Сот сараптамасының принциптерi және органдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 17:17, контрольная работа

Описание работы

Сот сараптамасы зерттеулерiнiң әдiстемелерiн әзiрлеу және енгiзу мақсаты сот сараптамаларын жүргiзудiң сапасын арттыру және қылмыстық iстердi ашу, тергеу iстерiнде және қылмыстық, азаматтық iстер мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi сотта қарауда пайда болатын мәселелердi тиiмдi шешу, сондай-ақ сот-сараптама саласын ғылыми дамыту болып табылады.
Сот сараптамасы зерттеулерiнiң әзiрленiп жатқан әдiстемелерiн байқаудан өткiзудiң мақсаты сот сараптамаларын эксперимент режимiнде жүргiзу тәжiрибелерiнiң нәтижелерiмен растау арқылы оларды мақұлдау болып табылады.

Содержание

ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ


2.1.Сот сараптамасының принциптерi және органдары.

2.2.Сот сараптамасын жүргiзу тапсырылуы мүмкiн
адамдар.
2.3. Сот-сараптама қызметiн ғылыми-әдiстемелiк және
оқумен қамтамасыз ету
2.4.Дәлелдемелер ұғымы, түрлері мен жіктелуі
2.5. Дәлелдеу пәні және шектері


ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ



ІV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

сот сараптамасы пани.doc

— 135.00 Кб (Скачать)

Дәлелдеу шегін  анықтау кезінде нәтижесіне қарай белгілі бір процессуалдық шешімдер қабылданады ( айыпталушы ретінде жауапқа тарту, айыптау қорытындысы, үкім).

М.С.Строгович  дәлелдеу пәні ретінде:

- басты фактіні;

- дәлелдеу фактілерін;

- қылмыс салдарын;

- қылмыс жасауға  жағдай тудырған мән- жайларды бөліп көрсетеді;

Қылмыстық айыптау органдары  мен лауазымды тұлғалараның тағылған айыпты дәлелдеу міндеті

  1. Қорғаушының дәлелдеу қызметін атқаруы және құқықтары мен міндеттері
  2. Сот органының дәлелдеу қызметіне қатысты өкілеттіктері

Тергеу және сот iс-әрекеттерiне қатысушыларға, сондай-ақ тараптарға сот талқылауында бұл iс-әрекеттердiң барысы мен нәтижелерi көрсетiлген хаттамалармен танысу, хаттамаларға толықтырулар мен түзетулер енгiзу, осы iс-әрекеттердi жүргiзудiң тәртiбi мен шарттары жөнiнде ескертулер мен қарсылықтар айту, хаттамадағы жазбаларға өз редакциясын ұсыну, анықтаушының, тергеушiнiң немесе соттың назарын iс үшiн маңызы болуы мүмкiн мән-жайларға аудару құқығы қамтамасыз етiлуi тиiс. Хаттамаға тергеу және сот iс-әрекеттерiне қатысушыларға олардың құқықтары түсiндiрiлгенi туралы белгi қойылады. Тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасымен танысқан адамдар хаттаманың әр бетiндегi мәтiннiң соңғы жолының астына және оның соңына өзiнің қолын қояды. Сот отырысы хаттамасының бөлiгiмен танысу кезiнде әр беттiң аяғына және осы бөлiктiң соңына қол қойылады.   
      Анықтаушы, тергеушi немесе сот ескертулермен немесе қарсылық бiлдiрулермен келiспеген жағдайда ол туралы қаулы шығарады. 

Заңдарда көзделген  жағдайларда процеске қатысушылардың бiреуi немесе басқа да адамдар тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасына қол қоюдан бас тартқан кезде анықтаушы немесе тергеушi өзiнiң қолымен куәландыратын хаттамаға ол туралы белгi соғады.   
        Сот отырысының хаттамасында жазылған соттың iс-әрекетi туралы жазбаларға заңда көзделген жағдайларда қол қоюдан бас тартылса, ол хаттамада сот отырысына төрағалық етушi мен хатшы өз қолдарымен куәландыратын белгi соғылады.   
Дәлелдемелердi судья, прокурор, тергеушi, анықтаушы осы Кодекстiң 25-бабына сәйкес заң мен ар-ожданын басшылыққа ала отырып, дәлелдемелердi жиынтығында жан-жақты, толық және объективтi қарауға негiзделген өздерiнiң iшкi нанымы бойынша бағалайды.   
                Хаттамаға қол қоюдан бас тартқан адам бас тартуының себебiн түсiндiруге құқылы және бұл түсiндiру хаттамаға енгiзiлуi тиiс.   
        Егер iс жүргiзу iс-әрекетiне қатысушы өзiнiң дене кемшiлiгiнiң салдарынан хаттаманы өзi оқи алмаса немесе оған қол қоя алмаса, онда оның келiсiмiмен оның қорғаушысы, өкiлi немесе ол адам сенетiн басқа азамат хаттаманы дауыстап оқиды және оған қол қояды, ол туралы хаттамада белгi қойылады.   
Дәлелдемелердi бекiту үшiн хаттамалар жасаумен қатар дыбыс жазу, бейнежазба, киноға түсiрiп алу, фотоға түсiру, құймалар, таңбалар, жоспарлар, кестелер дайындау және ақпаратты бейнелеудiң басқа да әдiстерi қолданылуы мүмкiн. Тергеу iс-әрекетiне немесе соттың талқылауына қатысушының дәлелдемелердi бекiтудiң көрсетiлген әдiстерiн қолданғандығы туралы тиiсiнше тергеу iс әрекетi хаттамасына немесе сот отырысының хаттамасына пайдаланылған ғылыми-техникалық құралдардың техникалық сипаттамасы келтiрiле отырып белгi соғылады.   
Фонограммалар, бейнежазбалар, кинофильмдер, фотосуреттер, құймалар, таңбалар, жоспарлар, кестелер тергеу немесе сот iс-әрекетiнiң барысы мен нәтижелерiн басқа да бейнелеулер хаттамаға қоса берiледi. Әрбiр қосымшада оған қатысты тергеу немесе сот iс-әрекетiнiң атауы, орны, күнi көрсетiлген түсiндiрме жазба болуға тиiс. Бұл жазбаны iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысында анықтаушы немесе тергеушi және қажет болған жағдайларда, куәгерлер, ал сотта - сот отырысының төрағалық етушiсi мен хатшысы өз қолдарымен куәландырады.      

Iс бойынша  жиналған дәлелдемелер жан-жақты  және объективтi зерттеуге жатады. Зерттеу алынған дәлелдемелердi  талдауды, оны басқа да дәлелдемелермен  салыстыруды, қосымша дәлелдемелер жинауды, дәлелдемелердi алу көздерiн тексерудi қамтиды.       

Дәлелдемелердi бағалау - әрбiр дәлелдеме қатыстылығы, жол берiлушiлiгi, дұрыстығы, ал барлық жиналған дәлелдемелер жиынтығында қылмыстық iстi шешу үшiн жеткiлiктiлiгi тұрғысынан бағалануға тиiс.

Дәлелдемелердi судья, прокурор, тергеушi, анықтаушы  осы Кодекстiң 25-бабына сәйкес заң  мен ар-ожданын басшылыққа ала  отырып, дәлелдемелердi жиынтығында  жан-жақты, толық және объективтi қарауға  негiзделген өздерiнiң iшкi нанымы бойынша  бағалайды.  Егер ол iс үшiн маңызы бар мән-жайдың бар екендiгi туралы қорытындыны растайтын, жоққа шығаратын немесе күмәндандыратын iс жүзiндегi деректердi бiлдiретiн болса, дәлелдеме iске қатысты деп танылады.  Егер дәлелдеме осы Кодексте белгiленген тәртiппен алынса, ол рұқсат етiлген деп танылады. Дәлелдеме, егер тексерудiң нәтижесiнде оның шындыққа сәйкес келетiндiгi анықталса, дұрыс деп танылады.   

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорытындылай  келе сот сараптамасының    дәлелдеу процесiндегi ғылыми-техникалық құралдар:

1. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган дәлелдемелердi жинау, зерттеу және бағалау мақсатында ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануға құқылы. 
      2. Қылмыстық процестi жүргiзушi органның ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануы кезiнде жәрдем көрсету үшiн маман тартылуы мүмкiн. 
      3. Ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға, егер олар:  
      1) заңда тiкелей көзделсе немесе оның нормалары мен принциптерiне қайшы келмесе;  
      2) ғылыми жағынан маңызды болса;  
      3) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн болса; 
      4) қауiпсiз болса, жол беруге болады деп танылады.  
      Қылмыстық процестi жүргiзушi органның ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануы ғылыми-техникалық құралдардың деректерi, оларды пайдаланудың шарттары мен тәртiбi, бұл құралдар қолданылған объектiлер және оларды пайдаланудың нәтижелерi көрсетiле отырып тиiстi iс жүргiзу iс-әрекеттерiнiң хаттамаларында көрсетiледi.    

Заң талаптарының сақталуы жағдайында алынған жедел iздестiру қызметiнiң нәтижелерi дәлелдемелердi жинауды, зерттеудi және бағалауды реттейтiн осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес осы Кодекстің 53-бабында және 21-тарауында, сондай-ақ "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптар сақтала отырып, қылмыстық iстер бойынша дәлелдеуге пайдаланыла алады.   
        Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы орган қызметкері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде тікелей қабылдаған нақты деректер аталған қызметкерден куә ретінде жауап алынғаннан кейін дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органға жасырын негізде көмек көрсетуші адам тікелей қабылдаған нақты деректер аталған адамнан куә, жәбірленуші, сезікті (айыпталушы) ретінде жауап алынғаннан кейін дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде анықталған істің мән-жайларын қылмыстық процесті жүргізуші адам тікелей қабылдауы қажет және мүмкін болған кезде істің бұл мән-жайлары осы Кодексте көзделген ережелер бойынша жүргізілетін тергеу не сот іс-әрекеттерінің хаттамаларында көрсетіледі.   
      Жедел-іздестіру қызметі барысында алынған заттар мен құжаттарды заттай айғақтар және құжаттар ретінде пайдалану тиісінше осы Кодекстің 121 және 123-баптарында көзделген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады. Жедел-іздестіру қызметі материалдарын заттай айғақтар мен құжаттар ретінде іске қосу олардың пайда болуы туралы анық деректер болған ретте ғана осы Кодекстің 53 және 100-баптарының талаптары сақтала отырып жүргізіледі.  
      Анықтау органының бастығы қылмыстық процесті жүргізуші органның талап етуі бойынша не өз бастамасы бойынша жедел-іздестіру қызметі материалдарын табыс ету туралы шешім қабылдай отырып, осы Кодекстің 202-бабының ережелеріне сәйкес тиісті қаулы шығарады. Қаулыда: талап етуі бойынша жедел-іздестіру қызметінің нәтижелері табыс етіліп отырған, қылмыстық процесті жүргізуші орган; қандай жедел-іздестіру шарасының қандай нәтижелері және қандай көлемде табыс етілетіні; аталған нәтижелерді алу үшін пайдаланылған техникалық құралдар; қылмыстық іс материалдарына қосу үшін жіберілетін заттар мен құжаттар; қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігін, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі ұсынылатын шаралар көрсетіледі. Анықтау органының бастығы қылмыстық процесті жүргізуші органға жедел-іздестіру материалдарын өз бастамасымен табыс еткен жағдайда, қаулыда жедел-іздестіру қызметі нәтижелерін қылмыстық іс бойынша дәлелдеуде пайдалану қажеттігіне негіздеме де келтіріледі. Жедел-іздестіру қызметінің материалдары олардағы нақты деректерді олардың тергеліп (қаралып) жатқан қылмысты іске қатыстылығы, пайдалануға болатындығы және дұрыстығы тұрғысынан бағалауға мүмкіндік беретін көлем мен нысанда табыс етілуге тиіс.   
     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

 

  1. ҚР Конституциясы 1995 жыл

 

  1. ҚР Қылмыстық кодексі 16.07.1997 жыл

 

  1. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі 13.12.1997 жыл

 

  1. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі 13.07.1999 жыл

 

  1. ҚР «Әкімшілік іс жүргізу» кодексі 30.01.2001 жыл

 

  1. ҚР Заңдары 12.11.1997 жыл

 

  1. ҚР Сот сараптамасының Стандартты және талаптық тағайындалған өкімдері 7.11.2001 жыл

Информация о работе Сот сараптамасының принциптерi және органдары