ҚР-дағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 14:42, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан-жақты іс-әрекет етеді. Коммерциялық банктер несие ресурстарының негізгі бөлігін шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру,депозит қабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу-сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылық қызмет көрсетеді.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................3
I бөлім. Коммерциялық банктердің негізі мен құрылымы
1.1Коммерциялық банктерді басқару және оның функционалдық құрылымы....................................................................................................................4
1.2Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларын сипаттау.......................................................................................................................5
II бөлім Коммерциялық банктердің мемлекеттік бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларын талдау
2.1.Коммерциялық банктердегі бағалы қағаздардың жүргізілу операцияларын бағалау.......................................................................................................................11
2.2.Коммерциялық банктердің нарық экономикасындағы ерекшеліктері............................................................................................................20
III бөлім ҚР-дағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары....................................................................................................................23

Қорытынды..............................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................

Работа содержит 1 файл

КУРСАВОЙ.doc

— 190.00 Кб (Скачать)

        Комиссия - банктік операция үшін  сыйақы, латын тілінен аударғанда  тапсырма дегенді білдіреді. Оның  мөлшеріне көрсетілген қызметтердің  өзіндік құны мен қажетті пайда  жатады.

    Табыс көздері екіге бөлінеді:

    -   тұрақты, оған банктік қызметтен  алынатын пайыздық және пайызсыз табыстары жатады;

    -   тұрақсыз, оған қайталама нарықтағы  бағалы қағаздармен жасалатын  операциялардан және көзге көрінбейтін  операциялардан алатын табыстарды  жатқызуға болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    III бөлім ҚР-дағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары 

           «Қазақстан -2030» стратегиясы – Қазақстан экономика мен өз  мемлекеттілігінің берік іргетасын құра отырып,  дамудың жаңа кезеңіне сенімді қадам басуда. Елбасымыздың  «Қазақстан – 2030» стратегиясы:

        «Еліміздің экономикасының бәсекеге  қабілеттілігін арттыру, банк  жүйесін  бәсекеге қабілетті  елу  елдің қатарына енген  мемлекеттердің банк жүйесіне  сай дамыту  аса  маңызды  шаралардың  бірі.  Тек  дамыған   инфрақұрылымы мен мықты адами   капиталы бар   мығым     экономика      Қазақстанның    қуатты     мемлекетке   айналуына көмектеседі.   Елімізді    орнықты   дамуға    даярлау   үшін    біз    экономиканы әртараптандыруға     арналған    жоспарларымызды    шапшаң  жүзеге асыратын боламыз. Бүгінде экономика мен өз мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қамтамасыз етіп, біз қағидаттық жаңа кезеңге сенімді қадам бастық.  Мұның өзі Қазақстанның  одан  әрі   дамуын тұрлаулы,   осы  заманғы  және  болашағы зор экономикалық,   әлеуметтік,   саяси   және   әкімшілік  негізге  қоюға  мүмкіндік береді.  Білім беру,  әлеуметтік  қамсыздандыру,   денсаулық сақтау,    мәдениет және  спорт   сияқты  салаларда  кадрлар тарту мен кадрлық әлеуетті нығайтуда ақша ресурстарының мақсатты жұмсалуын қадағалау.

                                     «Қазақстан – 2030» стратегиясының:

        Алтыншы бағытында – Ырықтандыру жағдайында қаржы жүйесінің орнықтылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейі.

         Біріншіден, біздің банктеріміз жергілікті рыноктағы, сондай-ақ өңірлік әрі халықаралық жобалардағы бәсекелестік тартысқа әзір болуы керек. Біздің қаржы жүйемізге резидент еместердің қолжетімділігіне байланысты қойылған бірқатар шектеулерді біз Қазақстанның БҰҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөздер аясында алып тастадық.

        Екіншіден, Қазақстанның банк жүйесі тарапынан экономиканың келешегі зор секторларына нарықтық жағынан орнықты қолдау көрсетуі үшін жағдай жасалуын және банктердің өңірлік экономикалық жобаларға, соның ішінде мемлекеттік – жеке меншік әріптестік шеңберінде қатысуын күшейту қажет.

       Үшіншіден, екінші деңгейдегі қуатты банктердің капиталын ұлттық ауқымдағы, әсіресе, энергетикалық, инфрақұрылымдық және “серпінді” жобаларды іске асыру үшін тарту туралы маңызды мәселені шешу қажет.

       Төртіншіден, капиталдың қозғалысы саласындағы негізсіз шектеулерді алып тастау жайындағы мәселеге тағы да оралуымыз қажет. Бұл мәселені Қазақстанның оңтайлы жиынтық сыртқы қарызын қолдау қажеттігін есепке ала отырып қарастырған дұрыс. Біздің банктеріміз сыртқы қаржыландыруға шектен тыс иек артады, мұның өзі еліміздің сыртқы жиынтық қарызының бақылаусыз ұлғаюына әкеп соқтыруы мүмкін.

        Бесіншіден, біз тиімді жұмыс істейтін қор рыногын құруымыз керек. Халықты өзінің жинақ ақшасын бағалы қағаздарға салуға кеңінен тартпайынша, оның дамуы мүмкін емес. Халықты инвестициялық сауаттылық әліппесі бойынша нысаналы оқыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізу де қажет.

        Алтыншыдан, электрондық банк қызметтері инфрақұрылымын кеңейту үшін заңнамалық негізді одан әрі жетілдіру эле¬ктрондық сауданы дамытудың қуатты факторына айналмақ.

        Үкімет Қаржылық қадағалау агенттігімен  бірлесе жоғарыда көрсетілген,  осындай жұмысты жүргізудің стратегиясы  мен қажетті заңнамалық қамтамасыздығын  әзірлеуі тиіс – деп, банк  жүйесін дамыту туралы  Елбасымыз  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев баяндады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қорытынды 

          Курстық жұмысты  қорытындылай келе, айтарым, қазіргі нарықтық экономикада коммерциялық банктердің қызметі өте маңызды, осыған орай оның шарттарын ашық талдадым.

      «Коммерциялық  банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне осы кезде «коммерциялық банк» деген атауға ие болды ). Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты.

          Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200- ге жуық әр алуан қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзіне пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.

          Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері несие жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездейсоқтық емес. Олар өзгермелі ақша - несие нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады.

          Депозиттік қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып коммерциялық банктер қаржы делдалы ролін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметі мен өтімді активтер қызметін атқара отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады. Бұл кейде көптеген ұсақ қарапайым клиенттердің банкке аз ғана сомасы қысқа мерзімге салғанның өзінде мүмкін болады. Мұндай кезде коммерциялық банктер ретінде іскерлік операциялар жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын тарту мүмкін емес.

          Шынында да, банктер  мұндай операциялардан пайда көреді. Олар салымдарға төлейтіндеріне қарағанда, қарыздарға біршама жоғары пайыз  мөлшерлемесін белгілеп табыс табады.

          Жалпы қоғамға көмек, олар банктен алған мақсатына жеткенде ғана пайданы сезінеді. Болашақ қарыз алушыларды дұрыс таңдай отырып, олардың ішінде берілетін қарыз бойынша жоғары пайызды төлеуге кімнің жағдайы келсе, соларға банктер ақшалай қаражаттарын бере алады.

          Осы уақытқа дейін Қазақстанда несиелер үкіметтің қажеттілігіне беріліп, кейіннен олар банктерге және олардың акционерлеріне пайда әкелмек түгіл, уақытында қайтарылмай қалды. Ондай қарыздардың ешкімге де пайдасы болған жоқ.  

          Ірі екі банктің акцияларын Лондон биржасына орналастыруына байланысты банктің меншікті капиталының өсімі, ұзақ мерзімді міндеттемелер есебінен ішкі және сыртқы нарыққа ресурстарды тарту, депозит көлемінің масштабты ұлғаюы нәтижесінде банктің пассивінің тез өсуі салдарынан жоғарғы өсім динамикасы мүмкін болды. Жоғарғы өсім динамикасы басқа да банктерден және ұйымдардан алынған бағалы қағаздармен, заемдармен, РЕПО операциясы бойынша банктік операцияның жеке түрін жүзеге асыратын, сонымен қатар субординарлық берешек, клиент салымдары бақыланады.

           
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

    
  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы  – Алматы, 2000 жыл.
  2. Қазақстан Республикасының Президентінің және Қазақстан Республикасының актілер жинағы.
  3. «Қазақстан-2030» Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы - Алматы, 1997
  4. Ақша, Несие, Банктер  М.С.Саниев Алматы – 2001
  5. Қаржы   Қ.Қ.Ілиясов  Алматы – 2003
  6. Ақша, Несие, Банктер. Ғ.С.Сейтқасымов-Алматы экономика-2001
  7. Ақша, Несие, Банктер, валюта қатынастары. Б.А.Көшенов Алматы экономика 2000ж.
  8. Шағатай Қашықов, Өтеу Нұрғалиев «Экономикалық теория негіздері».1997

    10. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие» Алматы «Маркет» басылымы      2004.

    11     Шеденов Ө. Қ., Сағындықов Е. Н., Жүнісов Б. А., Байжомартов Ү. С.,

    12     Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория» Ақтөбе – 2004 ж.

    13. Банковское дело. /Под ред. В.И. Ю.А. Бабичевой. - М.: Экономика, 1993.

    14. Деньги, кредит, банки./Под ред. Г.С. Сейткасимова.  А.: Экономика, 1996.

    15. Жуков Е.Ф. Менеджмент и маркетинг в банках. М.: ЮНИТИ, 1994.

    16. Маркова О.М. Коммерческие банки и их операции. М.: Банки и биржи,-1995

    17. Молчанов А.В. Коммерческий банк в современной России.М.: ЮНИТИ, 1995.

    18. Нуреев Р.М. Деньги, банки и денежно-кредитная политика.  М.: Финстатинформ, 1995.

    19. WWW.Google.kz.

Информация о работе ҚР-дағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары