Әкімшілік құқықтық қатынас

Дата добавления: 29 Января 2013 в 18:21
Автор: G**********@mail.ru
Тип работы: реферат
Скачать полностью (42.24 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Әкімшілік құқықтық қатынас.docx

  —  44.78 Кб

Коммерциялық емес акционерлі қоғам

«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС  №1

 

Тақырыбы: " Әкімшілік құқық—қоғамдық  қатынастары"

 

 

 

 

 

 

Мамандық: Радиотехника, электроника  және телекоммуникация

Орындаған: Жумагазиева А.Б.  сын.кіт.№ 093421  Группа МТСк 09-01

Тексерген:  Агатаева М.А.

___________________________«___»___________________2013 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2013

Кіріспе

 

Әкімшілік  құқық—қоғамдық  қатынастардың  белгілі бір саласын  реттейтін  құқықтық нормалардың  жиынтығы, құқықтық бір саласы. Атқару билігі мен мемлекеттік басқарудың іске асырылуы барысында, тұлға мен мемлекет, азамат пен атқару билігі органдары,  мемлекеттік басқару саласындағы азаматтардың  құқықтары мен бостандықтарын қорғау, іске асыру, олардың шенеуніктер   тарапынан бұзылуынан не шектелуінен, озбырлықтан қорғау  барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды  реттеу  әкімшілік құқықтың  мәні.

Әкімшілік - құқықтық қатынастардың  пайда болуына, өзгеруіне және туындауына заңды фактілер негіз болады. Заңды  факт – бұл әкімшілік – құқықтық қатынастардың туындауына, өзгеруіне  және тоқтатылуына негіз болатын  нақты өмірлік жағдайлар. Оны  еріктілік сипатына қарай 2 түрге  бөлуге болады: іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) және оқиға. Олар өз кезегінде  құқыққа сай және құқыққа қайшы  деп бөлінеді.

Қазақстан Республикасының  әкімшілік құқық  бұзушылық  мәселелерін  ҚР 2001  жылғы қаңтардың  30 жұлдызында қабылданған «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі және басқа нормативтік кесімдер  реттейді.

Жеке  адамның  осы Кодекс бойынша  әкімшілік  жауаптылық  көздеген  құқыққа  қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсыздықта жасалған) іс-әрекетті  не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның  құқыққа қарсы    іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік  құқық бұзушылық  деп  танылады.

Заңда  көрсетілген жағдайларда  тәртіпсіздікті  одан әрі болдырмау  мақсатында бұлтартпау шаралары қолданылады. Ондай шараларға мыналар жатады: әкімшілік ұстау, бостандығынан  айыру жазасын өтеп келгендерге  әкімшілік бақылау орнату, жұмыстарды тоқтату, жәй күш қолдану құралдары (қызметтік иттерді пайдалану, жауынгерлік күрес), арнайы құралдарды қолдану (су шашқыш, броньды машиналар, қолға кісен салу), атыс қаруын қолдану. Мысалы, тәртіпсіздікті одан әрі болдырмау үшін, құқық бұзушының аты-жөнін анықтау мақсатында уақытша ұстау қарастырылған. Ондай шара  мерзімі үш сағаттан аспау керек.           

 

 

 

 

 

 

Әкімшілік құқықтың түсінігі 

 

Әкімшілік құқық — Казақстан Республикасы кұкык жүйесінің ең үлкен және күрделі салаларының бірі. Ол коғамдық қатынастарды реттейтін, мемлекеттің басқару қызметінің процесінде пайдаланатын және мемлекеттік аппараттың тәртіптеелген бірізділік жұмысын қамтамасыз ететін аса маңызды тәсілдердің бірі больш табылады.

Қоғам өмірінің аса манызды жақтарын кұкықтык реттеу қандай да болмасын мемлекеттің ажыратылмас элементі екеңдігі ежелден белгілі. Мемлекет әкімшілік-құқыктық нормалар арқылы өзінің өкілетті органдары атынан қоғамның қажеттерін қанағаттандыру және де азаматтарының өміріне қалыпты жағдайларды қамтамасыз ету үшін экономикалық және әлеуметтік-мемлекеттік мәні бар аса маңызды ұйымдық шараларды жүзеге асырып отырады.

Мемлекеттік басқаруды жетілдіруде, оньң тиімділігін және мелекеттік органдардың қабыддаған шешімдері үшін азаматардың алдындағы жауапкершіліктерін арттыруды әкімшілік құқық маңызды құрал рөлін атқарады. Оның көмегімен қоғамдық өмірдің әртүрлі жақтарының басым көпшілігін қамтитын мелекеттік басқару саласында Қазақстан Республикасы заңдарының орындалуы қамтамасыз етіледі. Әкімшілік құкық азаматгардың мемлекетті басқаруға қатысуларыньң құкыктық және ұйымдық нысандарын бекітеді, Өкілетті органдар мен лауазымды адамдар үшін де, сондай-ақ қатардағы азаматтар үшін де тиісті мінез-құлық (жүріс-тұрыс) ережелерін тағайындайды. Оның көмегімен Казақстан Республикасында қүкыктык мемлекет құрудың міндеті шешіледі, және әкімшілік- құқықтық қатынастарға барлық қатынасушылардың  құқұтық мәдениеті қалыптасады.

Әкімшілік қүкық нормалары  экономика саласында (өнер-кәсіп, күрделі  құрылыс, ауыл шаруашылығы мен аграөнеркәсіп  комплексі, көлік пен байланыс, коршаған табиғи орта мен табиғи ресурстар, сауда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, халыкқа тұрмыстык кызмет көрсету), әлеуметтік-мәдениеттік құрылыс (білім, денсаулык сактау, мәдениет, ғылым, әлеуметтік қорғау, дене тәрбиесі және спорт), әкімшілік-саяси қурылыс (корғаныс, ұлттық қауіпсіздік, сыртқы істер, әділет, ішкі істер) саласында мемлекеттік басқаруды ұйымдастыруға байланысты пайда болатын басқару катынастарының үлкен комплексін, тобын реттейді.

Қазіргі кезендегі әкімшілік  құкықтың негізгі проблемаларьңың  бірі — өкіметтін орталық органдары  мен жергілікті органдарының арасындағы біріне-бірінің бағыныстылығы мен  өзара бірлесіп іс-кимыл жасаудың жаңа қатынастарын кұру проблемасы болып  отыр.

Бұл проблеманың  маңыздылығы және оны шешудін  түбегейлі нақтылы жолдары Қазақстан  Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халкына «Қазакстан — 2030» жолдауында тұжырымдалып, ерекше атап айтылған.

Құқық корғау мәніндегі әкімшілік  құралдардьщ, яғнн мемлекеттік басқару  саласьшдағы зандылық пен тәртіптілікті  сақтауға жасалатьн бақылау-қадағалау  қызметінін маңызы арта түсуде.

Прогрессивтік кайта күру барысында қабыдданған зандардын  барлығы бірдей және барлық жерде  түгелдей орындала бермейтіндігі, оларды теріс пайдаланушылыктың кездесетінін де, мемлекеттік аппаратқа терең  тамыр жайған құқықтык мойынұсынбаушылык  сияқты кеселдер айтарлықтай нұксан келтіруде.

Қазіргі кезде ең бір қауіпті  құбылыс — бұл қоғамдык өмірдің  барлық салаларына барған сайын дендеп еңе бастаған сыбайлас жемқорлық. Ол қоғамнын барлық салаларына, мемлекеттімң конституциялық негіздеріне катер  төңдіреді.

Сондықтан мемлекеттж баскару  қызметінде жағымсыз факторларды жою  және билік пұрсаты мен кызмет бабын теріс пайдаланудан сақтандыру жөнінде соңғы жыддары қабылданған  қүкыктық актілердің, оның ішінде, Қазақстан  Республикасының қылмыстык кодексінің, «Ұлттық қауіпсіздік ту ралы». «Сыбайлас  жемқорлыкка қарсы күрес туралы»  зандардын ерекше маңызы бар.

Казіргі кезендегі ғылымда  «Әкімшілік құкық» терминінің  әртүрлі анықтамаларын кездестіруге болады. Мысалы, оқулык әдебиеттерде әкімшілік құқық — тиісті мемлекеттің құкық  жүйесінің дербес саласы деп айтылған, ал жалпы түрде әкімшілік құкықты — басқару құқығы деп айтуға болады  делінген.

Энциклопедиялық сөздік «Әкімшшк құқык» деген терминді мемлекеттік  басқару саласындағы қоғамдык катынастарды ретейтін құқык саласы деп атаған. Оның нормалары басқару апаратының ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібін, лауазымды адамдар мен азаматтардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.

Заң энциклопедиясы әкімшілік  құқықтың (ағылшынша adminis trative faw) ұғымын мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру және оның атқару-өкім ету қызметінін процесінде пайда болатьін қоғамдык катынастарды реттейтін құкық саласы ретінде аныктаған.

Сонымен, әкімшілік құқықты сипаттайтын  аса маңызды белгілері мына төмендегідей:

    • біріншіден, әкімшілік құқык — қүкықтың дербес саласы;
    • екіншіден, ол мемлекеттік басқару саласында қалыптасатын
    • коғамдык катынастардың реттеушісі болып табылады;
    • үшіншіден, әкімшілік күкыктың негізгі мазмұны Қазақстан Республикасы мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарының лауазымды адамдарының және азаматтарының басқару қызметі болып табылады.

 

 

Әкімшілік құқық мемлекеттік  басқару саласында пайда болатын (қалыптасатын), дамитын және тоқталатын коғамдык, қатынастарды ғана реттеуге арналған.

Барлык осы тәрізді  қоғамдық қатынастар қалай болғанда да мемлекеттік баскару органдарың, яғни атқарушы органдардың аткарушылык-өкім етушілік кызметін жүзеге асыру процесімен байланысты.

Әкімшілік қүқық экономикалық, әлеуметтік-мәдениет және әкімшілік-саяси  құрьлысқа басшылық жасау туралы мемлекеттік басқарудың міндеттерін  жүзеге асыруға байланысты Қоғамдық қатьнастардың белгілі бір тобына ғана ерекше көңіл 

 

аудара отырьш, арнайы бағыттау арқылы өзінің реттеушілік ықпалын  тигізеді. Сонымен бірге бұл қоғамдык катынастар мемлекеттік басқару  органдарының басқару функцияларын жүзеге асыру барысында пайда  болады.

Сонымен, әкімшілік құқықтың пәнін шын мәнісінде басқарушылық қогамдық қатынастар құрайды.

Реттелінетін қатынастардың  барлық қатысушылары үшін занды түрде  міндетті болып табылатын әкімшілік  құкык нормаларында бекітілген мінез-құлық (жүріс-тұрыс) ережелерін тағайындау жолымен  мемлекеттік басқару сатасындағы  қоғамдық катынастарды құкықтық реттеу жүзеге асырылады. Мемлекет осындай  ережелерді тағайындай отырып, шын  мәнінде, баскару функцияларын жүзеге асырудың және осыған байланысты пайда  болатын қатынастардың құқықтық тәртібін орнатады.

Нақтылы қоғамдық катынас  басқарушьшык болып табылады, сондықтан  да мына төмендегі жағдайларда әкімшілік  құқықтың реттеу ыкпалына тап болады. Біріншіден, оған мемлекеттік баскарудың тиісті органы (лауазымды адамы) міндетті түрде қатысқан жағдайда. Екіншіден, бүл орган басқару қызметін жүзеге асыру үшін мемлекеттің өзіне  берген уәкілдігін нақтылы іске асырған  жағдайда.

Мемлекеттің атқарушы органдары  қатысушы болатын кез келген коғамдық қатынастардың бәрі бірдей басқарушылық болып табылмайтынын айту керек. Бұл органдар құқықтың басқа салаларьшың  нормаларымен реттелінетін іс-қимылдарды атқара алады. Мысалы, олар мүліктік мәмілелер  жасай алады. Бүл сияқты іс-қимылдар азаматгық құқық нормаларымен реттеледі. Олар осы органдардың қалыпты  жұмыс істеуін камтамасыз ету  үшін шаруашылык және қаржылық қызмет аткарады және өзінің мәні бойынша  баскарушылык болып табылмайтын  басқа жұмыспен айналысады.

Сонымен, тиісті орган атқарушы-өкім етуші кызметті тек нақтылы жүзеге асырған кезде ғана осы сияқты шын мәніндегі басқарушылық болып  табылатын қоғамдык қатынастар пайда  болады, сондықтан да әкімшілік- құқыктық реттеуге жатады. Мемлекеттік басқару  тәжірибесі мына төмендегі коғамдык қатынастарды баскарушылықтың қатарына жатқызуға болатындығын дәлелдеп отыр:

а) мемлекетгің атқарушы органдарының арасындағы олардың иерархиялық (сатылық) бағынысты тәртібі бойынша  қатынастар.

Мысалы, Қазакстан Республикасы Үкіметі мен салалык министрліктердің, олардын аймақтық органдарының, мемлекеттік  кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың арасындағы өзара қарым-қатынастар.

б) біріне-бірі бағынысты  емес әртүрлі мемлекеттік баскару  органдарының арасындағы қатынастар. Мысалы, зан жүзінде тең құқылы Кдзакстан Республикасының екі  министрлігінің, тен құкылы жергілікті аткару органдарының және баскалардың  арасындағы катынастар;

в) мемлекеттік баскару  органдарының, және оларға бағынысты  мемлекетгік кәсіпорындар мен ұйымдардың арасындағы қатынастар. Мысалы, Қазакстан  темір жолымен оның бағынысьндағы  еншілес мемлекеттік кәсіпорындардың  арасындағы қатынастар;

г) мемлекеттік баскару  органдарымен және әртүрлі мемлекеттік  емес кәсіпорындар мен ұйымдардың; акционерлік қоғамдардың, шаруашылык серіктестіктердің және басқалардың  арасындағы катынастар;

д) мемлекеттік басқару  органдарымен және қоғамдык бірлестіктердің  арасындағы қатынастар;

е) мемлекетгік баскару  органдарымен және Кдзакстан Республикасы азаматтарының арасындағы катынастар; Мысалы, кала әкімшілігі мен шағым берген азаматтың арасындағы қатынас.

Барлық аталған және Қазақстанда  реформа кезеңінде пайда болуы мүмкін баскадай коғамдық қатынастарға мемлекеттік басқару органы міндетті түрде қатысады. Мемлекеттің атынан өкілдік ететін және оның еркін білдіретін ондай органның катысуынсыз баскарушылық қоғамдык катынастар пайда болуы мүмкін емес. Сол себепті екі азаматтың арасындағы катынастарды басқарушылық деп айтуға болмайды, өйткені олардың ешқайсысына басқа біреуіне катысты биліктік өкілеттілік беріл-меген.

Занды тұлғалар мен адамдардың арасындағы шарттық катынастар да өздерінің мәні бойынша баскарушылық болып саналмайды және көпшілігінде олардың негізіне мүліктік, жер туралы, қаржылық және басқа катынастар жатады.

Баскару органы да, мемлекеттік (мемлекетгік емес) кәсіпорын да, мекеме мен ұйымда, сондай-ақазаматта басқару катынастарының екінші тарабы болуы мүмкін, бұл баскарушылық қоғамдық катынастар пайда болатын жағдайларға  толығынан сәйкес келеді.

 

 

ӘКІМШІЛІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ

Әкімшілік-құқыктық катынастар құкықтық катынастардың бір түрі болып табылады. Оларға қандай да болмасын кұкықтык қатынастардың барлық негізгі  белгілері тән, атап айтқанда: құқықтық норманың біріншілігі, соның арқасында құкықтық қатынас тиісті кұкыктык норманың тиісті қоғамдық қатынасқа, оған зандык нысан беретін, ретгеушілік ыкпал жасауының нәтижесі; осы қатынас тараптарының іс-қимылдармн (мінез-құлықтарын) кұқыктық нормамен реттеу: құкықтык нормамен белгіленетін құкыктық қатынас тараптарының өзара міндеттері мен қүқықтарын сәйкестендіру (корреспонденциялау) және с.с.

Страницы:123следующая →
Описание работы
Әкімшілік құқық—қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы, құқықтық бір саласы. Атқару билігі мен мемлекеттік басқарудың іске асырылуы барысында, тұлға мен мемлекет, азамат пен атқару билігі органдары, мемлекеттік басқару саласындағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, іске асыру, олардың шенеуніктер тарапынан бұзылуынан не шектелуінен, озбырлықтан қорғау барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттеу әкімшілік құқықтың мәні.
Содержание
содержание отсутствует