Технология строительных материалов

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 18:33, отчет по практике

Описание работы

Республикада құрылыс материалдарын шығаруға шикізаттың түрлерінің жеткілікті қоры бар. Сонымен қатар оның өндірісінде өнеркәсіп қалдықтары яғни, металлургиялық қоқыстар, химиялық өндіріс қоқыстары, жылу электростанциялардың күлі және басқа да екінші қолданыстағы қорлар қолданыс табуда.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім:
1 Кәсіпорынның мінездемесі
1.1 Құрлыс материалдарының өнеркәсібі
1.2 Құрылыс материалдарының сертификациясы
1.3 Ғылыми зерттеу жұмысы
2.Сыналатын құрылыс материалдарының түрлері
2.1 Сыналатын материал көрсеткіштері
2.2 Материалдардың ішіндегі өкіл материалдарды іріктеу
3 Құрылыс материалдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
3.1 Құрылыс материалдары айналымының шарттары
3.2 Қауіпсіздіктің маңызды талаптары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Практиканың отчеты.doc

— 503.00 Кб (Скачать)

2.Сыналатын құрылыс материалдарының түрлері

 

ТОО "Дифест" құрылыс материалдарын сынау лабараториясында мына құрылыс материалдарына сынау жүргізеді:

- Ағаштан жасалған әйнек,

-шыныланған есіктер және олардың жақтаулары

-Паркет

-Терезе және ағаштан есік блоктары

-Пластмассадан жасалған терезе және есік блоктары

-Алюминиден жасалған терезе және есік тақталары

-Жол, жабын, оқшаулағыш битум

-Сырлар, лактар, олиф

-Әйнек, пакетті әйнектер

-Қыштан жасалған тақталар

-Қыштан жасалған кірпіштер мен тастар

-Силикат кірпіш

-Портландцемент, әк, ғаныш

-Аралас бетон, асфальтты бетон, құрылыстық ертінді

-Тақталар, бетоннан жасалған бұйым

-Қабырға панельдері

-Ғаныш картон, ғаныш картоннан жасалған панельдер

-Асбесттоцементті беттер

-Рубероид

-Битумтектес жағым және басқалар

-Минералданған тақта, минералданғын мақта

-Полимер, , этилен, винилхлоридтен жасалған құбырлар

-Қыштан жасалған құбырлар

-Цементтен жасалған құбырлар

-Асбестоцементті құбырлар

-Шойын болат, су-газ желілері, дәнекерленген құбырлар

-Болаттан жасалған табақ,  прокат, бұрыштар, шыбықтар

-Профнастил, проволока

-Болаттан, шойыннан алюминиден жасалған конструкциялар

-Қара металдан жасалған қаңқалық қабырғалы тақталар

-Радиаторлар

-Қыш жуғыштар, раковиналар, унитаздар

-Қара металдан, шойыннан, болаттан жасалған жуғыштар, раковиналар, у-нитаздар, ванналар

-Линолеум

-Коаксильді кабельдер

-1000 В кернеулі күшті бақылау кабельдері

-660 В дейін кернеуге  күшті бақылау кабельдер

-6000 В кернеуге  күшті кабельдер

-10000 В кернеуге  күшті кабельдер

-Байланысқа арналған төмен жиілікті талшықты жиілікті кабельдер

-Деректерді беруге арналған талшықты – оптикалық кабельдер т.б материал түрлеріне сынау жүргізеді.

Бетон - (французша: bton, лат. Bіtumen - тау шайыры), құйматас - жасанды тас материал; байластырғыш заттар (цемент, гипс, алебастр, әктас, т.б.), су (кейде сусыз) және толтырғыш материалдар (құм, малтатас, қиыршықтас, т.б.), кейде арнайы үстеме заттар қоспасының қатаюы нәтижесінде алынады; маңызды құрылыс материалы. Қоспа қалыпқа құйылғанға дейін бетон қоспасы деп аталады.

Бетон құрамындағы байластырғыш түріне қарай: органикалық емес байластырғыштармен алынған бетон (цементті бетон, гипсбетон, силикатты бетон, т.б. арнайы бетондар) және органикалық байластырғыш заттармен алынған бетон (асфальтбетон, полимербетон) болып жіктеледі. Орташа тығыздығына (көлемі бойынша) байланысты аса ауыр (2500 кг/м3-ден жоғары), ауыр (1800 — 2500 кг/м3), жеңіл (1800 — 500 кг/м3), өте жеңіл (500 кг/м3-ден төмен) болып бөлінеді.

Қолдану түріне қарай құралымдық, құралымдық-жылу оқшаулағыш, жылу оқшаулағыш және арнайы жасалған бетондар (отқа төзімді, қышқылға төзімді, жолға төсеуге арналған, т.б.) болып ажыратылады.

Бетон - гравийдің, қиыршықтастың, малтатастың, қиынды тастың цемент немесе басқадай тұткыр материал ертіндісімен араластырып жасаған, тез қатаятын қоспасы. Бетон түрлері:

        тез қағатын бетон;

        су өткізбейтін бетон;

        ауа өткізбейтін бетон;

        беріктігі жоғары бетон;

        жеңіл бетон; ауыр бетон;

Кірпіш - жасанды құрылыс материалы. Оны саз және кремнезем жынысынан, өнеркәсіп қалдықтарынан күйдіру (сазды) не автоклавта булау (силикатты) арқылы алады. Түрлері:

        Хромомагнезитті кірпіш (Кирпич хромомагнезитовый) - құрамында    8-15 Сг 203, 65-75 MgO болатын, отқа төзімділігі 2000°С-тан жоғары кірпіш. Хромомагнезитті кірпіш негіздік және қышқылдық қасиеті бар ортада - химиялық байланыстағы суы кептіріліп, илемділігі жойылғанша, қақтала жабысатындай болып күйдірілген отқа төзімді, балшықтан не каолиннен жасалған қыш. Мартен пештерінің күмбездері мен бүркеншіктерін, болат қорыту пештерінің ішкі қабырғаларын қалау үшін қолданылады

        Шамот кірпіш (Кирпич шамотный) - отқа төзімділігі 1320— 1730°С. Шамот кірпіш домна пештерін астарлау, оның ауа қыздырғыштарын қалау, мартен пештерінің қабырғаларын, қож ұстағыштарын, төменгі қабаттарын қалау үшін қолданылады.

Цeмент (нем. Zement, лат. Caementum - ұсақталған тас, қиыршық тас) - гидравликалық байланыстырғыш материалдар тобы; негізгі құрылыс материалдарының бірі; органикалық емес материалдың майда ұнтағы; гидравликалық тұтқыр материалдардың үлкен тобының жалпы атауы.

Цeмент сумен араласқанда қатаятын қасиеті бар (яғни қамыр тәрізді пластик күйден қатты күйге ауысатын) кальций силикаты мен кальций алюминатынан құралады. Цeменттің кейбір түрі ауада қатаяды. Ал, енді бір түрлері тек тұздардың, қышқылдардың судағы ерітіндісімен араластырғанда ғана байланыстырғыштық қасиетке ие болады. Оның портландцемент, қожды және пуццолан цeмент деп аталатын түрлері бар. Цeменттің көп тараған түрінің бірі - портландцемент. Ол негізінен жоғары негізді кальций силикатынан тұрады. Цeментті пайдалану үшін, оны алдымен сумен араластырып, цементтік қамыр (ерітінді) дайындайды. Цементтік қамырды құммен, т.б. араластырып, құрылыстық ерітінділер, ал оған қиыршық және уақ тас, т.б. қосу арқылы бетон дайындалады. Кейде асбест қосып асбест цементті бұйым, ағаш жаңқаларын қосу арқылы фибролит жасалады. Арнаулы зауыттарда минералды шикізатты ұсату, араластыру, майдалау, күйдіру арқылы цементтік клинкер алынады. Цeменттің сапасы маркамен сипатталады.

Оның маркалары :

        200,

        300,

        400,

        500

        600 .

        Сонымен бірге Цeменттің тез бірігуі мен қатаюы, майдалығы, т.б. белгілі бір стандартқа сәйкес болуы шарт. Цeмент құрылыста біртұтас және құрама бетон мен темір-бетон дайындауда пайдаланылады.

Арматура (латынша: аrmatura - құралдандыру, жабдықтандыру) - машиналардың, құралымдардың және ғимараттардың негізгі бөлігінің құрамына енбейтін, бірақ олардың дұрыс жұмысын қамтамасыз ететін қосалқы (әдетте бір қалыпты) құрылғылар мен бөлшектер жиынтығы.

 

Арматура қолдану мақсатына қарай:

        құбыр арматурасы,

        электр машинасын жасаудағы арматура,

        электр жүйелеріндегі арматура,

        электр қуатын жеткізу желілеріндегі арматура,

        жарық техникасындағы арматура,

        металлургия пештеріндегі арматура,

        құрылыс арматурасы болып бөлінеді.

2.1 Сыналатын материал көрсеткіштері

Сыртқы Аквапанель цемент плитасы экологиялық таза беттелген құрылыс өңдеу материалы. Сыртқы Аквапанель цемент плитасы жеңіл минерал толтырғышы бар цемент негізіндегі, екі жағынан шынымен тоқылған торшамен арматураланған өзектен тұратын төртбұрыш нысанды беттелген материал болып келеді.

Дөңбек жиектері (EasyEdge) күшейту үшін қосымша шыны талшықтарымен арматураланған.

Арматуралайтын шыны торша арқылы, Аквапанель цемент плитасы бір метрден жоғары болған қисықтық радиусымен құрғақ күйінде де (алдын ала суламай) майыса алады. Бұл оны қисық сызықты беттерде қолдануға мүмкіндік береді.

        Ісініп кетпей және үгілмей ылғалдылыққа жоғары төзімділігі.

        Саңырауқұлақ пен көгерумен зақымдалуға жоғары төзімділік.

        Зиянды қосындылар жоқтығы.

        Төтенше ауа райы жағдайларына жоғары төзімділік (жел, жаңбыр, қар, температураның өзгерілуі)

        Орнатудың оңайлығы мен тездігі.

        Майысу радиусы 1 метрге дейін қисық сызықты беттерді құру мүмкіндігі.

        Өңдеудегі технологиялығы.

        Беттерді көп еңбек қажет ететін үдерістерсіз өңдеу.

        Құрғақ құрылыс техникасы кептіруді ұзақ уақытқа салмайды.

        Арнайы құралдар талап етілмейді.

        Орнатудың тездігі құрылыс жұмыстарының мерзімдері мен бағасын қысқартады.

        Соққыларға төзімділік пен ұзақ мерзімге жарамдылық.

        Область применения

Cыртқы АКВАПАНЕЛЬ қаңқалы типті ғимараттарда, сонымен бірге ғимараттар қасбеттерін қалпына келтіруде қолданылады.

Сыртқы АКВАПАНЕЛЬ кез келген өңдеу материалдарымен жабу үшін дайын тегіс негіз болып келеді, төтенше ауа райы жағдайларына жоғары төзімділікпен ерекшеленеді де, төмендегі жағдайларда қолданылады:

        сыртқы төбелерді орнатқанда;

        сыртқы қабырғаларды орнатқанда;

        ескі қасбеттерді жөндегенде;

        үй іргелерін өңдегенде;

        шатырлардың асылмаларын орнатқанда;

        ауыл шаруашылық жүйелерін орнатқанда.

Орнату барысы жұмыстардың келесі кезеңдерін қамтиды:

        Сыртқы АКВАПАНЕЛЬ плиталарын кесуді.

        Металл немесе ағаш қаңқаны орнатуды.

        Плиталарды орнатуды.

        Тігістерді бітемелеу мен барлық үстінгі бетті КНАУФ-Севенет сылама-желімді қоспамен сылауды.

        Үстінгі бетті сәндік өңдеуді.

Нұсқаулықтар:

        Плиталарды тікелей су тиюінен қорғау үшін жаппаның астында сақтау керек. Ылғалды панельдер орнату алдында кептірілу керек.

        Орнату алдында плиталар климатқа бейімделу керек. Материал мен қоршаған ортаның температурасы +5°С төмен болмау керек.

        Плиталар көлденеңінен орнатылу керек!

        Тіреу плиталары 600 мм аралық енімен орнатылу керек.

        Орнатудың жайлылығы үшін плиталарда көмекші белгілеу бар. Бұрамашегелерді бекіту жерлері айқастармен белгіленген.

        КНАУФ-Диамант қасбет сылмасын жағу алдында, үстінгі бетін КНАУФ-Изогрунд төсемесімен өңдеп алу керек.

        Ішкі АКВАПАНЕЛЬ цемент плитасын орнату бойынша толық ақпаратты «Жүктеу» бөлімінде 2301 Ақпарат парағынан қараңыз.

Көрсеткіштер

Мағыналары

Ені, мм

900/1200

Ұзындығы, мм

1200/2400/2800

Қалыңдығы, мм

12,5

Салмағы, кг/м2

шамасы 16

Майысудың ең кішкене радиусы (м) қалыңдығы 900 мм болған плита үшін

>3

Майысудың ең кішкене радиусы (м) еңі 300 мм плиталар жолақтары үшін

>1

Тығыздығы, кг/мЗ

1100- 1200

Майысқандағы мықтылық шегі, МПа

> 10,0

Жылу өткізушілігі, Вт/м0К

0,36

Аязға төзімділігі (циклдар)

>75

Қышқылдық көрсеткіші (сілтілігі), рН

12

Жанғыштық тобы

Г1

Серпімділік модулі, МПа

4000-7000

Статистикалық жүктелуі

1м2 50 кг-ға дейін

Ішкі Аквапанель цемент плитасы экологиялық таза беттелген құрылыс өңдеу материалы. Ішкі Аквапанель цемент плитасы жеңіл минерал толтырғышы бар цемент негізіндегі, екі жағынан шынымен тоқылған торшамен арматураланған өзектен тұратын төртбұрыш нысанды беттелген материал болып келеді. Шеттері кесілген, жиектері күшейтілген. Дөңбек жиектері (EasyEdge) күшейту үшін қосымша шыны талшықтарымен арматураланған.

Арматуралайтын шыны торша арқылы, АКВАПАНЕЛЬ цемент плитасы бір метрден жоғары болған қисықтық радиусымен құрғақ күйінде де (алдын ала суламай) майыса алады. Бұл оны қисық сызықты беттерде қолдануға мүмкіндік береді.

        Ісініп кетпей және үгілмей ылғалдылыққа жоғары төзімділігі.

        Саңырауқұлақ пен көгерумен зақымдалуға жоғары төзімділік.

        Зиянды қосындылар жоқтығы.

        Орнатудың оңайлығы мен тездігі.

        Майысу радиусы 1 метрге дейін қисық сызықты беттерді құру мүмкіндігі.

        Өңдеудегі технологиялығы.

        Беттерді көп еңбек қажет ететін үдерістерсіз өңдеу.

        Құрғақ құрылыс техникасы кептіруді ұзақ уақытқа салмайды.

        Арнайы құралдар талап етілмейді.

        Орнатудың тездігі құрылыс жұмыстарының мерзімдері мен бағасын қысқартады.

        Соққыларға төзімділік пен ұзақ мерзімге жарамдылық.

Қолдану саласы

Ішкі АКВАПАНЕЛЬ — плиткамен қаптауға мықты әрі сенімді негізді қамтамасыз ететін ылғалдылыққа төзімді материал.

Ішкі АКВАПАНЕЛЬ қаңқалы-қаптау құрылмаларда – қолдану режімі ылғалды және дымқыл болған жайлардағы қалқаларда, қабырғаларды қаптау үшін және аспалы төбелерде қолданылады.

Ішкі АКВАПАНЕЛЬ төменгілерді орнатқанда қолданылады:

        бассейндерді айнала жеке меншік және қоғамдық секторларда,

        ас үйлер мен күнделікті ылғалды жинастыру жүргізілетін аймақтарды өңдеуде,

        душ бөлмелерінде,

        автомокөлік жуатын жерлерде,

        кір жуатын жайларда,

        гараждар мен төлелерде.

Орнату барысы жұмыстың келесі кезеңдерін қамтиды:

        Ішкі АКВАПАНЕЛЬ плиталарын кесуді.

        Металл немесе ағаш қаңқаны орнатуды.

        Тігістерді жабу үшін полиуретан АКВАПАНЕЛЬ Желім арқылы плиталарды орнату.

        Барлық үстінгі бетін АКВАПАНЕЛЬ ақ бітемесі соңғы қоспасымен өңдеуді.

Информация о работе Технология строительных материалов