«Конституциялық құқығы» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2011 в 21:51, реферат

Описание работы

Құқық саласы – бұл белгілі бір әдіспен бірыңғай қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық жүйенің дербес бөлігі, құқықтық нормалардың жиынтығы. Құқықтық реттеу пәні мен оның әдісі салаларға бөлудің заң ғылымындағы негізгі өлшемдері болып саналады.
Құқықтық реттеу әдісі түрінде, мемлекет (оның органдары) тарапынан құқықтық нормалар көмегімен қоғамдық қатынастарға әсер ету тәсілдері түсіндіріледі.

Работа содержит 1 файл

Конституциялық құқығы.doc

— 178.00 Кб (Скачать)

2.2. Конституция қызметі  және оны жүзеге  асыру 

механизмі.   

Бүкіл құқықтық жүйенің заңдық іргетасы болып саналатын, қоғам мен мемлекеттің негізгі заңы ретінде Конституцияны жүзеге асырудың өз ерекшеліктері бар.

1) Конституция  қоғамдық сананың және адамдардың  мінез-құлқының себептерін (мотивтерін) бағдарлайды және реттеп отырады.

2) Конституция  әдеттегі заңдарға қарағанда қоғамның жағдайы мен оның дамуына неғұрлым терең ықпалын тигізеді және азаматтар мен лауазымды тұлғалардың  саяси және құқықтық саналарына психологиялық және адамгершілік тұрғыдан әсер етеді.

3) Конституция  өмірлік маңызды қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуді қамтамасыз етеді.

4) Конституцияның  ықпалы қоғамның шаруашылық және  мәдени өмірін ұйымдастырудағы  тұрақты жұмыс барысында жүзеге  асырылады.

Конституцияны жүзеге асыру механизмі өзіне конституцияның қызметін, оның нормаларын жүзеге асырудың субъектілері мен объектілерін, формалары мен тәсілдерін енгізетін жүйені қарайды.

Конституцияның  қызметтері (қоғамдық қатынастарды дамытуға әсер ету бағыттары).

1. Құрылтайшылық (Мемлекеттік билікті саяси және мемлекеттік-құқықтық институттар арқылы жүзеге асырады); құқықтың бүкіл салалары үшін нормативтік қағидаларды белгілейді.

2. Саяси (Конституция азаматтардың еркі мен мүдделерін білдіреді, қоғамдық құрылыстың негіздерін бекітеді, мемлекеттік билік органдарының жүйесін белгілейді, жеке адам мен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынас сипатын анықтайды).

3. Идеологиялық (Конституция халықтың саяси және құқықтық санасын көрсетеді және бекітеді; ұлттық, діни және отбасылық өмір саласындағы белгілі бір жүйені қорғайды).

4. Заңдық (Қоғам мен мемлекеттің негізгі бастауларын бекітеді; экономикалық, саяси және рухани өмірдің даму қағидаларын айқындайды; адамдар және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының заңды қорғалуын қамтамасыз етеді).

5. Басқарушылық. (Мемлекеттік органдар жүйесі мен  қызметін және оны ұйымдастыруды айқындайды).

Конституцияны жүзеге асыру субъектілері: халық, мемлекет, аумақтық мемлекеттік құрылым, ұлттар, этникалық және ұлттық топтар; қоғамдық-саяси ұйымдар; азаматтар, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар.

Конституцияны жүзеге асыру объектілері: қоғам, оның әлеуметтік, экономикалық, саяси құрылымдары; мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар және әлеуметтік өмірдің басқа қатысушылары.

Конституцияны жүзеге асыру формалары.

1. Орындау – Конституцияда қаралған әрекеттерді тыйым салынған әрекеттерден қалыс қалу үшін міндетті түрде іске асыру.

2. Қолдану – нақты құқықтық іс субъектілеріне уәкілдікті шешу.

Конституцияны жүзеге асыру тәсілдері.

1. Міндеттеушілік – құқықтық нормаларды міндетті орындаудың қажеттілігі.

2. Рұқсат етушілік (дозволение) – құқықтық норма нұсқауларын орындау мүмкіндігінің берілуі.

3. Тыйым салу – белгілі бір әрекеттерді жасаудан қалыс қалу мүмкіндігі.  

    2.3. Конституцияның заңдық  қасиеті және басқа  заңдар-дан өзгешелігі.  

Қазақстан Республикасының  Конституциясын қабылдау және өзгерту тәртібі.

Конституцияның  заңдық қасиеттері:

1. Айрықша заңдық күші Конституцияның бәрінен жоғары тұратындығымен және наразылық келтірілмейтіндігінен тұрады.

2. Айрықша заңдық мазмұн Конституцияда ең негізгі қоғамдық қатынастардың бекітілетіндігін білдіреді.

3. Әзірлеудің, қабылдаудың және өзгертудің айрықша тәртібі.

Конституцияны жасау мен қабылдаудың тәртібі, әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылатын «құрылтайшылық билік» терминімен белгіленеді:

Конституцияның  жобасы бүкіл халықтық дауысқа –  референ- думға ұсынылады (1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы).

Конституция жобасы құрылтайшы-сайлаушылар жиналысының арнайы жиналысымен қабылдануы мүмкін (АҚШ-та – Конвент).

Мемлекеттік биліктің жоғары өкілді органымен жоғары біліктілердің басым көпшілігімен (Болгария, 1991).

Арнайы  заң актісі – декларация қабылдау

Республика  Конституциясына  өзгертулер мен толықтырулар тікелей өзінің бастамасы бойынша, Парламенттің немесе Үкіметтің ұсынысы бойынша Президенттің шешімімен өткізілетін республикалық референдумда жасалады. Егер Президент оны Парламенттің қарауына беруді шешсе, өзгерістер мен толықтырулар жобасы республикалық референдумға шығарылмайды. Парламенттің шешімі 92-баптың 1-тармағына сәйкес қабылданады.

Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша кем дегенде екі оқылымын өткізу, конституциялық заңдарды қабылдау немесе оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу міндетті болып саналады (62-баптың 6-тармағы).  

    2.4. Қазақстан Конституциясының  даму кезеңдері.  

Қазақстан Республикасындағы Конституцияның тарихи дамуы қоғам мен мемлекет дамуының негізгі кезеңдерімен байланысты және соған сай келеді.

І. 1926 жылғы 18 ақпандағы Қырғыз Советтік Социалистік Республикасының Конституциясы.

ІІ. 1937 жылғы 26 наурызда Советтердің Х Бүкілодақтық сьезінде қабылданған Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Конституциясы.

ІІІ. Қазақ  КСР-ның кезектен тыс ІХ шықырылған Жоғарғы Кеңесінің сессиясында 1978 жылдың 20 сәуірінде қабылданған Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Конституциясы.

IV. 1993 жылғы ҚР Конституциясы.

Қазақ КСР Жоғарғы Советінің 1990 жылдың 25 қазанында қабылданған конституциялық құрылысты жасаудың басы болып саналған «Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы»      
 
 
 

Түйін.   

1. Конституция – бұл халықтың жалпы еркін білдіретін, ең жоғары заң күшіне ие және қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және рухани-адамгершіліктің аса маңызды қағидалары мен институттарын бекітуші қоғам мен мемлекеттің негізгі заңы.

2. Конституцияны жүзеге асыру – азаматтардың, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың оның идеяларын, нормаларын және институттарының әрекеттерін қамтамасыз ету бойынша заңды қызметінің күрделі процесі.

3. Конституцияның заңдық қасиеті – оның басқа барлық заңдардан принципті түрде өзгешеленетін белгілері.

4. Конституцияның заңдық қасиеті: айрықша заңдық күші, айрықша заңдық мазмұны, әзірлеудің айрықша тәртібі.

5. Конституцияның қызметтері: құрылтайшылық, саяси, идеологиялық, заңдық, басқарушылық.

6. Конституцияны жүзеге асыру формалары: орындау, қолдану.   

7. Конституцияны  жүзеге асыру тәсілдері: міндеттеу,  рұқсат ету (дозволение), тыйым салу.   

Білімін өз бетімен тексеру  үшін тестілік сұрақтар.

1. Қазақстан Республикасының  Конституциясы ... тұрады:

а) преамбуладан және 9 бөлімнен;

ә) преамбуладан, 9 бөлімнен, қорытынды және өтпелі ережелерден;

б) 9 бөлімнен және өтпелі ережелерден;

в) дұрыс жауабы жоқ.

2. Қазақстан Республикасы  Конституциясының  ерекшелік- 

   тері болып саналатындар:

а) Қазақстан  Республикасының Конституциясы  икемді, жазыл-   

 ған  және тұрақты болып саналады.

ә) Қазақстан  Республикасының Конституциясы  қатаң, жазылма-   

 ған,  тұрақты болып саналады;

б) Қазақстан  Республикасының Конституциясы  қатаң, жазылған,    

 тұрақты  болып саналады;

в) Қазақстан  республикасының Конституциясы  қатаң, жазылма-   

 ған,  тұрақты емес болып саналады.

3. Конституцияның қызметі  – бұл ...

а) қоғамдық қатынастарды дамытуға әсер ету;

ә) конституциялық-құқықтық қатынастарды реттеу тәсілі:

б) мемлекетпен  белгіленген жалпыға міндетті ережелер;

в) дұрыс  жауабы жоқ.

4. Конституцияны жасау  мен қабылдау тәртібі  мына термин-   

  мен белгіленеді:

а) заңды шағарушы билікпен;

ә) құрушы билікпен;

б) сот  билігімен;

в) атқарушы билікпен.

5. Қазақстан Республикасының  Конституциясына  өзгертулер   

  мен толықтырулар ... өткізілетін республикалық  референ-   

  думмен жасалуы  мүмкін.

а) Республика президентінің шешімі бойынша;

ә) Республика Парламентінің ұсынысы бойынша;

б) Парламент  пен Республика Үкіметінің ұсынысы  бойынша;

в) Республика Парламенті мен Үкіметінің ұсынысымен Прези-    

 дент  шешімі бойынша.    

3 Тақырып. Қазақстан  Республикасы Конституциялық құрылысының негіздері.  

Әдебиеттер: І – 2, 7, 8, 9, 10, 11;  

3.1. Конституциялық құрылыс  түсінігі және  оның 

негіздері.   

Конституциялық  құрылысқа басқаша түрде анықтама беретін болсақ, мемлекет құрылымы өзіне басқару нысанын, мемлекеттік құрылым формасын, саяси тәртіпті енгізеді (1,2,3-баптар). Мемлекет құрылымы туралы айта отырып, біз, өзіне адам және азамат, меншік нысандары, қоғамның саяси, діни бастаулары сияқты түсініктерді енгізуші қоғам құрылымын болжаймыз. (1-баптың 1-тармағы, 5-баптың 5-тармағы; 6-баптың 3-тармағы және т.б.).

Басқалай  айтқанда, «Конституциялық құрылыс» жиынтық түрде мемлекеттік және қоғамдық құрылысты немесе құрылымды құрушы, мемлекет пен қоғамды ұйымдастырушы қоғамдық қатынастарды білдіреді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының «Жалпы ережелер» 1 бөлімінің конституциялық-құқықтық нормаларын реттеуші предметі болып саналатын қоғамдық қатынастар конституциялық құрылыс негіздері институтын құрады.

Конституцияның  өзге бөлімдерінің нормалары бар  болғаны конституциялық құрылыс негіздерін құрайтын қағидаларды нақтылайды.  

3.2. Конституциялық құрылыс  негіздерінің жіктеуі 

(классификациясы).   

Қазақстан Республикасының Конституциясына  сәйкес (1-бап), адам және оның өмірі, құқықтары  мен бостандықтары ең қымбат қазынасы болып саналатын Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет болып саналады. Демократизм ең алдымен  халық билігін қамтамасыз етуден; заң шығарушы, атқарушы және сот биліктеріне бөлінуден; идеологиялық және саяси алуан-түрліліктен; жергілікті өзін-өзі басқарудан көрінеді.

Мемлекеттегі  демократизмнің көрінісі сондай-ақ ұлттың және халықтың егемендігін бекіту болып  саналады.

Ұлттық  егемендік ұлттардың өз тағдырына өзі иелік ету, мемлекеттік, экономикалық және рухани салаларда өзін-өзі айқындау мүмкіндіктерінен көрінеді.

Саяси қатынастарда оның мемлекеттік билік  пен мемлекеттік егемендіктің бастауы  болып саналатын халықтың егемендігімен  қосылуы болады. Сөйтіп, осы арқылы ұлттық қатынастардағы шиеленіс көздері  алынып тасталады.

Информация о работе «Конституциялық құқығы» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері