Қылмыстық құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 14:06, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2005 жылы Қазақстандықтарға арнаған Жолдауында ғылымды одан әрі дамытуға ерекше мән берді.
Жалпы ғылымы жоқ ел тұл, ғылымы дамымаған елдің болашағы күмәнді, қазір қарап отырсақ, жер жаһандағы ізгі жетістіктердің барлығы дерлік ғылымның адамзатқа тартқан сыйы, тартуы іспеттес. Тәуелсіздік туын желбіреткен он жылдан бері Қазақстан ғылымы да дамып, әлемге әйгілі бола бастады, кез-келген ғылым саласында ілгері дамушылық көрінісі айқын.

Содержание

КІРІСПЕ

І.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫС ҰҒЫМЫ
1.1 Қылмыстың ұғымы және белгілері ,жіктелуі
1.2 Қылмыстың түрлері
1.3 Қылмыстың жиынтығы

ІІ. ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
2.1 Қылмыс және қылмыс құрамының міндеттері
2.2 Қылмыс құрамының түрлері
ІІІ.ҚЫЛМЫСТЫ САРАЛАУ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫ САРАЛАУДАҒЫ МАҢЫЗЫ
3.1 Қылмысты саралаудың түсінігі
3.2 Қылмыс құрамы қылмысты саралаудың заңи негіздемесі

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

Қылмыс туралы түсінік курсовой.docx

— 149.75 Кб (Скачать)

        Енді қылмыс құрамы оның қылмыстық әділ соттылықты жүзеге асырудағы, қылмысты дұрыс саралаудағы маңызы туралы, құқықтық әдебиеттерде қылмыс құрамына көптеген анықтамалар берілген. Олардың көпшілігі бойынша қылмыс құрамы дегеніміз іс-әрекетті нақты қылмыс ретінде бағалауға мүмкіндік беретін объективтік және субъективтік ерекшеліктерге ие заңи белгілерінің жиынтығы болып табылады. Адамның іс-әрекетінде қылмыс құрамының болуы қылмыстық жауап кершілікке тартудың бірден-бір негізі болып табылады. Қылмыстық-құқықтық норманың диспозициясында қылмыстың атауы немесе қылмыс белгілері сипатталады. Құрылымдық техникасы және қылмыс белгілерін сипаттау әдісі бойынша диспозицияларды жай, сипаттамалы бланкеттік және сілтемелі қылып бөлеміз.

        Қылмыс құрамын қылмыстық-құқықтық норманың диспозициясын яғни ҚК-тің Ерекше бөлімінің баптарын қарастыру барысында заң шығарушы қоғамдық қауіпті іс-әрекетті сипаттайтын белгілердің ішінен барынша маңыздыларын ғана іріктеп алады. Өзінің жиынтығында олар жеке тұлғаға, қоғам мен мемлекетке қауіп төндіреді.

        Қылмыс құрамы нақтылыққа ие, алайда оның нақтылығы жалпы сипатта болады. Онда іс-әрекет сипатталып жазылмайды, анықталған қол сұғушылықтың жеке ерекшеліктері және белгілері болмайды. Жалпы айтқанда қылмыс құрамы іс-әрекетке сәйкес келмейді. Сондықтан жалпы қалыптасқан түсінікпен сәйкеспейтін белгілі бір жағдайда үйреншікті емес нақты жағдай қалыптасады яғни қылмыс құрамы әрқашан нақты, бірақ өзі ақылға қонымды жалпылама қортындылаудың нәтижесі болып табылады. Қылмыс құрамы туралы жалпы ілімде, нақты құрамдардың барлық белгілерін негізгі және қосымша қылып бөлу қалыптасқан. Барлық нақты қылмыстарға тиісті белгілер жалпы белгілер болып табылады. Осыған сәйкес әрбір құрамда нақты объект, іс-әрекет, кінә, есі дұрыстық және қылмыс субъекетісінің заңда көрсетілген жасқа толуы анықталуы тиіс. Қосымша белгілер заң шығарушымен жеке қылмысты немесе қылмыс топтарын сипаттау барысында қолданылады.

       Қылмыстық құқық теориясында қылмысты саралауды құрам элементтері объекті, объективтік жағы, субъект және субъективті жағы бойынша жүргізу қабылданған. Сондықтан жасалған іс-әрекеттің белгілері олардың анықталуы бойынша, заңның тиісті нормасымен салыстыру және талдау үшін тиісінше топтастырылады.

       Тергеу және сот органдарының қылмысты саралаудағы қызметінің мәні мынада: жасалған іс-әрекет белгілері мен ҚК-тің Ерекше белгілерінде қарастырылған қылмыс белгілерін салыстыру және сәйкестігін табу сол арқылы жасалған іс-әрекетке қылмыстық-құқықлық баға беру. Сонымен қылмысты саралау басқаларымен салыстырғанда тұрақты түрде әрекет ететін, дербес қылмыстық құқық институты ретінде негізінен қылмыс құрамы туралы теоретикалық ілімдерге сонымен қатар дәлелдеу теориясының жалпы негіздеріне негізделді. Дәлелдеу фактілерін, қылмыстық істің мән-жайларын жан-жақты және толық зерттемейінше жасалған іс-әрекетін саралауды оның жасалуының мәністерін есепке алу және талдау арқылы ҚК-тің ауырырақ немесе жеңілдеу жауапкершілік көзделген бабына ауыстыруы мүмкін. Сотта жағдай өзгеше: 1) сотталушыға тағылған айыпты тани отырып, сот алайда қылмысты саралауды ҚК-тің жеңілдеу жауапкершілік көздеген бабына өзгерту қажет деп санауы мүмкін, ондай реттерде сот қылмысты саралауды ҚК-тің бір бабынан өзгесіне ауыстырудың қажеттілігін үкімде көрсетуі тиіс. 2) егер сот әрекетті саралауды ауырырақ жауапкершілік қарастырылған бапқа ауыстыру турасында айтатын болса істі КІЖК-нің 303 бабына сай қайта тергеуге жіберуге міндетті. Жалпы айтқанда соттың сотталушыға тағылған айыпты жеңілдетуі мүмкін, алайда бұрын тағылмаған жаңа айыппен толықтырып басқамен ауыстыруға құқығы жоқ.

        Бұл өз кезегінде анықтама және алдын ала тергеу органдарын қылмысты саралауды барынша мұқият, сауатты, кәсіби деңгейде жүргізуге міндеттейді, олай болмаған жағдайда жіберілген қателіктер анықтама немесе алдын ала тергеу жұмыстарына белгілі процессуалист М.С. Строговичтің айтуынша: «қылмыс құрамы... қылмыстық құқық нормаларымен берілген қылмыс түрін қарастыратын ҚК-тің тиісті бабымен анықталады. Қылмыс құрамын жеке жағдайда, әрбір іс бойынша анықтау қылмыстық іс жүргізу кодексінің дәлірек айтқанда КІЖК-нің тиісті тергеу және сот әрекеттерін қарастыратын баптарымен анықталатын іс жолымен жасақталады. (айыпталушыдан және куәлерден жауап алу, басқа да дәлелдемелерді жинау)». Осы айтылғанмен келісу қажет себебі қылмыстық құқықпен қылмыстық процестің өзара байланысы – бұл екі философиялық ұғым «форманың» және «мазмұнның» диалектикалық байланысы. Сондықтан аталған материалдық және процессуалдық құқық салаларын кейде юриспруденцияда «материалдық және процессуалдық қылмыстық құқық» деп те айтады. 
 
 
 
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ 

        Қылмыстық құқық дегеніміз- құқық саласының негізгі түрлерінің бірі ретінде қылмыстың түсінігі мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың негізі мен шектерін, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың шарттарын анықтайтын құқықтық нормалардың жиынтығы.

      Қылмыстық құқықтағы негізгі мәселелердің бірі қылмыстың ұғымын анықтау болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқылық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу — қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қылмыс әр уақытта да белгілі бір іс-әрекеттің (әрекет немесе әрекетсіздіктің) көрінісі болып табылады.

Информация о работе Қылмыстық құқық