Шоғырандырылыған бугалтерлік баланс

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2011 в 10:12, реферат

Описание работы

Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Мысалға, заводта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады; ал орнату үшін сатып алған субъект үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады. Осы қазанды келешекте қайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………...............4
1. Негізгі құралдар есебіне жалпы түсінік...............................................................6
1.1. Негізгі құралдардың мәні және жіктемесі........................................................7
1.2. Негізгі құралдардың тозу есебi және амортизацияны есептеу әдісі..............9
2. Негізгі құралдарды жөндеу және түгендеудің, қайта бағалаудың мәнін ашу.............................................................................................................................25
2.1. Негізгі құралдардың жөндеу есебі..................................................................27
2.2. Негізгі құралдарды жалға алудың есебі.........................................................30
2.3. Негізгі құралдардың бағалау, қайта бағалау және түгендеу есебі...............36
3. Есептеу бөлімі. Шоғырландырылған қаржылық есеп жасау...........................41
Қорытынды......................................................................................................48
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................50
Қосымшалар.....................................................................................................51

Работа содержит 1 файл

шоғырландырылған бугалтерлік баланс .docx

— 22.71 Кб (Скачать)

 Негізгі  құралды моральды тоздыратын  факторлар: 

1. Өндірістегі  жабдықтар мен жабдықтардың жаңаруы  (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым  өнімделуіне ауыстырады);

2. Технологиялық  процестің жетілуі (жаңа технология  кезінде қолданыстағы машиналар  мен жабдықтарды пайдалану мүмкін  емес);

3. Шығарылатын  өнім номенклатурасының жаңаруы  мен өзгеруі (бұл орайда ескі  машиналар мен жабдықтар жаңа  өнім шығаруға жарамсыз);

4. Тауар  өндіруге арналған машиналар  мен жабдықтардың санын азайтуда  субъектіден талап ететін, кейбір  тауарларға сұраныстың азаюы; 

5. Жұмыс  күшінің білікті қызметкерлердің  еңбекпен қамтылуындағы, өндірістің  географиялық орналасуындағы өзгерістер.

 Олар  өндіріс көлемін, пайдаланылатын  машиналар мен жабдықтардың санын  азайтуды талап етуі мүмкін;

6. Өнеркәсіптің  өңдеуші салаларындағы шикізат  құрамының жиынтығындағы өзгеріс,  өнімнің жекелеген түрлерін өндіру  қажеттілігі. Бұлар өнеркәсіптің  өндіру салаларындағы өндіріс  көлемінің қысқаруына әкеп соқтыруы  мүмкін. Моральды тозудың нәтижесінде  физикалық тозу басталғанға дейін  негізгі құрал объектілерін жаңасына, неғұрлым үнемдісіне ауыстырады. Моральды тозуды болдырмас үшін  негізгі құрал объектілерін қайта  құрады және жаңғыртады. Мұражай  мен қылқалам құндылықтарынан,  кітаптардан, фундаментальді кітапханалардан,  фильмдер қорынан, сәулет пен  өнердің ескерткіші болып табылатын  үйлер мен ғимараттардан басқа  негізі құралдардың барлығы моральды  тозуға бейім. 

Нормалар  еңбек құралдарының экономикалық мақсатта қызмет мерзіміне орай белгіленеді. Олар негізгі құралдар өтелуінің  нормативтік мерзімін көрсетеді. Олардың  деңгейі негізгі құралдың ұзаққа шыдамдылығы мен физикалық тозуына  байланысты. Мұның өзі еңбек құралдарының техникалық-құрылымдық және материалдық - заттық ерекшеліктеріне, пайдаланудағы  негізгі құралдың (әсіресе машиналардың, жабдықтардың) нақты жасына, қолданыстағы еңбек құралдарының моральдық тозуына  байланысты анықталады.

 Автомобиль  көлігінің жылжымалы құрамының  амортизациялық аударымының нормасы  1 000км жүрістің баланстық құнына  процентпен белгіленуі мүмкін. Жыл  бойы әрбір айдағы амортизациялық  аудырымдардың мөлшерін анықтау  негізгі құралдар құрамының өткен  айда өзгеруіне байланысты, сондай-ақ  негізгі құралдардың толық амортизациясына  нормативтік қызмет мерзімінің  аяқталуына байланысты белгіленген  нормаларға түзетілген амортизация  нормасына қарай жүргізіледі. 

 Қайтадан  пайдалануға берілген негізгі  құралдар бойынша амортизация  есептеу енгізілген айдан кейінгі  айдың бірінші күнінен басталады.  Шығарылған негізгі құралдар  бойынша амортизация есептеу  шығарылған айдан кейінгі айдың  бірінші күнінен бастап тоқтатылады.  Қайтадан құру мен техникалық  қайта жарақтандыру бойынша, егер  олар толықтай тоқтатылса және  НҚ консервацияға жіберілмесе,  амортизация есептеу жүргізілмейді. 

 Жалға  алынған негізгі құралдар бойынша  амортизация есептеуді жалдау  шартының нысанына және шарттың  талаптарына сәйкес жалгер немесе  жалға беруші жүргізеді. 

 Амортизациялық  аударымдар әрбір есепті кезеңде  негізгі құралдар әрбір түріне  жұмсалған шығындар ретінде танылады. Амортизацияның әр түрлі әдістерін  қолдануға рұқсат етіледі. Амортизацияны  есептеудің субъект таңдап алған  әдістері есеп саясатымен анықталып,  бір есепті кезеңнен келесісіне  қарай қолданылуға тиіс.

Амортизациялық  аударым мөлшері – дегеніміз  негізгі құралдардың бастапқы құнынан  белгіленген пайызбен (процентпен) есептеп шығарған бір жылдық амортизациялық аударым сомасы.

 Шаруашылық  субъектілерінде негізгі құралдарға  ай бойы есептелген амортизациялық  аударым сомасы ай сайын өндірілген  өнімнің, істелген жұмыстар мен  көрсетілген қызметтердің өзіндік  құнына қосылады. Маусыммен жұмыс  істейтін шаруашылық субъектілерінде  негізгі құралдарға жыл бойы  есептелген амортизациялық аударым  сомасы жыл соңында субъектінің  жыл бойы өндірген өнімдері  мен көрсетілген қызметтерінің  өзіндік құнына кіргізіледі. 

 Шаруашылық  субъектілеріне жаңадан келіп  түскен, кіріске алынған негізгі  құралдарға амортизациялық аударым  келесі айдың бірінен бастап  есептеледі. Ал субъектінің баласынан  есептен шығарылған негізгі құралдарға  келесі айдың бірінен бастап  амортизациялық аударым есептелмейді.

Бухгалтерлік  есеп пен есеп берудің деректерінің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылық субъектісі жылына кем дегенде  бір рет мүліктермен қаржылық міндеттемелерге түгендеу жүргізеді.

 Бухгалтерлік  есептің 24 «Бухгалтерлік қызметтің  жұмысын ұйымдастыру» деп аталатын  стандартқа сәйкес әрбір шаруашылық  жүргізуші субъект өз бетінше  жүйелі түрде түгендеу жұмысын  жүргізіп отыруды көздейді.

Түгендеуді:

 Жылдық бухгалтерлік есептемені жасамас бұрын,бірақ есепті жылдың бірінші қарашасынан кешіктерместен,

Кәсіпорын мүлкін жалға бергенде,өтемін төлеп  алғанда, сатқанда, сондай-ақ шаруашылық субъектісі жүргізген кезде түгендейді;

 Негізгі  құралдарды мүліктік түгендеу  жылдық қаржылық есеп беру  мен баланстарды жасау алдында,жылына  ең аз дегенде 1рет қараша  айында жүргізеді. Үйлерді, ғимараттарды  және басқа жылжымайтын объектілерді 3 жылда 1 рет; өнім беретін және  жұмысқа пайдаланатын малды тоқсан  сайын және жылдық есепті жасау  алдында (есепті жылдың 31 желтоқсанында)  түгендеу жүргізіледі.  

 Қорытынды 

 Сонымен  қорыта айтатын болсақ, субъектідегі  негізгі құралдар есебі ХҚЕС 16-шы  «Негізгі құралдар» стандартына  сәйкес ұйымдастырылады. Бұл стандарт  меншік, шаруашылық жүргізу немесе  жедел басқару құқығымен субъектіге  қарайтын негізгі құралдар есебінің  әдістемесін айқындайды.

 Активті  амортизациялау, ол пайдалану үшін  қол жететіндей болған кезде,  яғни актив орналасқан жер  мен оның жай-күйі ұйым басшылығының  ниетіне сәйкес оны пайдалануды  қамтамасыз ететін кезде басталады.  Активті амортизациялау мына  екі күннің ертерегі бойынша  тоқтатылады: 5 IFRS сәйкес активті  сату үшін арналған ретінде  жіктеу (немесе оны сату үшін  арналған деп жіктелген шығу  тобына енгізу) күні және аталған  активті тану тоқтатылған күн. 

 Негізгі  құралдар олар ұзақ уақыт жұмыс  істейтін материалдық - заттық  құндылықтар ғимараттар, өткізгіш  тетіктер машиналар, жабдықтар  көлік құралдары, құрал - саймандар,  өндірістік және шаруашылық мүлкі,  жұмысқа пайдаланылатын жөне  өнім беретін мал және басқалар. Шаруашылық қызметте пайдалануға  арналған негізгі құралдарды. Қайта  caтyға немесе ақшаға айналдыруға  болмайды. Ақшалай бағаланған негізгі  қорлар негізгі құралдар деп  аталады. Олар бухгалтерлік есепте  осы бағамен көрінеді және  субьект балансында көрініс табады. Негізгі құралдар ұзақ уақыт  бойы, көптеген өндіріс циклы  барысында пайдаланылады, олар  бірте - бірте тозады және өзінің  қасиеті мен түрін сақтай отырып, өз құнын бірте - бірте жаңадан  өндірілген өнімге аударады 

 Негізгі  құралдар көптеген құралдар бойына  пайдаланатын қасиетімен нысаның  сақтай отырып, жанама түрде тозады. Өзінің жолдан жасалған өнімге  біртіндеп көшіреді 

 Айналым  құралдары бір ғана өндірістік  процесте тұтынылады. өзінің құның  жаңадан жасалған өнімге толықтай  көшіріледі. Негізгі құралдар ғылыми  негізделген жіктемесі алға қойған  мақсатқа жету үшін маңызды  шарт болып табылады 

 Еңбек  заттары адам еңбек процесіеде  еңбек құралдарының көмегімен  әсер ететін заттар. Олар бір  рет қана қатысады, толығымен  тұтынылады және өзідернің құнын  өнім құнына көшіреді. Босалқы бөлшектер немесе сервистік қызмет көрсету әдетте босалқылар ретінде ескеріледі және пайдада немесе залалда оның пайдаланылуына қарай танылады. Алайда, ірі босалқы бөлшектер және резервтік жабдық, егер ұйым оларды бір кезеңнен астам мерзім ішінде пайдалануды ұйғарса, жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар ретінде сыныпталады.

Информация о работе Шоғырандырылыған бугалтерлік баланс