Қылмыстық құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 14:06, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2005 жылы Қазақстандықтарға арнаған Жолдауында ғылымды одан әрі дамытуға ерекше мән берді.
Жалпы ғылымы жоқ ел тұл, ғылымы дамымаған елдің болашағы күмәнді, қазір қарап отырсақ, жер жаһандағы ізгі жетістіктердің барлығы дерлік ғылымның адамзатқа тартқан сыйы, тартуы іспеттес. Тәуелсіздік туын желбіреткен он жылдан бері Қазақстан ғылымы да дамып, әлемге әйгілі бола бастады, кез-келген ғылым саласында ілгері дамушылық көрінісі айқын.

Содержание

КІРІСПЕ

І.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫС ҰҒЫМЫ
1.1 Қылмыстың ұғымы және белгілері ,жіктелуі
1.2 Қылмыстың түрлері
1.3 Қылмыстың жиынтығы

ІІ. ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
2.1 Қылмыс және қылмыс құрамының міндеттері
2.2 Қылмыс құрамының түрлері
ІІІ.ҚЫЛМЫСТЫ САРАЛАУ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫ САРАЛАУДАҒЫ МАҢЫЗЫ
3.1 Қылмысты саралаудың түсінігі
3.2 Қылмыс құрамы қылмысты саралаудың заңи негіздемесі

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

Қылмыс туралы түсінік курсовой.docx

— 149.75 Кб (Скачать)

      Қылмыс құрамы тұлғаны берілген қылмысты жасаған деп тану үшін қажетті және жеткілікті болатын белгілердің жүйесі болып табылады. Олардың қажеттілігі мынада: құрамның барлық белгілерінің жиынтығынсыз тұлға қылмыс жасаған деп айыптала алмайды ендеше ол қылмыстық жауаптылыққа да тартыла алмайды. Олар жеткілікті болып табылады себебі тиісті тұлғаға қылмыс жасағандығы туралы айып тағуға негіз болуы үшін әлдеқандай қосымша мәліметтерді анықтаудың қажеттілігі болмайды. Құрамды қылмыстың берілген түрінің қылмыстық заңда бекітілген ақпараттық нұсқасы деп айтуға болады. Бұл нұсқа өз кезегінде берілген түрдегі барлық қылмыстардың белгілерін қортындылау негізінде құралады. Нәтижесінде біз олардың негізгі ерекшеліктерінің үнемді, қысқа және жеткілікті түрдегі айқын сипаттамасына ие боламыз. Ақпараттық нұсқа заңгердің практикалық қызметінде екі жақты рөл атқарады. Біріншіден ол заңгерге заңның талаптары туралы мағұлмат береді. Мысалы, біз ҚР-сы ҚК-нің 175 бабында қарастырылған ұрлық құрамы бұл қылмыстың мынадай белгілерін біріктіреді деп айтамыз. Екінші жағынан бұл нұсқа бізге жасалған нақты іс-әрекеттің өзіндік белгілері туралы ақпарат береді. Бірінші және екінші топтағы ақпараттың біріктірілуі, сәйкестендірілуі қылмысты саралау барысында жүзеге асырылады.

         Құрамның екі жақты ақпараттық қызметіне байланысты терминология туралы мәселе туындайды. Құқықтық әдебиеттерде кей реттерде қылмыстың «заңдық» және «фактілік» құрамдары ұғымы пайдаланылады. А.А. Пионтковский «заңгерлер қылмыс құрамы ұғымын қылмыстық заңнама бойынша белгілі бір қылмысты сипаттайтын белгілердің жиынтығын білгілеу үшін және осы белгілерге сәйкес келетін нақты іс-әрекетті белгілеу үшін қолданады»-деп тұжырымдаған./20/ Алайда В.Н. Кудрявцев бұл пікірге қосылмай, қылмыстық-құқылық нормадағы белгілер жалпылама негізде тұжырымдалып, жеке құбылыс болып табылатын нақты қылмыс белгілерімен салыстырғанда дерексіздіктің (абстракция) жоғарғы деңгейіне жатқызылатындағын атап көрсеткен./21/ Нақты қылмыстың белгілері құқық нормасында бар белгілердің тиісті сыныбына кіретіндігіне байланысты ғана олардың сәйкестігі туралы айтуға болады. Сондықтан дейді В.Н. Кудрявцев қылмыс құрамы түсінігін тек ғана нормативтік ұғымында қолдану керек.

     Қылмыс құрамында ажыратушылық рөл атқармайтын белгілер болмайды. Олардың әрқайсысы қылмыстың берілген түрін басқа түрлерінен бөлектейді немесе қылмысты өзге құқықбұзушылықтардан ия қоғамдық қауіпті іс-әрекеттерден ажыратады.

       Құрамның ажыратушылық функциясын талдай отырып оның белгілерінің басым көпшілігі жоғарыда аталған бірінші қызметті ал кейде бір уақытта екеуінде орындайтынын байқауға болады. Мысалы, «жасырын» (талан-тараж) ұғымы ұрлық құрамында ұрлықты тонаудан ажыратуға мүмкіндік береді. Аталған құрамдардың барлық қалған белгілері ұқсас болады бірақ ұрлық пен тонауды қылмыстардың өзге түрінен ажыратуға мүмкіндік береді. «Талан-тараж» түсінігі ұрлық пен тонауды меншікке қарсы қылмыстардың кейбір түрлерінен (мысалы, мүлікті құрту) айырып ғана қоймайды және оларды азаматтық деликтерден де ажыратады.

       Қазіргі уақытта қылмыс құрамы ұғымының мазмұнына кірістірілетін белгілер жинағында бір қылмысты өзгесінен ажырату рөлін атқармайтын тек бір белгі бар сияқты. Бұл-заңи көзқарас тұрғысынан барлық қылмыстар үшін бірдей болып табылатын есі дұрыстық./22/

       Егер қылмыстық-құқылық нормада гипотезаны барлық қылмыстар үшін бірдей олардың жасалуының шарттарының жиынтығы ретінде бөліп қарасақ онда есі дұрыстықты гипотезаға жатқызуға болады. Есі дұрыстықтың қылмыс субъектісінің белгісі ретіндегі тұлғаның өзінің жүріс-тұрысына психикалық қатынасының нысандарымен тығыз байланысты болуы ондай ғылыми көзқарасқа кедергі келтіреді. Одан басқа есі дұрыстық қылмысты қылмыстық жауаптылықты туындатпайтын қоғамдық қауіпті жағдайда тиісті ескертпелер жасай отырып құрам белгісі ретінде қарастыратын боламыз.

       Құрамның дерексіздігі, оның жалпыламалық мәнісі белгілі бір жағымсыздыққа ие болады. Ол заңның тек белгілі бір белгілердің жиынтығының барысында ғана қылмыстық жауапкершілікті қарастыратындығынан және көптеген мән-жайларды есепке алмайтындығынан көрініс табады. Кез-келген құқықтың әртүрлі адамдарға бірдей көлемді қолдану болып табылатындығы белгілі.

       Алайда құрамның дерексіздігі және жоғарыда атап өтілген заң нормасының формализмі шешуді талап ететін жағымсыз жақтарға ғана ие емес аталған кемшіліктердің орнын толтырарлықтай жағымды қасиеттерге де ие болады.

       Олар неден көрініс табады? Бірінші кезекте заңмен азаматтардың барлығына қойылатын талаптардың бірлігі мен айқындығы. Олардың барлығы ұлттық, әлеуметтік, діни және басқа да айырмашылықтарына қарамастан заң алдында тең. Ол қылмыстық заңнаманың және құқықтың өзге салаларының барлық тұлғаларға бірдей талаптар қоюынан көрініс табады. Ұрлық құрамы оны кімнің жасағанына қарамай барлығы үшін бірдей және бұл алдын алу мен тәрбиелеуде үлкен маңызға ие болады.

Информация о работе Қылмыстық құқық