Даларпжозпекткл

Дата добавления: 05 Февраля 2013 в 17:58
Автор: a*********@mail.ru
Тип работы: реферат
Скачать полностью (107.24 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

kriminalistika.doc

  —  559.50 Кб

 

Бөлімнің атауы

Бет

Пәннің оқу бағдарламасы (syllabus)

3

Оқытушы туралы мәліметтер

5

Пәннің пререквизиттері мен  постреквизиттері

5

Курстың мақсаты мен міндеттері

5

Оқу сабақтарының графигі

6

Дәріс сабақтарының тақырыптық жоспары

7

Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары

10

СОӨЖ орындау және тапсыру графигі

12

СӨЖ орындау және тапсыру графигі 

14

Тәжірибелік сабақтарды оқу бойынша  әдістемелік ұсыныстар 

15

Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі

16

Глоссарий

20

Білімді бағалаудың жалпы шкаласы

20

Келісу, танысу, өзгерістерді тіркеу, мерзімді тексерулерді тіркеу парағы

21

Дәрістер тезисі

23


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқытушы туралы мәліметтер  

Нуркеева Динара Рабаниевна заң  ғылымдарының магистрі, Е.А.Бөкетов  атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Заңтану» мамандығын аяқтаған.

Оқытушының ғылыми бағыттары: Криминалистика, жедел іздестіру қызметі.  

Кафедра туралы мәліметтер: Астана қаласы Қорғалжын шоссесі 8, Қазақ гуманитарлық заң университеті, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы, к. 352.

Байланыс мәліметтері: 8 (7172) 703045 – жұмыс телефоны, Din_uriste@mail.ru

 

 

Пәннің пререквизиттері: қорғау органдары; қылмыстық құқық; қылмыстық іс жүргізу құқығы; жедел іздестіру қызметінің теориясы; Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау; криминология.

Пәннің постреквизиттері: криминалистикалық техниканың дамуының жаңа бағыттары; сот және сот төрелігі: тәжірибе, қазіргі кезең, перспективалар; қылмыстық істерді тергеу бойынша арнаулы практикум; тергеу әрекеттері, Қазақстан Республикасындағы адвокатура және адвокаттық қызмет, сот сараптамасы.

 

 

Пәнді оқытудың мақсаты

«Криминалистика» пәнін оқытудың мақсаты қылмысты ашу, тергеу және алдын  алу үшін криминалистік техника, тактика және тергеу әдістемесін  жеткілікті меңгерген, сот өндірісінде ақиқатты танудың жолдарын және құралдарын үйренген, кәсіби білікті заңгер мамандарды дайындау.

 «Криминалистика» пәнін студенттердің  дұрыс ұғынуы қылмыстылықпен  күресті күшейтуді, қылмыстарды  тергеу және ашу кезінде ғылыми  негізделген, тергеу-криминалистикалық тәжірибелік қызметте өзін ақтаған тактикалық әдістер мен техникалық криминалистикалық құралдарды пайдалануға мүмкіндік береді. Қазіргі кезеңдегі криминалистиканы дұрыс меңгеру үшін қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу құқығы бойынша негізгі білімдер болуы керек.

 

Пәнді оқытудың міндеттері

Криминалистиканы үйренудің міндеттері студенттердің қылмыстарды ашу, тергеу және болдырмауға бағытталған  ғылыми негізделген ұсынымдарды  меңгеру, криминалистикалық техникалық құралдардың  қылмыстарды тергеудегі маңыздылығын көрсету, оларды пайдалануды үйрету, тергеу әрекеттерін жүргізу тактикасын ұғыну, жекелеген қылмыстарды тергеу әдістемесін меңгеру болып табылады. Сонымен бірге, пән бойынша негізгі анықтамаларды білу, түсіну, криминалистиканың негізгі ұғымдарын қамту, теориялық және практикалық материалдармен жұмыс істей білу есептеледі.

 

Студенттердің міндеттері

«Криминалистика» пәнін тыңдайтын  студенттердің міндетіне, ең алдымен, келесілер кіреді:

аталған пән бойынша дәрістерге қатысу және конспектілеу;

семинар сабақтарының барысындағы  белсенділік және білімге құштарлық;

аралық бақылауды дер кезінде  тапсыру (тестілеу, жазбаша бақылау  жұмыстарын орындау, коллоквиумдар) және қорытынды бақылау (сынақ, емтихан).

«Криминалистика» пәні бойынша  білім мен дағдыларды иелену үшін, студенттер оқытушының тапсырмаларын, өзіндік жұмыстарға дайындалған тапсырмаларды өз уақытында және нақты орындауы тиіс. Студенттер оқытушы ұсынған негізгі және қосымша әдебиетпен танысуы керек. Тапсырмаларды орындау үстінде, сондай-ақ бақылау және курстық жұмыстарын дайындау кезінде студенттер қойылған міндеттерді шығармашылық ынталылықпен жұмыс істеу керек. Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық базасын және сот дәлелдемелер теориясы бойынша ғылыми әдебиетті сыни тұрғыдан оқып үйрене отыра, студенттер зерттелетін сұрақтар бойынша өзінің ой пікірін айтуы және тұжырымдарын дәлелді түрде негіздеу қажет.

 

Курстың компоненттеріне  және оны оқуға қойылатын негізгі  талаптар

Тапсырмаларды орындау аптасына кем  дегенде 3-4 сағат уақытты алуы тиіс. Кеңесу кестесіне сәйкес оқытушымен тұрақты негізде консультациялар жүргізіледі. Әрбір сабаққа мұқият дайындалу керек, өйткені әртүрлі ғылыми еңбектерді пайдалана отырып, түрлі ғалымдардың пікірін талдаймыз. Кестеде көрсетілген тақырыпты талдау барысында өткен тақырыптарды алдын ала қарап, қайталау қажет. Аудиторияда өткізілетін сабақтарда ситуативті есептерді шешу түріндегі тапсырмалар орындалып, оның нәтижелері келесі сабақта хабарланады.

Жазбаша реферат алдын ала таңдалған  тақырып бойынша орындалып, құрамы келесілерден тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, әдебиеттер тізімі, қажет жағдайларда кесетелер, схемалар түріндегі қосымшалар. Әдебиеттер тізімі келесілерді қамтуы тиіс екендігін айту қажет:

1) нормативті-құқықтық актілер;

2) негізгі әдебиет;

3) қосымша әдебиет.

 

Пәннің мазмұны

«Криминалистика» курсы «Заңтану»  мамандығы үшін Қазақстан Республикасы жалпыға міндетті мемлекеттік білім  беру стандартымен қарастырылған пән  болып табылады.

«Криминалистика» пәнін оқу  кезінде оның қолданбалы құқықтық,  синтезделген ғылым, сонымен бірге процессуалдық ғылыммен тығыз байланысты екені ескеріледі.

Қылмыстарды дер кезінде ашу  үшін тергеу әрекеттерінің тактикасын, сондай-ақ тергеу жүргізуді ұйымдастыруды, тергеуді жоспарлауды, тергеушінің  анықтама органдарымен өзара әрекет етуін жетілдіру жолдарын, криминалистикалық болжамдауды, криминалистикалық ситуалогияны, криминалистикалық идентификация ұғымдарын білу, криминалистикалық техникалық құралдарды дұрыс пайдалану, жекелеген қылмыстарды тергеу әдістемесін меңгеру қажет.

«Криминалистика» курсын оқытудың мақсаты қылмысты ашу, тергеу және алдын  алу үшін криминалистік техника, тактика және тергеу әдістемесін  жеткілікті менгерген, сот өндірісінде  ақиқатты танудың жолдарын және құралдарын үйренген, кәсіби білікті заңгер мамандарды дайындау.

 

 

Оқу сабақтарының графигі

 

 

 

Сабақтың түрлері

Апта бойынша сабақтарды бөлу

 

 

Сағаттар саны

7 семестр

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Дәрістер (сағ.)

                               

Семинар сабақтары (сағ.)

                               

СОӨЖ

                               

СӨЖ

                               

Консультациялар

                               

 

Барлығы

                               

 

 

Дәрістердің тақырыптық жоспары 

 

Тақырыптар  және сағ.көлемі

Сабақтардың мақсаты  мен міндеті

Өзекті мәселелер

1

Криминалистика пәнінің түсінігі, қылмыстарды тергеудегі маңызы және даму тарихы – 2 сағ.

Криминалистика пәнінің түсінігін, маңызын, мақсатын ашу. ДКриминалистиканың ғылым ретінде қалыптасуын, оның тарихы мен қазіргі таңдағы дамуын жеткізу.

Криминалистиканың құқық саласында  алатын орнын ашу. 

Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасындағы  криминалистиканың маңызы.

2

Криминалистикалық идентификация  және диагностика – 2 сағ.

Криминалитсикалық идентификация мен диагностика  ұғымын ашу. Олардың теория ретінде  қалыптасуын түсіндіру. Иентификация теорясын тәжірибеде қолдану, мысал терінде идентификация мен  диагностиканы жеткізу.Идентификация мен диагностиканың негізгі ережелерімен таныстыру.

Идентификация мен диагностиканың тәжірибедегі орны.

3

Криминалистикалық техниканың жалпы  ережелері және соттық фотография, бейне жазбалары – 2 сағ.

Криминалистикалық техника ұғымын ашу. Оның криминалистика жүйесінде  алатын орнын білдіру. Криминалистикалық  техника тарауындағы криминалистикалық  фотография мен бейнежазбаның түсінігін  ашу. Сипаттамасы ретінде оның түрлерін жүйелеу.

Соттық фотография мен бейнежазбаны қылмыстық іс жүргізуде пайдалану  маңызы.

4

 Іздер туралы криминалистикалық ілім  (трасология)–2 сағ.

 

 

Іздер түсінігін, түрлерін ашу, Іздер  туралы ілім трасологияның құқықтық және ғылыми негізін білдіру .Іздерді алу, оларды бекіту мәселесін түсіндіру. Криминалистикадағы іздер ұғымын ашу.

Іздердің қалыптасуы бойынша жіктелуі, іздердің криминалистикалық маңызы

5

Соттық қарутану  – 2 сағ.

Соттық қарутанудың криминалистикадығы алатын орнын ашу. Соттық қарутану объектілерін жүйелеу. Баллистиканың қалыптасуы мен оның қазіргі таңдағы даму процесі.Суық қаруларды зерттеу мәселесін ашу.

Суық қаруларды жүйелеу және оларды криминалистикалық зерттеу.

6

Құжаттарды техника-криминалистикалық  зерттеу – 2 сағ.

Құжаттарды техника криминралистикалық зерттеуді ашу. Құжаттану мен автортану мәселесін түсіндіру. Криминалистика тұрғысынан құжаттарды зерттеудің тәжірибедегі алатын орнын түсіндіру.

Құжаттар, баспа, мөрлерді техника  криминалистикалық зерттеудің тәжірибедегі орны

7

Адамның сыртқы бейнесін криминалистикалық  зерттеу (габитоскопия)– 2 сағ.

Адамның сыртқы белгілеренің түсінігі, сыртқы белгілердің ерекшеліктерін түсіндіру. Адамның сырт келбеті  туралы мағлұматтарды криминалистикада пайдалану. Сыртқы белгілерді сипаттай алу мәселесін үйрету. «Фотороботпен» жұмыс.

Тәжірибедегі адамның сырт келбетін суреттеу, ауызша суреттеу мәселесі.

8

Криминалистикалық тіркеу. Одорология – 3 сағ.

Қылмыстық тіркеудің криминалистикадағы орнын ашу. Криминалистикалық тіркелетін объектілер түсінігін ашу. Криминалистикалық тіркеу криминалистикалық техника тарауы ретінде. Криминалистика тарауындағы жаңа ілім одорология ұғымы.

Криминалистикалық тіркеулерді жүзеге асыратын субъектілер. Одорологияның  маңызы.

С.А.Корнев. Криминалистика техника.Михайлов В.А. 2000 78 б.

9

Криминалистикалық тактиканың түсінігі және жалпы ережелері. Тергеу қарауының  тактикасы.– 2 сағ.

Криминалистикалық тактика түсінігі. Тергеу тактикасының ұғымын ашу. Криминалистикалық  тактиканың жалпы ережелерімен таныстыру. Тергеу қарауының, оқиға болған жерді қарау тактикасына айналуы. Оқиға болған жерді қараудың маңызын ашу.

Қазіргі заман талабына сай оқиға  болған жерді қарау тактикасы.

10

Жауап алудың тактикасы – 1 сағ.

Жауап алу тергеу әрекетінің бірі ретіндегі ұғымын ашу. Жауап алу тактикасының мазмұынын ашу. Тактикалық мәселелерге тоқталу.

Жауап алу кезінде жол берілетін  және жол берілмейтін әрекеттер.

11

Тану үшін көрсету тактикасы-1 сағ.

Тану үшін көрсетудің түсінігі, міндеттері және түрлерін ашун түсіндіру. Объектілерді тану үшін көрсетер алдында жүргізілетін дайындық жұмыстарын, адамдарды тану үшін көрсетудің процессуальдық тәртібі және тактикалық ерекшеліктерін, мәйіттің жеке басын анықтау, жеке заттарды, бұйымдарды және басқа да объектілерді тану үшін көрсету ерекшеліктерін, тұрғын үй, бөлмені не жер учаскесін тану үшін көрсету ерекшеліктерін түсіндіру.

Тану үшін көрсету тактикасын жүргізудегі  қателіктер.

12

Тінту тактикасы-1 сағ.

Тінтудің криминалистикалық түсінігі, оның түрлері және міндеттерін ашу.. Тінту алдында жүргізілетін дайындық жұмыстарын, тінтудің жұмыс кезеңін, тінтудің психологиясын түсіндіру.

Жасырын, құпия орындарды тінту  кезінде табу мәселесі

13

Тергеу экспериментінің тактикасы-1 сағ.

Тергеу экспериментінің түсінігі, мәні және түрлерін ашу. Тергеу экпериментінің мақсаты мен міндеттерін, тергеулік экспериментін жүргізуге дайындық, тергеулік экспериментке қойылатын талаптар мен тергеу экспериментін жүргізудегі тактикалық тәсілдерді түсіндіру

Тергеу экспериментінің тактикасы  мен психологиясы

14

Сот сараптамаларын тағайындау және жүргізу-1 сағ.

Тергеу үстінде арнаулы білім  қолданудың түсінігі және оның түрлерін, сот сараптама мекемелерін ашу, сот сараптамасын тағайындау мен  сот сараптамасы жүргізу әдістемелерін  үйрету.

Сот сараптамасын тағайындау әдістемесі

15

Айғақтарды оқиға болған жерде  тексеру мен нақтылау тактикасы-1 сағ.

Айғақтарды оқиға болған жерде  тексеру мен нақтылаудың түсінігін, айғақтарды оқиға болған жерде тексеру  мен нақтылаудың кезеңдері мен  тәсілдерін ашу.

Айғақтарды оқиға болған жерде  тексеру мен нақтылау мен тергеу экспериментінің айырмашылығы

16

Криминалистикалық әдістеменің жалпы  ережелері-1 сағ.

Қылмыстардың жекеленеген түрлері  мен топтарын тергеу әдістемесінің  ұғымы мен міндеттерін, қылмыстардың жекеленеген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің пәні мен қағидаларын ашу

Криминалистикалық әдістеменің қазіргі  таңдағы жағдайы

17

Адам өлтіру және дене жарақатын  салу қылмыстарын тергеу әдістемесі-1 сағ.

Адам өлтіру қылмысын тергеу әдістемесінің  теориялық алғышартын,. адам өлтіру қылмысының криминалистикалық сипаттамасын, типтік тергеу ситуациялары, болжауалары және жоспарлануын түсіндіру.

Адам өлтіру қылмыстарын терегудің  ерекшелігі

18

Алаяқтық және қорқытып алушылық қылмыстарын  тергеу әдістемесі-1 сағ.

Алаяқтық қылмысының криминалистикалық сипаттамасын, алғашқы тергеу кезіндегі типтік ситуациялар және тергеу болжауы мен жоспарын түсіндіру.

Алаяқтық және қорқытып алушылық қылмыстарын  терегудің ерекшелігі

19

Экономика саласындагы қылмыстарды  тергеу әдістемесі-1 сағ.

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды тергеу барысында тергеушінің ІІМ-нің басқа қызметтерімен өзара әрекеттестігін, келесі тергеу әрекеттерінің тактикасын түсіндіру

Экономика саласындағы қылмыстардың тергелу ерекешлеліктері

20

Кәмелетке толмағандардың жасаған  қылмыстарын тергеу еркешеліктері-1 сағ.

Жасы толмағандармен жасалған қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасын, дәлелдеуге жататын жағдайлар мен қылмыстық  іс қозғау туралы шешім қабылдау жағдайын үйрету.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстарын  терегу ерекшелігі.

Баарлығы 30


 

 

Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары

 

Тақырыптар және сағ.көлемі

Тапсыру нысаны

Пайдаланылатын әдебиеттер

1.

Криминалистика пәнінің түсінігі, қылмыстарды тергеудегі маңызы және даму тарихы

Жазбаша конспект

  • Р.С.Белкин. Криминалистика. Москва, 2001. 2-83 бб.
  • А.О. Шәкенов. Криминалистика, Астана: Фолиант, 2008 эл.опт.диск.
  • С.А.Корнев. Криминалистика техника.Михайлов В.А. 2000 1-9 бб.
  • Н.П.Яблоков. Криминалистика. Издательство Юристь.2005. 39-53 бб.

2

Криминалистикалық идентификация  және диагностика

Ауызша сұрау

- Е.Ғ.Жәкішев. Криминалистика. Алматы,: «Қазақ университеті», 2005.17-34 бб.

- Р.С.Белкин. Криминалистика. Москва, 2001. 2-83 бб.

- С.А.Корнев. Криминалистика техника.Михайлов  В.А. 2000 10-16 бб.

- Н.П.Яблоков. Криминалистика. Издательство Юристь.2005. 101-157 бб.

3

Криминалистикалық техниканың жалпы  ережелері және соттық фотография, бейне жазбалары

Ауызша сұрау

  • Р.С.Белкин. Криминалистика. Москва, 2001. 130-205 бб.

- Е.Ғ.Жәкішев. Криминалистика. Алматы,: «Қазақ университеті», 2005.47-68 бб.

С.А.Корнев. Криминалистика техника.Михайлов В.А. 2000 26-33 бб.

- Н.П.Яблоков. Криминалистика. Издательство Юристь.2005. 187-230 бб.

4

Іздер туралы криминалистикалық ілім  (трасология)

Баяндама

  • Р.С. Белкин. Криминалистика. Москва, 2001. 206-246 бб.
  • С.А.Корнев. Криминалистика техника.Михайлов В.А. 2000 34-44 бб.
  • Н.П.Яблоков. Криминалистика. Издательство Юристь.2005. 230-273 бб.

5

Соттық қарутану

Ауызша сұрау

  • Р.С. Белкин. Криминалистика. Москва, 2001. 247-282 бб.
  • А.О.Шәкенов. Суық қарудың криминалистикалық зерттелеуі. Астана: 2001. 1-80 бб.
  • Н.П.Яблоков. Криминалистика. Издательство Юристь.2005. 273-305 бб.

6

Құжаттарды техника-криминалистикалық  зерттеу

Ауызша сұрау

- Р.С. Белкин. Криминалистика. Москва, 2001. 282-315 бб.

- Н.П.Яблоков. Криминалистика. Издательство Юристь.2005. 305-364 бб.

7

Заттар мен материалдарды криминалистикалық  зерттеу

Ауызша сұрау

- Р.С. Белкин. Криминалистика. Москва, 2001. 316-336 бб.

8

Адамның сыртқы бейнесін криминалистикалық  зерттеу (габитоскопия)

Реферат

- Р.С. Белкин. Криминалистика. Москва, 2001. 337-362 бб.

- Н.П.Яблоков. Криминалистика. Издательство Юристь.2005. 364-378 бб.

9

Криминалистикалық тіркеу

Ауызша сұрау

- Р.С. Белкин. Криминалистика. Москва, 2001. 368-397 бб.

- Н.П.Яблоков. Криминалистика. Издательство Юристь.2005. 378-395 бб.

10

Криминалистикалық тактиканың түсінігі және жалпы ережелері. Тергеу қарауының  тактикасы.

Ауызша сұрау

  • Р.С. Белкин. Криминалистика. Москва, 2001. 451-549 бб.549-571бб.
  • А.Ф.Аубакиров. Криминалистика,Алматы,2009. 11-81 бб.
  • Н.П.Яблоков. Криминалистика. Издательство Юристь.2005. 395-453 бб.

11

Жауап алудың тактикасы

Ауызша сұрау

- ҚР ҚІЖК 26-тарау.

-А.Ф.Аубакиров, А.Я.Гинзбург. Криминалистика,Алматы,2009. 171-244 бб.

-М.И.Еникеев, В.А.Образцов, В.Е.Эминов. Следственные действия: психология, тактика, технология. Москва, 2008. 85-163 бб.

- Н.П.Яблоков. Криминалистика. Издательство Юристь.2005. 485-518 бб.

12

Тану үшін көрсету тактикасы

Ауызша сұрау

-А.Ф.Аубакиров, А.Я.Гинзбург. Криминалистика,Алматы,2009. 279-296 бб.

-М.И.Еникеев, В.А.Образцов, В.Е.Эминов. Следственные действия: психология, тактика, технология. Москва, 2008. 167-174 бб.

- Н.П.Яблоков. Криминалистика. Издательство Юристь.2005. 518-531 бб.

13

Тінту тактикасы

Ауызша сұрау

- ҚР ҚІЖК 29 тарау.

-А.Ф.Аубакиров, А.Я.Гинзбург. Криминалистика,Алматы,2009. 250-275 бб.

-М.И.Еникеев, В.А.Образцов, В.Е.Эминов. Следственные действия: психология, тактика, технология. Москва, 2008. 63-83 бб.

- Н.П.Яблоков. Криминалистика. Издательство Юристь.2005. 465-481 бб.

14

Тергеу экспериментінің тактикасы

Ауызша сұрау

-А.Ф.Аубакиров, А.Я.Гинзбург. Криминалистика,Алматы,2009. 297-317 бб.

-М.И.Еникеев, В.А.Образцов, В.Е.Эминов. Следственные действия: психология, тактика, технология. Москва, 2008. 191-195 бб.

- ҚР ҚІЖК 239-бап.

- Н.П.Яблоков. Криминалистика. Издательство Юристь.2005. 453-465 бб.

15

Сот сараптамаларын тағайындау және жүргізу

Ауызша сұрау

-А.Ф.Аубакиров, А.Я.Гинзбург. Криминалистика,Алматы,2009. 344-379 бб.

- ҚР ҚІЖК 32-33 тарау.

Описание работы
«Криминалистика» пәнін оқытудың мақсаты қылмысты ашу, тергеу және алдын алу үшін криминалистік техника, тактика және тергеу әдістемесін жеткілікті меңгерген, сот өндірісінде ақиқатты танудың жолдарын және құралдарын үйренген, кәсіби білікті заңгер мамандарды дайындау.
Содержание
Пәннің оқу бағдарламасы (syllabus)
3
Оқытушы туралы мәліметтер
5
Пәннің пререквизиттері мен постреквизиттері
5
Курстың мақсаты мен міндеттері
5
Оқу сабақтарының графигі
6
Дәріс сабақтарының тақырыптық жоспары
7
Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
10
СОӨЖ орындау және тапсыру графигі
12
СӨЖ орындау және тапсыру графигі
14
Тәжірибелік сабақтарды оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар
15
Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
16
Глоссарий
20
Білімді бағалаудың жалпы шкаласы
20
Келісу, танысу, өзгерістерді тіркеу, мерзімді тексерулерді тіркеу парағы
21
Дәрістер тезисі
23