Шаруашылық субъектісіндегі бухгалтерлік есептің негізгі қағидалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2011 в 11:19, реферат

Описание работы

Шаруашылық есептің қамтитын объектілері сандық көрсеткіштер арқылы өлшенеді. Оларды алу үшін есепте заттай, еңбек және ақшалай өлшеуіштер қолданылады.
Заттай өлшеуіштегі есеп объектілерін бейнелеу үшін масса, көлем, ұзындық бірліктері мен (килограмм, литр, метр) түрлері, сұрыптары, мөлшері және т.с.с. шамалар қолданылады.

Содержание

1. Есептік өлшеуіштер
2. Есеп түрлері
3. Бухгалтерлік есептің мәні
4. Бухгалтерлік есеп тәсілі
5. Бухгалтерлік баланс

Работа содержит 1 файл

Бухгалтерлік есеп.doc

— 76.00 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының  ғылым және білім  министрлігі

Жәңгір  хан атындағы Батыс  Қазақстан аграрлық-техникалық университеті 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Реферат

Пәні: «Бухгалтерлік есеп»

Тақырыбы: «Шаруашылық субъектісіндегі бухгалтерлік есептің негізгі қағидалары» 
 
 
 
 
 

                                                      

                                                      Дайындаған: Сапарова А.М.

                                                    Тексерген: Джакупова А.К. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Орал  - 2010  
 

     Жоспар:

1. Есептік өлшеуіштер

2. Есеп түрлері

3. Бухгалтерлік есептің мәні

4. Бухгалтерлік есеп тәсілі

5. Бухгалтерлік баланс 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Есептік өлшеуіштер

      Шаруашылық  есептің қамтитын объектілері сандық көрсеткіштер арқылы өлшенеді. Оларды алу үшін есепте заттай, еңбек және ақшалай өлшеуіштер қолданылады.

      Заттай  өлшеуіштегі есеп объектілерін бейнелеу үшін масса, көлем, ұзындық бірліктері мен (килограмм, литр, метр) түрлері, сұрыптары, мөлшері және т.с.с. шамалар қолданылады.

      Еңбек өлшеуіштегі жұмыс уақыты бірлігімен (күндер, сағаттар, минуттар) еңбекке жұмсалған уақытты анықтауға мүмкіндік береді. Еңбек өлшеуіштерінің көметімен заттай өлшеуіштер үлестіріліп, өнімділік мөлшері белгіленеді, еңбек өнімділігі, жұмыс уақыты мен жалақы қорын рпайдалану анықталады.

      Ақшалай өлшеуіштер (теңге, тиын) шаруашылық құралддарын, олардың пайда болу көздерін, бірдей ақшалай бағалау арқылы іс - әрекеттің  процестері мен нәтижелерін жинақтап қорыту үшін қолданылады.

      Есептік өлшеуіштердің барлық үш түрін өзара  байланыстырып есепте қолдану тек кәсіпорын, сала бойынша емес, бүкіл Республика ауқымында да қорытындыланған көрсеткіштер алуға мүмкіндік береді.

Есеп  түрлері

      Шаруашылық  есептің біртұтас жүйесіне оперативті, статистикалық және бухгалтерлік есептер  кіреді.

      Оперативті есеп – кәсіпорынның іс - әрекетін күнделікті бақылауға мүмкіндік береді, белгілі бір шаруашылық операциялардың жекелеген деректерін сол болған сәтінде,  тікелей орнында өндіріс барысы (жұмысқа шығу, шықпау есебі, автокөлік, оның жүру  есебі) туралы жүйелі ақпарат алу мақсатымен тіркеу жүйесі болып табылады. Оперативті есептің негізгі талабы – мәліметтерді алудың шапшаңдығы. Есепті бухгалтерлер, диспетчерлер, бақылаушылар және тағы басқа қызметкерлер жүргізеді.

      Статистикалық есеп – экономиканың әртүрлі саларында жалпылама – көпшілік сипаты бар құбылыстарды, жалпы қоғамдық құбылыстарды олардың салалық жағынан  ажырамас байланыстағы сандық жағын зерттейді. Статистика оперативтік және бухгалтерлік есептің мәліметтерін пайдаланады.

      Бухгалтерлік  есеп – кәсіпорынның шаруашылық қызметін үздіксіз құжаттық байқау мен оны бақылау жүйесі болып табылады. Бұл Қазақстан Республикасының бухгалтерлік және қаржылық есеп беру туралы заңдарымен, бухгалтерлік есеп  стандарттарымен, сондай – ақ ұйымның есеп саясаты мен («Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» Заңның 6-бабы) реттелетін кәсіпкерлер, ұйымдардың операциялар жайлы ақпаратты жинау, тіркеу және жинақтап қорыту жүйесі. Есеп қатаң түрде,  жазба тек арнайы рәсімделген құжат негізінде ғана жүргізіледі, бұл бухгалтерлік есептің бақылаушылық мәнін, оның күмәнсіз сенімділігін, шыншылдығын және тағы басқалары арттылады.

      Салықтық  есеп – бухгалтерлік есептің салық  заңдарының талаптарына сәйкес түзетілген мәліметтерін пайдаланады.

Бухгалтерлік  есептің мәні

      Бухгалтерлік есебі кәсіпорынның қызметін бейнелейді. Субъектінің меншігі, шаруашылық құралдарының және оның өндіріс процесіндегі көздерінің қозғалысы бухгалтерлік есептің мәні болып табылады. Жекелеген құрамдас бөліктері бухгалтерлік есептің объектілері деп аталады. Бухгалтерлік есептің объектілеріне мына процестер жатады:

  • Қамтамасыз ету (дайындау), кәсіпорын алған шикізат, материалдар, отын және

басқа материалдық қорлар, сонымен қатар  мұндайда жабдықтаушылармен, транспорттық ұйымдармен арада туындаған қарым  – қатынастар бухгалтерлік есептің объектілері болып саналады:

  • Қамтамасыз ету (дайындау), кәсіпорын алған шикізат, материалдар, отын және 

басқа материалдық қорлар, сонымен қатар  мұндайда жабдықтаушылармен, траспорттық  ұйымдармен арада туындаған қарым  – қатынастар бухгалтерлік есептің объектілері болып саналады:

  • өндірістік, мұнда өнім дайындауда пайдаланылатын өндіріс құралдары, оларға

байланысты  шығындар бухгалтерлік есеп объектілері  болады. Объектілер бухгалтерлік есепте жалақы, амортизация есептеу, еңбек  құралдарын есептен шығару мен өнімнің өзіндік құнын анықтау жолдарымен бейнеленеуі:

  • өткізу, мұнда сатуға арналған өндіріс өнімдері: өткізу жөніндегі шығындар (буын –

түю, орау, іріктеу, тасымалдау): субъектінің сатылған тауар, орындалған жұмыс, көрсетілген  қызмет үшін алған ақшалай түсімі есептелінеді.

      Қолда бар құралдарды ұтымды пайдалану, олардың  сақталуын бақылауды дұрыс ұйымдастыру  жіктеу қажеттілігіне байланысты болады.

      Кәсіпорынның  шаруашылық құралдары құрамы (түрлері), орналасуы, пайда болу көзі мен көзделген мақсаты бойынша жіктеледі.

              Құралдардың түрлері мен орналасуы  бойынша жіктеу 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Өндірісте бар, айналымдағы және өндірістік емес саладағы құралдар былайша бөлінеді:

     Негізгі құралдар - өндіріс процестерін жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасайтын (құнына қарамастан) еңбек құралдары олар ұзақ уақыт бойы сыртқы түрі  мен формасын  сақтап, өндіріс барысына (бір жылдан астам) қатысады. Өндіріс барысында олар бірте- бірте тозады, жөңдеуді немесе толығымен ауыстыруды талап етеді. Сондықтан негізгі  құралдар құнының бөлігін дайын өнімнің өзіндік құнына ай сайынғы ұсталу, тозу  дәрежесіне қарай құнын бірте – бірте төмендету (амортизация) жолымен қосылады.

     Материалдық емес активтер – бұлар әкімшілік мақсатпен және басқа субъектілерге жалға берілуге, өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қолдануға немесе тауарларды өткізуге (жұмыс, қызмет) арналған, заттық мәні жоқ, ақшалай емес  активтер. Бұларға фирманың бағасы, фирмалық марка, патент, лицензия, авторлық құқық,  сондай – ақ рецентура, технологиялық регламент, «ноу-хау» құндары жатады. Олар ақшалай теңеумен бағаланады және баланста көрсетіледі, оның үстіне бұл активтерге де  ұсталу, тозу дәрежесіне қарай құнын бірте – бірте төмендету (амортизация) есептеледі. Олар ел ішіндегі де, халықаралық рыноктағы да сату – сатып алудың мәні болып табылады.

     Салық төлеушінің бухгалтерлік балансында есепке алынатын және жиынтық жылдық табысты  алу үшін қолданылатын негізгі құралдар салық заңнамасында «тұрақты, белгіленген активтер» (Салық кодексінің 105- бабы) белгіленген.

     Ұзақ  мерзімді қаржылық салымдар – субъектінің басқа субъектілердің жарғы капиталына сол субъектілерге үлестік қатысудан алатын кірістер және дивидент немесе процент түрінде қосыма экономикалық пайда алу мақсатымен қаржы салуы.

     Айналымдық  қаржы  қаражаттың бір ғана айналымына қатысады және өзінің құнын өндірілген өнімге бірден және толығымен қосады. Олар айналымдық өндіріс құралдары мен айналған қаржыдан тұрады.

     Айналымдық  өндірістік құралдарға өндіріс процесіне тікелей  қатысатын (шикізат, материалдар, отын, жартылай өнімдер, бітпеген өндіріс) жатады.

     Айналатын процеске қызмет ететін құралдар айналу құралдары (банктегі шоттағы, субъектінің  кассасындағы ақшалай қаржы, құнды  қағаздар, әртүрлі дебиторлық борыштар сомасы) деп аталады.

     Дебиторлық  борыш субъектінің басқа субъектілерде уақытша тұрған немесе белгілі бір мерзім өткен соң қайтарылуға жататын құрамдары болып саналады. Дебиторлық борыш ұзақ мерзімді (бір жылдан астам) және қысқа мерзімдік (бір жылға дейін) болады.

     Пайда болу көздері мен мақсатты көздері  бойынша шаруашылық құралдарын топтастыру немесе оларды сол кәсіпорынға бекіту белгілі ретінде санынан.

                 Кәсіпорын құралдарының пайда  болу көздерін жіктеу

       

     

     
Жарға капитал Резервтік капитал Бөлңнбеген  кіріс (жабылмаған шығын) Қарыздар (қысқа  және ұзақ мерзімді    
 
 
 
Жабдықтаушылар  мен және мердігер лермен есеп айырысулар Бюджетпен салықтар бойынша есеп айырысулар Жинақтаушы  зейнет ақы қорларымен есеп айырысулар Жинақтаушы  зейнет ақы қорларынсыз есеп айырысулар Қызметкерлермен еңбек ақы және басқа да кредиторлармен есеп айырысулар

       
 
 
 
 
 
 
 

      2-сызбаның  мәліметтеріне қарасақ, қаражаттың  келесі көрсетілген бөліктерге  байқалады:

      Меншікті  капитал  кәсіпорын қызмет еткен ұзақ уақыт бойы пайдаланатыны (арғы капиталы, резервтік капитал, бөлінбеген табыс)

      Жарғылық  капитал – құрылтайшылардың (қатысушылардың) шаруашылық жүргізуші субъектіге оны  ұйымдастырған кезде болған сомасы және жарғыда көрсетіледі, мөлшері  тұрақты және өзгермей қалады. Жарғы капиталының көбеюі немесе азаюы ғана құрылтайшы құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешімі бойынша жүзеге асады.

      Резервтік капитал  пайдадан ақша аудару есебінен пайда болатын меншікті қаражат бөлігі, шаруашылық іс- әрекетке кететін шығынды жабу, жарғы капиталын отыру, дивиденттер мен субъектінің басқа шығындарын өтеу үшін қолданылады.

      Бөлінбеген  табыс (жабылмаған шығын)- барлық шығыстар мен салық кейінгі шығарылатын  кірістін қалған сомасы.

      Қарыздық  қаражат айналымдық қаржыға қосымша  қажеттілікті, соның ішінде шикізаттың, материалдардың, отынның және т.б. маусымдық  қорларын жасауды жабады. Олар кәсіпорынға  уақытша пайдалануға беріледі және белгілі бір мерзімнен соң  қайтарылуға тиісті.

Қаражат түрлері мен пайда болу көздері бойынша топтастырайық

Қаражатты түрлері мен орналасуы  бойынша жіктеу Сома, тенге Қаражатты пайда болу көздері  бойынша жіктеу Сома, тенге
1.«Ғимараттар  мен үйлер»

2. «Бітпеген  өндіріс»

3. «Ағымдық  шоттағы ақша»

4. «Кассадағы колма қол ұлттық валюта»

5. «Шикізат  пен материалдар»

6. «Отын»

7. «Басқа  дебиторлармен есептесулер»

8. «Дайын  өнім»

754000

25000

62410

1090 

80300

92800

2000

55600

1. «Қызметкерлер  мен еңбекті өтеу бойынша есеп  айырысулар»

2. «Зейнетақымен  қамсыздандыру бойынша есептеу»

3. «Жарғы  капиталына салымдар мен есептеулер»

4. «резервтік  капитал»

5. «Бактің  қысқа мерзімдік қарызы»

6. Басқа  кредиторлармен есептесулер»

7. «Жабдықтаушылармен  есептеулер»

8. «Бөлінбеген  табыс»

9. «Бюджетпен  есептесулер»

14000 

1400 

787000 

55000

16000

2500

42300

15000

600000

Жиыны 998200 Жиыны 993200

Информация о работе Шаруашылық субъектісіндегі бухгалтерлік есептің негізгі қағидалары