі көзқарас ретінде орын алған. Қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге заңды дұрыс қолданып, қылмыс құрамының элементтерін дұрыс анықтап, әділ соттылықты жүзеге асыру қылмысты саралаудың ең негізгі бастауы болып табылады. Қылмысты саралудың ұғымын беруде толық ғылыми пікірлер, нәтижелер болса да, оның түп бастауын, әдістемесінен әлсін-әлсін ауытқып кетіп жүргеніміз қылмысты саралаудың теориялық негіздерін анықтағанда бой көтерері байқалады. Жоғарыда айтылғанды ескерер болсақ, қылмысты саралау қоғамға қауіпті іс әрекеттерді тез арада ашуға, бағытталған үздіксіз де тұрақты зерттеуді қажет етеді. Сондай-ақ саралау процесінде қылмыстық заң баптарының санкциясы мен жазаның қандай түрлерін қолдану да өз шешімін таппай отыр. Осыларға байланысты біздің зерттеулеріміз де қылмыстық саралаудың ұғымы мен мәні, түрлері, әдістемелік (танымдық-бағалау процесі, объективтік шындық, жеке, жалпы, ерекше қатысу, логикалық форма) және құқықтық негіз, қылмыстық заңның даму ерекшелігі, қылмыс құрамының элементтерін құрайтын белгілер философиялық, ғылыми тұрғыда кеңінен талданады. Сол секілді бұрынғы заңдардың дәурен сүріп тұрған шағында сүрлеуі жасалған істерді жаңа қылмыстық заңға сәйкес жаңғырту мәселесі де, яғни қылмысты салараудың теориялық негізін анықтау бір төбе өте өзекті маңызды мәселе, зерттеу тақырыбының өзектілігі де осыған келіп тіреледі.

     Зерттеудің  мақсаты мен мәселелері. Дипломдық  жұмыстың негізгі мәселесі – қылмыстық  құқықтағы қылмысты саралаудың әдістемелік, теориялық негіздерін белгілей отырып, қылмысты саралауға қатысты жаңа ұстыныстарды талдап, қылмысты саралауда құқық қорғау органдарының тәжірибелік қызметінде әділсоттылықты жүзеге асырудың маңыздылығын арттыру болып табылады.

      Осы аталған мақсатқа жету үшін мынадай  міндеттер туындайды:

  • қылмысты саралау ұғымын әдістемелік, әлеуметтік- саяси, қылмыстық құқықтық тұрғыда зерттеп білу
  • қылмысты саралаудың логикалық нысанын жалпы диалектикалық ғылыми тұрғыда талдау жүргізу
  • қылмыстық заңның талаптарында қылмысты саралаудың бағыттарын белгілеу
  • қылмыстық заңның даму тарихының ерекшелігін анықтап білу және қылмысты заң диспозициясын қылмысты саралауда мәнін ашу
  • қылмыс құрамының түсінігін беріп, белгілерін айқандау
  • жаза тағайындау мәселесінде қылмысты саралауға тың мазмұн беріп, маңыздылығын анықтау
  • жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлдарда қылмысты саралаудың  орны мен тәжірибелік мәнін көрсету
  • теория мен сот тәжірибесіндегі кейбір қылмысты саралаудағы «олқылықтарды» жою жолдарын іздеу және сол тараптағы ұсыныстарды енгізу.

     Зерттеудің  объектісі. Зертетудің объектісі ретінде қылмыстық құқықтық жалпы бөлімінің институттарының ішіндегі қылмыстық заңдардың міндеттері жөнінде іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын жоятын мән-жайлар туралы, қылмыстың нақты құрамының барын анықтау, іс-әрекетте құқыққа қайшы, қоғамға зиянды мән-жайлардың бар немесе жоқ екендігін белгілеуде, кінәліге жаза тағайындауда, кінәлінің жеке тұлғасын анықтауда қылмысты дұрыс саралаулы жүзеге асыру болып табылады.

  Зерттеудің пәні. Қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге заңды дұрыс қолданып, қылмыс құрамының элементтерін дұрыс анықтап, әділ соттылықты жүзеге асыру қылмысты саралаудың пәні болып табылады.

     Зерттеудің  әдістері. Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізгі жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындау жолында зерттеу диалектикалық материалистік заңдарын,таным әдістерін басшылыққа алып, криминогендік мазмұндағы құқықтық деректерді ашу болып табылады. Сонымен қатар осы жұмысты жазу барысында салыстырмалы құқықтық, нақты- әлеуметті, логикалық әдістерді қолданып, кейбір жағдайда барлық саланың бастауы, түп атасы философия ғылымына сүйендік.

     Зерттеудің  ғылыми жаңалығы. Қазіргі кезде қоғамымызда қауіпті құбылысқа айналып отырған қылмыстар жеткілікті, оларды сот, тергеу, прокуратура органдарында анықтау әрине, қиындық тудыратыны сөзсіз. Қылмысты саралау жеке қылмыстардың  түрлеріне байланысты жеткілікті зерттелген десек күмән туғызбас, ал қылмысты саралаудың, әдістемелік, теориялық негіздеріне байланысты түбегейлі зерттеу мәселесі әлі өз шешімін толық тапқан жоқ. Осы мәселеге байланысты алғаш профессор  А.А. Герцензонның, профессор В.Н.Кудрявцевтің еңбектері жарық көрді. Кейінірек бұл істі Б.А.Куринов, Г.А. Левицкий, А.В. Наумов пен А.С. Новиченко монографиялар мен ғылыми мақалар жариялап жалғастырды. Тікелей біздің тақырыбымызға қатысты қалам тартқандардың бірі- В.А. Малыхин, Ф.Г. Бурчак, Г.А. Тарарухин, О.Ф. Шишов, Т.Г. Черненко, Н.М. Свидлов, осы тақырыпқа арналған ғылыми еңбектерді жалғастырған Қазақстандық ғалымдар; атап айтсақ – А.Н. Ағыбаев, Е.О. Алауханов, З.О. Ашитов, А.А. Исаев, Ғ.Ы. Баймурзин, Ү.С. Жекебаев, Е.І. Қайржанов, Д. Кішібеков, Г.С. Мауленов, А.Ж. Машабаев, Р.Ш. Мырзабеков, С.С. Сартаев, М.С. Нәрікбаев, Б.А. Нурғалиев, С.М. Рахметов, Д.С. Чукмаитов, Е. Оңғарбаев, Б.Ж. Жүнісов, Р.Т. нуртаев, И.И. Рогов, Н. Дулатбеков, Р.О. Орымбаев т.б. аталған тақырыпқа байланысты жазылған монографиялар мен ғылыми мақаларды ақпарат беттерінен көре аламыз.

     Зерттеудің  құрылымы. Пәннің анықтамасынан және құрастырылған міндеттерден бұл  жұмыстың құрылымы шығады. Ол кіріспеден, қорытындыдан, екі бөлімнен, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

     Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу әдісі, пәні, ғылыми жаңалығы және құрылымы көрсетілген.

     Бірінші бөлім қылмысты саралаудың  түсінігі мен түрлері, қылмысты дұрыс саралаудың маңызы, қылмысты саралаудың философиялық, логикалық негіздері мен объективтік кезеңдері айқындалады. Қылмысты саралау процесінің кезеңдері мен қылмысты норма бәсекелестігі жағдайында саралау мәселесі туралы көрсетілген.

     Екінші  бөлім  қылмыстық заң- қылмысты саралудың құқықтық негізі және қылмыс құрамы- қылмысты саралаудың заңдылық үлгісіне арналған.  Қылмыстық құқық нормаларының құрылысы бойынша саралауға зерттелген. 
 
 
 
 
 
 

1 ҚЫЛМЫСТЫ  САРАЛАУДЫҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ 

1.1 Қылмысты саралаудың  түсінігі мен түрлері 

      Қылмысты  сарлау қылымыстық құқық теориясында ең маңызды түсінік. Бұл түсінік ғылым саласында да, тәрірибе тұрғысында да кеңінен қолданылады. Сарлау (латын тілінде quaIitas- сапа сапалы) деген мағынан білдіреді. Шын мәніне келгенде, саралау, яғни сапаны бағалау адамның тәжірибелік қызметінде қалыптасқан. Ендеше, біздің айналамызда бірімен-бірі байланысты және үнемі қозғалыста болатын әртүрлі заттар мен құбылыстар өмір сүреді. Әрбір зат немесе белгілі қимыл іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) құбылыс өзіне ғана тән ерекшеліктермен  сипатталады. Мысалы, қылмыс құрамының элементтері бір-бірінен өзгеше. Мұндай ерекшеліктер сапаны бағалау ерекшеліктер деп аталады. Заттың, құбылыстың сапасын адам өзінің тәжірибелік қызметінде ғана анықтай алады. Ал сапасын бағалау – кез келген заттың мөлшерін, өлшемін түрін, тобын анықтау болып табылады. Ол басқа заттар мен құбылыстар мен тікелей немесе аралық байланыста және қатынаста болады. Сондықтан оның осы қатынаста көрінетін көптеген сапасы бір. Сонымен қатар, заттар немесе құбылыстар бір-бірімен белгілі бір қатынаста бола отырып, бірінен-бірі мөлшер жағынан ерекшеленеді. Мысалы, қылмыстық жауаптылық мәселесін шешуде және жаза тағайындауда жазаның мөлшерін белгілеу ерекшеленеді. Сондықтан, заттар мен құбылыстардың, белгілі іс-әрекетінің (әрекет немесе әрекетсіздік) сапасын, мөлшерін,өлшемін айқындау өте маңызды.  Бұл арада, философия тарихында сапаны бағалауға, мөлшерге тұңғыш рет Аристотель айырықша көңіл бөлді, «Мен сапа деп заттың ненің арқасында осындай бола алатынын айтамын» [6,164б], «мөлшер дегеніміз құрамдас бөліктерге бөлініп, оның әрқайсысы екі немесе одан да көп болама, әйтеуір өзінің табиғаты жағынан бір және анықталған нәрсе. Кез келген мөлшерде есептелетін болса және өлшенетін болса шама делінеді», - деп көрсетті ол. Шынында да сапа объективті сипатта адам ойлауының жалпы түрлерінде, дүниені тану мен тәжірибелік өзгерудің сатыларында, адамның тәжірибелік қызметінің түбегейлі қағидалары болып табылады.

      Біздің  ойымызша, заттың сапасы мен мөлшері  диалектикалық бірлікте болады. Затты  тану, білу оның сапасын бағалаудан басталады, сонан кейін бірте-бірте оның мөлшерін тану, біту сатысына көтеріледі. Өйткені адам қоғам дамуының ең алғашқы сатысында заттың сапасын айқандаудың қайнар көзі түйсіну болған. Адам затты сапасынан бөлек алып қарай алмайды. Әрбір ғылымның және тәжірибелік іс-әрекеттің саласының өзінің ережесі,әдістері болады, өйткені белгілі бір әдісті қолданбайынша нақты ғылыми және тәжірибелік міндеттерді шешу мүмкін емес. Мұндай ережелер мен әдістерде сапаны бағалаудағы жинақталған тәжірибенің нәтижелері қорытылған. Сондықтан да олардың артықшылықтары мен кемшіліктері ғылымның, адамның тәжірибелік еңбегінің даму дәрежесіне байланысты анықталып отырады. Жаңа дәуірде қоғамның одан әрі дамуына сәйкес сапаны қабылдаудың да әдістері өзгереді. Кейінірек адамның тәжірибелік қызметінің даму дәрежесіне сәйкес зат пен оның сапасының бірлігі бұзылып, сапа туралы жалпы түсінік қалыптасты. Адамның заттың маңызды және маңызды емес қасиеттерін ұғыну сапаны бағалаудағы қажетті саты. Ол өзінің тәжірибелік қызмет аясында жаңа затты қамти отырып, оның кейбір қасиеттері сол заттың өмір сүру үшін өте маңызды екенін байқады. Демек, қасиет дегеніміз- заттар арасындағы қатынас, әрбір зат басқа заттармен қатынаста болатыны және байланысты екені белгілі. Осы қатынас пен байланыста ғана оның қасиеті көрінеді. Белгілі бір зат даму барысында өзінің өте маңызды қасиеттерін, яғни сапасын өзгерте отырып басқа затқа айналады. Осыған орай, заттың сапасын бағалауда заттың өлшемі туралы түсінік қалыптасады. Әртүрлі заттың әртүрлі сапасы бар. Тіпті бір заттың өзі көп сапалы. Ендеше сапа дегеніміз- заттың аса маңызды қасиеттерінің функциональдық бірлігі. Алайда, заттың сапасы туралы түсінікпен бірге оның мөлшері туралы түсінік те қалыптасты. Дегенмен, мөлшер туралы адам ұғымы оның тәжірибелік өзгертушілік қызметі барысында өмірге келді. Аристотель  заттың сапасын бағалау ұғымына тңғыш рет анықтама беріп, «Категориялар» және «Метофизика» атты еңбектерінде соларды зерттеді. Бұл арада біз Д. Локктың алғашқы (бірінші) және соңғы (екінші) сапалы туралы ілімді ашып, сапаны бағалауды одан әрі дамытуда, бірінші сапаларға – қозғалыс, тыныштық, тұлға, ал екінші сапаларға – түс, жарық, иіс, әрекет, дәм жатады деген пікіріне жүгінеміз. Біздің ойымызша, алғашқы сапалар объективті, өйткені олар бізден тыс өмір сүріп тұрған кеңістіктің, қозғалыстың, тыныштықтың, тұлғаның бейнелері, денеден ажырамайтын сапалар. Сол сияқты, сыртқы дүние заттарына тән емес, яғни субъектіге, түйсінуші адамға ғана қатысты. Қоғамдық тәжірибенің одан әрі дамуына сәйкес мұндай түсінік жеткіліксіз болады. Мәселен, Гегель философия тарихында өзінің «Логика ғылымы» атты еңбегінің  біріші бөлімінде алғаш рет сапаның мазмұнын абстрактілік, арақатынасы жасанды деп көрсетті. Әлбетте, заттың сапасын бағалау адамның тәжірибелік қызметінің жалпы шарттары. Материалистік негіздені диалектикалық әдістерді қолдана оытырп, К. Маркс пен Ф. Энгельс сапа, мөлшер, өлшем табиғаттың, қоғамның және ойлаудың , яғни заттың сапасын бағалау теңдесі жоқ жетістік екенін атып көрсетті. Осының нәтижесінде сапаға, мөлшер мен өлшемге  Гегель берген диалектикалық түсінікті мтаериалистік тұрғыдан қайта өңдеп, ғылым, мәдениет тәжірибе саласының талабына сай одан әрі дамыта отырып, оларға дәйекті материалистік сипат берді. Осыған орй объективтік ақиқаттың жалпы анықтамалары болуымен бірге сапа, мөлшер, өлшем сиықты түсініктер адамның дүниені тану мен меңгеруіне алғашқы құралдары екенін анықтады. Әрине, заңның сапалық-мөлшерлік анықтамаларын танып-білу оның сапасын танудан, бағалаудан басталады. Сапаны бағалауды қылмыстық заңға байланысты алсақ, бұл дегеніміз- қоғамға қауіпті іс-әрекетті аралас деликттерден айыруға мүмкіндік тудыратын, сапалы бағаны беру деген мағына, яғни кез келген заттың, құбылыстың, сапасына қандай бір сапалық категориясына, тобына, түріне мән беру болып табылады. сапасынң өзара саралауға ауыспалы заңы қылмыстық заңда үлкен әдістемелік және тәжірибелік рөл атқарады. Қылмыстық заңда саралау ұғымы сот, прокуратура, тергеу т.б. қызмет органдарының тәжірибелік қызметіне айқан көрінетін олардың іс-әрекетімен тығыз байланыста болатын түсінік. Саралау ұғымын түпкі мағынасын толық ашып қарастырған болсақ, қазіргі таңда кейбір оқулықтар мен ғылыми әдебиеттерде «саралау» ұғымы «дәрежелеу» ұғымымен алмастырып отыратынына куә болып жатамыз. Мәселен, саралау түсінігі белгілі іс-әрекеттің, құбылыстың, заттың сапасын анықтау, бағалауғ айқындау болса, дәрежелеу түсінігі орысша (степень, уровень) шегі, дәредесі деген мағына, яғни жоғарғы дәрежелі мамандық алу, жоғарғы дәрежелі қызметке тағайындалу деген түсінік береді. Саралау түсінігі орысша (квалификация) болып аударылады, демек бұл тура мағынасы, ал ауыспалы мағынада дәрежелеу деген дұрыс емес түсінік. Осыған орай, саралау мен дәрежелеу сөздері бір-бірімен баламалы, синонимдік мағынада көрініс таппайды. Біздің ойымызша, қылмыстық заңға байланысты қылмыстық құқық теориясында саралау түсінігінің қолданылғаны дұрыс болып табылады, өйткені қылмыстық құқықтық нормаға сәйкес құқықтық баға беру, қылмыс құрамының белгілерін дұрыс анықтау қоғамға зиянды іс-әрекеттің сипаты мен дәрежесін белгілеу, қылмыстарды ажыратын жіктеу, оның қоғамға қауіптілігінің дәрежесін белгілеу, қылмыстың және қылмыскердің қауіптілік дәрежесін анықтау жазаның мөлшерін белгілеу,норма бәсекелестігін үйлестіру кезінде керекті норманы таңдап алу, сонымен қатар қылмыстық жауаптылық мәселесін шешуде қылмысты саралау ретінде көрініс табады.

Страницы:12345678следующая →
Описание работы
Қазақ КСР 1959 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінің нормалары өмірімізде орын алған саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге сай келмегендіктен, 1997 жылы шілде айының 16-жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылы қаңтар айының 1-жұлдызынан бастап заңды күшіне енеді[4]
Содержание
содержание отсутствует