Технология строительных материалов

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 18:33, отчет по практике

Описание работы

Республикада құрылыс материалдарын шығаруға шикізаттың түрлерінің жеткілікті қоры бар. Сонымен қатар оның өндірісінде өнеркәсіп қалдықтары яғни, металлургиялық қоқыстар, химиялық өндіріс қоқыстары, жылу электростанциялардың күлі және басқа да екінші қолданыстағы қорлар қолданыс табуда.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім:
1 Кәсіпорынның мінездемесі
1.1 Құрлыс материалдарының өнеркәсібі
1.2 Құрылыс материалдарының сертификациясы
1.3 Ғылыми зерттеу жұмысы
2.Сыналатын құрылыс материалдарының түрлері
2.1 Сыналатын материал көрсеткіштері
2.2 Материалдардың ішіндегі өкіл материалдарды іріктеу
3 Құрылыс материалдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
3.1 Құрылыс материалдары айналымының шарттары
3.2 Қауіпсіздіктің маңызды талаптары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Практиканың отчеты.doc

— 503.00 Кб (Скачать)


Мазмұны

 

Кіріспе

 

Негізгі бөлім:

1 Кәсіпорынның мінездемесі

1.1 Құрлыс материалдарының өнеркәсібі

1.2 Құрылыс материалдарының сертификациясы

1.3 Ғылыми зерттеу жұмысы

2.Сыналатын құрылыс материалдарының түрлері

2.1 Сыналатын материал көрсеткіштері

2.2 Материалдардың ішіндегі өкіл материалдарды іріктеу

3 Құрылыс материалдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

3.1 Құрылыс материалдары айналымының шарттары

3.2 Қауіпсіздіктің маңызды талаптары

 

Қорытынды

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Практикалық оқу мен оқу-технологиялық тәжірибесі теориялық білімді бекіту және тереңдету мақсатында қызмет етеді. Жалпы тәжірибе студенттің білім алуына, үйренетін тәртіп-қабілетіне үлкен әсерін тигізеді. Студент базалық кәсіпорында тәжірибе өткенімен, ол жаңа оқу ережелерімен және міндеттерімен танысады. Студенттің жеке тәжірибе жетекшісі белгіленеді. Алдымен олар тәжірибе өту бағдарламасы, барысы және міндеттерімен танысады. Жалпы оқу-технологиялық тәжірибесін өту 16 қаңтар мен 10 наурыз аралығында белгіленген. Менің тәжірибе өтетін базалық кәсіпорын ТОО’’Дифест’’құрылыс материалдарын сынау лабараториясы.

Іс-тәжірибені өту лабораториясында мемлекет аралық, мемлекеттік және халықаралық сапа стандарттарының талаптарына сәйкестікке, құрылыс материалдардың зерттеулерін өткізеді.Құрылыс материалдар үйлерді, ғимараттарды салу мен жөндеуде пайдаланылатын табиғи және жасанды материалдар мен бұйымдар. Құрылыс материалдары - құрылыс-монтаждау жұмыстарының әр түрлерін өндіру кезінде ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс конструкцияларын жасау үшін арналған табиғи және қолдан жасалған материалдар мен өнімдер.

Республикада құрылыс материалдарын шығаруға шикізаттың түрлерінің жеткілікті қоры бар. Сонымен қатар оның өндірісінде өнеркәсіп қалдықтары яғни, металлургиялық қоқыстар, химиялық өндіріс қоқыстары, жылу электростанциялардың күлі және басқа да екінші қолданыстағы қорлар қолданыс табуда.Осыған байлансты ТОО <<Дифест >> құрылыс материалдарын сынау лабаротиясы құрыс материалдарының құрылыста беріктігін, адам өміріне зиян жақтарының болу болмауын сынайды. Жалпы құрылыс материалдарына тоқталып кететін болсақ құрылыс негізгі құрылыс материалдарының түрлері: табиғи тау жыныстарынан жасалған құрылыс материалдары, органикалық (битум, қарамай, синтетикалық шайыр, т.б.) және бейорганикалық, жасанды құрылыс материалдары және құрастырмалы құралымдар мен бұйымдар,ағаш материалдары, металдан жасалған бұйымдар, синтетикалық шайырлар мен пластмассалар.Осы жасанды,табиғи және ағаш,метал шикізат  өнімдерінің адам өміріне қауіп қатері бал болса оның өңделу кезінде адам өміріне қауіпті заттардың болмай өңделуін қадағалайды.

 

 

 

 

 

 

1 Кәсіпорынның мінездемесі.

ТОО «Дифест» құрылыс материалдарын сынау лабараториясы  республикадағы құрылыс материалдарын сынамалауды жүзеге асыратын  ұйым болып табылады. Өз қызметіне сәйкестігі және көрсетілетін қызметтердің жоғары деңгейі Мемстандарттың аккредиттеу аттестаттарымен және сапа менеджменті жүйесіне берілген сертификаттармен расталған. ТОО «Дифест» лабараториясында 1500 адам еңбек етеді, оның ішінде IRCA-да тіркеуден өткізілген халықаралық деңгейдегі сарапшы-аудиторларды, сонымен қатар 17 өлшем түрлері бойынша 300 салыстырып тексеруші және өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы 20 сарапшы-аудиторды қоса алғанда, әр түрлі өнімдер мен қызмет көрсетулер бойынша, тауардың шығу тегін сараптау, стандарттау, сапа менеджменті бойынша сарапшы-аудиторлар бар. ТОО «Дифест» лабараториясының материалдық-техникалық базасы мемлекеттік және халықаралық нормативтерге сай келеді, сынау және салыстырып тексеру зертханалары нәтижелердің дәлдігін және сенімділігін қамтамасыз ету үшін қазіргі заманғы сынау және өлшеуіш құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Бұдан басқа, жаңа сынау түрлері меңгерілуде, бірнеше сынау түрлері бойынша жаңа зертханалар ашылуда. Өз қызметіне сәйкестігі және көрсетілетін қызметтердің жоғары деңгейі Мемстандарттың аккредиттеу аттестаттарымен және сапа менеджменті жүйесіне берілген сертификаттармен расталған.

Қызмет көрсету тізбесі құрылыс материалдарының беріктігін өлшеуіштерді жөндеу болып табылады. Қазіргі кезде адам өмір сүретін кез келген ортаны өлшемдерсіз, шама бірліктерінсіз және осы бірліктердің эталондарынсыз елестету мүмкін емес, ал ұлттық, не халықаралық өлшемдердің біртұтастығын қамтамасыз ету ісін өлшем бірліктерін қамсыздандыру бойынша арнайы белгіленген қызметсіз іске асыру мүмкін емес.Біздің мемлекетімізде осы қызметпен мемлекеттік метрологиялық қызмет және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері айналысады. Бүгінгі күні ТОО «Дифест» лабараториясының Метрологиялық қызметінің эталондық базасының бастапқы өлшем құралдары 2000-нан астам санға және бағындырылған өлшем құралдары және өлшеу жабдықтары 20000-нан астам санға жетті. Сынау зертханасы техникалық регламенттерге, ұлттық, мемлекетаралық және халықаралық стандарттарға сай құылыс материалдарына сынау жүргізеді.

Сынаулардың сапа менеджменті жүйесінің жұмыс істеуі негізгі территорияда орындалатын жұмыстарды қамтиды.

Өнімді сынау ісін ұйымдастыру және жүргізу, талдау және сынау нәтижелерін ресімдеу СЗ құзыретінде.

Зертханада менеджмент жүйесін өндіру, қуаттау және жетілдіруді қоса алғанда, басқа міндеттерінен тәуелсіз өкілеттікке және ресурстарға ие болатын басқарушы және техникалық қызметшілер бар.

Барлық сынаулар қазіргі заманғы құралдарда жүргізіледі: прогресс-БГ, VARIAN-3800 газ хроматографы, Флюарат-02-2М, полярограф АВС-1.1, роторлық буландырғыш, ИнфраЛЮМ-ФТ-10, микротолқынды пеш, жарғақты сүзгіш және басқалары. Мамандардың осы құралдарда жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін арнайы сертификаттары бар.

Құрылыс материалдары, жиһаз және ағаш өңдеу тауарлары бөлімшесі шамамен 30 көрсеткішті айқындауға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы құралды пайдаланады, яғни ол көрсеткіштер мынадай: серіппелі жұмсақ элементтердің ұзақ мерзімділігі, серіппесіз жұмсақ элементтердің қалдық деформациясы, соққы жүктемесінің әсеріне беріктігі және т.б.

Қызмет көрсетулер тізбесі:

        Құрылыс материалдарын салыстырып тексеру;

        жөндеу, баптау, құрылыс материалдарының осьтерін туралау;

        өлшемдерді, соның ішінде аса күрделі және дәл өлшемдерді жүргізу;

        құрылыс материалдарын сынау және метрологиялық аттестаттау істерін жүргізуге қатысу;

        сынау, аналитикалық және өлшеу зертханаларында өлшемдердің жай-күйін бағалауды жүргізу;

        құрылыс материалдарын салыстырып тексеру құқығына заңды тұлғаларды аккредиттеу ісіне қатысу;

        келісім негізінде метрология саласындағы нормативтік құжаттарды әзірлеу және әзірлеу ісіне қатысу; өлшемдерді орындау әдістемелерін аттестаттау;

        заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтеріне келісім негізінде ғылыми-әдістемелік және техникалық көмек көрсету.

Лаборатория келесі бағыттармен жұмыс істейді :

        құрылыс материалдардың және бұйымдардың, олардың физико-механикалық және физико-химиялық мінездемелердің анықтайтын сертификациялық сынақтар;

        құрылыс материалдардың және топырақтың ГОСТ, АЗТМ, ВЗ, ААЗНТО стандарттарға сәйкестік және басқа отандық және халықаралық сапа стандарттарына тәуелсіз сынақ;

        материалдардың қиратушымен және қиратушысыз бақылау әдістерінің далалық және лабораториялық сынақ;

        құрылыс материалдар өндірісінің күй-жағдайдың ақпараттық - аналитикалық сараптамасы;

        құрылыс материалдардың және құрылыс объектердің өмірі үшін және адамдардың денсаулығының қауіпсіздік сараптамасы. Өнеркәсіпті қауіпсіздік.

 

 

Бүгінгі күнде компанияның негізгі стратегиялық мақсаттары динамика дамушылығын сақтауға және қайраткерлік сферасын кеңейтуіне бағытталған:

        Жаңа клиенттерді жақындату

        Қызметтер спектрін кеңейту

        Техникалық базасын жаңарту. Қолданбалы техниканы жетілдіру

        Компанияның басқарылуын қолдау және жоғарылату үшін ISO 9001: 2000 сапа менеджмент жүйесінің нәтижелілігін ылғи өрістету

        Клиенттердің талаптарын және күтулерін толық қанағаттандыру

        Жұмыс орындау сапасының әр қызметкердің арнайы жауапкершілігі арқылы клиентпен жоғары мәдениетті қарым-қатынасты қамсыздандыру, барлық персоналдың сапа менеджмент жүйесі процесстерінің нәтижелілігін қамсыздандыруына қатынасу

        Персоналдың оқыту жүйесін ұйымдастыру, қолдау және ылғи жетілдіру арқылы компания персоналының жоғары деңгейлі компетенттігін қамсыздандыру.

        Бәсекеге қабілеттігін көбейту.

Ғылыми бөліктеме құрамында:

1.Керамикалық материалдар және топырақ зертханасы;

2.Байланыстырғыштар және бетондар зертханасы;

3.Құрылыс материалдарды кешенді ғылыми-зерттеу зертханасы;

4.Ғылыми кеңесшілер тобы;

 

1.1 Құрлыс материалдарының өнеркәсібі

 

Құрылыс материалдар өнеркәсібінің өнімі республиканың өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінің 4 % құрайды. Бұл сала кәсіпорындарында цемент, шифер, асбестоцементтік құбырлар, жұмсақ жабындық материалдары, линолеум, санитарлы-құрылыстық жанан, полға арналған және ғимаратты өрнектеуге арналған керамикалық плиткалар, панелдер және басқа  конструкциялар, қағаз өндірісіне арналған каолин, радиаторлар, конвекторлар және құрылыс материалдары мен конструкциялардың басқа да түрлері шығарылады. Республикада құрылыс материалдарын шығаруға шикізаттың түрлерінің жеткілікті қоры бар. Сонымен қатар оның өндірісінде өнеркәсіп қалдықтары яғни, металлургиялық қоқыстар, химиялық өндіріс қоқыстары, жылуэлектростанциялардың күлі және басқа да екінші қолданыстағы қорлар қолданыс табуда.

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Құрылыс материалдарының сертификациясы

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификациялау жүйесімен орнатылған ретте сертификациялық орган құрылыс материалдардың және бұйымдардың сертификациялау жұмыстарының өткізуіне аккредитивтілінген. Аккредиттеу куәлігі мемлекеттік тізімде тіркелген         № КК.658000.04.05.00109

Мәлімделген аккредиттеу облысымен сәйкес сәйкестік сертификаттарды береді, олардың негізгі мақсаттары:

        азаматтардың мүлкін және қоршаған ортаны қорғау, құрылыс материалдардың адамдардың өмірі және денсаулығы үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

        құрылыс материалдардың және бұйымдардың сапа туралы сұрақтарда тұтынушылардың мүддесін қорғау;

        ішкі және сыртқы нарықта өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және саудадағы техникалық тосқауылдардың жойуын қамтамасыз ету;

        Қазақстан Республикасының тауар нарығындағы заңды және жеке тұлғалардың қызметі үшін қажетті жағдайларды жасауы және халықаралық ғылыми - техникалық ынтымақтастықта және халықаралық саудада қатысу.

Сертификация жасайтын орган құрылыс материалдардың міндетті және ерікті сертификациясын өткізеді.Сертификация жасайтын органда төрт эксперт-аудитор, алты эксперт-аудитор кандидаттар жұмыс істейді. Олар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификациялау жүйеде, құрылыс материалдардың сертификациялау жұмыстарды өткізуге құқығы бар акредителінген мамандар болып табылады.

 

1.3 Ғылыми зерттеу жұмысы

 

ТОО "Дифест" құрылыс материалдарын сынау лабараториясының ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыттары:

        құрылыста пайдалану мақсатымен минералдық және техногендік шикізатты зерделеу;

        құрылыс материалдарының шыдам мерзімін зерделеу;

        құрылыс материалдарын сынау (соның ішінде құрылыс материалдары мен құрылымдарына сертификаттық сынақ жүргізуге қатысу);

        құрылымдардың көтергіш қабілеттілігін қалпына келтіру бойынша ұсыныстар беріп, үймереттер мен ғимараттарға техникалық зерттеу жүргізу;

        ауыр, жеңіл және ұяшықты бетондар өндіру технологиясын әзірлеу;

        отқа төзімді қыш материалдарының технологиясын әзірлеу;

        топырақтың, құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрылымдарының құрылыстық-техникалық сипаттамаларын анықтау;

        құрылыс құрылымдары мен бұйымдарын куәландыру;

        жол құрылысында техногендік шикізатты пайдалану;

        құрылыстық материалдар өндірісінде ағаш өңдеу кәсіпорындарының қайталама шикізатын және қалдықтарын пайдалану;

        құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрылымдарын өндіру технологиясын тексеру;

        кәсіпорындар цехтарының төлқұжаттарын құру;

        келесі жобаларды әзірлеу: «Биологиялық газ қондырғылары», «Багратион-2» ҚШ-мен бірлесіп; «Ағаш өнеркәсібінің қалдықтарынан жасалған биологиялық отын», «Башкирцевтің Шамадан тыс ұсату нанозертханасымен» бірлесіп; «Құрамында наноталқан мен пробиотиктері (лакто- және бифидумбактериялары) бар биологиялық активті тамақ өнімдері», «Башкирцевтің Шамадан тыс ұсату нанозертханасымен» және «Багратион-Ұлан» ЖШС-мен (сүт өңдеу зауытымен) бірлесіп; «Жердің өсімталдығын арттыруға арналған гумус микрофлорасы», «Багратион-2» ҚШ-мен бірлесіп; «Құрамында цеолит пен пробиотиктері бар биологиялық активті жем-шөп қоспасы», «Багратион-2» ҚШ-мен бірлесіп, және т.б.;

Информация о работе Технология строительных материалов