ҚР-дағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 14:42, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан-жақты іс-әрекет етеді. Коммерциялық банктер несие ресурстарының негізгі бөлігін шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру,депозит қабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу-сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылық қызмет көрсетеді.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................3
I бөлім. Коммерциялық банктердің негізі мен құрылымы
1.1Коммерциялық банктерді басқару және оның функционалдық құрылымы....................................................................................................................4
1.2Коммерциялық банктердің қызметтері мен операцияларын сипаттау.......................................................................................................................5
II бөлім Коммерциялық банктердің мемлекеттік бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларын талдау
2.1.Коммерциялық банктердегі бағалы қағаздардың жүргізілу операцияларын бағалау.......................................................................................................................11
2.2.Коммерциялық банктердің нарық экономикасындағы ерекшеліктері............................................................................................................20
III бөлім ҚР-дағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары....................................................................................................................23

Қорытынды..............................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................

Работа содержит 1 файл

КУРСАВОЙ.doc

— 190.00 Кб (Скачать)

    Шығару  шартына қарай АДР екі түрге: демеушіленетін және демеушіленбейтін болып бөлінеді. Демеушіленбейтін АДР, компанияның акциясын көп бөлігін  иеленетін ірі акционер немесе акционерлер тобының бастамасымен шығарылады. Демеушісіз АДР- дің артықшылығы– ол қарапайым, ал кемшілігі– онымен сауда тек биржадан тыс нарықта жасалады. Демеушіленетін АДР эмитенттің бастамасы бойынша шығарылады. Демеушіленетін АДР- ге арналған төрт деңгейлі бағдарлама болады. Бірінші және екінші деңгейлік бағдарлама қайталама нарықта айналыста жүрген акцияларға қолхат шығаруды көздейді. Үшінші және төртінші деңгейлік бағдарламалар бастапқы шығарылатын акцияларға қолхат шығаруды сипаттайды.

    2002 жылдың шілде айында Қазақстан Республикасы қор нарығының кәсіби қатысушыларымен Қазақстандық депозитарлық қолхатының (ҚДҚ) шығарылу және айналыс ережесінің жобасы жасалған болатын. Осы ережеге сәйкес ҚДҚ- ның құжатсыз формада шығару көзделген. ҚДҚ- ның эмитенті ретінде кастодиан қызметіне арналған лиценциясы бар екінші деңгейдегі банк бола алады. ҚДҚ- ның базалық активіне туынды немесе эмиссияланбайтын бағалы қағаздар жатады.

    Қазіргі уақытта халықаралық қор нарығында 50 елдің, соның ішінде Қазақстанның барлығы шамамен 1100 депозитарлық қолхаттары айналыста жүр.

    «Қазақстан  Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңында туынды бағалы қағаздар– басқа бағалы қағаздар арқылы өзінің құнын айырады деп айтылған. Туынды бағалы қағаздар– бұл әр түрлі базистік активтермен бейнеленген, мүліктік жағдайға негізделген ерекше әмбебап тауар, оны сатып ала отырып иесі, белгілі бір мерзімде кәсіпкерлік табыс алуға деген құқығын жүзеге асырады. Туынды бағалы қағаздарға фьючерстер, опциондар, форварттар, варанттар, свонтар, спотар, депозитарийлік куәліктер және тағы басқалар жатады. Туынды бағалы қағаздар қоғам капиталының белгілі бір бөлігіне тіркелетін меншік құқын тұрақтандыруға қарағанда, туынды бағалы қағаздарды пайдалана отырып, болашақ кезеңде орындалатын кәсіпкерлік табысты алуға құқықты тіркейді. Олардың пайданы бағамдар айырмашылығынан немесе әр түрлі нарықта бір активті бір уақытта сатып алу- сатудан алады.

    «Қазақстан  Республикасындағы акционерлік  қоғам туралы» Заң негізінде  акционерлік қоғам акционерлердің жалпы жиналысының немесе қоғамның директорлар кеңесінің шешімімен туынды бағалы қағаздарды, соның ішінде бағалы қағаздар нарығы туралы заңдылықтарға сәйкес варанттарды да шығаруға құқығы бар. Қоғам Қазақстан Республикасының сыртында да туынды бағалы қағаздарды шығарып, орналастыруға құқылы. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын қоғам туынды бағалы қағаздар шығаруға құқығы жоқ.

    Варрант- акционерлік қоғам шығаратын және варрантта бекітілген баға бойынша бағалы қағаздардың белгілі бір көлемін одан сатып алу үшін ұстаушы құқығын куәландыратын туынды бағалы қағаздар болып табылады. Қоғам акция және облигация эмиссиясымен қатар варрант шығаруға құқы бар. Варранттар бағалы қағаздардан оларды шығарғаннан кейін бөлінеді және оларда көрсетілген бағалы қағаздарды сатып алғанға дейін нарықта өз бетінше айналыста жүреді. Варранттар бөлініп шыққаннан кейін бағалы қағаздардың сатылу құны олардың бағасына азайтылады. Қоғам варрантты қоғамның болашақтағы бағалы қағаздар эмиссиясымен шығаруға құқы бар. Олар иемденушіге қоғамнан бағалы қағаздарын варрантта келісілген баға бойынша белгіленген кезең шегінде, кез- келген уақытта алуға құқық береді. Варрант иемденушіге дауыс беру құқығын бермейді және олар бойынша дивидент есептелінбейді.

    Қоғам басқару органының шешімі бойынша  опцион жағына шығарылатын бағалы қағаздардың белгілі бір көлемін сатып алуға және сатуға артықша құқық беретін опцион жасауға құқығы бар. Опцион жасау жағдайы және тәртібі және олардың айналысы бағалы қағаздар нарығы туралы заңдылықпен реттеледі.

    Банктердің  туынды бағалы қағаздармен операцияларына фьючерс және опционмен жасалатын операцияларды жатқызуға болады.

    Фьючерс- мәмілеге қатысушы тараптардың келісімшарт жасаған уақытта бекіткен бағасы бойынша алдағы уақытта немесе белгілі бір мерзімнен кейін биржалық активті сатып алу- сату туралы стандартты биржалық контракттіні білдіреді. Мұнда биржалық активке бағалы қағаздар, соның ішінде акциялар жатады.

    Опцион- сатушының белгілеген күнінде немесе одан бұрын базалық активті сатып алуға құқық алатын немесе сыйақы төлеп қана мәміленің орындалуынан бас тартуға құқылы, біреуі осы контрактінің иесі болып табылатын екі қатысушының арасында жасалатын келісімшарт.

    Опционның екі түрі бар: опцион «колл» және «пут». Опцион «колл» бағалы қағазды сатып  алуға құқық берсе, ал, опцион «пут»  оны сатуға құқық береді. Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларда банктер делдал ретінде бола отырып, клиенттердің тапсырмалары бойынша оларды сату, қайта сату, сақтау, есепке алу, басқару және табыстарын алу сияқты операцияларды орындайды.

    Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктер бағалы қағаздар нарығында мынадай кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асырады: брокер қызмет; дилер қызметі; депозитарий қызметі; кастодиандық қызмет; тізілім жүргізуші немесе тіркеуші қызметі; бағалы қағаздарды басқару.

    Брокер  қызметі- клиенттің тапсырмасы бойынша және оның есебінен бағалы қағаздармен операциялар жүргізу.

    Дилер қызметі- өзінің атынан және өзінің есебінен бағалы қағаздармен сауда-саттық операцияларын  жүзеге асыру. Депозитарий қызметі- бағалы қағаздардың иелерін құқықтарын есепке алу және растауға, бағалы қағаздармен мәміле жасауда техникалық жағынан қамтамасыз етумен байланысты банктердің қызметі.

    Кастодиан қызметі- бағалы қағаздарды сақтаумен және олармен жасалатын мәмілеге бақылау жасаумен байланысты банктердің қызметі.

    Бұл аталған кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға банктердің арнайы лицензиясы болуы тиіс.

    Қазақстанда брокер- дилер қызметіне кешенді  лицензия беріледі. Оның екі түрі бар:

    1)санатты брокер- дилер қызметіне арналған, яғни номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шотын жүргізуге арналған;

    2)санатты брокер- дилер қызметіне арналған, яғни клиенттердің шотын жүргізуге құқық бермейтін.

    Сонымен қатар, банктер бағалы қағаздармен  андеррайтинг қызметін жүзеге асырады. Андеррайтинг қызметі- эмитентпен келісімшарт  негізінде жаңа шығарылған бағалы қағаздарды орналастыруға байланысты брокер- дилер қызметін сипаттайды. Бағалы қағаздар бизнесіндегі андеррайтинг– бұл бағалы қағаздарды сатудан ешқандай да төменгі ақшалай қаражаттың келіп түспейтіндегі туралы эмитентке кепілдік беруді білдіреді. 
 

    2.2. Коммерциялық банктердің  нарық экономикасындағы        ерекшеліктері 

    Коммерциялық  банктердің табыс көздеріне мынадай  банктік бизнес түрлерін жатқызуға  болады.

    -   несиелік бизнес

    -   дисконттық бизнес

    -   сақтау бизнесі

    -   банктік кепіл беру қызметі

    -   бағалы қағаздармен жасалатын  бизнес

    -   басқа банктермен корреспенденттік  қатынасқа негізделген несие.

    -    дәстүрлі емес қызметтерді көрсету  бизнесі.

          Несиелік бизнес мынадай екі элементтен тұрады: клиенттерге  несиелер беру және бос ресурстарды басқа коммерциялық банктерге уақытша пайдалануға пайыздық сыйақы беру. Несиелік бизнестің екінші бөлігі кейде банкаралық несие, кейде басқа банктегі депозит формасында болуы мүмкін. Несиелік бизнестен пайыз формасында табыс түседі.

          Дисконттық бизнес, төленбеген вексельдерді, чектерді және талаптарды банктің белгілі бір төменгі бағамен, дисконт негізінде сатып алуын сипаттайды. Дисконт бизнестің түріне факторинг операциясы жатады. Факторинг операциясы айналымды және айналымсыз болуы мүмкін. Бірінші жағдайда, банк төлеушінің төлемеген міндеттемесін қаражатты алушыдан талап етуге құқылы. Ал, екінші жағдайда, банктің ондай құқығы жоқ, бірақ ол ондай операциядан түсетін жоғары сыйақы үшін тәуекелге барады. Факторингтік операциядан түсетін сыйақының жоғары болуы, өнімді сатудан түсетін жабдықтаушының табысын азайтады. Факторинг операциясындағы комиссия пайызбен белгіленгендіктен, факторингтік операциядан түсетін табысты банктің пайыздық табысына жатқызады.

          Сақтау бизнесі  банктің трасталық және агенттік қызметтеріне негізделеді. Бұл бизнес клиенттің мүлкін басқарғаны үшін немесе осы мүлікке байланысты клиенттің тапсырмаларын орындағаны үшін алатын комиссия формасындағы табыс түрінде банкке табыс әкеледі. Мысалға, траст келісімшарты негізінде банк клиентке шоттағы қаражатын табыс әкелетін активтерге орналастыратындығына міндеттеме алады. Агенттік  қызметте клиентпен нақты қай операцияға қаражат жұмсау қажеттігін келісіп алады. Трасталық операцияларда тәуекел жоғары, себебі мұнда банктің табысы клиенттің табысынан жоғары болуын қалайды. Соған сәйкес трасталық операциялардан түсетін комиссия мөлшері де агенттік қызмет көрсетуден түсетін табысқа қарағанда біршама жоғары болып келеді. Мұнда ерекшелік өз кезегінде трасталық қызметтен алынатын комиссиялық сыйақының құрылымын анықтайды. Ол мүлікті басқарғаны үшін төленетін комиссиондық сыйақы мен жұмыстың нәтижесі бойынша төленетін сыйақыдан тұрады.

          Бағалы қағаздармен  бизнес мынадай  элементтерді қамтиды:

  1. банктің өзінің бағалы қағаздарын шығару;
  2. оларды нарықта сату;
  3. кәсіпорындарды жекешелендіруге байланысты қызмет көрсетуде басқа да эмитенттердің бағалы қағаздарымен қайталама нарықтағы операциясы.

    Мұндай  бизнестен түсетін табыстар мынадай  көзден құралады:                     1)өзінің және басқа да эмитенттердің бағалы қағаздарын сату барысында бағамдық айырмадан;

    2) жекешелендіруге байланысты көрсеткен  қызметі кәсіпорынның есебін  талап етілетін стандартқа жеткізу,  оның құнын бағалау, акцияларын  шығару және орналастыру, реестр  үшін комиссия.

          Банктің кепіл беру қызметі клиенттерге есеп айырысу үшін және несие алу үшін банктің әртүрлі формаларындағы берген кепілхаты мен кепілдемесінен түсетін ақшалай сыйақы түріндегі табыс әкелетін банктің қызметін сипаттайды. Егер клиент банкі үшін оның атын шығаратын клиенттердің қатарында болса, банк оған ақысыз кепілхатын беруі мүмкін.

          Салымдар қабылдау және клиенттердің тапсырмасы бойынша  операцияларды жүзеге асыру бизнесі  банкке мынадай формаларда табыс  алуға мүмкіндік береді:

    -комиссиондық  сыйақылар:

    а)шот  ашқаны үшін;

    ә) шотты жүргізгені үшін;

    -  белгілі біпр мерзім ішінде  белгіленген комиссия;

    -   айналымнан алынатын комиссия:

    а) шот бойынша операциялар туралы көшірме бергені үшін;

    ә) шотты жабу үшін;

    б) қолма-қол ақша беруге немесе есеп айырысуға  байланысты операциялар жүргізгені үшін;

    Банктің барлық табысын  үш топқа бөлуге болады:

  1. пайыздық табыстар
  2. банктік қызмет көрсетуден алатын комиссиялар
  3. басқа да табыстар

    Пайыздық  табыс комиссиялармен ұштасуы мүмкін. Мысалға, несиелік және факторингтік операциялардан банк пайыздық төлем мен комиссияға иеленеді.

          Несиелік пайыз - пайыздық табыстың басты көзі ретінде  банктік берген несиелері үшін қарыз  алушылардың төлейтін төлемі болып  табылады. Несиелік пайызды мынадай  белгілерге байланысты жіктеуге болады:

          -  несие формасына  қарай : коммерциялық, банктік, тұтыну несиелерінің пайызы және тағы сол сияқтылар.

          -  несиелік мекеменің  түріне байланысты: орталық банктің  есепке алу пайызы, банктік, ломбардтық;

          -  несиелердің  мерзіміне қарай: қысқа мерзімді  несиелер бойынша пайыз, ұзақ  мерзімді несиелер бойынша пайыз:

          - несиелер түріне  байланысты: овердрафт бойынша айналым  құралдарына берілген несиелер, вексельдерді есепке алу, мақсатты  несиелер бойынша пайызы;

          - есептеу тәсіліне  қарай: жай және күрделі, қарапайым  және тура және тағы да басқалар.

Информация о работе ҚР-дағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары