«Конституциялық құқығы» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2011 в 21:51, реферат

Описание работы

Құқық саласы – бұл белгілі бір әдіспен бірыңғай қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық жүйенің дербес бөлігі, құқықтық нормалардың жиынтығы. Құқықтық реттеу пәні мен оның әдісі салаларға бөлудің заң ғылымындағы негізгі өлшемдері болып саналады.
Құқықтық реттеу әдісі түрінде, мемлекет (оның органдары) тарапынан құқықтық нормалар көмегімен қоғамдық қатынастарға әсер ету тәсілдері түсіндіріледі.

Работа содержит 1 файл

Конституциялық құқығы.doc

— 178.00 Кб (Скачать)

Халықтың егемендігін анықтай отырып, мемлекеттік биліктің бастауы ретінде конституциямен және ұйымдық, құқықтық формалардағы заңдармен белгіленген қоғамдық өмірдің барлық салаларында жүзеге асыратын халықты танимыз.

Халықтың  егемендігі мемлекеттің егемендігімен өзара байланысты; мемлекеттің егемендігі – бұл өзінің ішкі және сыртқы қызметтерін жүзеге асыру кезінде оның өзге мемлекеттер ықпалынан тәуелсіздігін және дербестігін сипаттайтын мемлекеттің қасиеті.

Мемлекеттік биліктің бір тұтастығының жоғары тұрушылығы мемлекеттің тәуелсіздігі, конституциясының, ұлттық заңдарының, өз  азаматтығының, аумағының болуы мемлекет егемендігінің белгілері болып саналады.

Конституцияның 1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып саналады.

Құқықтық  мемлекет – бұл құқық, заң үстемдік ететін, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын танитын және оған кепілдік беретін жерде бәрінің заң және тәуелсіз сот алдындағы теңдігі қамтамасыз етілетін, ал билікті ұйымдастыру негізі болып биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөліну қағидалары қаланған демократиялық мемлекет.

Әлеуметтік  мемлекет – бұл қоғамға қызмет ету және әлеуметтік айырмашылықтарды жоюға ұмтылу, Конституцияны халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған нормаларында көрсетілген, жалпы азаматтық құндылықтарға бағдарлау басты міндеттері болып саналатын мемлекет.

Зайырлы мемлекет – дін, діни бірлестіктер мемлекетпен байланысты емес, қандай салада болсын оның саясатына ықпал ете алмайтын, мемлекеттік органдардың қызметіне, білім беру жүйесіне және т.б. араласуға құқығы жоқ мемлекет.

Мұндай  мемлекетте ешқандай дін мемлекеттік  немесе міндетті болып белгілене алмайды, мұндай мемлекеттің бірде-бір азаматын қандайда бір дінді уағыздауға мәжбүрлеуге болмайды.

Конституцияның 2-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет болып саналады.

Біртұтас  мемлекет – аумақтық құрылымында басқа мемлекеттік құрылымдарға ие емес мемлекет.

Қазақстан Республикасы оның аумағында ұлттық-мемлекеттік және автономиялы құрылымдарға жол бермейтін, әкімшілік-аумақтық бөліністерден тұратын біртұтас мемлекет болып  саналады.

Қазақстан Республикасындағы Президенттік басқару нысаны, біріншіден, Президент мемлекеттік биліктің бірде-бір тармағына жатпайтынынан; екіншіден, Президентті халық сайлайтынынан және Президентке тәуелді еместігінен; үшіншіден, Президент кең өкілеттіктермен бөлінгендігінен және Конституцияға сәйкес, олардың өз өкілеттіктерін тиімді жүзеге асыруына ықпал ете отырып, олардың өзара қатынастарында мемлекеттік биліктің барлық тармағына сындарлы әсер ете алатындығынан көрінеді.

Президенттік  басқару нысаны елдегі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге қызмет етеді.    

Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабының 2-тармағына сәйкес, егемендік Республиканың барлық аумағына таралады. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қолсұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді.

Мемлекеттің егемендігі, оның барлық жоғары  органдары өздерінің құзырлары шеңберінде қажетті шараларды Республиканың бүкіл аумағында жүзеге асыратындығын білдіреді.

Қазақстан Республикасының Конституциясында саяси тәртіп түсінігі жоқ, бірақ  саяси тәртіпке қатысты қандай бір  мәселелердің тәртібін реттейтін нормалар бар.

Сондай-ақ, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың және бұл процеске елдегі азаматтардың қатысу формалары мен әдістерінің жиынтығы ретінде «мемлекеттік тәртіп» термині қолданылады.

 

Саяси тәртіп (режим) элементтері:

      12.  3-баптың 1-тармағы – биліктің халыққа жатушылығы;

      13.  3-баптың 4-тармағы – мемлекеттік биліктің бөлінуі;

      14.  5-баптың 1-тармағы – саяси әр алуандылық (көп партиялық)

      15.  азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары, азамат  

    тардың  елдің саяси өміріне қатысуы (23,32,33-баптары).   

3.3. «Азаматтық қоғам» түсінігі, оның құрылымы.  

Азаматтық қоғамда адам идеясы басты орын алады. Азаматтық қоғамға сипаттама беруде оның құқықпен санқырлы табиғи байланысының маңызы зор, конституциялық-құқықтық тұрақтылықтың, дамыған құқықтық жүйенің және азаматтық қоғамды құруы мүмкін әділ сот жүйесінің болуы кезінде ғана жекелеген тұлғалардың құқықтық қорғалуы қамтамасыз етіледі.

Сонымен, азаматтық қоғам – бұл сенім мен бейбітшілікті сүю, дәстүрлер мен заңдарды, адамгершілік және рухани идеяларын құрметтеу ахуалын туғызушы, шығармашылық және кәсіпкерлік қызмет еркіндігін қамтамасыз ететін, адамдар мен азаматтардың құқықтарын жүзеге асыру мүмкіндіктерін туғызатын, мемлекет қызметіне шектеу мен бақылау механизмдерін орнататын нақты адамға бағдарланған еркін демократиялық құқықтық қоғам.

Азаматтық қоғам құрылымы:

1. мемлекеттік  емес әлеуметтік-экономикалық қатынастар     

 мен  институттар (меншік, еңбек, кәсіпкерлік);

2. мемлекетке  тәуелсіз өндірушілердің жиынтығы (жекемен-      

 шік фирмалар және т.б.);

3. қоғамдық қатынастар және ұйымдар;

4. саяси  партиялар мен қозғалыстар;

      16.  тәрбие беру аясы мен мемлекеттік емес білім беру;

6. мемлекеттік  емес бұқаралық ақпарат құралдарының  жүйесі;

7. отбасы;

    ·     шіркеу және т.б.

Азаматтық қоғамның белгілері:

    o    адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын неғұрлым толық қамтамасыз ету;

    o    өзін-өзі басқару;

    o    оның құрылымын жасаушылар мен адамдардың әртүрлі топтарының бәсекесі;

    o    еркін қалыптасатын қоғамдық пікір мен әралуандық;

    o    адам құқықтарын ақпараттарда шынайы тұрғыда жүзеге асыру;

    o    өмірлік қызметті үйлестіру қағидаларына негіздеу (мемлекеттік апараттан өзгешелігі субординациялар қағидасы негізінде құрылған);

    o    экономиканың көп укладтылығы;

    o    мемлекеттік биліктің заңдық және демократиялық сипаты;

    o    құқықтық мемлекет;

    o    адамдар өмірінің қажетті деңгейін қамтамасыз етуші, мемлекеттің күшті әлеуметтік саясаты;   

  3.4. Халық-мемлекеттік  биліктің көзі  ретінде.  

  Халық билігі мемлекет азаматтарының жалпы еркімен байланысты халықтың егемендігімен білдіріледі. «Халық» сөзі заңдық көзқарас тұрғысынан «азамат» түсінігімен бірдей қолданылады және мемлекетке жататын адамдар жиынтығы ретінде анықталады. Халық мемлекеттің физикалық субстатын (субмәртебесін) құрады.

  Билік, кіммен болсын, немен болсын иелік жасау немесе басқару, өзінің еркіне басқаларды бағындыру мүмкіндігін Республикадағы халық билігі, мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы халық болып саналады деп жариялайтын Конституцияның 3-бабының 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

  Мемлекеттік билік – мемлекеттің егемендігін сипаттайды.

  Мемлекеттік егемендік – бұл елдің ішіндегі мемлекеттік биліктің бәрінен жоғары тұрушылығы және халықаралық қатынастар аясындағы шетел мемлекеттерінің билігінен оның тәуелсіздігі болып саналады.

  Мемлекеттік билік – халық билігінің бір ғана нысаны емес, оның өзге нысандары – жергілікті өзін-өзі басқару болып саналады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары мемлекеттік билік органдарының жүйесіне кірмейді.   

Түйін.   

  1. Конституциялық құрылыс – бұл оның құқықтарына бағынуды қамтамасыз ететін және конституциялық мемлекет ретінде сипаттайтын мемлекетті ұйымдастыру формасы болып табылады.

  2. Конституциялық құрылыс негіздері – негізгі қағидалары Қазақстан Республикасын конституциялық мемлекет сипатымен қамтамасыз етуге шақырылған мемлекеттің негізгі бастаулары.

  3. Мемлекеттің егемендігі  – бұл ішкі және сыртқы саясатты айқындау және жүзеге асыру кезіндегі басқа мемлекеттердің ықпалынан мемлекеттің дербестігі мен тәуелсіздігі.

  4. Саяси тәртіп (режим) – бұл үстемдік етуші саяси идеологиямен және қоғамның саяси мәдениеті деңгейімен келісілген билікті жүзеге асыру процесінде қалыптасатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы.

  Қазақстан Республикасында демократиялық  саяси тәртіп (режим) жария етілген.

  5. Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет болып саналады, мемлекеттік құрылыс формасы бойынша біртұтас, Президенттік басқару нысанындағы егеменді, тәуелсіз мемлекет.

  6. Азаматтық қоғам  құрылымы – бұл оны құрайтын әралуандық пен өзара іс-әрекетті көрсететін және оның тұтастығы мен даму серпінін қамтамасыз ететін қоғамның ішкі құрылымы.

  7. Халықтың егемендігі  (халықтың толық билігі) – қоғамдық өмірдің барлық аясында іске асатын шектеусіз билікті жүзеге асырушы мемлекет азаматтарының жалпы еркі.

  8. Мемлекеттік билік – бұл саяси сипатқа ие, яғни бүкіл қоғамның мүддесін білдіретін; мәжбүрлеуге сүйенетін; заңдарды қабылдаумен яки заңдарды мемлекеттік органдардың тікелей жүзеге асыруымен байланысты; мемлекеттің бүкіл аумағында тәуелсіздік бәрінен жоғары тұратын биліктің формасы.   

 

   Білімін өз бетімен  тексеру үшін тестілік сұрақтар.  

1. Біртұтас мемлекет  болып саналады:

а) аумақтық құрылымында басқа мемлекеттік  құрылымға ие    

 емес  мемлекет;

ә) дін  мен мемлекет бір-бірінен бөлінген мемлекет;

б) негізгі  міндеті қоғамға қызмет ету болып  саналатын мемлекет;

в) құқық  үстемдік құратын, заң бәрінен жоғары тұратын    

 мемлекет.

2. Әлеуметтік мемлекет  – бұл...

а) билікті  ұйымдастыру негізіне мемлекеттік  биліктің заң шыға-   

 рушы, атқарушы және сот билігіне  бөліну қағидалары қаланған   

 мемлекет;

ә) адамның  құқы мен бостандығы жоғары құндылық болып сана-   

 латын  мемлекет;

б) ешқандай дін мемлекеттік немесе міндетті түрде белгілене    

 алмайтын  мемлекет;

в) дұрыс  жауабы жоқ.

3. Қазақстан Республикасының  Президентінен тыс  мемлекет-    

  тің мына органы  мемлекеттік биліктің  бірде-бір тармағы-   

  на жатпайды:

Информация о работе «Конституциялық құқығы» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері