Әкімшілік құқықтық қатынас

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 18:21, реферат

Работа содержит 1 файл

Әкімшілік құқықтық қатынас.docx

— 44.78 Кб (Скачать)

Сонымен, әкімшілік-қүкыктық катынастар — бұл әкімшілік құқык нормаларымен реттелінген басқарушылык коғамдык қатынастар, ондағы тараптар әкімшілік-құкыктык нормалармен тағайындалған және кепілденген өзара байланысты міндеттер мен кұкықтарды иеленуші болып табылады.

Әкімшілік-құкықтык катынастардың  ең жалпы сипаты осындай, онда жалпылык пен ерекшеліктің, тектік пен түрліліктің  арақатынасы көрінісін тапқан. Сонымен  бірге әкімшілік-құқықтық қатынастардың  әкімшілік құкыктың нормаларынан және олар реттейтін басқарушылық кызметтен  ту-ыңдайтын ерекшеліктері бар.

Бұл құқыктық катынастардың  катысушылары (тараптары) мыналар болуы  мүмкін: Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар; мемлекеттік ұйымдар: атқарушы билік (мемлекеттік баскару) органдары; мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер; мемлекеттік емес ұйымдар; қоғамдық бірлестіктер (партиялар, одактар т.с.с.); еңбек ұжымдары; жергілікті өзін-өзі баскару органдары; коммерциялық құрылымдар; жеке кәсіпорындар мен мекемелер.

Әкімшілік-кұқыктық қатынастарда мемлекеттің мақсаттары мен мүдделері  әркашанда тиісті көрінісін табады, өйткені бұл қатынастар тараптарының бірі, әдетте, мемлекеттің атынан іс-кимыл  жасайтын мемлекеттік орган немесе лауазымды адам болып табылады.

Әкімшілік-құқыктық катынастар ерекшеліктерінің аса маңыздылары  мыналар:

1. Басты ерекшелік — тараптардың теңсіздігі. Тараптардың бірінің басқа тарапқа катысты әркашанда зандық биліктік өкілеттіктері болады. Мұндай тарап, мысалы, баскару органдары немесе лауазымды адамдар болуы мүмкін. Сол себепті екі азаматтың арасында, екі коғамдық бірлестіктің арасында, егер тараптардың ең болмаса біреуінін биліктік өкілеттіктері болмаса, әкімшілік құқықтык катынастар болуы мүмкін емес.

2. Әкімшілік-қүкықтық катынастар тараптардың қайсысының болса да — басқару органының, азаматтың және сол сияқты басқалардың — ынтасы бойынша пайда болады. Бірақ екінші тараптың келісімі немесе тілегі олардың пайда болуына барлық жағдайларда міндетті шарт емес. Ол екінші тараптың тілегіне қарамастан немесе оның келісімінсіз де пайда болуы мүмкін. Бұл белгі оларды азаматтык-құкыктык қатынастардан ерекшелейді.

Мемлекеттік басқару органдарының әкімшілік-кұқыктык қатынастарға түсуі  тек кана мүмкіндігі емес, сонымен  катар, көпшілігіне, олрадың тікелей  міндеті екендігін ескеру керек.

3. Тараптардың арасындағы әкімшілік-құкыктык даулар, қағида бойынша, әкімшілік тәртіппен, яғни өкілетті баскару органының немесе лауазымды адамның тікелей зандык биліктік және біржақты өкім ету жолымен шешіледі.

4. Әкімшілік-құқықтык нормалардың талаптарын әкімшілік-құкыктық қатынастар тараптары бұзған жағдайда құқықтық қатынастың бір тарабының жауапкершілігі екінші тараптың аддында емес, мемлекеттің, оның атынан уәкілдігі бар тиісті органның (лауазымды адамнын) алдында пайда болады.       

Әкімшілік-құкыктық дауларды не жеке не бара-бар ретінде шешудің  сот тәртібі қолданылып жүрген зандарда жиі кездеседі. Сотпен шешетін әкімшілік-қүқыктық даулар тобының кеңейе түсуі занды тенденцияға айналып келеді. 

 

ӘКІМШІЛІК-ҚҰҚЫҚТЫК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

Атқарушы билік органдары, мемлекеттік қызметкерлер, қогамдық бірлестіктер, кәсіпорындары, мекемелер  мен азаматтар әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектілері болып  табылады. Құқық субъектілерінің  арасында нақты құқықтық қатынастар туындауы үшін норманы іс-әрекетке келтіретін белгілі бір іс-әрекеттер  мен оқиғалар қажет. Бұл іс-әрекеттер  мен оқиғалар заңдық фактілер деп  аталады. Әкімшілік құқығы белгілеген ережелерді бұзу — құқық бұзушы мен тиісті мемлекеттік орган арасында құқықтық қатынастардың туындауына негіз болып табылады.

Әкімшілік жауапкершілік  дегеніміз құқық бұзушыға белгілі бір айырулар, зиян,  мұқтаждық, еркінен айыру сияқты құқықтық  шығынға ұшырататын  әкімшілік құқық бұзушылыққа деген мемлекеттің қатынасы, жауабы. Әкімшілік кодекстің Ерекше бөлімінде көзделген құқық бұзушылық құрамының   барлық  белгілері бар әрекет жасау әкімшілік жауапкершіліктің негізі болып табылады. Әкімшілік жауапкершілікке ақыл-есі дұрыс, он алты жасқа толған жеке адам және заңды тұлғалар  тартылады.

Жеке адамның, әкімшілік кодекс бойынша әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құкыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік бұзушылық деп танылады. Әкімшілік кұқық бұзушылықтың объектісі мемлекеттік әкімшілік құқықтық нормалар реттейтін қоғамдық қатынастар саласы болып табылады. Әкімшілік құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі болады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың негізгі  белгілерінің бірі «әрекет» және «әрекетсіздік» қосылып «іс-қимыл» деген құқықтық ұғымды құрайды. Іс-қимыл құқыққа сәйкес    және  теріс   қылық болып екіге бөлінеді.

Әкімшілік әрекет — міндеттер мен заң талаптарын орындамау, бұзумен тікелей байланысты, құқық бұзушының мінез-құлығының белсенді түрпішіні.

Міндеттер мен занды талаптарды орындамаумен тікелей байланысты құқық бұзушының мінез-құлығының бәсең түрпішіні әкімшілік әрекетсіздік деп аталады. Мысалы, сауда кәсіпорны бастығы, дер кезінде сатылатын тауарларды оларға берілетін сертификатпен қамтамасыз жасамағандықтан, сатып алушылар тауарлардың шығу тегіне байланысты ақпараттарды уақытында біле алмады.

Егер әкімшілік құқық бұзушылық  жасаған жеке адам өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) құқыққа қарсы  сипатын сезінсе, оның залалды салдарын алдын ала білсе және осы салдардың туыңдауын қаласа немесе оған саналы түрде жол берсе не оларға немқұрайды қараса, әкімшілік құқық бұзушылық қасақана жасаған деп танылады.

 

 

Әкімшілік-қүқықтық қатынастарды әртүрлі белгілері бойынша түрлеп топтастыруға болады. Бұлардың ішінде олардың  қатысушыларының өзара қатынасының зандық сипаты бойынша топтарға бөлудің ерекше назар аударарлық маңызы бар.

Осы  белгіге сәйкес қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінің арақатынасы бойынша: тіке және көлбеу кұкықтық катынастар бөлінеді.

1) қатысушыларының  құқықтары мен міндеттерінің  арақатынасы бойынша:

 Тіке әкімшілік-кұқыктық катынастар әкімшілік-кұкықтык  реттеудің және мемлекеттік басқару қызметіне тән баскарудың субъектісі мен объектісінің арасындағы бағыныстылык байланыстардың мәнін едәуір мол дәрежеде білдіреді. Бұл ылғи да биліктік катынастар деп аталатынның дәл өзі. Олар біріне-бірі бағынысты тараптардың арасында пайда болады, бұл азаматтық-құкыктык қатынастардан айыратын басты белгі, оларда тараптардьщ тепе-тендігі болмайтының дәлелдейді. Шын-дығында тіке қатынаста бір тараптың заңдык-биліктік өкілеттіктері болады, басқа тарапта олар болмайды, мысалы, азаматта, немесе олардың көлемі аз болады (мысалы, баскарудың төменгі органында).

Тіке түрдегі көптеген әкімшілік-құкықтык катынастар олардың  біріне-бірі бағынышты емес қатысушысының  арасында пайда болады. Алайда, бұл  сияқты жағдайларда да тараптардың бірі өзінің құзыретінің арқасында ұйымдық жағынан оған бағынбайтын белгілі бір құкыктық қатынастың басқа тарабына орындауға міндетті болатын зандық актілер шығаруға құқылы. Мысалы, министрліктердің біреуінің баска министрліктерге, ведомстволарға және азаматтарға міндетті болып табылатын нормативтік актілер шығару жөнінде өкілеттіктері болуы мүмкін. Бұл білімнің, қоршаған табиғи ортаны корғаудың, өрт кауіпсіздігінің мәселелері жөне көптеген басқалар болуы мүмкін.

Бұл сиякты қатынастарға барлык баска әкімшілік-құкықтык қатынастарды да жаткызуға болады, оларда тараптардың ұйымдык бағыныштылығы болмаса да, бірак бір тараптыңбаска тарапқа катысты заңдык биліктік іс-кимыл жасауға кұкығы бар. Мұндай құкықтық катынастардың қатарына бакылау-тексеру органдары мен олардын тексеретін объектілерінінарасында пайда болатын қатынастарды жатқызуға болады.

Әкімшілік- құкықтық катынастардағы шын мәніндегі тікелікті және тараптардын теңсіздігін өзінің құкықтык мазмұны бойынша иландыра дәлелдейтін ең аукымды белгі  мынау: бұл түрдегі барлық тіке катынастар бір жақтың екінші жақтан заңды түрдегі тәуелділігін іс жүзінде көрсетеді. Мұндай тәуелділік кандай да болмасын мәселені шешуге қажетті зандык— биліктік өкілеттіктердің тек қана бір жақта атқарушы биліктің субъектісінде болатындығымен алдын ала айырылады.

Көлбеу әкімшілік-құқықтык қатынастар болып, солардын шеңберінде тараптардың шындығында және занды түрде тен құқылы болатындығы танылады. Оларда, осыған сәйкес, бір тараптың екінші тарапқа міндетті болатын заңдық-биліктік өкімі болмайды.

Көлбеу катынастары мемлекеттік  баскару саласында, тікелік қатынастар сиякты, соншалыкты кең қолданылмайды.

Көлбеу кұкыктық қатьшастар көпшілігінде тіке катынастарға алғы шарт болатынын баскару тәжірибесі көрсетіп отыр. Шынында, мысалы, қандай да болмасын бір нормативтік актіні дайындау және келісу сатысында тараптар тең кұкылы. Бұл сияқты қатынастар министрліктер арасындағы катынастар тәжірибесінде, жергілікті өкілді және атқарушы органдардын және әкімшілік құқықтың баска субъектілерінін өзара карым-катьшастарында кен орын алған. Көлбеу түрі азамат пен баскару органының (лауазымды адамның) арасында мынандай жағдайларда, мысалы, азамат жұмысқа тұрғанда, арыз немесе шағым бергенде т.с.с. калыптасатын қатынастарға тән. Бірак көлбеулік қатынасы өкілетті басқару органы тек занды биліктік шешім, мысалы, қызметке алу туралы бұйрык шығарғанға дейін ғана көрінісін табады. Осы кезеннен бастап көлбеулік қатынасы тікелік мәні бар катынасқа айналады, мұнда тараптар енді жұмыстын шарты мен еңбек ақынын мөлшерін талқыламайды, қайта жұмыскер өзі жұмыска тұрған жеріндегі әкімшіліктін занды өкімдерін орындауға міндеттіболады.

2) Мазмұны  бойынша:

а) материалды - әкімшілік құқықтың м атериалды нормаларымен реттелетін, басқару сферасында  туындайтын қоғамдық қатынастар.Материалды құқықтың нормалары меншік нысандарын,  мүліктер мен тұлғалардың заңдық  жағдайын  белгілейді, мемлекеттік органдардың құрылу тәртібі мен құрылымын анықтайды,  азаматтардың құқықтық мәртебесін анықтайды, әкімшілік құқық бұзғаны үшін  жауаптылық негіздері мен шектерін  белгілейді.

б) іс жүргізушілік нормалар - жеке -нақты істерді шешумен байланысты басқару аясында туындайтын және әкімшілік - іс жүргізушілік нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар, мысалы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарастырумен туындайтын қоғамдық қатынастар.

3) әкімшілік-құқықтық  қатынастарды  тудыратын заңды  фактілердің сипатына қарай:

а) құқыққа сай туындаған  фактілермен туындаған әкімшілік-құқықтық қатынастар;

б) құқыққа қайшы фактілермен  туындаған әкімшілік-құқықтық қатынастар.

 

 Әкімшілік-құқықтық  қатынастарды тудыратын өз құрылымы  бар. Оның қүрылым 3 элементтен  тұрады:

1) әкімшілік - құқықтық  қатынастардың субъектісі;

2) әкімшілік - құқықтық  қатынастардың объектісі;

3) әкімшілік - құқықтық  қатынастардың заңды мазмұны.

 

Әкімшілік-кұкықтық қатынастардың бірсыпыра ерекшеліктері  бар: әкімшілік-құқықтық қатынастардың бір тарабы міндетті түрде атқарушы билік органы немесе оның лауазым иесі болып табылады. Азаматтар арасында әкімшілік-құқықтық қатынастар туындамайды. Бір азамат екінші бір азаматтан белгілі бір мінез-құлық ережелерін орындауды талап еткенде әкімшілік-құқықтық қатынастар осы азаматтар арасында емес, құқық бұзушы мен хаттама толтырып құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарта алатын мемлекет органы арасында туындайды; әкімшілік-құқықтық қатынастар әкімшілік құқықтың кез келген субъектісінің бастамасы бойынша туындауы мүмкін және бұл жағдайда екінші тараптың келісімі міндетті шарт болып табылмайды. Олар екінші тараптың қажет етуіне не келісіміне қарамай-ақ туындауы мүмкін; әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатысушы тараптарға олардың өздерінің құқықтары мен міндеттерін бұзғаны немесе сақтамағаны үшін санкция ретінде, әдетте, әкімшілік немесе тәртіптік жауапкершілік шаралары қолданылады; әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатысушылар арасындағы даулар, әдетте әкімшілік тәртіппен, яғни соған өкілеттік берілген атқарушы билік органдары және олардың лауазым иелері арқылы шешіледі.

 

 

  Әкімшілік құқықтың субьектілері. 

Біздің қогам — мемлекеттік  өмірге еңбекшілер барған сайын белсенді қатысатын шынайы демократиялық қоғам. Мемлекеттік басқару саласындағы қогамдық ұйымдар мен азаматтардың құқықтық жағдайы Ата Заңда айқын көрініс тапқан (33-бап). Қоғамдық ұйымдар сан алуан, олар не бұқаралық ұйымдар (саяси партиялар, бұқаралық қозғалыстар, кәсіподак, шығармашылык одақтар, діни және азаматтардың басқа да бірлестіктері), не өз бетімен болатын сипатта (соғыс ардагерлерінің кеңестері, ғылыми-техникалық кеңестер және т.б.) көрінеді. Қоғамдық ұйымдар мемлекеттік биліктік өкілеттікке ие емес. Олардың шешімдері ұйым мүшелері үшін ғана міндетті. Бірақ олар өз ұсыныстарымен басқару органдарына жүгінуге, мемлекеттік басқару органдарының шараларын талқылап, өмірге кіргізуге қатысуға, шаралардың орындалуына қоғамдық бақылау жасауға құқылы. Осылардың барлығына қоғамдық ұйымдардың басқару органдарының қызметіне тигізетін ықпалды көрінісі болып табылады. Сонымен бірге қоғамдык ұйымдар мемлекеттік органдардың әкімшілік-құқыктық сипаттағы актілерін шығарады. Мысалы, кәсіподақтар өз мүшелерінің еңбек, басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау, жұмыс жағдайын қорғап жақсарту үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен әкімшілік-кұқықтык нормалар қабылдауы мүмкін. Кейбір жағдайларда қоғамдық ұйымдар мемлекеттік органдардың қызметіне тікелей араласады. Мысалы, әскери комиссариаттардың шақыру комиссиясына қатысады.

Информация о работе Әкімшілік құқықтық қатынас

Описание работы

Әкімшілік құқық—қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы, құқықтық бір саласы. Атқару билігі мен мемлекеттік басқарудың іске асырылуы барысында, тұлға мен мемлекет, азамат пен атқару билігі органдары, мемлекеттік басқару саласындағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, іске асыру, олардың шенеуніктер тарапынан бұзылуынан не шектелуінен, озбырлықтан қорғау барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттеу әкімшілік құқықтың мәні.