Шаруашылық субъектісіндегі бухгалтерлік есептің негізгі қағидалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2011 в 11:19, реферат

Описание работы

Шаруашылық есептің қамтитын объектілері сандық көрсеткіштер арқылы өлшенеді. Оларды алу үшін есепте заттай, еңбек және ақшалай өлшеуіштер қолданылады.
Заттай өлшеуіштегі есеп объектілерін бейнелеу үшін масса, көлем, ұзындық бірліктері мен (килограмм, литр, метр) түрлері, сұрыптары, мөлшері және т.с.с. шамалар қолданылады.

Содержание

1. Есептік өлшеуіштер
2. Есеп түрлері
3. Бухгалтерлік есептің мәні
4. Бухгалтерлік есеп тәсілі
5. Бухгалтерлік баланс

Работа содержит 1 файл

Бухгалтерлік есеп.doc

— 76.00 Кб (Скачать)
 

Бухгалтерлік  есеп тәсілі

     Бухгалтерлік  есеп тәсіл деп - әдіс, амалдардың жиынтығы түсіндіріледі, олардың көмегімен  байқау, есепке алынатын мәліметтерді жете білу мен зерттеу жүргізіледі.

     Бухгалтерлік  есеп тәсілінін элементтері:

     1. Құжаттама – шаруашылық операцияларының бастапқы тіркеу әдісі мен бухгалтерлік жазбалардың (есепетің басы) дұрыс негіздей. Бухгалтерлік есептегі бір  де бір жазба оны тиісті ресімдеусіз жасалмайды. Құжат – бұл белгіленген тәртіпен ресімделген шаруашылық операциясының жасағаны туралы ақпаратты жазын қойылған түрде сақтайтын материалдық сақтаушы.

     2. Түгендеу – мүліктін іс жүзінде бар екендігі бухгалтерлік есептің мәліметтеріне сәйкестігін тексеру әдісі. Түтендеудің мақсаты – құралдың сақталуын кейіннен бақылау  үшін істің нақты жағдайын айқындау, нақты есептік көрсеткіштерді қамтамасыз ету.

     3. Бағалау – белгілі бір уақыт сәтіндегі кәсіпорын мүлкін ақшалай өлшеммен бейнелеу амалы. Кәсіпорын құралдарын дұрыс бағалау  занды және затқа айналған  еңбеке жұмсалған шығындардың іс жүзіндегі бейнеленуін талап етеді, бұларға есеп  объектілерін ақшалай өлшеу де кіреді. Тауарлық – материалдық қорларды, өндіріске  жұмсалған шығындарды дұрыс бағаламау, жалақыны және өнімнің өзіндік құнына кіретін басқа да шығындарды дәлме-дәл есептемеу шаруашылық іс- әрекет нәтижелерін анықтаған кезде бұрмалаушылыққа әкеледі.

     Бухгалтерлік  есепте кәсіпорынның құралдарын бағалау  негізінде нақты өзіндік құны (объектіні жұмыс жағдайына дейін  жеткізуге байлансты барлық шығыстармен бірге сатып алынатын құны) салынған.

     Кәсіпорын мүлкінін маңызды түрлері ағымдағы есепте және баланста мынадай бағалармен бейнеленеді:

     - негізгі құралдар бастапқы, баланстық  немесе қалдық құнымен бағаланады;

     - материалдар, отын, шикізат нақты өзіндік құны бойынша;

     - дайын өнім нақты өзіндік құны  бойынша;

     - әртүрлі дебиторлармен және кредиторлармен  есептесулер бухгалтерлік есепте  құжатта көрсетілген сомамен  бейнеленеді.

     4. Калькуляция - өнім, жұмыс және көрсетілген қызмет бірлігінің өзіндік құнын ақшалай бейнелеп шығару амалы. Өнімнің өзіндік құны материалдық, еңбек басқаруға жұмсалған шығындардан, әлеуметтік салық аударудан құралады.

     5. Шоттар – қаржы жағдайы, міндетемелр және капитал туралы ағымдағы ақпарат жинайттын, жүйеленетін экономикалық топтастыру. Шоттардағы жазба құжаттар  негізінде жасалады – бұл операцияны екінші рет тіркеу. Шаруашылық құралдарының немесе көздерінің әрбір түріне жеке шоттар ашылады.

     6. Қосарлы жазба – шаруашылық операцияларын есеп объектілерінің өзара байланысын көрсететін бухгалтерлік есептің шоттарында тіркеу тәсілі.

     7. Баланс- белгілі бір сәттегі (кездегі) субъектінің мүлкі, міндеттемелері және капиталы туралы ақпаратты жинақтап қорыту мен экономикалық топтастыру тәсілі. Бұл субъектінің қаржылық жағдайын сипаттайтын негізгі есепті форма. Баланс барлық  шаруашылық құралдарын, олардың пайда болып, қалыптасу көздерін салыстыру және есеп объектісінің барлық жиынтығын бақылауды жүзеге асыру үшін қажет.

     8. Есеп беру – кәсіпорынның белгілі бір кезең (ай, тоқсай, жыл) ішіндегі шаруашылық қызметін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі.

     Баланста, есеп беру де тиісті топтастыру мен  шоттарды өңдеуден кейін жасалады. 

                                                Бухгалтерлік баланс

     Кәсіпорынның  балансы, оның формасы мен мазмұны

     Кәсіпорынның  іс- әрекетін оперативті басқаруды  қамтамасыз ету үшін кәсіпорында  бар ресурстар, олардың жағдайы, орналасуы мен пайдалануы, сондай – ақ олардың пайда болу, қалыптасу  көздері жайлы мәліметтер қажет. Белгілі бір тәртіппен жинақталып, қорытылған, топтастырылған мұндай мәліметтерді баланстың көмегімен алады.

     Баланс – бухгалтерлік есептің екі бөлімнен тұратын тәсілдегі элементтерінің бірі. Біріншісі «Актив» деп, ал екінші «Меншікті капитал және міндеттемелер» деп аталады.

     Бірінші бөлімде шаруашылық құралдарының құрамы, орналасуы, қолданылуы, ал екінші бөлімде «Меншікті капитал және міндеттемелер» (МКМ), яғни қаражаттың пайда болу көздері мен мақсатты белгілеуі көрсетіледі.

Актив Меншікті  капитал  және  міндеттемелері
1. Ұзақ  мерзімді активтер

1. Материалдық  емес активтер 

2. Негізгі  құралдар

3. Ұзақ  мерзімдік дебиторлық берешек

4. Инвестициялар

ІІ. Ағымдағы активтер

1. Тауарлық  – материалдық қорлар (материалдар,  дайын өнім, туарлар)

2. Ақшалай  қаражат (касса, есепшот, валюталық  шот)

3. Дебиторлық берешек (есеп беретін адамдармен есептес)

. Қаржылық  инвестициялар

4. Келешек  кезен шығындары

І. Меншікті капитал

1. Жарғы  капиталы

2. Резервтік  капитал

3. Қосымша  төленген капитал

4.  Қосымша  төленбеген капитал

5. Төленбеген  табыс (жабылмаған шығын)

ІІ. Ұзақ мерзімдік міндетемелер

1.Ұзақ  мерзімді қарыздар

2. Ұзақ  мерзімді кредиторлық берешек

3. Салықтар

ІІІ. Ағымдық  міндетемелер

1. Қысқа  мерзімдік қарыздар

2. Бюджетпен  есептесулер

3. Алынған  аванстар

4. Жалақы  бойынша есептесулер

5. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есептесулер

 

     Баланс  негізінде ұйымнын қаржылық жағдайы, ғни қарсы қойылып салыстырылатын капиталдағы, ұйымға тиеселі экономикалық ресурстардың бар – жоқтығы жайлы  пікір айтылып, талқыланады. Қаржылық жағдайды уақыттың қайсыбір сәтінде ғана  (заңнамаға сәйкес есепті жылдың 31 желтоқсанында) анықтауға болады.

     Шаруашылық  жүргізуші субъектінің қаржылық жағдайын мынадай теңейді пайдаланып, есептеп шығаруға болады:

     активтер  =міндеттемелер + меншікті капитал.

     Бухгалтерлік  есептін халықаралық жүйесінде бұл теңдеу баластық теңдеу деп аталады. Оның екі белігі де өзара болуы тиіс. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиет:

1. Бухгалтерлік есеп.

В.Л. Назарова

2. Бухгалтерлік есеп 

Аударма М.Я. Розенберг

3. Бухгалтерлік есеп

С.Б. Баймуханова  
 
 

Информация о работе Шаруашылық субъектісіндегі бухгалтерлік есептің негізгі қағидалары