Азаматтық құқықтың қайнар көздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 21:59, курсовая работа

Описание работы

Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғалар олардың субъектілері болып табылады. Азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілерінің ауқымы АК-ның 2-тарауында айқындалған. Құқық, оның ішінде азаматтық құқық реттеп отыратын қатынастар қоғамдық қатынастар, яғни адамдар арасындағы қатынастар болып табылады. Жекелеген индивидтер, сондай-ақ олар құрайтын ұжымдық түзілімдер осындай қатынастардың қатысушылары бола алады. Заң актілерінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде азаматтық құқық субъектілерін белгілеу үшін әдетте «тұлғалар» деген жинақтаушы термин пайдаланылады.

Содержание

Кіріспе
1. Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары
1.1 Азаматтық құқықтың жалпы құқық жүйесіндегі орны
1.2 Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары
1.3. Азаматтық құқықтың басқа сабақтас құқықтық салалардан айырмашылығы
1.4 Азаматтық құқықтық қатынастарды реттеу тәсілі
1.5. Азаматтық заңдардың ұқсастығына уақытына қолданылуы
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

азамат кукык кайнар коздери.doc

— 235.00 Кб (Скачать)

Жоспар

І. Кіріспе

1.  Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары

1.1 Азаматтық құқықтың жалпы құқық жүйесіндегі орны

1.2 Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары

1.3. Азаматтық құқықтың басқа сабақтас құқықтық салалардан айырмашылығы

1.4 Азаматтық құқықтық қатынастарды реттеу тәсілі

1.5. Азаматтық заңдардың ұқсастығына уақытына  қолданылуы

 

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Азаматтық-құқықтық қатынастарға құқық берілген немесе міндетті адам ретінде қатысу мүмкіндігі құқық субъектіліктің болуын талап етеді, ал ол құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін қамтиды. Азаматтық құқықтарды иеленіп, міндеттер атқару қабілетін құқық қабілеттілігі деп түсінеміз. өз әрекеттерімен құқықтарды иеленіп, оларды жүзеге асыру, сондай-ақ міндеттерді белгілеп, орындау қабілеті әрекет қабілеттілігі болады.

Қазақстан Республикасының  бір тұтас құқық жүйесі бірнеше  салаға бөлінетіндігі бәрімізге  мәлім. Сол салалардың бірі болып  табылатын - азаматтық құқық. Азаматтык  құқық сала ретінде елімізде калыптасып келе жатқан нарыктық экономиканың бірден-бір негізі десек те болатын шығар. Өйткені, бұл саламен реателінетін құкық қатынастарының шеңбері кең.

Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғалар олардың субъектілері болып табылады. Азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілерінің ауқымы АК-ның 2-тарауында айқындалған. Құқық, оның ішінде азаматтық құқық реттеп отыратын қатынастар қоғамдық қатынастар, яғни адамдар арасындағы қатынастар болып табылады. Жекелеген индивидтер, сондай-ақ олар құрайтын ұжымдық түзілімдер осындай қатынастардың қатысушылары бола алады. Заң актілерінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде азаматтық құқық субъектілерін белгілеу үшін әдетте «тұлғалар» деген жинақтаушы термин пайдаланылады.

Жеке индивидтердің жеке адамдар деп атайды. «Жеке адамдар» ұғымы Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетеліктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қамтиды. Басым көпшілік жағдайда азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері Қазақстан Республикасының азаматтары болады, сондықтан құқықтық нормаларда, әдетте, азаматтар жөнінде сөз болады. бұл осындай нормалардың қағидалары тек Қазақстан Республикасының азаматтарына таралады дегенді білдірмейді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабына сәйкес, Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады.

Егер олардың заңды  тұлға мәртебесі болса, адамдар  құратын ұжымдық құрылымдар (ұйымдар) азаматтық құқық субъектілері болып танылады. ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері азаматтық құқықтың субъектілері бола алмайды, өйткені олар заңды тұлғалар болып танылмайды. Адамдар арасындағы қоғамдық байланыс, олардың мінез-құлқына әсер ететіндіктен, азаматтық құқық қатынастарының объектісі ретінде оның субъектілерінің мінез-құлқы, іс-әрекеті жатады. Материалдық игіліктерге бағытталған азаматтық мүліктік құқық қатынастары да оның объектісін құрайды. Мысалы тапсырыс берушінің тапсырмасы және мердігер шарты бойынша іс-әрекет етсе, ол да құқық қатынасының объектісін құрайды. Яғни, азаматтық мүліктік құқық қатынасы іс-әрекет механизмі: тиісті тұлға өз іс-әрекетімен міндетті тұлғаға әсер етеді, дәлірек айтқанда, соның материалдық игілігіне жұмыс істейді. Мүліктік қатынастардың мүліктік емес құқық қатынастарынан ерекшелігі – объекті ретіндегі тұлғалардың мінез-құлықтары болады. олар әртүрлі жеке материалдық емес игіліктерге бағытталған: ар мен абырой, іскерлік атақ, адамның аты-жөні, заңды тұлғаның атауы, т.б. Бұдан біз азаматтық құқық қатынастарының объектісі ретінде, субъектілердің материалдық емес игіліктеріне құрылған мінез-құлық бағыты жататынын көреміз.

Меншік, шаруашылық жүргізу  немесе оралымды басқару құқығындағы  оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес өзіндік құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Қызметінің мақсаттарына қарай заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғаларға бөлінеді. өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табыс табуды көздейтін заңды тұлғалар коммерциялық ұйымдарға жатады. коммерциялық емес ұйымдар табыс табудан өзге мақсаттар бірлесіп ғибадат ету және тиісті дінді тарату болып табылады. Заң актілерінде көзделген ұйымдық-құқықтық нысандарда ғана заңды тұлғалар құруға болады, коммерциялық ұйымдар үшін мұндай нысандардың жеткілікті тізбесі заңда анық көрсетілген.

Заңды тұлғаларға ортақ белгілер қандай және қандай түрлері бар, олардың пайда болуы,өзгертілуі және тоқтатылуының құқықтық ерекшеліктері, оларды мемлекеттік тіркеудің маңызының ұғымын, түсінігін беру жалпы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде көрсетілген заңды тұлға дегеніміз ұғымын зерттейміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1.  Азаматтық құқықтың жалпы құқық жүйесіндегі орны

 

Қазақстан Республикасының  бір тұтас құқық жүйесі бірнеше  салаға бөлінетіндігі бәрімізге  мәлім. Сол салалардың бірі болып  табылатын — азаматтық құқық. Азаматтық құқық сала ретінде елімізде қалыптасып келе жатқан нарықтық экономиканың бірден-бір негізі десек те болатын шығар. Өйткені, бұл саламен реттелінетін құқық қатынастарының шеңбері кең.

Азаматтық құкығымен  реттелінетін қатынастардың түсінігін  беру үшін құқық теориясында қолданылып жүрген ережелерге сүйенуіміз қажет. Яғни айтқанда, реттеу пәні мен реттеу тәсілдері. Осы жоғарыда керсетілген екі категорияның негізінде азаматгык құқығына сала ретінде тек анықтама ғана емес, оның басқа құқық салаларынан ерекшелігін де көрсетуге болады.

Азаматтық кодекстің 1-ші бабының 1-ші тармағында көрсетілгендей, азаматтық зандармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне  негізделген езге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Сонымен қатар, мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар да азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды.

Жоғарыда көріп отырғанымыздай, азаматтық, құқығымен реттелінетін қоғамдық қатынастардың негізгісі  болып табылатыны - мүліктік қатынастар. Сондықтан да айтып кеткен жөн  болар кез келген мүліктік қатынастар емес, қоғамның негізін қалайтын тауар-ақша қатынастары, яғни азаматтық құқық субъектілерінің кез келгенінін қатысуымен және әр түрлі көріністерде (мүлік беру, жұмыс, қызмет) байқалатын мүліктік қатынастар.

Мүліктік қатынастарға негізінен, қоғамдағы өндіріс құрал-жабдықтарына, мүліктік игіліктерге және басқа да материалдық құндылықтарға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жатады.

Мүліктік емес жеке қатынастар, мүліктік қатынастарға тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар болып екі топқа бөлінеді. Азаматтық зандармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарға құндық манызы жоқ қатысушылардын қоғамдық сипатын белгілейтін материалдық емес құндылықтар жатады. Мәселен, әдеби шығармамен, ғылыми едбекпен айналысушылар немесе өнертапқыш өзінің авторлығын анықтау туралы мәселе қойса, өзінің жекелігін қорғай отырып, бұл мәселе бойынша қоғамдық дербес қатынасқа түседі. Бұл қатынас мүліктік болып табылмаса да, мүлікпен тығыз байланысты, өйткені өнертабыс иесінің өнертабысын пайдаланғаны үшін онда авторлық сый ақы алу құқығы пайда болады,,

Азаматтық заңдармен  реттелетін мүліктік қатынастарға байланысы  жоқ мүліктік емес жеке қатынастарға азаматтың есімі, жеке келбет құқығы, жеке өмірдің құпиялығы, тұрғын үйге кол сұқпаушылық, азаматтың немесе заңды тұлғаның абыройына, қадір-қасиетіне, іскерлік беделіне байланысты туындайтын құқықтық қатынастарды жатқызуға болады. Қазақстан Респуб-ликасының Конституциясының 9-бабында азаматтың арнамысы мен қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылық атап көрсетілген.

Сондай-ақ Ата Заңның 33-бабы «азаматтың жеке өміріне қол  сұғуға болмайтындығын» атай келе, «азаматтық жеке әміріне араласуға, оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне  кол сұғуға тыйым салынады» десе, осы баптың келесі тармағында «тұрғын үйге қол сұғуға болмайтындығы» атап көрсетілген. Жоғарыда көрсетілген мүліктік катынастармен байланысы жоқ жеке қатынастар, мүліктік емес жеке қатынастардың екінші тобын құрайды.

Азаматтық заңдармен  реттелетін қатынастар жиынтығын анықтай  келе, бұл қатынастардың, субъектілерін де атап көрсетуге болады. Оларға жеке тұлғалар (Казақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар),

-заңды тұлғалар, мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1964 жылғы Азаматтық Кодекспен салыстырғанда 1994 жылы 27-ші желтоқсанда қабылданған Азаматтық Кодекстің ерекшелігі сол, мемлекет азаматтық-құқықтық қатынастарға осы қатынастарға өзге қатысушыларымен тең негізде түсетіндігі атап көрсетілген.

Азаматтық құқық сала ретінде толық көрінуі үшін оның реттеу тәсілдерін анықтау кажет. Көтеген ғалымдардын тұжырымдары бойынша құқықтық қатынастарды реттеу тәсілінің бірнеше түрі бар және ол құқық жүйесінің салаларына байланысты әрқилы болуы мүмкін. Азаматтық-құқықтық қатынастардың ерекшеліктеріне байланысты азаматтық құқығының реттеу тәсілі төмендегі ережелерге байланысты анықталады. Біріншіден, азаматтық-құқыктық қатынаста қатысушылардың заңи теңдігі, яғни азаматтық құқығының субъектілері азаматтық айналымға түсу процесінде бір-біріне тәуелсіз. Екіншіден, жеке және заңды тұлғалар азаматтык құкық пен азаматтык. міндетті өз ниеттерінің негізінде жүзеге асыруы, азаматтық-құқықтық қатынастарды жүзеге асыру мүмкіншілігінің теңдігі және заң алдында бір текті қорғалуы.

Азаматтық құқық көбінесе диспозитивтік нормаларға негізделген.

Диспозитивтік норма  дегеніміз - тараптар араларында туындайтын қатынастарды өздерінің қалауынша, егер занда өзгеше көзделмесе, реттеу мүмкіндігі. Осы тұрғыдан алғанда, Азаматтық  Кодекстің көптеген нормалары көрсетілген  ережелерге башнады. Мәселен, азаматтық Кодекстін 238-ші бабы, яғни шарт бойынша мүлік алушыда меншік құқығы пайда болатын кезеңі.

Жоғарыда көрсетілгендерді қорыта келіп, азаматтық құқыққа  сала ретінде төмендегідей анықтама беруге болады. Азаматтық құқық дегеніміз - бір тараптың екінші тарапқа бағынбауына, қатысушылардың теңдігіне негізделген, тауар-ақша қатынастарын және өзге де мүліктік қатынастарды, сондай-ақ мүліктік қатынастарға баланысты (байланысты емес) мүліктік емес жеке қатынастарды реттеуге бағытталған құқықтық норма жиынтығы.

 «Нормативтік құқықтық  актілер туралы» Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес зан актілеріне: конституциялық заң, Қазақстан  Республикасы Президентінің конституциялық  заң күші бар жарлығы, кодекс, заң, Казақстан Республикасы Презвдентінің  зан күші бар жарлығы, Қазақстан Республика-сы Парламентінін қаулысы, Сенат пен Мәжілістің каулылары жатқызылған.

«Қазақстан Республикасының  Презвдентіне және жергілікті әкімшіліктердің  басшыларына қосымша екілеттіктерді уақытша беру туралы» 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Президентіне жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясы жұмысын бастаған мерзімге дейін Конституіщяньщ негізінде және оны орындау үшін заң күші бар актілер шығаруға құқық берілді. Жоғарыда аталған заннын 1-бабында бұл актілер Казақстан Республика-сынын тиісті заңдары қабылданғанға дейін колданылады деп белгіленген.

Сөз жоқ, азаматтық құқық  үшін Казақстан Республикасы Президентінің  мынадай заң күші бар Жарлыктарынын. зор маңызы бар: 1995 жылғы 17 сәуірдегі «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы»1,1995 жылғы 2 мамырдағы «Шаруашылық серіктестіктері туралы»2, 1995 жылғы 31 тамыздағы «Казакстан Республикасындағы банктер және банк қызметі ту-ралы»3, 1995 жылғы 3 қазандағы «Сақтаңдыру туралы»4, 1995 жылғы 5 қазандағы «Өндірістік кооператив туралы»5, 1995 жылғы 23 желтоксандағы «Жылжымайтын мүлік ипоте-касы туралы»6,1995 жылғы 25 желтоқсандағы «Жылжымайтын мұлікке және онымен жасалатын мәмілелерге кұкыктарды мемлекеттік тіркеу туралы»7, 1995 жылғы 22 желтоксандағы «Жер туралы»8, және баскалар.

Қазақстан Республикасы министрліктерінің, мемлекеттік комитеттері  мен ведомстволарьшын нормативтік  актілеріндеде азаматгык-құықтық  нормалар болуы мүмкін. Олар ведомстволық нормативтік құқықтық актілер деп аталып кеткен және оларды тіркеу 1994 жылш 16 наурызда Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысымен бекітілген «Ведом-стволық нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тәртібі туралы» ереже негізінде жүзеге асырылады,

Азаматтық кодекстің 3-бабының 5-тармағында Азаматтық кодекстежәне азаматтық зандардың өзгеде актілерінде  кезделген жағдайлар мен шекте  министрліктер мен өзге де орталық  атқарушы органдар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар азаматтык қатынастарды реттейтін актілер шығара алады деп белгіленген.

Информация о работе Азаматтық құқықтың қайнар көздері