Ұзақ мерзімді активтер

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 23:34, дипломная работа

Описание работы

Осы дипломдық жұмыста алға қойған мақсатым:
-ұзақ мерзімді активтердің экономикалық маңызы мен атқаратын рөлін ашып көрсету;
- ұзақ мерзімді активтердің бухгалтерлік есебін және аудиті дұрыс ұйымдастыру және олардың қалыптасуымен жұмсалуын талдау.
Кез-келген ұйымдар тиімді жұмыс жасау үшін, міндетті түрде ұзақ мерзімді активтерді пайдаланады. Бұл тақырыптың бүгінгі күннің өзекті мәселесін қарастыратыны сөзсіз, сондықтан бұл дипломдық жұмыстың актуалдылығын осы мәселерге байланысты болса керек.

Содержание

Кіріспе 6
1 Ұзақ мерзімді активтер жөніндегі ұйым және бұлардың экономикалық мақсаты 8
1.1 Ұзақ мерзімді активтердің экономикалық мақсаты және атқаратын рөлі 8
1.2 Ұзақ мерзімді активтерді классификациялық топтау 10
2 Ұзақ мерзімді активтердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру 27
2.1 «Дарын» жауапкершілігі шектелген серіктестіктің экономикалық сипаттамасы 27
2.2 Ұзақ мерзімді активтердің қалыптасуы жөніндегі көрсеткіштерді талдау 31
2.3 Ұзақ мерзімді активтердең жұмсалуы жөніндегі көрсеткіштерді талдау 36
2.4 Ұзақ мерзімді активтер көрсеткіштерінің өзара байланыстылығын талдау және шешім қабылдау 38
3 Ұзақ мерзімді активтердің есебінің аудиті 44
3.1 Негізгі құралдардың жіктелінуі мен бағалануының есебінің аудиті 44
3.2 Материалдық емес активтер есебінің аудиті 56
3.3 Аудиторлық қорытынды 60
Қорытынды 67
Қолданылған әдебиеттер тізімі 69

Работа содержит 1 файл

УМА Дарын ЖШС +Жоспар.doc

— 609.50 Кб (Скачать)

Кәсіпорынның қаржылық-тұрақтылығын сипаттайтын келесі көрсеткіштердің  бірі қаржыландыру коэффициенті болып табылады. Ол меншікті капиталдың сырттан алынған капиталдың қатынасы ретінде анықталады. Мұның көлемі жыл басында 1,716 болса, жыл аяғында 1,014 болып, кезең ішінде 0,702 пунктке азайған. Бұл коэффициенттің деңгейі үлкен болған сайын банктер мен инвесторлар қаржыландыруға сенімді кіріседі. Бұл коэффициент кәсіпорын қызыметінің қай бөлігі сыртан алынатындығын көрсетеді. Егер бұл коэффициенттің шамасы 1-ден үлкен болса, яғни кәсіпорын мүлкінің көп бөлігі сырттан алынған қаржының есебінен жасалса, онда ол кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің төмендеуін көрсетеді және кейде несей алу жұмыстарын қиындатады.

 

Кесте 5 - «Дарын» ЖШС-нің активтерінің құралу көздерінің құрамы мен құрылымы

 

 

Көрсеткіштер

2010 жыл басында

2010 жыл аяғында

өзгерістер

мың тг.

%

мың тг.

%

мың тг.

%

1.Аванстық капитал

барлығы

124087

100

41650

100

8163

24,38

1.1 Меншікті капитал

21156

63,18

20967

50,34

-189

-0,89

1.2 Сырттан алынған

капитал

121420

36,82

20683

49,66

8352

67,73

2. Тәуелсіздік 

коэффициенті

 

0,632

 

0,503

х

х

3.Қаржыландыру 

коэффициенті

 

1,716

 

1,014

х

х

4. Сырттан алынған

капиталдың

меншікті капиталға

қатынасы коэффициенті.

 

0,583

 

0,986

х

х




Меншікті және сырттан алынған  капиталдың қатынас коэффициенті сырттан  алынған капиталдың мешікті капиталға қатынасы ретінде анықталады. Бұл коэффициент кәсіпорын активтеріне салынған 1 теңгеге қанша қаржы сыртан алынғанын білдіреді. Бұл коэффициент біздің кәсіпорында: жылдың басында – 0,583, жыл аяғында – 0,986. Бұл шама, жыл басында кәсіпорын өз қаражатының әрбір теңгесіне 0,5 теңге сырттан алса, жыл аяғында сыртан алынған қаржы 1 теңгеге дейін өсіп отыр. Яғни, кәсіпорын негізінен сыртан алынған қаржыны пайдаланған. Кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалау үшін келесі кесте құрылып отыр.

Осы мәліметтерінен көріп отырғандай, кәсіпорынның өндірістік мақсатта пайдаланатын мүліктерінің коэффициенті кәсіпорынның өндірістік потенциялын сипаттайды. Оның көлемі негізінде 0,5-тен жоғары немесе тең болуы оптималды деп есептеледі. Жыл аяғында бұл көрсеткіш біздің мәліметтер бойынша 0,918-ге тең.

Кәсіпорын активтерінің мобильділігі коэффициенті кәсіпорынның ағымдағы активтерінің жалпы активтер құрамындағы үлесін немесе өз қарыздарын өтеуге арналған қаржыларының үлесін сипаттайды. Оның көлемі «Дарын» ЖШС жыл ішінде 0,957-ке өскен. Мобильді және инмобильді активтер қатынасы коэффициенті ағымдағы және ұзақ мерзімді активтерің қатынасын көрсетеді. Бұл көрсеткіштің оптималды мөлшері салалық ерекшеліктерге байланысты және ол 0,5-тен үлкен болмаған жөн. Бұл коэффициент біз зертеу жүргізіп отырған кәсіпорында жыл басында 2,802-ге, ол жыл аяғында 4,963-ке тең.

 

Кесте 6 - Кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалау

 

Көрсеткіштер

2010жылдың басында

2010 жылдың

аяғында

1

Өндіріске қатысты мүлік.

0,957

0,918

2

Актив мобильділігі

коэффициенті.

0,737

 

0,832

 

3

Мобильді және иммобильді

активтер қатынасы коэффициенті.

2,802

 

4,963

 

4

Негізгі құралдардың 

нақты құны коэффициенті.

0,262

0,168

5

 Негізгі құралдардың 

тозу коэффициенті

0,123

0,222

6

Негізгі құралдардың

жарамдылық  коэффициенті

0,877

0,778


 

Негізгі құралдардың нақты құны коэффициентті кәсіпорынның материалдық  – техникалық базасын сипаттайды. Оның көлемі жыл ішінде 0,095-ке азайып отыр. Негізгі құралдардың тозу коэффициенті негізгі құралдардың техникалық жағдайын көрсетеді. Ол көрсеткіш 0,222-ге тең болса, негізгі құралдардың жарамдылық коэффициенті 0,778-ге тең.

«Дарын» ЖШС – нің қаржылық тұрақтылығын бағалауды талдайтын болсақ. Кесте  мәліметтерінен көріп отырғанымыздай тәуекелдік коэффициенті жыл басында 0,632 болса, жыл аяғында 0,503-ке тең. Бұл көрсеткіш меншікті капиталдың жалпы активтердің құралу көздерінің ішіндегі үлесін және кәсіпорынның қаншалықты сырттан алынғанын қаржыларға тәуелді екенін көрсетеді.

Тәуелсіздік коэффициенті сырттан  алынған қаржылардың жалпы капитал құрамындағы үлесін көрсетеді. Оның көлемі үлкен болған сайын кәсіпорынның сырттан алынған қаржыларға тәуелділігі де жоғары болады. Біздің кәсіпорында көлемі жыл аяғында 0,497 болып 0,129-ға өсіп отыр.

Қаржыландыру коэффициенті кәсіпорын активтерінің қай бөлігі өз қаржысының есебінен, ал қай бөлігі өз қаржысының есебінен, ал қай бөлігі сырттан алыған қаржының есебінен құралатындығын сипаттайды. Оның мөлшері 0,702 пунктке азайып отыр.

Кесте 7 – «Дарын» ЖШС – нің  қаржылық тұрақтылығын бағалау

 

 

Көрсеткіштер.

2010ж.

басында

2010ж.

аяғында

1

Тәуелсіздік коэффициенті.

0,632

0,503

2

Тәуелділік коэффициенті.

0,368

0,497

3

Қаржыландыру коэффициенті.

1,716

1,014

4

Сырттан алынған капиталдардың  меншікті капиталға қатынасы коэффициенті.

0,583

0,986

5

Инвестициялау коэффициенті.

0,002

0,002

6

Дебиторлық және кредиторлық 

қарыздар қатынасы коэффициенті

350,677

228,309


 

Инвестициялау коэффициенті кәсіпорынның меншікті қаржысының қаншалықты негізгі  құралдар және т.б. айналымынан тыс активтер алуға жұмсалғанын көрсетеді.

 

Кесте 8 - «Дарын» ЖШС–нің дебиторлық қарыздарының құрамы мен құрылымы

 

 

Көрсеткіштер

2010жыл

басында

2010жыл

 аяғында

өзгерістер

м. тенге

үлес.

сал. %

м. тенге

үлес.

сал. %

м. тенге

 

%

1.Девиторлық қарыз,  барлығы оның ішінде:

1439

100

3396

100

1957

136,0

2. Берілген аванстар

-

-

-

-

-

-

3. Алынуға тиісті шоттар

1133

78,74

2420

71,26

1287

113,59

4. Басқа да

 девиторлық қарыздар

306

21,26

976

28,74

670

218,96


 

 

Дебиторлық және кредиторлық қарыздар қатынасы коэффициенті. Бұл көрсеткіш көлемі жыл ішінде 1,026-ға төмендеп отыр. Оның көлемі азайған сайын активтердің айналуына кедергі келтіреді.

Кәсіпорынның кредиторлық қарыздары  жыл ішінде 7352 мың теңгеге өсіп отыр. Оның ішіндегі жоғарғы үлес салық  бойынша қарыздарға тиесілі. Оның көлемі жыл аяғында 69,91%-ті құрайды. Одан кейінгі үлес төленуге тиісті қарыздарға тиесілі. Оның көлемі жыл аяғында 3805 мың теңгені құрып отыр. Сонымен қатар жыл аяғында еңбек ақы бойынша қарыздарда ұлғайып отыр.

Кәсіпорынның дебиторлық қарыздары алынуға тиісті шоттардан және басқа да дебиторлық қарыздардын тұрады. Алынуға тиісті қаржы көлемі 1287 мың теңгеге өсіп, ал басқа дебиторлық қарыздар 670 мың теңгеге ұлғайып отыр.

Талдаудың сапалылығы мен талдау қорытындыларының дұрыстығы біріншіден есеп беру мәліметтерінің сапасына байланысты болады. өндірістің ұтымды экономикалық өсуінің жоғары қарқынын қамтамасыз ету мүмкіндігі тек дамудың негізінен белсенді түріне ауысуды білдіреді. Өндірістің экстенсивтілігі мен интенсивтілігінің ара қатынасы ресурстарда пайдаланудың сапалық және сандық көрсеткіштерін салыстырумен талданады.

 

 

 

3 Ұзақ мерзімді  активтердің есебінің аудиті

3.1  Негізгі  құралдардың жіктелінуі мен бағалануының  есебінің аудиті

 

Кез келген кәсіпорынның нарықтық жағдайдағы ең маңызды мақсаты - өз жұмысындағы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетудің күрделі жолы, бұған қосылатын, тек пайда тауып қана қоймай, сонымен қатар, пайда табуды тұрақтандыру, ал бұған жету оңай мәселе емес.

Кәсіпорын егер де өзінің жұмысында белгілі бір принциптерге сүйенсе және қажетті бернесін орындаса, алдына қойған мақсатына жетеді. Осыған орай кәсіпорындардың негзгі міндеттеріне жататындар:

  • жоғары сапалы өнімдер өндіру, оларды жүйелі түрде жаңалау және қолда бар өндірістік мүмкіншіліктеріне, сұраныстарына сай қызмет көрсету;
  • өзара алмасушыларын ескере отырып, өндірістік ресурстарды ұқыпты пайдалану;
  • кәсіпорынның бет алысының стратегиясы мен тактикасын әзірлеу және жағдайлардың өзгеруіне байланысты оларды өзгертіп отыру;
  • өздерінің қызметкерлеріне жағдай жасау, олардың сыныптамаларының өсуін және еңбектерінің үлкен маңыздылығы, олардың тіршілік деңгейлерін арттыру, еңбек ұжымдарында қолайлы саяси-психологиялық ахуалды жақсарту;
  • кәсіпорынның шығарған өнімінің бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз ету, кәсіпорынның жақсы атағын қолдау;
  • баға саясатын икемді жүргізу және басқа да функцияларды іске асыру.

Қорыта айтқанда, ең маңыздысы, кәсіпорындардың  барлық функциялары межелеген стратегияны  іске асыруға және алдарына қойған мақсаттарына жетуге бағытталғаны жөн. Қайбір кәсіпорын болмасын өзінен-өзі тіршілік ете алмайды, ол жалпы экономикамен тікелей байланысты, бірінші жағынан - өндіріс фактор рыногы, екінші жағынан - өткізу рыногы арқылы. Сондықтан да кәсіпорын экономикасы жеке кәсіпорындардың басқа шаруашылық құрылымдарымен қатынасатын рынокпен зерделеуге тиіс [3].

       Әр саладағы  қателер саны аудит жүргізу  барысында бағаланады.Сондықтан  аудитор маңыздылық туралы жасаған  алдынғы пікірін өзгертіп отырады.  Бағалауды қайта қарау негізі  бірі ол есе беруге өзгеріс немесе аудитор жасаған қорытынды. Маңыздылық жоспарлау кезінде тәуекелділік төмендеу үшін қажет болған жағдайда маңыздылық деңгейін түзету қажет. Түзету дәлелдемелер алғаннан кейінгі соңғы күнде жасалады.

Маңыздылықтың жоспарлау деңгейін анықтау 2-10%. Арнайы бұйрық негізі бойынша арнайы аудиторлық ұйыммен құрылған деңгейі алдын ала бағалау Қаржылық есеп берудің көрсеткіштеріне сәйкес жасалады.

      Қаржылық есептегі  мәнділік деңгейіне мынадай фактрлер  әсер етеді: 

  1. Субъект басшылығының біліктілігі мен шынайылығы басшылар құратын өзгеріс
  2. Басшыларға қысым көрсету
  3. Капиталдың жеткізілуі
  4. Субъект бизнесінің сипаты, техникалық жағдайы, орналасуы, өндіріс көлемінің географиялық таралуы
  5. Бәсекелестік жағдай

       Аудиторлық есепті  іріктеуге арналған маңыздылықтың 3деңгейі ажыратады:

  1. Елеусіз сумма, егер сумма пайданың шешім қабылдануына ықпал етуі төмен, аз болса
  2. Сумма маңызды болып саналса. Мұндай сумма пайданың шешіміне әсер еткен жағайда орын алады
  3. Сумма маңызды әрі жиі кездеседі. Бұл қаржы есептілігінің объективті күмән келтіреді

    Маңыздылық деңгейі бухгалтерлік  есеп қателіктің шекті шамасы  ұғынылады. Бұл шамадан бастап  осы есептілікті білікті пайдаланушы  дұрыс тұжырым жасауға және  дұрыс экономикалық шешімдер  қабылдау негіз етіп алуды  тоқтату ықтималдығы жоғары болады. Маңыздылық тұжырымдамасы бухгалтерлік есеп сияқты аудитте де бар. Маңыздылық аудиттің негізгі ұғымдарының бірі болып табылады.

           Аудитте  клиенттің қаржылық есептілігінің  растығына елеулі ықпал жасайтын  жағдай маңызды болып саналады. Маңыздылықтың айқын және бір жақты өлшемдер белгілеу оңай емес. Аудиторлар маңыздылық тұжырымдамасына біріншіден:

Информация о работе Ұзақ мерзімді активтер