Даларпжозпекткл

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 17:58, реферат

Описание работы

«Криминалистика» пәнін оқытудың мақсаты қылмысты ашу, тергеу және алдын алу үшін криминалистік техника, тактика және тергеу әдістемесін жеткілікті меңгерген, сот өндірісінде ақиқатты танудың жолдарын және құралдарын үйренген, кәсіби білікті заңгер мамандарды дайындау.

Содержание

Пәннің оқу бағдарламасы (syllabus)
3
Оқытушы туралы мәліметтер
5
Пәннің пререквизиттері мен постреквизиттері
5
Курстың мақсаты мен міндеттері
5
Оқу сабақтарының графигі
6
Дәріс сабақтарының тақырыптық жоспары
7
Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
10
СОӨЖ орындау және тапсыру графигі
12
СӨЖ орындау және тапсыру графигі
14
Тәжірибелік сабақтарды оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар
15
Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
16
Глоссарий
20
Білімді бағалаудың жалпы шкаласы
20
Келісу, танысу, өзгерістерді тіркеу, мерзімді тексерулерді тіркеу парағы
21
Дәрістер тезисі
23

Работа содержит 1 файл

kriminalistika.doc

— 559.50 Кб (Скачать)

Қараудың аяқталуынан кейін  жол-көлік оқиғасының соңғы кезеңінде  ахуалды ұйымдастыру қажеттілігі  пайда болуы мүмкін. Ондай ұйымдастыру  басқа өз бетінше тергеу әрекеті  – тергеу экспериментінің мазмұнын құрайды. Ұйымдастырылған жағдай дәл  солай бейнежазба тәсілдерімен түсіріліп алынады.

Бірақ жиі эксперименттің жоспары  құрылатын кездерде алдын-ала дайындалатын тергеу эксперименттері кезінде  қолданылады. Ондай дайындық тергеушіге оның кезеңдері, өткізілу орны,  бекіту әдістері туралы анық көрсетілуін құруға мүмкіндік береді. Егер оның бекітілуі ретінде бейнежазба таңдалынса, болашақ эксперименттің орнында алдын-ала болу, қайда және қандай әрекеттер жасалынатынын, бейнежазбаны қай орындардан жүргізу жақсы екенін елестеті жөнді.

Тергеу эксперименттерінің көптеген нұсқаларынан бейнежазба үшін негізінде оқиғаның динамикасын түсіріп алатын кездерді таңдайды. Ол қылмыскердің қоймаға еніп кетуі бойынша әрекеттеріне, заттарының бірталай санын орналастыру (ұрланған заттарды өзбетінше алып кетуі) мүмкіндігіне; тұлғаның кәсіби және қылмыстық  дағдыларын тексеруге (мысалы құлыпты ашу, құжатты сырттай ұқсатып қою, жалған ақша белгілерін дайындау және т.б.) байланысты болуы мүмкін.

Егер эксперименттік әрекеттер  тексерілген және оқиғаның жағдайларында  өтуі өажет болса, онда біріншіден ахуалдың өзін бекітеді. Одан кейін тұлғаның (жәбірленушінің, куәгердің, айыпталушының) жауаптарын есептегенде, ахуалды бейнежазбаға бекітіп, оның ұйымдастырылуын жасайды. Кейін тергеуші барлық қатысушыларды орындарына отырғызады, эксперимент өткізуге кіріседі. Егер адамның анық уақытта анық аралығын өту мүмкіндігі тексерілсе, бейнежазба кезінде қөзғалу жылдамдығын бекітуге, эксперименттік қайталаулар кезіндегі оның өзгеруіне ерекше көңіл аударылады. Түсіруі жеткілікті ара-қашықтан орта планмен өткізілуі қажет. Түсіндірмеде дидар бейне іздеуіште көрінетін қөзғалыстың басталу мен аяқталу уақытын дубляждайды.

Қандай да әрекеттерді эксперименталдық жасау кезінде орта немесе ірі  планмен түсірілуі қажет.

Оқиға орнындағы жауап берулерді  тексеру кезіндегі бейне жазба.  Бұл тергеу әрекеті эксперименттерінің кейбір түрлеріне жақын. Бекітудің осы әдісі дәлелдеу әдісінің элементтерін растайтын және объективті растауын көрсету сотта маңызды дәлілдеу мағынасымен ие бола алатын. Айыпталушының мойындаушылығы туралы әңгіме болғанда, бекітудің осы әдісі ерекше бағалы.

Жауаптарды тексеру кезінде  бейнежазбаны қолдану бұқаралық  тәртіпсіздік, адам өлтіру, тонау, қарақшылық, бандитизм, ұрлау, қылмыстық жауаптылыққа бірнеше адам тартылатын жағдайларда  өткізіледі. Орнында олардың жауаптарын тексері кезіндегі бейнежазба олардың әрқайсысының рөлін анықтауға, әрекеттің нақты әдісін құруға, жауаптарда қайшылықтар табуға мүмкіндік береді. Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы қылмыстарды тергеу кезінде жауаптарды тексеру кезіндегі бейнежазба қылмыстың (төбелес, қуғын) алдында болатын оқиғаның дамуын түсіріп алуға және демонстрация жасауға кеңес етіледі. Бейнежазба және қылмыскердің әрекет ету әдісін бекітеді. Ол өте маңызды, өйткені оларға әсіресе не бір іздер туралы кейде берілетін жауаптар (мысалы, киімдегі қанның іздері).

Дәрістерді оқу процесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала  студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

 

Тақырып №4 Криминалистикалық  трасология

Трасологияның түсінігі, ғылыми негіздері  мен жүйесі. Іздердің жіктелуі. Статикалық және динамикалық іздер. Беткейлі және көлемді іздер. Қабатталу және қатпарлану іздері. Іздердің қалыптасу механизмі.

Адамның трасологиялық іздері. Криминалистикалық  дактилоскопия. Адамның аяқтарының іздерін зерттеу. Адамның тістерінің іздерін зерттеу. Еріннің іздері. Қан іздерін зерттеу.

Бұзу құралдарының іздері. Құлыптар мен бекітетін құрылғыларды зерттеу. Көлік құралдарының іздерін зерттеу. Бүтін затты бөлшек бойынша анықтау. Микрообъектілер.

Трасология (фр. trace – із және грек. logos – ілім) – іздер туралы криминалистикалық  ілім. Криминалистік техниканың құрамдас бөлігі. Адамның (аяғының, қолының, тістерінің, ерінінің, аяқ киімінің), жануарлардың, көлік құралдарының, қылмыс құралының іздерін, олардың пайда болу механизмін, із арқылы анықтау және салыстыру тәсілдерін зерттейді. Іздің пайда болу заңдылықтарын, із түсіруші және із қабылдаушы объектілердің қасиеттерін анықтайды.

Яғни, трасология деп,  қылмыс механизмiн  көрсететiн әр түрлi iздердiң пайда  болу заңдылықтарын оқып үйренетiн  және қылмысты әшкерлеу мақсатында iздердi жинап, зерттеудегi әдiс-құралдарды жетiлдiретiн  криминалистикалық техниканың саласын айтамыз.

Трасологияны зерттеу барысында, iздердiң криминалистикалық мағынасын, олардың пайда болу механизiмiн, табу, бекiту және алу тәсiлдерiн, әртүрлi трасологиялық  сараптамалар мүмкiндiктерiн, сондай-ақ осындай сараптамаларға материалдарды  дайындауға байланысты сұрақтарды ұғыну қажет.

Трасологиялық сараптама, оқиға болған жерден табылған iздердiң топтық қатыстылығын анықтау мақсатында; қалдырылған iздерi бойынша адамды теңдестiру; қылмыс құралдар теңдiгiн анықтау; бұрын бiртұтас болған затты бөлшектерi бойынша айқындау және тағы басқа мәселелердi шешу үшiн жүргiзiледi.

Оқиға болған жердi қарау кезiнде iздердi тауып бекiтумен қатар, олардың  пайда болу механизiмiнде анықтау  шеберлiгi болу керек. Қазiргi кезде iздердi бекiтiп алуда полимерлер қолданылады. Полимерлер көмегiмен қиын жерлерде орналасқан iздерден көшiрмелер алуға болады (көпқырлы беткейлерден саусақ iздерiнен, бұрғылау iздерiнен және т.б.). Осындай мақсатта төмендегiдей полимерлердi пайдалануға болады: “К” синтетикалық пастасы, “СКТН”, тиоқол “Т” және басқалар. Аталмыш материалдар көмегiмен iздiң микроскопиялық қыртыстары үлкен дәлдiкпен көшiрiп алынады.

Трасологияның заты ретiнде iздердiң  үш тобын қарастыруға болады: 1. кескiнделу iздерi, оның iшiнде: а) адам iздерi (антропоскопия); б) құрал-саймандар, өңдiрiс механизмдерiнiң iздерi (механоскопия); в) транспорт құралдарының iздерi (транспорттық трасология); 2. заттар, iздер ретiнде (құлыптар, пломбалар, заттардың бөлшектерi); 3. нәрселер, iздер ретiнде (жанар-жағармай, автомобиль бояуының қалдықтары, топырақ, шаң-төзаң ұшқындары және т.б.).

Iздер бойынша объектiнi және  осы iздердiң пайда болу механизiмiн  анықтаудың криминалистикалық мағынасы  елеулi болып отыр. Мұндай мiндеттердi шешу арқылы қылмыс қаруын  анықтауға, оның субъектiсi туралы мағұлматтарды (оның физикалық белгiлерi, кәсiби дағдалары және киiмi туралы) алуға болады. Сонымен қатар, қылмыстың жасалу тәсiлi, қылмыстық қастаңдылық заты туралы мәлiметтердi, нақтылы тұлғаның қылмыстық қимылдары мен табылған iздер арасындағы  себептiк байланысын және қылмысқа итермелеушi жағдайларды анықтауға болады.

Дәрістерді оқу процесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

 

Тақырып №5 Соттық қарутану

Криминалистикалық қарутанудың түсінігі. Суық қарудың түсінігі. Суық қаруларды  жіктеу.

Сот баллистикасының түсінігі, қылмыстарды  тергеудегі маңызы. Сот баллистика объектілерінің сипаттамасы. Сот баллистикасының объектілерін табу және қару. Атылатын қаруды криминалистикалық зерттеу. Оқтарды криминалистикалық зерттеу. Атылған гильза бойынша идентификациялауды жүргізу. Атудың іздерін криминалистикалық зерттеу. Атудың дистанциясын анықтау.

Жарылыс заттары және оларды қолдану іздерін зерттеу. Жарылыстехникалық  сараптама кезінде шешілетін  негізгі міндеттер.

Белгілі бір зат суық қару болып  табылама және қандай түрге жататынын  анықтау үшін оның системалық саралауын  және оның құрылғыларын білу қажет.

Суық қару қолдану тәсіліне байланысты: шабушы (қылыштар), шауып  – кесуші (ятағандар, палачтар, қылыштар), шаншушы және шауып– кесуші ( ірі  бәкілер, штыкнождар, финдық пышақтар, десанттық, аңшылық, ұлттық пышақта, найза  – тесақтар); ұрып – майдалаушы (кистен, кастет, шоқпар, нунчак, ұрышу перстендер және т.б.) Атыс – қарулардың қолданылуына байланысты: жауынгерлік (әскери, азаматтық) және аңшылық. Жауынгерлік қару штаттық және ол нақты күшпен адамға жарақат салуға арналған, соған қоса қол күресінде де (қылықтар, шашкалар және т.б.) қолдануға арналған.

Азаматтық  суық қару арнайы адамдарға қарақшылық және қорғану  мақсатында қолданылады (ұлттық пышақтар, бәкілер және т.б.). Аңшылық қарулар  жануарларды өлтіріге, олардың денелерін  бөлектеуге арналған.

Дайындау тәсіліне байланысты суық қару: а) өндірістік (зауыттық, фирмалық, стандарттық); б) қолдан жасалған, арнайы қару мамандардың кәсіби көзқарасы бйынша (тайпалық, ұлттық); в) атиптік (қалыптан тыс).

Дәрістерді оқу процесінде оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдану. Компьютерлік слайдтарды кинопроектормен көрсету, интерактивті тақтаны пайдалану, алдын ала  студенттерге дайындалған тарату материалдарын қолдану.

 

Тақырып №6 Құжаттарды криминалистикалық  зерттеу

Құжаттар криминалистикалық зерттеудің объектісі ретінде. Криминалистикалық  қолжазбатанудың түсінігі, объектісі, ғылыми негіздері. Қолжазба белгілерінің түсінігі. Қолжазба үлгілерінің түсінігі. Сот қолжазбатану сараптамасына дайындық. Сот қолжазбатану сараптамасының әдістемесі.

Криминалистикалық автортанудың түсінігі, міндеттері.

Құжаттарды техникалық криминалистикалық  зерттеу. Құжаттардың бланкілерін зерттеу. Машинажазбалық мәтіндерді зерттеу. Мөрлердің және мөртаңбалардың оттискілерін зерттеу. Жартылай өзгертілген құжаттарды зерттеу.

Құжат термині латын тілінің  «documentum» сөзінен шыққан, Ежелгі Римде  ол « дәлел бола алатының барлығы, сабақ, мысал» дегенді білдіреді. Қазіргі таңда ол тар мағынада қолданылады:

белгілі бір жағдайлар туындағанда  өзінің пайда болуының және өмір сүруінің дәлелі бола алатын  жансыз зат;

қоғамдық адамдардың айтқан  ойлары және қызметі, жазбаша акт.

Заң саласында «құжат» кең мағынада қолданылады. Мында алғашқыда көзге толық мағынасы түседі. Құжат ретінде материалдық бекітілген,                        адамның юридикалық мағызы  бар фактілерді қамтитын хат.

Адамның қызметінің дамуына байланысты хаттарда тек қана белгілер мен нышандармен ғана емес (телеграфтармен, схемалармен, чертеждермен, ғылыми белгілермен), сонымен қатар қазіргі уақытқа сай басқа да түрлерімен де ақпарат таситын болған.

Процессуальдық нысаннан қарағанда  барлық құжаттар үш түрге бөлінеді: құжаттар – заттай дәлелдеме, құжаттар – жазбаша дәлелдемелер және құжаттар – салыстыру мақсатындағы үлгілер.

Криминалистикалық зерттеуге қылмыстық  процесс бойынша көбіне – құжаттар – заттай дәлелдемелерді қарастырады. Бұл топ басқа екі топқа  қарағанда, ол қылмыстық материалдық белгілердікамтиды және іс бойынша ауыстырылуға жатпайды.

Заттай дәлелдеме ретінде құжат  өзінің көптілігінде келесі топтарға қосыла алады:

  1. Қылмыс құралы ретінде жалған жасалған есептер, ведомосттар, ауруханалық парақтар және т.б.
  2. Құжат қылмысты жасыру амалы ретінде.  Мысалы, өзін – өзі өлтіру туралы хаттарды өлген адамның өзі жазған сияқты.
  3. Қылмысты ашу және белгілі мән – жайларды орнату үшін құжат – амал ретінде.

Тергеу органдары және сот көбінесе жазбаша құжаттармен жұмыс істейді.

Жазбаша құжаттар ресми және жеке болып бөлінеді. Біріншісі –  заңды тұлғалардан, ал екіншісі – азаматтардан шығады. Жеке құжаттар мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың жұмыстарында немесе мемлекеттік органдармен расталса ресми түрге жатқызылады.

Олардың әртүрлілігіне қарамастан барлық жазбаша құжаттарға ортақ талап қойылады.

а) белгілі жайлар мен фактілерге қатысты анықтамалар болуы. Ақпарат  көзі оны тексере алатындай және қалыпқа келтіре алатындай болуы  керек.

б) құжаттағы бейнеленген фактілер мен мән – жайлар туралы мәлімет іске қатысты болуы керек. 

в) құжаттағы фактілер және  мән  – жайларды қамтитын құжаттар лауазымды  тұлғалар мен мекемелердің құзіреті баяндалып және расталуы керек, ал егер құжат азаматтан болса – онда ол оның құқық шеңберінде және хабардар болуы қажет.

Егер құжат жоғары көрсетілген  талаптардың біреуінде қанағаттандырмаса , онда ол шынайы, расталған құжат  бола алмайды.

Ресми құжаттар міндетті түрде белгілі  нысанда және оның реквизиттері болуы  керек. Реквизит деп құжатта міндетті түрде көрсетілуі керек мәліметтерді айтамыз, мысалы: штамптар, мөрлер, өкілетті тұлғалардың қолдары; құжатты дайындау және құру тәртібі туралы мәліметтер (тираждың нөмірі, тираж ауқымы және т.б); кейбір құжаттарға міндетті формалар                                 ( сенімхат, накладная және т.б.).

Жеке құжаттар арнайы ешқандай формасыз болады, бірақ оларда міндетті түрде: тегі, әкесінің тегі мен аты, мекен  –  жайы, мекеменің аты және азаматтардың аттары жазылады. Құжатты толтырған  адам оны өз қолымен бекітеді.

Расталған, арнайы немесе белгіленген формадаға құжат жарамды және жарамсыз болып бөлінеді. Жарамды деп заңды күші бар құжаттарды айтамыз (мыс., мерзімі бітпеген сенімхат), ал жарамсыз деп өзінің заңды күшін жойған құжатты айтамыз (мыс., манағы сенімхат өзінің қолдану мерзімі аяқталғанда).

Шынайы құжаттан жалған құжат мынадай  айырмашылықта болады, ол ешқандай заңды күші жоқ, себеі оның құрамы немесе реквизиттері  шындыққа сай  емесболып табылады. Жалғандықтын екі  түрін ажыратады: интелектуальдық  және материалдық.

Информация о работе Даларпжозпекткл