«Жас Орда» ойын- сауық кешені

Дата добавления: 06 Декабря 2011 в 22:15
Автор: e***********@mail.ru
Тип работы: реферат
Скачать полностью (37.56 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Жас орда.docx

  —  40.40 Кб
 
 
 
 

Жауапкершілігі  шектеулі серіктестік 
 
 
 

«Жас  Орда» ойын- сауық кешені 
 
 
 
 
 

                                       Құрылтайшылар: Өтеғұлов Н

                                                                      Қамбарова Г

                                                                      Тналиева Е 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Бизнес-жоспар

  1. Атауы: «Жас Орда» патриоттық демалыс және думан кешені
 
  1. Мекен-жайы және банктік реквизиттері:  Астана қаласы, Республика 14

    Банк реквизиттері:

     «Цесна банк»

      РНН 407856245000000008

      Бик 04330781 

  1. Негізгі құрылтайшылары туралы ақпарат: Біз құрған ұйымның құқықтық формасы Жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады. Себебі нарықтық қатынастарға ең бейімі болып табылады. ЖШС-құрылтайшылары жеке және заңды тұлға болып табылатын кәсіпорын. Негізгі қоры құрылтайшылардың салымдары.
 

    Құрылтайшылардың  құру кезіндегі жарғылық капиталдағы  үлесі: 

    
Ф.И.О. Процентпен Үлеспен
1 Өтеғұлов Н 50% 2
2 Тналиева Е 25% 1
3 Қамбарова Г 25% 1
 
 
  1. Мақсаты:   Жастардың түнгі клубтаға жиі баратынын ескерңп,  түнгі клуб баламасы ретінде ұлттық нақыштармен безендірілген кешен ұсыну арқылы жастардың демалыс өткізуінің өзін ұлттық айшықтармен ұштастыру, санаға әсер ету мүмкіндігі жоғары. Қазақ жастары өздерінің нағыз қазақ екенін түсініп, өзге ұлт өкілдері қазақтың дәстүрімен жетік танысып, құрметтеуіне әкеледі.Тәуелсіз елдің ертеңгі тірегі жастарға арналған жоба жаңашыл-ұлттық-патриоттық-экономикалық-архитектуралық орын болмақ.
  2. Кәсіпорын басшысы: Өтеғұлов Н біліктілігі жоғары маман. Өз ісінің шебері).
  3. Қызмет түрінің сипаттамасы: "Жас Орда" патриотық думан демалыс кешенінің қызмет көрсету саласы өте жоғары деңгейде және барлық талаптарға сай болып табылады. Біздің кешеніміздің ірі қонақтарға күтім жасаудан персоналды қызмет көрсетуге дейінгі қызметкерлер өте профессионалды деңгейде деп айтсақ қателеспеген болар едік.
  4. Қызмет ерекшеліктері:

    - Кешенде  ұлттық тағамдар мен сусындар, сонымен бірге классикалық астар  мәзірде болады.

    -Асаба  іспетті ви-джей ойындары болады, ол оның шығармашылық шабытына  байланысты.

    -Ди-джей  музыкасы қазақ және шетел  музыкаларынан биге лайықталған  әндерден алынады.

8.  Қызмет түрінің ерекшелігі:

     Жаһандану процесінің қазіргі таңда қарқынды жүруіне байланысты әр елдің өзінің ұлттық ерекшеліктерін сақтап қалуға тырысуы байқалады. Тіпті, жаһандануды  тудыратын ірі орталықтың бірі - Батыс Еуропа елдерінің өзі ұлттық құндылықтарын сақтап қалудың өзекті мәселе екенін атап көрсетуде. Жаһандануға  толық тосқауыл қою қазіргі қалыптасқан  жағдайда мүмкін емес. Біз оны белгілі  бір деңгейде өзімізге тиімді етіп шектей аламыз. Осы негізде қазақ  елі өз саясатын ұстануы керек. Біз  қалыптасқан жағдайды ескере отырып, жаһандану экспанциясын, ұлттық шеңберде реттейтін  механизмдерінің бірін  ұсынуды жөн көрдік.

     Жастардың жаһандануға байланысты шетелден артта  қалғысы келмейтіндігіне байланысты «сынықтан басқаның бәрі жұққыш келетіндіктен» шетелдің жақсы-жаман әрекетінің бәрін  көшіру байқалады. Ал бұған тосқауыл қою мұсылман елдері қабылдаған қатаң  шешімдер арқылы болуы мүмкін, бірақ  біздің көпұлтты, зайырлы, еркін қоғамда  мұның бола қоюы неғайбыл. Сонымен, біз мұның неғұрлым тиімді жобасын  ұсынамыз. Әрине әр жобаның кемшілігі  болатынын түсіне отырып, тәуекелге  бел бууға ниет еттік.

     Адамның жаңа дүниеге көзқарасы әуелі  көру арқылы қалыптасады. Сол себепті  сыртқы және ішкі көрінісі келген қонақтарға қай елдікі екенінен, дәстүрінен хабар  беретіндей әсер етуді ойлап ұлттық нақыштарды қолдануды шештік.

      Әрине, сыртқы және ішкі көріністерде ұлттық  айшықтардың болуы зор әсер етпеуі де мүмкін деп ойласаңыз да, сіз  бұған қоса қызмет көрсетудің қазақ  тілінде екенін ескерсеңіз, өз пікіріңізді  өзгертесіз. Тағы бір артықшылық –  «Жас Ордада» арақ-шарапты қолданбауды, орнына ұлттық және классикалық сусындарды пайдалануды ұстанамыз. Студенттер қауымына арналғандықтын, бағаның арзан  түсуі – айрықша атап өтерлік  артықшылық. Нақтырақ өзге де артықшылықтар  мен жаңашыл ерекшеліктер мен  алдағы тарауларда танысуға болады.

  1. Тарату арналарын зерттеу:

    Жарнама құралдары: телетекст арқылыт хабарландыру, газет, журналға хабарландыру, теледидар  арқылы телеролик, визиткалар тарату, сыртқы жарнама түрлерін қолдану.

  1. Ғимараттар мен құрал-жабдықтар: 

А.Жалпы сыртқы көрінісі

    1-сурет.  Кешеннің сыртқы көрінісі киіз  үй пішінді болады.Бұл қадам  киіз үйдің беделін көтеріп,  пирамида секілді архитектуралық  туындылармен қатар қояры анық.Біздің  киіз үйді таңдауымыз ұлтымыздың  рухани байлығына деген тағы  бір құрмет.

2-сурет.  Киіз үйдің жоғарғы көрінісінен  көріп отырғандай шаңырақтан  сегіз көк жолақ түседі.Жолақтың бетінде ақ түсті ою-өрнек болады,қалған жерлер ақ түсті,ал шаңырақтың түсі қоңыр-қызғылт түсті.

Б.Орталық залдың жалпы ішкі көрінісі

3-сурет.  Көріп отырғандай жоғарғы қабырғада  Қазақстан Республикасының туының  бейнесі бейнеленеді. Залда жарық  сөнген кезде төбедегі қабырға  қара түсті болып,қараңғылықтың  ішінен күн шуағы секілді алтын  түстес жарық төменге түсіп  тұрады .Ол жарық туымыздағы қыран  және күн мен оның шуақтарының  бейнесінен түседі. Бұл сұлулықты  көрген адам өз бойына рухани  күш жинап,ғажап сұлулыққа сүйсінері  кәміл. Би кеші кезінде бұл  жарық барлық залдағы адамдардың  төбесінен түсіп,келушілерге ерекше  әсер сыйлайды.Бұл эффект би  кешін қызықты әрі ерекше қылып  өткізуге өз әсерін тигізеді.Осы  шуақтың астында тұрған адам  күн шуағынан рухани нәр,күш-қуат  алып жатқан секілді көңіл-күйде  болады. Бұл ерекше эффект туымыздың  әсемдігін, ұлылығын, алыптығын,  ғажаптығын көрермендерге дәлелдейтін  негізгі жолдың болары анық.

4-сурет.Қабырғалардың  түсі қоңір болады.Қабырғаларда  әрбір 2.5 метр сайын туымыздың  түсімен түстес(ашық көк,аспан  түстес)ені 40 сантиметрлік жолақ  түседі. Жолақ төбедегі қабырғадан  еденге дейін болады.Жолақтың  бетінде туымыздағы қазақтың  таң ғажайып ою-өрнегі болады. Оюдың түсі алтын түстес. Бұл  қадам да халқымыздың мәдени  мұрасы-ою-өрнектердің әсемдігі  мен беделін арттырары анық.

Еденнің түсі қара қошқыл-қызғылт түсті болады.

5-сурет.  Сахна қабырғасының дәл ортасында  Қазақстан Республикасының елтаңбасы  тұрады.Елтаңба диаметрі 60 сантиметр.

6-сурет.  Орталық залдағы әрбір столдың  бетінде Қ.Р-ның териториялық  картасы бейнеленеді.Столдың ені  мен ұзындығы 75 сантиметр.

В. Орталық зал

7-сурет.  Орталық зал 140 адамға дейін  қабылдай алады.Залда 27 төрт адамдық  стол және 4 сегіз адамдық, ал 1а-тапсырыс  беру орнында 8 шақты орындықтар  орналасады. Төрт адамдық столдың  ені мен ұзындығы 75 сантиметр,  ал сегіз адамдық столдың ені  1 метр ал ұзындығы 2 метр.

Г.Кешен бөлмелер жоспары:

8-сурет.

(1)-орталық зал(танцпол)

(1а)-сахна

(2)-тапсырыс беру орны

(2а)-асхана

(2б)-ыдыс-аяқ жуу бөлмесі

(2в)-азық-түлік қоймасы

(2г)-асхана персоналы киім шешу бөлмесі(гардероб)

(3)-кешен  әкімшілігі

(4)-кешен  менеджері кабинеті

(5)-жиналыс  залы немесе қонақтар қабылдау  залы

(6)-кешен  иесі жоғарғы оқу орнының жастар  ісі жөніндегі камитеттің бас  кабинеті

(6а)-ЖІЖК-тің  дайындық залы

(7)-кешен  қоймасы

(8)-кешеннің  тазалық(электрик,сантехник,тазалық  қызметкері)персоналы бөлмесі

(9)-күзет  бөлімі

(10)-дәрігерлік  пункті

(11)-өрт  сөндіру бөлімі

(12)-касса

(13)-кешенге  келген адамдарға арналған киім  шешу бөлмесі(гардероб)

(14)-сахна  жабдықтарының қоймасы

(15)- киініп-шешіну  бөлмесі

(16)- киініп-шешіну  бөлмесі

(17)-сахнаға  шығатын адамдардың демалыс орны

(18)-сахнаға  шығатын әйел адамдардың әжетханасы

(19)- сахнаға  шығатын ер адамдардың әжетханасы

(20)-кешен  әйелдер әжетханасы

(21)-кешен  ерлер әжетханасы

(22)-тексеріс  бөлімі (флэш контроль) 

  1.   Тұтынушылар тізімі:

     Негізгі тұтынушылар жастар болғандықтан, Кешен  енді өзінің бас клиенттері, өзі  негізделген жастар қауымына үлкен  әсер етеді. Жастар қауымы, студенттер, сөзсіз, кеш пен таң аралығындағы уақытты клубтарда өткізгенді ұнатады. Мұны біз жас ретінде жақсы  білеміз. Ал «Жас Орда» - демалыс және думан кешендерінің ішіндегі жаңа формат. Оның үстіне патриоттық және ұлттық бояуларымен  қаныққан. «ЖасОрдаға» жастар барғанда көңілді уақыт өткізіп қана қоймай, өз салты мен елдігінің бір  рухани бөлшегін ала шығады. Ұлт  пен ұлысқа байланыссыз жастардың  шын аңсары ауады. Кешен стилінің өзі әу бастан жастарды қызықтырады, ал онда келген жастар өзге жерге бармай, уақытын «ЖасОрдада» өткізеді, сөйтіп өзге клубтардағыдай қақтығыстарға  ұшырау мүмкіндігі болмайды.    

  1. Нарықтағы мүмкіндіктер:

«Жас  Орда» кешенінің бұған дейін  аналогы болмағандықтан қоғам назарының  бірден аууы заңды болар еді. Бұл  жоба – сөзсіз инновациялық құрылым, ал жаңашылдықтарға халықтың ықыласы  мен көзқарасы бірден пайда болады. Халық жаңа, көз көрмеген нәрселерге құмар келеді, және ақпарат құралдары  мен хабарландырулар арқылы да біліп  алған ел оның құрылысы басталған  кезеңнен қызығушылықта болады. Бұл  – жобаның бас артықшылықтарының  бірі.

Қазіргі көптеген архитектуралық және қызметтік  тұрғыдан сан алуан кешендер салынып  жатқан кезеңде сөзсіз олардың идеялық  және рухани әсер ету бойынша бағалау  актуальды. «Жас Орда» - уникум. Ол сәулеттік  өнердің бірегей туындысы бола тұра, қызметі де аса маңызды және ерекше болып табылады. Демалыс және думан  кешенінің сыртқы архитектуралық келбеті  Астана сипатына сән беруші ғимарттардың біріне айналады, әрі ол Астана қонақтары мен тұрғындарына бір мезгіл рухани қуат береді, қазақ дәстүрімен тоғыстырады, Отан деген сезіммен қауыштырады. Өркендеп келе жатқан сұлу Астананың көп ғимараттарымен бірге алыстан көз тартатын кешен айрықша көрінеді.  

  1. Бәсекелестердің мүмкіншіліктерін анықтау: Мұнда біз осында тіркелген ұйымдарға анализ жасаймыз. Оларға:  Шоколад, Fusion, Oscar, Mc Coffee.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Миссия   Түнгі клуб  баламасы ретінде ұлттық нақыштармен  безендірілген кешен ұсыну арқылы  жастардың демалыс өткізуінің  өзін ұлттық айшықтармен ұштастыру,  санаға әсер ету
Болжам  уақыт өте шет  елде яғни ол қазақ халқы ең көп  тараған мемлекеттерде өз филиалдарымызды  ашу ең үлкен жоспарымыз бар. Бұл  екі жаққа да пайда әкеледі, себебі өз мемлекетінен жырақта жүрген азаматқа елімен танысуға зор мүмкіндік әрі  қызығушылық тудыру арқылы бізге  коп тұтынушылар тартылатынына  сеніміміз мол
Бизнес-міндеттер (ұзақмерзімдік мақсаттар) Ішкі нарықты  толық қамтып, сыртқы нарыққа шығудың  жолын іздестіру
Бизнес-міндеттер (ортамерзімдік мақсаттар) Нарықтағы бәсекелес  фирмаларды ысыру арқылы үлесті жоғарлату, үлкен позицияға ие болу
Бизнес-міндеттер (қысқамерзімдік мақсаттар) Қысқа уақыт  аралығында нарыққа ену және тұтынушылардың сеніміне кіру
Кәсіпорынның  ұйымдық – құқықтық түрін таңдау Ұйымның құқықтық формасы Жауапкершілігі шектеулі серіктестік  болып табылады. Себебі нарықтық қатынастарға ең бейімі болып табылады. ЖШС-құрылтайшылары жеке және заңды тұлға болып табылатын кәсіпорын. Негізгі қоры құрылтайшылардың салымдары.
Страницы:12следующая →
Описание работы
Жастардың түнгі клубтаға жиі баратынын ескерңп, түнгі клуб баламасы ретінде ұлттық нақыштармен безендірілген кешен ұсыну арқылы жастардың демалыс өткізуінің өзін ұлттық айшықтармен ұштастыру, санаға әсер ету мүмкіндігі жоғары. Қазақ жастары өздерінің нағыз қазақ екенін түсініп, өзге ұлт өкілдері қазақтың дәстүрімен жетік танысып, құрметтеуіне әкеледі.Тәуелсіз елдің ертеңгі тірегі жастарға арналған жоба жаңашыл-ұлттық-патриоттық-экономикалық-архитектуралық орын болмақ.
Содержание
содержание отсутствует