Азаматтық құқықтың қайнар көздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 21:59, курсовая работа

Описание работы

Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғалар олардың субъектілері болып табылады. Азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілерінің ауқымы АК-ның 2-тарауында айқындалған. Құқық, оның ішінде азаматтық құқық реттеп отыратын қатынастар қоғамдық қатынастар, яғни адамдар арасындағы қатынастар болып табылады. Жекелеген индивидтер, сондай-ақ олар құрайтын ұжымдық түзілімдер осындай қатынастардың қатысушылары бола алады. Заң актілерінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде азаматтық құқық субъектілерін белгілеу үшін әдетте «тұлғалар» деген жинақтаушы термин пайдаланылады.

Содержание

Кіріспе
1. Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары
1.1 Азаматтық құқықтың жалпы құқық жүйесіндегі орны
1.2 Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары
1.3. Азаматтық құқықтың басқа сабақтас құқықтық салалардан айырмашылығы
1.4 Азаматтық құқықтық қатынастарды реттеу тәсілі
1.5. Азаматтық заңдардың ұқсастығына уақытына қолданылуы
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

азамат кукык кайнар коздери.doc

— 235.00 Кб (Скачать)

     Азаматтық  кодекстің  1-бабының  4-тармағына  сәйкес,  заң  құжаттарында  көзделген  реттерді  қоспағанда,  бір  тараптың  екіншісіне  әкімшілік  немесе  өзге  де  билік  жағынан  бағынуына  негізделген  мүліктік  қатынастарға,  оның  ішінде  салық  жөніндегі  және  басқа  бюджеттік  қатынастарға  азаматтық  заңдар  қолданылмайды.

     Жоғарыда  аталған  қатынастардың  азаматтық   құқықпен  арадағы  жігін   ашу  онша  қиындық  туғызбайды,  жекелеген  жағдайда  олар  бір-бірімен  пәеі  бойынша,  ал  өзге  ретте  құқықтық  реттеу  әдістемесі  бойынша  бөлектенеді,  ал  кейбір  жағдайларда  олардың  жиынтығын  талап  етеді.  Сөйтіп,  бір  жағы  екіншісіне  қандай  да  бір  бағынышты  болғанда  мүліктік  қатынас  азаматтық  заңмен  реттелмейді.  Осыған  орай  әкімшілік (оның  ішінде  салыққа қатысты)  не  басқа қатынастар  азаматтық заңдар  қарауынан шығып қалады.                                                            

 

 

1.4 Азаматтық құқықтық қатынастарды реттеу тәсілі

 

Азаматтықпен азамат ұғымының арасындағы айырмашылықты кез алдымызға әкелу үшін құқық ұғымы мен құқықтық норма ұғымдарының өзара катынасына сілтеме жасаған жән. Құқық пен құқықтық норманы ұқсастыру ешкімнің ойына келмейді. Құқық ерекше құбылыс екені белгілі, сонымен бірге құқық норма ретінде нак сол құбылыстың бір бөлшегі. Құқықтың жеке нормасын алып, тіпті оны жан жақты сипаттап, талдағанның өзінде құқықты, мемлекеттін құқықтық жүйесін түсіну мүлдем мүмкін емес. Сондай - ақ жеке азаматтың құқын сипаттап, азаматтың тұтас құбылыс ретіндегі мәнін, рөлін, манызын түсіну мүмкін емес.

Біз көрсетілген екі  құбылысты (құқық және азаматтық) азаматтықты жекелеген азамат аркылы анықтаудын нәзіктігін көрсету үшін ғана салыстырып отырғанымыз жоқ. Мұндай салыстыру, сондай- ақ азамат мәртебесі құқықпен емес, құқықтык нормалармен белгіленетінін көрсетуге мүмкіндік береді. Соны мен бірге азаматтық ретінде оның мәні,ерекшелігі құқықпен, құқықтық жүйемен белгіленген.

Азаматтықты тұтас саяси  құқықтық құбылыс ретінде қарастырған  кезде ғана, тек оның демократиялык  мемлекет жағдайын да объективті қажеттілігін ғана емес, сондай - ақ оның мемлекеттің өзінің өмір сүруі мен дамуындағы мәнін де түсінуге бола ды. Азаматтық қоғамның табиғи тарихи даму процесінің жемісі бола тұра, мемлекеттің әлеуметтік негізі болып табылады. Іс жүзінде азаматтық мемлекеттің өз тұрғындарының саяси құқықтық көрінісі болып табылады. Ол мемлекет тұрғындарды тудырады және ол оның "меншігі" болып табылады деген сөз емес. Бәрінен бұрын, керісінше, тұрғындар мемлекетті құратын факторлардың бірі болып табылады. Сондықтан азаматтыққа, азаматтықтың мемлекетке ықпал ету шамасын анықтап, белгілеу үшін саяси құқықтық маңыз беріледі. Сөз жоқ, мемлекет те азаматтықка осылайша ықпал етеді.

Осы салада жүріп жатқан процестер түсінікті болу үшін, азаматтықтың кеңестік кезендегі саяси құқықтық құбылыс ретін де қалыптасу ерекшелігін жалпылап болса да көрсеткен жөн. Осы процестің елеулі ерекшеліктерінің бірі азаматтық институтына таптық көзқарас болып табылады. Азаматтық институты да барлык әлеуметтік құбылыстар сияқты идеяландырылған. Ол маркстік - лениндік ілімге негізделген және социалистік емес мемлекеттерде танылған, жалпыәлеуметтік көзқарастан түбірімен өзгеше жаңа көзқарас болды. Бұл көзқарастың мәні неде?

Азаматтық институтына  таптық көзқарастың мәні мынада, халық тарихи қалыптасқан біртұтас әлеуметтік қауымдастық ретінде қай тапқа жататындығына қарай екі бөлікке: еңбекшілерге және канаушыларға бөлінді. Азаматтық институтына мұндай көзқарас өзіндік қана емес, прогрессивті, демократиялық және ізгі, тарихи болашағы мол көзқарас деп есептелді. Кеңес мемлекетінің азаматтық туралы заңдары нақ осындай идеялармен дамытылды. Алайда, азаматтық институты жоғары да аталған қасиеттердің бір де біріне ие болған жоқ. Біріншіден, азаматтықтың жартыкеш институты құрылды. Оның жарты кештігі азаматтардың екі белікке белінуінде: бір бөлігіне, яғни, еңбекшілерге, формальды түрде құқықтар мен бостандықтардың бүкіл кешені берілді. Бүл бөлік толыққанды азаматтар деп танылды. Қайталап айтамыз, еңбекші азаматтар құкықтар мен бостандыктарды формальды түрде иеленді. Іс жүзінде еңбекші азаматтардың құқықтары мен бостандықтары елеулі дәрежеде бос киял болды. Толық азаматтығы болмаған мемлекетте, тіпті елдің, мемлекеттің кожайындары деп жарияланғанымен, олардың толыққанды азамат болуы мүмкін емес. Бұл туралы кейін егжей - тегжейлі айтылады.

Азаматтардың екінші бөлігі елеулі дәрежеде құқықтарынан айырылды немесе құқықтары шектелді. Олар   қанаушылар деп аталатындар. Олар барлық саяси, көптеген әлеуметгік экономикалық құқықтары мен бостандықтарынан айырылды. Таңғаларлығы сол, халықтардың бұл бөлігі азаматтықтан аласталған жоқ, мемлекеттің азаматтары деп есептелді.

Азаматтық дегеніміз  жәй саяси құқықтық құбылыс емес, ол азаматтық коғамның өз табиғатымен белгіленуі, тұтас болуы және азаматтылық сияқты биік ұғымда көрінуі тиіс. В.Дальдың анықтамасы бойынша, - "білім ұғымы мен деңгейі азаматтық қоғам құру үшін кажет" . Азаматтылық бір жағынан, ұлттық сондай-ақ жалпы азаматтық мораль нормаларын, дағды, әдет, саяси құқықтық міндеттерді игеруден, екінші жағынан, оларды жүзеге асыру қабілетінен көрінеді. Азаматтылық адам тек өзінің жалаң міндетін орындаған кезде ғана емес, сондай-ақ жеке басына келетін зардаптардан қорықпастан мемлекеттің, оның органдары мен лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттеріне қарсы тұрған кезде көрініс табады. Егер тұтас мемлекет, оның жекелеген органдары мұндай кылықтарды ізгі ниетпен кабылдай алса, онда олардын өміршең, болашағы болғаны. Егер де мемлекет, оның органдары "былғанған беделін" қорғаштаса, онда оның тарихи болашағының болмағаны. Сондықтан азаматтылықтың жүйе негіздеушілік қасиеті бар. Азаматтылықтың мұндай қасиеті мемлекет пен азаматтардың арасында қалыптасатын саяси және құқықтық катынастарда, сондай-ақ азаматтардың мемлекетке бейтарап қатынасында жүзеге асырылады.

Кеңес мемлекетінің саяси және құқықтық қатынастары (байланыстары) ішкі карама қайшылыкта болды, сондықтан азаматтылыққа қатыстының бәріне әсер етпеуі мүмкін емес еді. Бір жағынан, КСРО-ының жартылай кұқылы азаматтары етпелі кезенде, барлық азаматтар 1936 жылдан кейін мемлекеттің уәкілетті органдарын қалыптастыру кезінде "жоғары" саяси белсенділік көрсетті. Бұл процеске азаматтардың барлығының біртұтас ойлап, саясатын біртүтас колдануды ерікті түрде де, еріксіз түрде күштеу жолымен де жүргізген Коммунистік партия басшылық етті. Мемлекеттің "халыктық" сипаты туралы мықты идеялық теперіш пен насихат азаматтардың маркстік (пролетарлық) саяси санасын қалыптастырды. Осы сананы өз "биігін де" қолдау үшін мемлекет азаматтардың барлығын да "нысана да" ұстады, біресе азаматтардың үлкен тобына, біресе олардың жекелеген мүшелеріне қатысты саяси террор қолданды. Осындай жағдайда азаматтар санасының қалыптасуы бұлталаң сипат алды: отанды сатып кету мен саяси оқшаулану ұштасып кетті. Бүкіл құрылым (мемлекеттік, партиялық, кәсіподақтық, комсомолдық) саяси сананың тек жағымды жақтарын ғана атап көрсетті, оны сананың негізгі және бірден бір касиеті деп есептеді. Саяси оқшаулау туралы айтып кана қойған жоқ, оның мүмкіндігін де қалт жібермеді. Өкілетті органдардың кез келген сайлауы (Кеңестердің барлық буындарында), әсіресе, 1936 жылдан кейін барлық уақытта сайлаушылардың депутаттыққа кандидатқа жүз процент дерлік дауыс беруімен өтті. Бұл барша өкімет билігінің "органдар жоғары азаматтылық көрсетудің нәтижесінде қалыптасқанын" куәландыруы тиіс болды. Кеңестер формальды түрде басқа мемлекеттік органдарды   үкіметтің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшыларын сайлады. Сөйтіп, азаматтар мемлекеттік органдардың бүкіл жүйесін тете немесе жанама түрде "калыптастырып", "жоғары" азаматтылық көрсетті. Алайда, іс жүзінде бұл мұндайды тарих бедерінен табу қиынға соғатын бұлжытпайтын саяси алдау ар бау болды.

Жоғары азаматтылықты  азаматтар емес, мемлекет, оның органдары қалыптастырды. Құрылған мемлекеттік органдардың бірден бір саяси факторы Коммунистік партия, дәлірек айтқан да, партиялық номенкулатураның партия органдарына басшылық жасаған шағын тобы болды. Бірақ, азаматтар осы құбылыстың мәнін жеке басқа табыну кезінде-ақ (Раскольниковтың Сталинге жазған атақты хатын еске алсақта жетеді) түсіне бастағанымен не айтуға, не жазуға рұқсат етілген жоқ. Бұл туралы, жеке басқа табыну нәубеті ашылғаннан кейін тарихта болып өткен кұбылыс ретінде, айтыла да, жазыла бастады. Кеңес азаматтарының саяси санасының шынайы болмысы туралы жазуға Кеңес мемлекеті таратылғанға дейін рұқсат етілген жоқ. Саяси өмір туралы, Коммунистік партияның диктатурасы туралы шындықты батыл айтқан жекелеген азаматтар "өзгеше ойлайтындар" "диссиденттер" аталып, елден қуылды, азаматтығынан айырылды. Жоғары, шынайы азаматтылық көрсеткен мұндай азаматтар мұндай қасиеттен жұрдай адамдар ретінде көрсетілді. Мемлекетті нығайтуға тұрақты "қамқорлық" жасаған Коммунист партия дүниені кері айналдырып, сол мемлекетті ірітіп, ыдыратуға өзінің жағдай жасайтынын сезіне алмады. Адамдардың шағын тобының, тіпті миллиондаған азаматтарды саяси партияға біріктірсе де, өзі туып, өзі соған орныққан "тірегі" - шіріген мемлекетті ұзақ ұстап тұра алмайтынын ол санасына сіңіре алған жоқ. Ол тірек мемлекет пен партияның кінәсінен пісіп жетілмеген азаматтылық еді. Кеңес мемлекетін фашизмнен қорғау кезінде азаматтардың жаппай көрсеткен азаматтылығын бетке ұстап, бұған қарсылық білдіретіндердің де кездесуі мүмкін. Алайда, мұндай қарсылық негізсіз. Аталған жағдайда азаматтардың жаппай ерлік көрсеткендері рас. Ол шынайы азаматтылық болды, бірақ ол мемлекетке емес, Елге, Отанға қатысты азаматтылық еді. Аталған жағдайда мемлекет үлгісінің үлкен мәнге ие болуы екіталай. Өйткені буржуазиялық мемлекеттердің де (Англия, Франция және т.б.) азаматтары сол мемлекеттерден гөрі, өз Отандарын қорғады. 1812 жылы патшалық қатал езгіге карамастан Ресейді оның қол астындағы барлық халықтар француздардың шапқыншылығынан қорғады.

Тиісінше, мемлекет және отан - әр түрлі ұғымда,сондықтан оларға қатысты азаматтылық сезімі де әр түрлі көрініс табуы мүмкін. Егер азаматтардың көпшілігі мемлекетті азаматтық қоғамның шын мәніндегі ресми өкілі ретінде қабылдаса, онда ол отан ұғымында ұғынылады. Егер де мемлекет өзін өзінің азаматтарына қатысты күштеу ұйымы ретінде ұстаса, онда саяси оқшаулану процесі туады және азаматтар мемлекетті отаннан дәл айырады. Кеңес мемлекетіне, КСРО ға қатысты, оның мемлекеттік құрылу нысаны ретінде, азаматтар кайшылықты саяси көңіл күйлерін, сезімдерін, көзқарастарын білдірді. Бір жағынан, олар мемлекетті қолдайтын, оның жасампаздық, жетілдіру және басқа процестеріне белсенді қатысатын сияқты көрінеді. Ал барлық мемлекеттік: әкімшілік, басқару, өкілетті, құқық қорғау, шаруашылық, әскери және басқа органдар да тек азаматтар ғана емес, шетелдіктер де жұмыс істейді ғой. Тиісінше, мемлекет тек құрылып қана койған жоқ, сонымен бірге азаматтардың күшімен өмір сүрді де. Екінші жағынан, мынадай сұрақ туындайды: ал азаматтар "өз" мемлекетінің тағдырына, оның тарихи болашағына қалай қарайды? Бұл сұраққа Коммунистік партияның аталған идеологтарының теориялық жауаптары дайын болды. Социалистік мемлекет ең прогрессивті, демократиялық, гуманды мемлекет болғандықтан, ол бірте-бірте өзін-өзі басқаратын коммунистік қоғамға айналып, ұзак өмір сүреді. Коммунистік идеологтар ең басты факторды: социалистік мемлекет коғамның табиғи тарихи дамуы нәтижесінде емес, саяси құрылым жаңаруының объективті зандылығынан тыс күштеу нәтижесінде пайда болғанын ескермеді. Сондықтан ол күштеу ұйымы ретінде құрылғандықтан, күштеу саясатын тұрақты жүргізді. Оның құрылуына, оның күштеу қызметіндегі сияқты, азаматтардың елеулі бөлігі қатысты. Кеңес мемлекетінің жасампаздығы мен өміршендігі азаматтылықтың елеулі түрдегі ізгі және прогрессивті көрінісі емес, керісінше болды. Азаматтылық   табиғатында прогрессивті құбылыс. Алайда, толыққанды азаматтылық болмағандықтан, оның сапасына (азаматтылыққа) да нүқсан келеді. Мұндай нұқсан тек мемлекет құрылымын жасақтауға ғана емес, сондай- ақ оның қызметі мен қызмет нәтижесіне де әсер етті. Өйткені күштеу, әділетсіздік мемлекеттің ресми өкілдері болып табылатын азаматтардың өздерінің, сондай-ақ жәй адамдардың қатысуымен жүзеге асырылды. Егер азамат мемлекет атынан сол мемлекеттегі өз азаматтарын олардың кінәсіз екендігін біле тұра, қуғын сүргінге ұшыратса, олардың азаматтық ар-намысы бар еді деуге бола ма? Тіпті, олар алдау арбаудың жетегінде кеткеннің өзінде олардың объективті түрдегі азаматтылық сезімі болған жоқ. Егер азаматтардың кепшілігі тұтастай халықтарға (чешендерге, ингуштарға, корейлерге, курдтарға, Қазақстанға күштеп көшірілген тағы басқаларына) керсетілген күштеу саясатына қарсылық көрсете алмаған жағдайда болса, демек, олардың бойында азаматтылықтың толық қалыптасып болмағандығы.

Күштеумен өмір сүретін  мемлекет іргесінің берік болуы  мүмкін емес. Азаматтық институтын сөз жүзінде жариялай және тани отырып, Кеңес мемлекеті тұрақты түрде іріткі салып, азаматтылық сезімнің қалыптасуына іс жүзінде мүмкіндік бермеді. Сөйтіп, ол өз азаматтарының саяси оқшаулануына белсенді түрде ықпал етіп қана қойған жок, сонымен бірге өз көрін өзі қазуға әзірледі.

Кеңес мемлекеті казақ  халқының да елеулі бөлігінің азаматтылық сезімін қалыптастыра алмады. Өкінішке орай, қазақ халқы толық мәніндегі біртұтас ұлттық психологиясы бар ұлтқа айналған жоқ. Қазақ халқының рулық қатынастар белгісі ретін де, жүздерге белінуі қазақтардың саяси санасына елеулі түрде әсер етті және мемлекеттік органдарды қалыптастыру және оларды жұмыс істеттіру процесінде көрініс тапты. Әрине, бұл прогреске қарсы және жағымсыз әсер еді, сондықтан ұлттық азаматтылыққа қызмет ете алмады. Кадрларды мемлекеттік қызметке тиісті қызметтерді ойдағыдай орындауға қажетті объективті және субъективті қабілеттеріне қарап емес, рулық белгілері бойынша өсіру мемлекетті, оның органдарын нығатпайды, ыдыратады. Мұндай жағдайда мемлекеттік органдар қызметін жалпы үлттық мүддені басшылыққа алып емес, шағын топ адамдарынын мүддесін кездеп жүргізеді. Әрине, мұның бәрінің бетін ашу оңай емес еді, сондықтан олар ірітуші фактор ретінде жа сырын әрекет етті, атап айтқанда: мұнсыз мемлекеттігін нығайта алмайтындығын ғана емес, тіпті одан айрылып қалуы да мүмкін екендігін саналы түрде сезінген, қазақ халқының азаматтық тұтасуына мүмкіндік бермеді. Іс жүзінде, осы мемлекеттіліктің қаз тұруы, қалыптасуы, өмір сүруі үшін бірнеше ұрпағы еңбек ете отырып, басқа ұлттың адамдары сияқты, қазақ халқы да одан айырылды. Өздерінің азаматтық күш қуатын тоталитарлық мемлекетті құруға арнады, өздерінің қайғылы тағдырын олар өз қолдарымен жасады деп ешкімнің де оларды кінәлауға құқы жоқ. Социалистік мемлекет тарихтың өмірге мезгілсіз келген туындысы болды. Сондықтан табиғи эволюциялық жолмен туған мемлекеттерге тән көптеген қасиеттер онда болған жоқ. Ең бастысы - ол өзіне берік әлеуметтік база жасай алмады, рухани үстемдікпен біріккен социалистік мемлекеттілік идеясына, ол идея қоғамдык көңіл күйге тұрақты түрде сіңірілсе және ол адамдардың санасында толық салтанат құрғандай әсер қалдырса да, берілген адамдар ұрпағын тәрбиелеп, калыптастыра алмады. Іс жүзінде шынайы азаматтылық көрсете отырып, Кеңес адамдары мемлекеттің тәуелсіздігін киян кескі шайқаста сақтап қалды, экономиканың өркендеуі, және басқа салаларда ерлікке тән қайрат жұмсады. Алайда, азаматтық рухы, біріншіден, оның зардап шегуінен, екіншіден, мемлекеттің кабілетті екендігін дәлелдеуге қабілетсіздігінен бірте-бірте сөне бастады. Мемлекеттік билікті иеленген бірден-бір саяси партияның қолындағы қуыршаққа айналған, өзінің жеке объективті заңдарымен қалыптаспаған және соған сүйеніп қызмет істемейтін мемлекеттің қабілетті мемелекет болуы мүмкін емес. Сондықтан Кеңес мемлекеті іс жүзінде өзінің өмір сүруін тоқтатудан көп бұрын азаматтардың саяси санасында саяси ұйым ретінде жойыла бастады. Коммунистік партия мен Кенес мемлекетінің басшылары мұны сезді және түсінді, сондықтан қоғамдық өмірді мезгіл мезгіл реформалауға күш салды. 50 70 жылдары қоғамдық өмірді реформалау жөнінде күш қуат жұмсалды. Алайда, бұл талпыныс діттеген жеріне жетпеді, өйткені ол саяси, экономикалық құрылымды түбегейлі өзгерту мақсатын көздеген жоқ. Ал бүкіл саяси құрылымды қайта құру басталғанда социалистік мемлекет бұған шыдай алмады. Ол қайта құру, тағы да сол социалистік мемлекеттіліктен бас тарту мүмкіндігі "ойына кіріп те шықпаған" данышпан Коммунистік партияның басшылығымен жоғарыдан жүргізілгендіктен осылай болған жоқ. Коммунистік партия күйреген кезде Кенес мемлекеті өзінен өзі тарады, содан сон мемлекеттік құрылым нысаны ретінде тек КСРО ғана емес, сондай-ақ саяси ұйымның ерекше түрі ретінде социалист мемлекеттін өзі тарап кетті. Тек сонда ғана жоғары рухты бойына сіңіргендей кеңестік азаматтылықтың зардабы мен жарты кештігі толық күйінде айқындалды. КСРО-ны біртұтас мемлекет ретінде сақтау мүмкіндігі туралы референдум өткізілгенде референдумға қатысушылардың 70 проценттен астамы оны қостап дауыс берді. Біріншіден, сайлаушылардың үштен бірі дерлік КСРО-ның сақталуын қаламады. Бұл кеңестік кезенде одақтық мемлекеттің сақталуын қаламаған азаматтардың осы бөлігінің саяси еркінің бұрын сонды кездеспеген шынайы көрінісі болды. Жасырын дауыс беру нәтижесінде КСРО- ның сақталуын қалаған миллиондаған адамдар, Ресейдің, Украинаның және Белоруссияның атынан үш "мемлекеттік пір" қол қойған Беловеж келісіміне қарсылық көрсеткен жоқ. КСРО-ыны миллиондаған адамдар беймәлім дүниеге үнсіз шығарып салды. Бұрынғы партия басшылары өз азаматтарының еркін білдіруді қажет деп есептемеді. Кеңес азаматтарының азаматтылық рухы мен саяси санасының шынайы болмысын олар білді. Және дұрыс істеді. Екіншіден, социалистік мемлекет азаматтары ол мемлекетті сақтауды қалайма немесе рыноктық мемлекет құрғысы келе ме оны сұраған жоқ. Мұндай жағдайда, одан әлдеқайда мәнді: бүкіл мемлекеттік тетікті социалистік мемлекетке мүлдем қарама-қарсы принциптермен қайта құруға келіп тірелді. Дұрыс ойлай білетін адамдардың бәріне де түсінікті: әңгіме бай да, кедей де, аш та, тоқ та, басқалары да болатын капиталистік қоғам жөнінде еді. Міне, нақ осы жерде социалистік азаматтылық идеясының толык қабілетсіздігі ашылды. Социалистік мемлекеттің азаматтылығы болған жоқ, социалистік азаматтылық идеясын сақтап қалуға кабілетті, жоғары патриоттық рухтағы азаматы да болған жоқ. Бұл заңсыз өмірге келген мемлекеттің мейлінше занды мәресі еді.

Информация о работе Азаматтық құқықтың қайнар көздері